Файл: 1 Ксіпорындар жне оларды тиімді басаруды экономикалы дістері.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................

1 Кәсіпорындар және оларды тиімді басқарудың экономикалық әдістері

1.1 Кәсіпорындар және оларды тиімді басқару....................................................

1.2 Басқаруда қолданылатын негізгі әдістер.......................................................

2 Кәсіпорында басқаруды ұйымдастыру процесі және ұйымдық құрылымды

құру

2.1 Кәсіпорында басқаруды ұйымдастырудың маңызы және басқару құрылымының негізгі типтері..............................................................................

2.2 Ұйымдық құрылымды құру............................................................................

3. Кәсіпорынды басқарудың тәсілдерін жетілдіру жолдары

3.1 Кәсіпорында басқару шешімдерін

қабылдауды жетілдіру ......................................................................................

3.2 Кәсіпорындарды стратегиялық басқаруды

дамыту ...................................................................................................................

Қорытынды............................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Курстық жұмыстың мақсаты:
Басқарудық экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты — кәсіпорынның коллективі мен жекелеген қызметкерлері барынша белсенділік көрсетуге ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету.

Экономиканы басқаруды түбірінен қайта құруды жүзеге асыру жағдайында қарастырылып отырған әдістер өндіріс процестерін реттеу мақсатында экономикалық тұтқалардың жиынтығын кеңінен пайдалануды, үнемділікті (пайда, кіріс) материалдық нәтижелер және интегралдық көрсеткіштер деп, өндірістік қызметке баға берудің басты өлшемдерінің рөлін тануды, жоспар жасауда, оны мейлінше тиімді іске асырудың құралдары мен әдістерін таңдап алуда шаруашылық бөлімшелеріне жеткілікті дәрежеде дербестік беруді көздейді.

Кіріспе
Басқару субъектісінің басқарылатын объектіге ыкпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсініледі. Басқару әдістері дегеніміз — басқару процесінің маңызды элементі. Басқарудың прогресшіл әдістерінің болуы, оларды іс жүзінде шебер пайдалана білу өндірісті басқару тиімдідігінің алғышарты болып табылады.

Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланылатын басқа да техникалық және технолоғиялық әдістерден ерекше етеді.

Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.


Басқару ісінің тиімділігі сондағы әркеттердің нақтылы жағдайға қарап ұйымдастырылуы сипатына байланысты болады.

Ұйымдық құрылымды қалыптастыру төмендегідей қағидаларға жүгінеді:

1. Сызықтық және функционалдық басқарушылықтың арасында дәл шекараны анықтау;

2. Жарлық беру мен дербес жауапкершіліктің тұтастығы;

3. Лауазымға берілетін міндеттердің, өкілеттілік пен жауапкершіліктің, арақатынасының сәйкестілігі;

4. Жұмыс барысын бақылаудың әсер етуі мен үздіксіздігі;

5. Орта өзгерістерін сезінуде икемділік пен үнемділік, жоғары бейімделу қасиетінің болуы.

1 Кәсіпорындар және оларды тиімді басқарудың

экономикалық әдістері


    1. Кәсіпорындар және оларды тиімді басқару


Әрбір топтың ұйым болып есептелуіне төмендегідей талаптар қойылады:

  1. Осы топтың мүшесі болатын кем дегенде екі адамның бар болуы;

  2. Барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы;

  3. Топтың мақсатына жетуі үшін топ мүшелерінің бірегей арнайы еңбектенуі;

Ұйым – алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы үйлестірілуі.

Ұйым мақсаты жан – жақты болуы мүмкін. Мысалы: белгілі кәсіпорынның басты міндетті белгілі бір мөлшерде өнім өндіру немесе қызмет көрсету болса, ал осы бастапқы міндеттің өзі оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді. Бұлар: өндірісті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, қаржы көздерімен мүмкіндіктерді іздестіру, сыртқы ортаға бейімделу, ғылыми жетістіктерді пайдалану, ұйым қызметкерлерін әлеуметтік қорғау т. б, яғни ұйым мақсатына қол жеткізуде сан қилы іс – әрекеттер орындалады және осы мақсаттардың өзі әртүрлі ұйымдарға байланысты болып келеді.

Мақсатты орындауда нәтижеге жеткізуде ұйымдар құрылады және олар ресми, бейресми, күрделі болып жіктеледі.

