Файл: 1 Ксіпорындар жне оларды тиімді басаруды экономикалы дістері.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Математикалық қатынаспен сипатталатын құбылыстардың зерттеу жүйесінің әр түрлі процестерді зерттейтін тәсіл математикалық модельдестіру арқылы шешім қабылдауды әр түрлі математикалық статистика, ойын теориясы және т.б. тағы электронды есептеу техникасы кеңінен қолданылды. Математикалық әдісті қолдану арқылы ең тиімді критерия бағасынан шыққан шешім вариантын таңдауға мүмкіндік береді. Математикалық модельдеуді әр іс-әрекеттің нәтижесі белгілі анықталған шартты басқарылатын мәселелерді шешуге қолданылады.





Мәліметті анықтау

Сұрақтың құқықтық жағын анықтау

Нормативтык мәліметті зерттеу

Сұрақ бойынша ғылым мәліметтерін зерттеу

Прогрессивті (өсіп-өркендеу) тәжірибені зерттеу

Ішкі ағымдық мәліметті алу

Шешу үшін ресурстар жайлы мәлімет алу



Сурет 5 - Шешім қабылдау және дайындау кезеңдері

Тәуекелдің анықталмағандық шарттарын есептеу барысында, кездейсоқ әдістердің пайда болу ықтималдығын бағалау үшін шешім қабылдау теориясы математика бөліміне негізделген ықтималдық теория мен математикалық статистиканы қолдануға кеңес береді.

Кездейсоқтың пайда болу ықтималдығын айқындау мен олардың шешімнің нәтижесінде әсерін анықтауда кейбір жете зерттелген шешім қабылдаудың арнайы әдістерін мысалға, зерттеу операциясының жүйелік талдауды, желілік талдауды және т.б қолдануға мүмкіндік береді.

Анықталмағандық шарттағы мәселелерді шеше отырып, мол, басқа жағдай немесе екі жағдайжа мүмкін болған жеке шығыстардың жиынына әкеліп соғады, бірақ бұл шығыстардың ықтималдығы белгісіз болды. Математикалық модельдеудің көмегін қолдану мүмкін емес, себебі мұнда математикалық модельді құру үшін сенімді берілгендер жоқ. Мұндай жағдайда, шешім қабылдау теориясы, ойындар теориясын және белгілі «Байестік жақындауды» қолдануға кеңес береді.

Шешім қабылдау теориясында дымудың математикалық бағытымен бірге басқа да, яғни кибернетикалық бағыты бар. Кибернетикамен автоматты реттеу теориясын қолданудың бұл бағыт үшін өзіндік сипаты бар. Бұдан былай шешім қабылдау теориясында кибернетикалық бағыттың дамуы өндірістің жүруі туралы түскен ақпараттар ағымына негізделген АСУП көмегімен басқару шешімдерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Басқару жүйесінің ғылыми жағдайда болуына электронал-есептеуіш техникасын көмегі тигенімен, әйтседе бұрыңғыдай адамдық парасатқа деген мұқтаждық табылады сонымен бірге бір жағынан басқаруды шеберлік ретінде қарастыруға болады. Мұндай жағдайда шешім қабылдау кезінде жоғарғы басқару деңгейінде жұмыстың мәнін есептеуіш машинаны қолдануды білумен салыстырғанда анағұрылым бағалы болады.


Кәсіпорынмен басқаруда шешім қабылдау теориясын қолдану мен дамыту мынадай мүмкіншіліктер береді:

1. Өндірісте пайда болған мәселелерді шешуде анағұрлым тиімді вариантты таңдау;

2. Интуитивтік жақындасумен салыстырғанда көбірек тиімділікті алу;

3. Жағдайды анағұрылым объективті бағалау, шешімнің мықты себебін көрсету.

Жетекшілердің тәжірибеге шешім қабылдау әдісін жетістікпен енгізе алулары үшін, шешім қабылдау теориясын үйренуді ұйымдастыру керек. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда ғылымишешім қабылдау әдісін енгізу бойынша топтар қалыптастыру керек және олар жетекшілерімен өте тығыз байланыста болулары қажет.

