Файл: 1 Ксіпорындар жне оларды тиімді басаруды экономикалы дістері.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тек 1995 жылдық өзінде Қазақстанда өнеркәсіп саласында 500-ге тарта кәсіпорын банкрот болып есептелінуде. Осыдан барып өтпелі кезендегі қиын-қыстау тығырықтан шығуды басқаруға жоғарғы талаптар қойылады. Осы тұста кәсіпорынның, ұйымның дағдарыстан шығу саясаты жедел, ағымдағы шаралар мен стратегиялық бағытты көздейді.

Қазіргі кездегі менеджерлерге төмендегідей бірқатар талаптар қойылады;

— өзіне деген сенімділік және өзін өзі меңгере білу;

— жеке басының бағалы қасиеттері мен өзін үнемі жетілдіру;

— бастамаларды іздестіру мен өнертапқыштық;

— қызметкерлерді баулу мен байланыс орнатуға қабілеттілік;

— басқару әдіс-тәсілдерін білу мен басшылық қабілеті;

— мақсаттылық пен тұрақты жоспарлау және бақылау;

- тығырықтан шығу мен тиімді шешім қабылдауға дағдылану | т. б.

Сонымен менеджер басқару саласындағы нақтылы бір міндеттерді орындайтын жоғарғы қабілетті кәсіби маман. Басқару әрекетін жүргізу басшылықтың білім деңгейі, басқару дағдысы мен тәжірибесіне байланысты.

Осыған орай басқару теориясы мен практикасында қолданылатын басқарушылар үлгісін қарастырайық.

Тәуекелділік

Өжеттілік

Жаңашылдық



Мақсаттылық


Өзіне сенімділік

Ықпал ете білу


Менеджердің кәсіби шеберлігі


Байланыс орнатуға қабілеттілік


Болашақты ойлау


жан-жақты білім

Қызметкерлерді жетілдіру біліктігін

жаңарту


Уйымдастырушы-

лық мәдениеті


тәуелсіздік

Сызба 1 - Менеджер қызметінің жүйесі


    1. Басқаруда қолданылатын негізгі әдістер


Басқару дегеніміз — алға қойылған мақсаттарға жету үшін адамдар бастап, жүзеге асыратын күрделі де серпінді процесс.


Өндірісті басқаруды жүзеге асыру ісінде басқару әдістері жүйесінің маңызы зор.

Басқару субъектісінің басқарылатын объектіге ыкпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсініледі.

Басқару әдістері дегеніміз — басқару процесінің маңызды элементі. Басқарудың прогресшіл әдістерінің болуы, оларды іс жүзінде шебер пайдалана білу өндірісті басқару тиімдідігінің алғышарты болып табылады.

Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланылатын басқа да техникалық және технолоғиялық әдістерден ерекше етеді.

Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.

Сонымен, әдістер — басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады?

Жалпы түрде алғанда, басқару әдістерін мынадай екі үлкен топқа бөлуге болады;

а) бүкіл басқару жүйесіне жататындар (жалпы әдістер);

ә) басқару жүйесінің жекеленген бөліктеріне жататындар (шағын ауқымдағы әдістер);

Басқарудың жалпы әдістері:

— кәсіпорын, бірлестік, экономикалық аймақ деңгейіндегі басқару қызметінің неғұрлым нақты тәсілдеріне;

—министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің қызмет әдістеріне;

— түрлі деңгейдегі басшылардың өз қызметінде қолданатын әдістеріне;

— белгілі бір басқару функцияларын іске асыру әдістеріне бөлінеді

Басқару теориясы мен өндірісті басқарудың практикасы үшін ең алдымен басқару әдісінің проблемасына бүкіл қоғамдық өндірісте қолдануға болатын жалпылама түрде талдау жасау маңызды.

Іс жүзіне басқару әдістерінің;

— өзінің мазмнымен (олар қандай басқару қатынастарын білдіреді);

— мақсатымен (қандай объективті заңдарын іске асырудың құралы екендігімен);

— қызмет мотивтеріне байланысымен (осы мотивтердің қайсысына білдіреді);

— қолдану формаларымен (дара, коллегиялық, ұжымдық) ерекшеленетін сан алуан түрлері қолданылады.

Осы жүйеде ұжымдарға, жекелеген қызметкерлерге, тұтас экономикалық жүйелерге белгілі бір басқару буынының алдына қойылған міндеттерді, сонық ішінде:

— экономикалық;

— ұйымдық-әкімшілік;

— әлеуметтік-психологиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін ықпал жасауды мақсат ететін әдістер мақызды орын алады.