Ресми ұйымдар дегеніміз – мақсатты орындауда басқару процесін жүйелі үйлестіретін нақтылы құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы. Ресми ұйымдарда нақтылы міндет қызметкерлер арақатынасы дайындалған және ресмиленген басшылық органы орын алады.

Бейресми ұйымдар қызмет барысындағы әлеуметтік қатынастарға, ішкі себептерге байланысты ойламаган жерден құрылады. Оларда ресми ұйымдар сияқты ұйымдастырылған иерархия (саты), жетекшілер мен мәселелерге ие боялады, сонымен қатар, ұйымдардағы топтық нормалар, қолдау және жазалау шаралар жүйесі болады.

Күрделі ұйымдар құрылым мен мақсаттардың жан-жақты кешенді сипаты жағдайында пайда болады. Ресурстар мен мүмкіндіктер, мақсаттар басымдылығына қарай тиімді үйлестіруді талап етеді.


Ұйымдар міндеттерді орындау барысында өздеріне тән бірқатар сипаттамаға ие болады. Оларға ресурстардың орын алуы, сыртқы ортадан тәуелділік, көлденең және тік еңбек бөлінісі және басқарудың қажеттілігі енгізіледі.

1. Ресурстар. Жалпы алғанда кез-келген қызметі — нәтижеге, мақсатқа қол жеткізуде ресурстарды тиімді пайдалану. Ұйымдардағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық технологиялық және акдараттық болып жіктелінеді.

Адамдық ресурстардың нәтижелілігі — басқару ісінің сан қилы міндеттерін орындайтын басқарушылар, мамандар, техника-лық қызметкерлердің, кәсіптілігіне байланысты. Қаржылық және материалдық ресурстар бастапқы өндірістік жүйені қолдаушы және мүмкіндіктерін іздестіруші қызметті орындайды.

Технологиялық ресурстаралдыңғы қатарлы шлымның жетістіктерін тәжірибеде қолдануды және басқаруға қажетті ақпарат тасқынымен тиімді қамтамасыз етуді береді.

2. Сыртқы ортадан тәуелділігі. Ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оның қоршаған ортасындагы экономикалық, саяси, нарықтық, технологиялық, халықаралық әлеуметтік, мәдени факторларға байланысты болады. Басшылық аталған факторларды талдау арқылы ұйымға төнетін ықтимал қауіп-қатерді орнықты бағалап, мүмкін болар зардаптарын саналы түрде алдын алуы және сыртқы ортаға бейімделуі тиіс. Сыртқы ортаны талдау процесс болып саналады, сол арқылы ұйым стратегиясын ұстануға, өзгерістерді бағалауға, бәсекелестер қызметін бақылауға факторларды бөліп көрсетуге мүмкіндікті туындайды.

Басқару ісінің тиімділігі сондағы әркеттердің нақтылы жағдайға қарап ұйымдастырылуы сипатына байланысты болады. Көлденең еңбек бөлінісі дегеніміз — басқару процесіндегі әртүрлі қызметтерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелінуі, яғни, ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметтердің орын алуы.

3. Көлденең еңбек бөлінісі арқылы ұйымда бастапқы өндірістік цехтар мен бөлімдермен қатар, барлық жүйенің қызметін қамтамасыз ететін: жоспарлау, қаржы, жаңалықтар енгізу, қызметкерлерді басқару, маркетинг, жабдықтау т. б. бөлімдер құрылады.

Тік еңбек бөлінісі — басқару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіріп отыруы қажет, осыдан барып қызметтердің анықталуы, өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзеге асырылады.

Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта, төменгі болып бөлінеді.


Жоғарғы буын ұйымның жалпы стратегиясын, бағдарламасын уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымдық дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды (президент, вице-президент, директор, басқарма) өз құрамына енгізеді.

Орта буын(деңгей) — жоғарғы буын анықтаған ұйымның өз мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық бөлім басшылары .

Төменгі деңгейтікелей орындаушылар және де төмені ішінара қызметтерді орындайтын басшы буындар.

4. Басқарудыд қажеттілігі.

Нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік, меншік формаларының сан алуандығы, шаруашылық дербестік орыналғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі. Басқарудың мақсаты — кәсіпорын мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, алға қойылған нәтижеге қол жеткізу.

