Файл: Алматы облысы білім басармасыны йыр ауданы бойынша.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 408

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер:

Педагогтер келесі тақырыптар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті:

2018-2019 оқу жылы

2020-2021 оқу жылы

2022-2023 оқу жылы

2018-2019 оқу жылындағы Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеру бойынша бастапқы даму мониторингінің нәтижелері

Денсаулық сақтау дағдылары

Коммуникативтік-тілдік дағдылар

Танымдық дағдылар

Әлеуметтік дағдылар

2018-2019 оқу жылында мектепалды даярлық А сыныбының бақылау жиынтығы

2018-2019 оқу жылында мектепалды даярлық Ә сыныбының бақылау жиынтығы

2019-2020 оқу жылында мектепалды А даярлық сыныбының бақылау жиынтығы:

2019-2020 оқу жылында мектепалды Ә даярлық сыныбының бақылау жиынтығы:

2020-2021 оқу жылында мектепалды А даярлық сыныптың бақылау жиынтығы:

2020-2021 оқу жылында мектепалды Ә даярлық сыныптың бақылау жиынтығы:

2021-2022 оқу жылында мектепалды даярлық «А» сыныптың бақылау жиынтығы:

2021-2022 оқу жылында мектепалды даярлық «Ә» сыныптың бақылау жиынтығы:

Оқу мерзіміне қойылатын талаптар:

Негізгі білім беру мектепте

Жалпы орта білім беру мектептің.

2019-2020 оқу жылы

Негізгі білім беру мектепте

Жалпы орта білім беру мектептің.

1-4-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

5-11-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

Жалпы орта білім беру

2020-2021 оқу жылы

Негізгі білім беру мектепте

Жалпы орта білім беру мектептің.

Жаһандық құзыреттілік курсы:

Негізгі білім беру мектепте

Жалпы орта білім беру мектептің.

Негізгі білім беру мектепте

Жалпы орта білім беру мектептің.

Міндеттері:

2. Облыстықдеңгейі:

3. Аудандықдеңгейі:

2020-2021 оқу жылында

2021-2022 оқу жылына

2022-2023 оқу жылында

"Өмір қауіпсіздігінің негіздері" міндетті оқу курсын зерделеу;

"Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асыру;

2018-2019 оқу жылында бастауыш

Негізгі білім беру мектепте

Жалпы орта білім беру мектептің.

2019-2020 оқу жылында бастауыш

Негізгі білім беру мектепте

Жалпы орта білім беру мектептің.

2020-2021 оқу жылы

Негізгі білім беру мектепте

Жалпы орта білім беру мектептің.

2021-2022 оқу жылы

Негізгі білім беру мектепте

Жалпы орта білім беру мектептің.

2022-2023 оқу жылы

Негізгі білім беру мектепте

Жалпы орта білім беру мектептің.

Таңдау пәндері бойынша – Қазақстан тарихы пәнінен 9-Ә сыныпта

Негізгі орта және жалпы орта білім беру

Тест нәтижесі

Тест нәтижесі 9 сыныптар

Тест нәтижесі

2022-2023 оқу жылында

пайдалануға қажетті базалық математикалық білім мен біліктерді меңгеруді; бағдарламалау технологиясының және ақпараттық-коммуникациял ық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін, информатиканы және басқа да пәндерді оқу кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып шынайы объектілер мен процестердің модельдерін қолдану және түрлендіру біліктерін меңгеруді; функционалдық сауаттылықты, логикалық, алгоритмдік және операциялық ойлауды, кеңістікті елестетуді, математика мен информатиканың түрлі тілдерін (сөздік, символдық, талдамалық, графикалық) пайдалану қабілеттерін, әртүрлі нысанда берілген ақпаратты қабылдау және сын тұрғысынан талдауды дамытуды қамтамасыз етеді.

"Жаратылыстану" білім беру саласының мазмұны "Жаратылыстану", "Физика", "Химия", "Биология", "География" оқу пәндерінде іске асырылады.

"Жаратылыстану" білім беру саласының мазмұны функционалдық білім мен біліктерді, жоспарлау, талдау және өңдеу, түсіндіру, жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс, зерттеу, практикалық-эксперименттік дағдыларды жетілдіру, қорытындыларды бағалау және тұжырымдау дағдыларын қалыптастыруды; әлемнің қазіргі жаратылыстану көрінісінің негізінде жатқан іргелі ұғымдарды, заңдылықтарды, теориялар мен қағидаттарды, табиғатты ғылыми тану әдістерін, табиғатты, экономиканы және қоғамды кешенді зерттеу негізінде адамзаттың ғаламдық және жергілікті проблемаларын түсінуді тереңдетуді; экологиялық мәдениетті, ғылыми,
жобалық және кеңістіктік ойлауды дамытуды; патриоттық сезімдерді, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті және ұқыпты қарауды тәрбиелеуді; білім алушыларды жаратылыстану ғылымдары бағытында кәсіби бағдарлауды іске асыруды қамтамасыз етеді.