Басқару әдістері оқшау емес, бірге пайдаланылады. Барлық басқару әдістері бір-бірімен өзара байланысты. Сонымен бірге әдістердің әрбір тобының өзіне тән ерекшеліктері, өздерінің көріну формалары мен қолданылу шеңбері болады.

Басқару әдістеріне талдау жасау кешенді көзқарасты, әдістің мазмұнын, онық бағытын және ұйымдық формасын бөліп көрсетуді талап етеді.

Басқару әдіетері өндіріске тән объективті заңға сәйкес келген жағдайда басқару мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді, сонымен басқару әдісі дегеніміз — объективті заңдардың, талаптарын іске асырудың әдісі. Басқару әдісінің мазмұны объективті заңдардың мазмұнына байланысты.

Сонымен бірге мақсатқа жету үшін әдістің жай ғана объективті заңдардың талаптарына сай келуі жеткіліксіз. Осы талаптарды өндіріс қызметкерлеріне ықпал ету әдістеріне айналдырудың жолдарын табу қажет, өйткені экономикалық процестер өзінен өзі, өндіріс процесіне қатысушылардың қызметінен тыс өмір сүрмейді. Сондықтан басқару әдісі оған түрткі болатын әсердің мазмұнымен ғана емес, бағытымен де сипатталады.

Басқару әдісі орындау жүйесі арқылы іске асырылады және

белгілі бір ұйымдық форма алмай қоймайды.

Басқару әдісінің елеулі әдісі оны құқықтық жағынан рәсімдеу болып табылады. Басқаруды праволық жағынан регламенттеу өндіріске басшылық етудің көбінесе мемлекеттік сипатта болуынан туындайды.

Басқару әдістері өндіріс пен қызметкерге түрліше ықпал етеді.

Нарық қатынастарына көшу кезеңінде өндірістегі мотивация қызметкердің нақты қажеттері мен мүдделеріне, оның мәдениеті мен саналылығына негізделеді.

Ықпал ету сипаты жөнінен барлық басқару әдістерін 3 топқа;

а) материалдық себеп әдістеріне;

ә) әлеуметтік себеп әдістеріне;

б) билік ету себептері әдістеріне бөлуге болады.

Осы топтардың әрқайсысы

— оңды себепті (ынталандыру)

— теріс себепті (жазалау, мәжбүр ету) қамтиды. Бұл әдістер жекеленген қызметкерге де ұжымға да ықпал ету әдістері болып табылады. Тәжірибеде таза себеппен жасалалынған ықпал болмайды. Мәселен, материалдық қажеттерді қанаттандыру әлеуметтік себептер үшін база жасайды. Бірақ бұл ықпалдарды бөліп алып, жеке-жеке қарауға болады. Материалдық себептер мынадай үш түрде:

— қоғамдық;

— ұжымдық:

— жеке түрде көрінеді. Материалдық себеитерге:

— материалдық жағынан ынталандыру;

— күштеу шаралары: айып салу, өсім алу және басқа да матетиалдық жазалар қолдану жатады.

Әлеуметтік себеп құралдарының арсеналы өте зор — кең көлемді насихат және үгіт жұмысынан жеке көтермелеудің әр алуан формаларына дейін жетеді. Әлеуметтік себептер оңды (ма-териалдық көтермелеу) және теріс (жазалау) болуы мүмкін.


Билік ету себебі қызметкерді кез-келгеи жағдайда қимыл жасауға мәжбур ету мүмкіндігіне негізделеді. Мұндай мүмкіндік мемлекеттің, қоғамның беделімен қамтамасыз етіледі және тиісті күштеу тұтқалары арқылы қамтамасыз етіледі.

Ықпал ету үлгісі бойынша басқару әдістері мыналарға:

а) тура немесе тікелей ықпал етуге;

ә) міндеттер қоюға:

б) ынталандыратын жағдай жасауға бөлінеді

Тура ықпал етуге басшының ешқандай түсініктеме бермей, егжей-тегжей нұсқау түрінде өкім беруі тән.

Міндет қою—сан қырлы әдіс, өйткені міндеттердің тәптіштелу дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Бұл қазіргі басқарудың негізгі типі.

Ынталандыратын жағдай жасау басшылықтың мақсаттарына сай келетін жолды орындаушылардың өздері таңдап алатын жағдайда жеткізуге тиіс. Адамдағы жұмыста бұл әдістің мүмкіндіктері шектеулі, ол ұзақ мерзімді перспективаға арналған жалпы ықпал ету әдісі болып табылады.

Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде басқарудың экономикалық әдістері зор маңыз алып отыр.