Қазіргі кездегі басқаруға қойылатын талаптардың, негізгі бағыттары олардың даму тенденциялары туралы төмендегідей түсініктеме беруге болады;

1 Басқарудың, кәсіптілігін дамыту, яғни теориялық білім мен іскерлікті және тәжірибені ұштастыра білу;

2. Басқаруды демократияландыру — қызметтік орындалу барысымен маңызды мәселелерді шешуге әріптестерді кеңінен тарта білу және басқарушы қызметкерлерді тиімді таңдау мүмкіндігі;

3. Еңбек бөлінісі негізінде басқаруды мамандандыру, сол арқылы басқару еқбегінің арнайы қызмет түріне бөліне отырып басқару персоналының жіктелінуі;

4. Басқаруды шоғырландыру мақсатты орындауға қолданылатын басқару әдістері мен формаларын өзара сәйкестендіру мен үйлестіру;

5. Басқаруды орталықтандыру — қазіргі кездегі өндірістік жүйенің күрделілігінен туындайтын өзіндік басқару мен өкілеттілік, басшылықтық бір органға жинақталуы жөніндегі тиімді аралық қарым-қатынастың орнықтырылуы;

8. Басқару шешімдерінің, көп нұсқалылығы — проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдау арқылы қосымша, күттірмеген шығындарға басшылықтық жол бермеуі;

7. Басқару еқбегінің мәдениетін көтеру, яғни басқару әрекетін орындауға моральдық, этикалық, құқықтық нормаларды кеңінен қолдану.

Ұйымдардағы тиімді басқарудың сипатты белгілеріне экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, праволық (құқықтық) және ұйымдастырушылық-техникалық тұрғылар (аспектілер) жатады.

Экономикалық тұрғы өз құрамында өндірістік процесті басқаруды, көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізуді материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын үйлестіруді қамтиды.


Әлеуметтік-психологиялық ұйым алдына қойылған мақсатқа жетуде сол ұйымның барлық қызметкерлерін ұймдастыру мен басқаруда орын алатын ерекше топтық қызметін белгілейді. Бұған басшы мен бағынышты арасында байланысты реттейтін билік жүйесі, қоғам мәдениеті мен дәстүрін, бағалылықтарын бейнелейтін әлеуметтік функция енеді.

Праволық (құқықтық) турдегі басқарудағы мемлекеттік, саяси, экономикалық институттар құрылымын, олардың жүргізетін | бағытын, анықтаған, заңдылықтарға кіріегеді. Ұйымдардың | құрылуы, келісім жасау, меншік және кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу (монополияға қарсы күрес, салық саясаты, қаржы саясаты) шаралары басқаруда маңызды орын алады.

Ұйымдастырушылық – техникалық тұрғы өз құрамына орын алған жағдайды дұрыс бағалау, міндеттерді тұрақты белгілеу, оған жетудегі стратегияны қабылдау және қажетті ресурстарды реттеу, тиімді жобалау мен ұйымдастыру, бақылау мен ынталандыруды енгізеді.

Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстар мен қоғамдық қажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды орын алады және төмендегідей сипатқа ие болады:

1. Мақсат — нақтылы және өлшемді болуы тиіс, яғни анық орындалу барысын бағалаудың мүмкіндігі;

2. Мақсат — белгілі мерзіммен шектелуі тиіс, соған орай мақсаттық: ұзақ, орта және қысқа мерзімде болуы;

3. Ұйым мақсатының сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүмкіндіктерге қарай айқын және оған қол жеткізуге болатындай етіп қабылдануы;

Қазақстан Республикасында ұйымдардың құрылуы мен қызмет жасау тәртібі арнаулы заң құжаттарымен бекітілген. Атап айтқанда, 1995 жылғы қантар айында қабылданған "Азаматтық кодексте" ұйымдардың түрлері мен негізгі белгілері заңды тұлға ұғымында берілген.

Ұйымның заңды тұлға болып есептелуіне меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкінің болуы және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беруі қажетті шарт болып табылады.

Өз қызметінің негізгі мақсаты пайда келтіру болып табылатын коммерциялық ұйым деп аталынып, мұндай заңды тұлғалар «мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооперативтері нысандарында құрылады.

Ал мұндай мақсатты көздемейтін және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым танылып, мұндай заңды тұлға: мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативті қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында ашылуы мүмкін.

Борышқордың (ұйымның) өз несие берушілерінің талаптарын қанағаттандыруға және борышқордың (ұйымның) мүлкінен міндеттемелерінің асып кетуі салдарынан салықты және басқа да міндетті төлемдерді төлей алмайтын тұрақты қабілетсіздігі сот шешімімен банкроттық деп танылып, мұндай заңды тұлға (ұйым) таратылып, қызметі тоқтатылады.