Файл: Блім Геосаясат Педагогты атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Бөлім

Геосаясат

Педагогтың аты-жөні

Сериккали Бекарыс Тулегенұлы

Күні

19.02

Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Геосаясаттың өзектілігі

§48.Геосаясаттың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу пәні, негізгі категориялары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.5.1.1 геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу пәнін түсіндіру

Сабақтың мақсаты


  • Геосаясат ұғымына анықтама беру;

  • Геосаясаттың мақсаты мен міндетін, зерттеу пәнін түсіндіру;

  • Дүниежүзіндегі ірі геосаяси оқиғаларды атап, оларды талдау;

  • Мемлекеттің геосаяси орны мен жағдайына талдау жасау.

Бағалау критерииі

  • Геосаясат ұғымына анықтама береді;

  • Геосаясаттың мақсаты мен міндетін, зерттеу пәнін түсіндіреді;

  • Дүниежүзіндегі ірі геосаяси оқиғаларды атайды;

  • Геосаясаттың мемлекет орны мен дамуына әсерін біледі;

  • Жекелеген елдердің геосаяси орны мен саяси мүмкіндіктеріне талдау жасайды;

  • Саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтайды.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Қолайлы психологиялық климат орнату мақсатында бір-бірлеріне тілек білдіртуді ұйымдастырып, сабақтың тақырыбы мен оқыту мақсаттарымен таныстыру.

Өткенді қайталау сұрақтары:

  • «Қазақстан-2050» стратегиясы қай жылы таныстырылды? (2012ж желтоқсанда)

  • «Ішкі сұранысты ынталандыру стратегиясы» қай елдер үшін жасалды? (АҚШ пен Еуропа)

  • «Қазақстан-2050» стратегиясының басты мақсаттары қандай? (Берекелі қоғам құру, дамыған 30 елдің қатарына кіру)


Миға шабуыл:Суреттерге қарап тақырыпты анықтау




Әдіс арқылы қайталау

сұрақтарына жауап береді

Мадақтау,мақ-тау арқылы


Ұялы телефон

және интернет желілері,

Кітап
Презентация

Ортасы

Миға шабуыл сұрақтары:

География мен саясаттың байланысы неде?

Өз ойыңызды дәлелдеп көріңіз?

Тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз.


  • Саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторлар:

А)Сандық.....

Б)Сапалық.....

  • Саяси география дегеніміз...

  • Саяси географияның негізін қалаушы.....

  • Геосаясат дегеніміз...

  • Геосаясат терминінің авторы...


Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап береді;

  • Саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторларды атап береді;

Тапсырма. Оқушылар өздеріне жасырын түрде берілген елді алып, оның қай мемлекет екенін тауып, оның геосаяси орнына, өзге мемлекеттермен жүргізетін саяси қатынастарына, басынан кешірген саяси-географиялық өзгерістеріне талдау жасайды.





Дескриптор:

  • Елдерді анықтай алады;

  • Астаналарын айта алады;




Арнайы ресурстар арқылы жаңа тақырыпты талдайды

Жұп бойынша

Жеке, өзара тақырыпты түсінгендерін мұғалімге қол көтеру арқылы білдіреді

Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды

Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі




Бағалау парақшасын толтырады.

ҚБ Бағдаршам

Топтар бір-бірін бағалайды



Ашық сұрап-жауаптар

Сабақтың соңы


Сабақты қорытындылау.

  1. Геосаясат дегеніміз не?

  2. Саяси географияның негізін қалаған неміс ғалымы кім?

  3. Геосаясат терминінің авторы кім?

  4. Ф.Ратцель экспансияның неше заңын ойлап тапты?





Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.

Қол шапалақ әдісі

Рефлексия парағы

Үй тапсырмасы: Шағын эссе: Геосаясаттың география ғылымымен қандай байланысы бар?