"Адам және қоғам" білім беру саласының оқу пәндерінің мазмұны "Қазақстан тарихы", "Дүниежүзі тарихы", "Құқық негіздері", "Өзін-өзі тану" оқу пәндерінде іске асырылады.

"Адам және қоғам" білім беру саласының мазмұны білім алушыларда "Адам Қоғам" жүйесі шеңберінде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша білім негіздерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Оқу пәндерінің мазмұны білім алушыларда тарихи ойлау, өткен және қазіргі жағдайды, олардың өзара байланысын түсіну мен ұғыну, тарихи, құқықтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік ақпарат көздері материалдары бойынша талдау мен негізделген қорытындылар жасау және соның негізінде ешкімге тәуелсіз тұжырым жасау, өзіндік сараланған шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыруға; патриотизм сезімін тәрбиелеуге, құқықтық сауаттылықты, демократиялық құқықтық қоғам идеалдары мен құндылықтарын түсінуді, әлеуметтік-мәдени байланыс жағдайында тиімді өзара қарым-қатынасты іске асыру және коммуникативтік құралдарды таңдау үшін белсенді азаматтық ұстанымд ы қалыптастыруға; жалпыадамзаттық, этномәдени құндылықтар жүйесіне, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларға жеке қатынасын айқындай білуін дамытуға, адамгершілік
таңдауды жүзеге асыру үшін қажетті әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды бақылау мен бағалауға бағытталады.

"Технология және өнер" білім беру саласының мазмұны "Музыка", "Көркем еңбек" оқу пәндерінде іске асырылды.

"Технология және өнер" білім беру саласының мазмұны қоршаған әлемнің бейнесін, өскелең ұрпақтың ортақ мәдениетін тұтастай қабылдауды, білім алушылардың эстетикалық, рухани-адамгершілік және эмоционалдық саласын қоғамның ұлттық және әлемдік көркем құндылықтары негізінде дамытуға, адам өміріндегі өнер мен технологиялардың рөлі туралы негізгі түсініктерді дамытуға, қазақ халқының және әлемнің басқа да халықтарының салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне және әртүрлі өнер түрлерін түсінуге және

құрметтеуге; өнердің әртүрлі түрлерінде көркем, музыкалық және жобалық әрекетті жүзеге асыру білімдерін, біліктерін және дағдыларын одан әрі дамытуға; негізгі технологиялық білім, білік, дағдыларды, соның ішінде компьютерлік цифрлық технологияларды қолдану арқылы; әртүрлі музыкалық цифрлық технологияларды қоса алғанда, вокалды және инструменталды дағдыларды дамытуға; мәнерліліктің көркем және музыкалық құралдары және заманауи технологиялар арқылы әлемді танудың әртүрлі әдістерін өз бетінше меңгеруге бағытталады.

"Дене шынықтыру" білім беру саласының мазмұны "Дене шынықтыру" оқу пәнінде іске асырылады.

"Дене шынықтыру" білім беру саласының мазмұны денсаулықты нығайтуға, негізгі дене
бітімі қасиеттерін дамытуға және ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін жоғарылатуға; қозғалыс мәдениетін қалыптастыруға, қозғалыс тәжірибесін жалпылай дамыту мен түзетуге бағытталған физикалық жаттығулар арқылы байытуға; дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-сауықтыру іс- әрекеті дағдысы мен іскерлігіне, дене жаттығуларын жасауды өз бетінше ұйымдастыруға үйретуге; базалық және ұлттық спорт түрлерінің техникалық қимылдарымен амалдарын меңгеруге; патриоттық сезімге, өз Отанын сүюге және рухани ерік-жігер қасиеттеріне тәрбиелеуге бағытталады.

  1. білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру (бағаланатын кезеңге тәрбие жұмысы жоспарының көшірмесі қоса беріледі);

https://drive.google.com/drive/folders/1E0nZ-arn3KiqH44I3mrNfMwy0_pRKn_d

(Әлеуметтік педагог жоспарлары, Дефектолог жоспарлары, Педагог-психолгтың жоспарлары, Педагог- ұйымдастырушы жоспары Жас Ұлан, Жас Қыран, Тәрбие жоспары 2018-2023 жылдары)

2018-2019оқужылыТәрбие жұмысының жұмыс жоспары 29 тамыз 2018 жылы №1 педагогикалық кеңесінің шешімімен бекітілді.

Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «Сүмбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбие жұмысының проблемасы:

Еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және жалпы азаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құратын жаңа идеологиялық тұжырымдама

«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық
идеясы мен патриоттық актісін жүзеге

асыру.

Мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан- жақты және үйлесімді дамыған мінез-құлық қалыптастыра отырып, іскер, бәсекеге қабілетті дара тұлға тәрбиелеу