Шешім қабылдау технологиясы. Басқару процесі шексіз, бірақ онда шешім қабылдау технологиясы деп шартты айтуға болатын жердің жүйесі нақты көрсетілген. Дайындықтың барлық процестері мен шешім қабылдауды келесі этап түрінде көрсетуге болады:

1. Мәселелер мезетінің шығуы, шешім мақсатының анықтамасы және оның нәтижелерін бағалау критерилері;

2. Ақпараттық цикл, сұрақтармен танысуға арналған ақпартатық кезең, бұл кезең бойынша шешім қабылданады. (бұл өте маңызды кезең, ол анағұрлым білікті еңбек басқарылымын талап етеді. Яғни талдау анағұрлым шешім вариантын таңдауды талап ететін кезең);

3. Қабылданған шешімнің орындалуын ұйымдастыру (шешім реализациясында жоспар жарату, орындалу операциясын мерзімдік анықтамасы; жауапты тұлғаларды тағайындау; нұсқаулар және басқада шаралар);

4. Шешімді орындаудағы бақылау. Басқару процесіндегі барлық буындарды қосып санаған кезде және шешім қабылдауда барлық технологиялық циклді бақылау кезінде бұл процесс ғылыми негізде объективті болады. Дайындық процесі схемасымен шешім қабылдау схемасы 24 - суретте көрсетілген.

Шешім қабылдаудың дайындық процесінің кезеңге бөлінуі процесті қарастыруда ыңғайлы болу үшін қабылдайды және ол шартты болып табылады.

Өндірістік мәселелердің тиімділігін көрсетуді таңдау әсердің шығысына әсер ететін шамалардың орнықты болуын қадағалайды. Өндірістік мәселелердің тиімділігін көрсететін бұл - әсердің күткен нәтижесін сипаттайтын "сандар" болып табылады. Оларға мынадай шамалар жатады: күтілген әсердің шығысын талдауға, ең жақсысын таңдау мақсатында әртүрлі приемдарды бір-бірімен салыстыруға алынған әсердің нәтижесін талап етілген нәтиженің сәйкестілігінің деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін шаралар. Мұндай көрсеткіштер қарапайым, көрнекті және тәжірибеде жеңіп алу үшін тиімді болу қажет. Мысалы жоспарлаумен байланысты мәселелер үшін бұйымдарды құрастырудағы тексерулер мен технологиялық процесстер үшін, мұнда тиімділік критериясында өнімдердегі шығын көлемі алынады. Қабылдау шешімінің тиімділігін бағалаудағы критерияны таңдау дұрыстығы үлкен мәнге ие, егер критериялар дұрыс таңдалмаса, онда қате нәтижелер береді. Бұл қабылдау шешімінің процестік операциясы логикалың ойлау мен жетекшілер интуициясымен негізделеді.


Тиімділік көрсеткішін таңдаудың негізгі принципі 1945 жылы академик А. Н. Колмогоров жаратқан және таңдалған тиімділік көрсеткішімен іс - әрекеттің нәтижесінде мақсатта дәл сәйкестіктің құрылуынан қалыптасқан іс - әрекеттің тиімді көрсеткіші кейде мақсаттың функциясы деп аталады.

Мастермен қабылданатын шешімдер. Басқару процесінде шешімді әр түрлі басқару жүйесінің деңгейінде қабылданады, мастердің, цех бастығының немесе кәсіпорын директорының қабылдау үшін қоятын сұрақтары ерекше.

Мастердің міндеті берілген уақытта сапалы белгілі көлемді өнімді өндіруді қадағалау. Ол үшін мастер өзінің аймағында өндірісте өнімнің уақытылы шығарылуын қамтамасыз ету және де жұмысшыларды шикізатпен аппараттардың дұрыс істейтінін қадағалау, технологиялық құжаттармен қамтамасыз ету керек, мастерге өз аймағында еңбектерінің, жоспарлау, өнді-рісте ұйымдастыру коллектив сүшелері арасындағы пайда болған сұрақтары бойынша шешім қабылдауы тиіс.