Басқарудық экономикалық әдістерінің мазмұны еңбек және материал шығындарын мейлінше аз жұмсай отырып, мейлінше жақсы өндірістік нәтижелерге жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне нысаналы ықпал етуде болып табылады.

Өндірістік ұжымдар мен жекелеген қызметкерлерге белгілі бір экономикалық тұтқаларды (өзіндік құн, пайда, баға, жалақы, материалдық көтермелеу қорлары) пайдалану жолымен ықпал ету экономикалық әдістер деп түсініледі.

Экономикалық әдістер орындаушыларға олардық экономикалық мүдделері арқылы жанама ықпал етудің пайдаланылуын көздейді.

Басқарудық экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты — кәсіпорынның коллективі мен жекелеген қызметкерлері барынша белсенділік көрсетуге ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету.

Экономиканы басқаруды түбірінен қайта құруды жүзеге асыру жағдайында қарастырылып отырған әдістер өндіріс процестерін реттеу мақсатында экономикалық тұтқалардың жиынтығын кеңінен пайдалануды, үнемділікті (пайда, кіріс) материалдық нәтижелер және интегралдық көрсеткіштер деп, өндірістік қызметке баға берудің басты өлшемдерінің рөлін тануды, жоспар жасауда, оны мейлінше тиімді іске асырудың құралдары мен әдістерін таңдап алуда шаруашылық бөлімшелеріне жеткілікті дәрежеде дербестік беруді көздейді, Олар сонымен қатар барлық экономикалық көрсеткіштерді жақсарту ісінде толық алғырлық көрсетілуін қажет етеді. Экономикалық әдістерінің бірнеше тобын бөліп көрсетуге болады. Олар:


— шаруашылық механизмі және оның құрылымы;

— әлеуметтік-экономикалық дамуды аймақтық басқару;

— экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлауды пайдалану;

— мемлекеттік реттеудің әдістері

Осы көрсетілген әдістер тобына қысқаша сипаттама беру қажет.

Шаруашылық механизмі — шаруашылықты жүргізудің қағидаларына негізделген әдісі. Бұл шаруашылық механизмі ұғымы кез келген кәсіпорындардың залалсыз қызмет істеуінің менін ашып көрсетеді.

Шаруашылық механизмі ұғымына мұндай көзқдрас кәсіпорындардың заңда белгіленген шеңберде жұмыс істеу үшін жағдай жасауды білдіреді.

Шаруашылық механизмі, басқаша айтқанда, өндірістік | қатынастар жүйесі, өндіргіш күштер және қоғамның қондырмасы арасындағы өзара іс-қимылдарды көрсетеді деген сөз. Яғни шаруашылық механизмі ең алдымен өндірушілердің, содан соқ тұтынушылардың және жалпы қоғамның экономикалық мүдделерін ескере отырып, әртүрлі өндіріс процестерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені бұл орайда негізгі элемент: біріншісі үшін залал шекпеу, екіншісі үшін өнімді пайдалану тілегі, үшіншісі үшін салық алу мен гүлдену тілегі өлшем болады. Сонымен, біге шаруашылық механизмі ғылым тұрғысынан алғанда нарықтық механизмге ете жақын деуге, ал іс жүзінде оларды бір-бірімен балауға болады.

Сондықтан экономикамыздың нарықтық қатынастарға бет алуы іс жүзінде ең алдымен жаңа шаруашылық механизмінің енгізілуіне байланысты.

2 Кәсіпорында басқаруды ұйымдастыру процесі және ұйымдық құрылымды құру.
2.1 Кәсіпорында басқаруды ұйымдастырудың маңызы және басқару құрылымының негізгі типтері
Жоспардың (бағдарламаның) орындалуын қамтамасыз етуге тиісті ұйымдық құрылымды құруды басқарудың мақызды функцияларының бірі ұйымдастыру береді. Аталған функцияның мақсаты — басқарушы және басқарылушы жүйелерді, сондай-ақ олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды қалыптастыру. Ұйымдастыру еқбекті мамандандыру мен бөлісуді құрай отырып, адамдар еқбегінің тиімділігін арттырады. Әркім өз міндеті мен жауапкершілігін айқын түсініп, осы мақсатта өзгелермен қоян-қолтық әрекет еткенде ғана бірлесіп атқарған жұмыстың тиімді болатыны сөзсіз. Осыған орай процесс ретінде ұйымдастыру ұйымдаспаған жүйеден ұйымдасқан жүйеге көшуді білдіреді. Басқару функциясы ретіндегі ұйымдастырылудың объективтілігі адамдар мен материалдық бөліктердің бірігуі кездейсоқ емес, қайта белгілі бір міндетті орындауға және басқару заңдарына бағындырылуына байланысты болады.