Әрине, бұл шешімдердің барлығы оперативті сипатта болады. Зерттеулер бойынша мастер жұмыс күні ішінде 230-дан 350-ге дейін әр түрлі сұрақтарға шешім қабылдайды екен. Осының барлығын қандай тиімділікпен істемейтінін анықтау үшін кәсіпорында мастердің жұмыс күнінің суретті қолданылады. Жеті бөлікке бөлінген бір бақылау қағазы мастерге беріледі. Әр сағат бірдей 15 минутқа бөлініп қойылған (0-15, 16-30, 31-45, 46-60) мастердің бақылау қағазының көрінісі төмендегі кестеде көрсетілген.

Сурет 6. Мастердің өзін бақылау қағазын толтыру
Аты-жөні: Орешин А.И

Механикалық цех: №2

Мехеникалық аймақ, бірінші смена


Сағат

Минут

Не болды?

Не шештіңіз?

Не істедіңіз?

1

0-15

Жұмысқа шығу







16-30

Тапсырма алдым

Жұмысшыларды жұмысқа жіберу.

Оларға тапсырма беру

Әр қайсысына тапсырма бердім. Жұмыс орнын тексердім.

31-45

Станок сынды

Темір ұстасын шақыру

Темір ұстасын шақырттым

46-60

Жұмысшылар іссіз тоқтап қалды

Жұмысшыларды басқа орынға ауыстыру

Ауыстырдым

2

0-15

Сол

Сол

Сол

16-30







Табельді белгіледім

31-45

Гидропресс

сынды

Темір ұстасын шақыру

46-60







Арнайы киімдерді қабылдадым

3

16-30







Техпроцестерді тексердім

31-45

Ақау байқадым

Себебін байқауда

Жұмыс орнын тексердім



Жұмыс уақытының суретін өңдеу және талдау келесі түрде орындалады: өндірістік оқиғалардың түріне байланысты байқаулар таратылды; «не болды?» қатарындағы жазу неге қолданылды, келесі жіктелу бойынша: бұйымның және бөлшектің жоқтығы; энергияның жоқтығы; ақпараттың дұрыс істелмеуі және т.б. оқиға түріне қарай мәліметтер қосылады және жұмыс уақытының дұрыс жұмсалмауынан экономикалық шаманың жоғалуы арнайы формула бойынша есептеледі. Мұны анықтағаннан кейін бөлімдер мен қызметтер құрылады, олар осы оқиға түрі бойынша шығындарды болдырмауға функционалды жауапкершілік алады.

Кәсіпорынды жоғарғы деңгейде басқару әр бөлімнің мәселесін анықтауда жұмыс күннің суретіндегі мәліметтер үлкен рөл ойнайды.

Кейін әр оқиға түріне қабылданатын шешім түрлері жазылады, мастер шифрлері таңдалған түрге байланысты, және шешім түрінің қабылдау және іске асыру үшін кететін уақыт көрсетіледі.

Жүргізілген зерттеу мәліметтері өндіріс жетекшісінің критериясын қабылдаған шешіміне қатысты бағасын шығаруға мүмкіндік береді. Қабылдаған шешімдер:

1) Ең бірінші бұл шешім мастер функциясына қатысты ма, оның қызметінің нұсқауына сәйкес пе екені анықталады: өзіне қатысты емес шешім қабылдау қателік болып табылады;

2) Екінші кезеңде шешімнің тиімділігіне нәтижелі, аз уақыт алатын шығыны өз шешімі;

3) Ары қарай шешім уақыттың өзгеруімен жағдайдың дамуы мен бағаланады; ескертетін ағымдық және "артқы сан";

4) Төртінші кезеңде мастердің қабылдаған шешімі құқықтық, техникалық, ұйымдастырулық, экономикалық нормаларға акттерге сай келуі керек. Олардың мастердің күн тізбесіне, қоғамдық ұйымдары мен байланыс принциптеріне сәйкес келуі керек.
Жұмыс күнінің суреті қабылданатын шешім сипатын бағалауға мүмкіндік береді. Шешім қарапайым болады, қателіктер мастердің кінәсімен немесе кәсіпорынның басқару жүйесінің кемшіліктерінен пайда болады. Міндеттердің дұрыс бөлінбеуі, жеке жұмысшылардың өздерінің міндеттерін орындамауы кезінде, мастерге оларды орындатуға тура келеді. Осы жерден өндіріс аймағын бақылау уақыты қысқарады. Кез келген жағдайдың ұзынды-ғымен жиілігі жоғарылайды, яғни өндіріс тиімділігі төмендейді.

Шешімнің орындалуын және оны бақылауын ұйымдастыру. Шешім қабылдау мен, басқа процесінің циклі бітпейді. Келесі кезеңде шешімді орындауды ұйымдастыру болып табылады. Ол басқару қызметінің әлсіз жағы, сондықтан қазіргі кезде шешімнің орындалу нәтижесінің ынталандыру жүйесі арасындағы байланыс күшейеді. Шешімді іске асыру үшін бір неше шараларды үш кезеңге бөлуге болады: шешімді бұйрық немесе жарлық түрінде бейнелеу, онда орындаушылардың және уақытылы шешімнің орындалуы үшін іс-әрекет бағдарламасы көрсетілген; уақытылы шешімнің орындалуын қадағалау;


Шешім қабылдау үшін ұйымдастырылған жұмыс; материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кадрларды дайындау және қайта дайындау, өндіріс аппараттың қайта құрастыру, кооперайиялық байланыстар және т.б. Бұл жұмыс көлемі белгіленген мақсаттың күрделігіне және сипатына байланысты.

Шешімді қабылдауды ұйымдастыруда ең соңғы кезең бақылау болып табылады. Шешімді дайындаған топқа бақылау жүргізу тапсырылады, немесе арнайы топты құру керек, бұл әр қашанда шешімнің орындалуын бақылау мен айналысады. Мұндай топтардың жұмысын бағалау критериясы болып белгіленген істен шығулар немесе тексеру саны емес, ал бұйрықтардың уақытылы орындалулардың көлемі, яғни бақылау жүйесінің негізгі бағыты шешімнің уақытылы орындалуы болып табылады. Орындалуды жүйелі түрде тексеру жұмыстың әдісі болып табылады; бірақта бақылауды қараушыға айналдырмау керек. Әйтпесе, жұмысшылардың өздігінен, жұмыс істеуі, ынталығы жойылады жетекші өзінің жұмысшыларының жұмысын бақылауда күнделікті іс-әрекеті көмек көрсетіп тұруы керек. Басқару жүйесінде өзінің шешімдерінің орындалуын бақыламаса онда, тек зиян әкеледі, өйткені біріншіден басқару бұйрықтары уақытылы орын-далмауы мүмкін, әрине осыдан кідіріс және істен шығып қалады, екіншіден басқару жүйесі өз шешімдерінің орындалу процесін тексермесе, онда тәртіп бұзылады, жұмысшыларды дұрыс тәрбиелемейді; үшіншіден, шешімнің орындану процесі жайлы оперативті мәліметтерді алмайды және сәйкес шараларды қабылдамайды.

Басқарылатын шешім сапасы және оның көтерілу жолдары. Өзінің тағайындағаның жақсы орындау үшін басқарылатын шешім келесі сапалық белгілерге ие болуы керек: 1) шешім нақты, жан-жақты дәлелденген болуы керек; 2) уақыттылы; 3) үнемді (аз шығында жақсы нәтижеге жету)

Көбіне шешімнің орындалмауына атқарушы кінәлі болып есептеледі, сондықтан негізінен шешімнің орындалуын бақылауға алу керек. Сонымен қатар басқарылатын шешімнің де сапасы жоғарлайды, зерттеулерге қарасақ, өндірісте шешім ақауы 33-41 пайызын құрайды.

Әлеуметтік зерттеу кезінде басқарылатын шешімнің іске асырылу процесін басқару, қабылдау және дайындауда, төмен сапалы болуының келесі себебтері анықталды: шешімнің көп қабылдауы кейбір бөлігі тіптен орындалмайды, беделін жоғалтады: Енді қабылданған шешімдер алдыңғы-ларды ескермейді; Енді қабылданған шешім ұйымдастырылған тәртіпті өзгертпейді. Әртүрлі басқару деңгейінің мақсаттарына сәйкес иерархиялық қадаммен процестің кезінде мақсат шешімінің өзгеруі; Нақты мазмұны жоқ, псевдониімдерді қабылдау, мысалға: "көңіл аудару", "талапты күшейту", "керекті шараларды қабылдау" және т.б. Мұндай шешімдер "бюрократикалық дәлел"