Файл: Магистрлік диссертация.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 195

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ӘОЖ 796.894 Қолжазба құқығында


Жантөринов Самғат Дюсембекұлы
13-14 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ГІР КӨТЕРУШІ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
7М01401 – «Дене шынықтыру және спорт»

Білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

магистрлік диссертация

ОРАЛ – 2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

Жаратылыстану ғылыми пәндер

кафедрасының меңгерушісі

___________ Ж.С.Кажиакпарова

«___»________________20__ ж.
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
13-14 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ГІР КӨТЕРУШІ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
7М01401 – «Дене шынықтыру және спорт»

білім беру бағдарламасы
Магистрант ________________ Жантөринов С. Д.

Ғылыми жетекші,

доктор PhD________________ Дошыбеков А. Б.

ОРАЛ – 2022

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР


БҚИТУ-да білім алушылардың магистрлік диссертацияның «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы; Кредиттiк оқыту технологиясы бойынша оқу үдерiсiн ұйымдастыру ережесін бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң 2011 жылғы 20 сәуiрдегi бұйрыгы, 2021 ж. 06 мамырдағы № 207 өзгертулермен); Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнiн бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (ҚР Білім және ғылым министрлiгiнiң 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы, 09.06.2021 ж. № 282 өзгертілген); Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнiң мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы, 05.05.2020 ж. № 182 өзгертілген). Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығы 2021 ж. 14 шілдедегі № 339 бұйрығымен өзгертілген).


























АНЫҚТАМАЛАР



Дене мәдениеті - белгiлi бiр адамды тіршілікке, нақты бір іс-әрекетке дайындау қажеттілігімен байланысты оның денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін жан-жақты дамыту үшін арнайы жасалған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.

Базалық дене шынықтыру – шұғылданушыларды жеткілікті қозғалыс тәжірибесімен және қай саланың болмасын қызметтік, табиғи немесе тиімді өміршең іс-әрекетімен жабдықтаушы.

Мектептегі дене шынықтыру - бұл ең алдымен, жалпы білім беретін мектептер мен басқа да оқу-тәрбие орындарында оқу пәні болып табылатын базалық дене шынықтырудың бастапқы түрі.

Даму - бұл жалпылама қимыл-қозғалыс, құбылу, өзгеру, үдерісі, табиғаттағы, қоғам мен адам жаратылысындағы төменгі сатыдан жоғарыға қарай өрлеуі.

Дене дамуы – адамның дене қабілеттерінің дамуы, дене бітімінің жетілуі, оның ағзасының тәрбиенің әсерімен және басқа да жайттар арқылы құрылуы.

Дене дайындығы – таңдаған спорт түрінің әдістемелік ерекшеліктерінің талаптарына сәйкес іске асырылатын мамандандырылған үдеріс.

Дене шынықтыру жүйесі адамның дене және моральдық- психологиялық күйін оңтайландырудың идеялық-саяси, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастыру негіздерінің бірлестігі.

Дене жаттығулары дене шынықтыру заңдылықтарына сәйкес қолданылатын қозғалыс амалдары.

Дене жаттығуларының техникасы – қимыл міндеттерін шешудің тиімді амалы.

Үйрету - ең алдымен тәрбиенің білімдік элементтерін меңгеруге бағытталған педагогикалық

үдеріс.

Әдістемелік амал - педагогикалық үдерістің жекелеген мәселелеріне таңдамалы ықпал етуге мүмкіндік беретін әдісті қолданудың жекелеген жағдайы.

Әдіс – оқу - тәрбие үдерісінің маңызды міндеттерін іске

Асыруға бағытталған педагогикалық әсер етудің ауқымды жүйесінің ұйымдастырулығы мен мақсаттылығын қамтамасыз ететiн жол, амал.

Күш – адамның сыртқы кедергілерге қарсы тұра алу немесе бұлшық ет ширығуы есебінен оған қарсылық көрсету қабілеттерінің жиынтығы.

Шапшаңдық берілген жағдайға қысқа уақыт аралығында қимыл әрекеттерін орындауға мүмкіндік беретін адам қабілеттерінің жиынтығы.

Ептілік – адамның қимыл әрекеттерін тиімді меңгеруге және құбылмалы жағдайлардың талаптарына сәйкес оны өз уақытында қайта құруға мүмкіндік беретін үйлестіру қабілеттерінің және морфофункционалдық қасиеттерінің жиынтығы.

Төзімділік (жалпы) - көбiнесе тірек қимыл аппаратының қызметі барысында қалыпты қарқындылықтағы қозғалыс жұмыстарын орындайтын адам қабілеттерінің жиынтығы.

Иілгіштік - үлкен теңселу арқылы қимыл–қозғалысты қысқа уақыт аралығында орындауға мүмкіндік беретін адамның морфофункционалдық қасиеттерінің жиынтығы.

Педагогикалық бақылау дербес тұлғаның шынайылығына деген мiнез- құлықтың, іс-әрекет пен қатынасты мақсаткерлікпен және жүйелі түрде қабылдау. Байқау мақсаты – білім алушыға педагогикалық әсер етуді дұрыс іске асыру үшін мінез-құлық ерекшеліктерін жасыра білу болып табылады.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР




ҚР - Қазақстан Республикасы

АДД - арнайы дене дайындығы

ӘУ - әсер ету уақыты

ЖДД - жалпы дене дайындығы

ЭТ - экспериментальдi топ

БТ - бақылау тобы

ӨМЖ - өкпенің максималды желдетілуі

ӨТС - өкпенің тіршілік сыйымдылығы

ӨЖС - өкпенің жалпы сыйымдылығы

ТЖ - тыныс алу жиiлiгi

ОП – оттектік пульс

ҚНӘ - қимылдағы нысанға әсер ету

МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР...........................................................................2

АНЫҚТАМАЛАР..................................................................................................3

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР...........................................................5

БҚИТУ-да білім алушылардың магистрлік диссертацияның «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы; Кредиттiк оқыту технологиясы бойынша оқу үдерiсiн ұйымдастыру ережесін бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң 2011 жылғы 20 сәуiрдегi бұйрыгы, 2021 ж. 06 мамырдағы № 207 өзгертулермен); 3

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнiн бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (ҚР Білім және ғылым министрлiгiнiң 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы, 09.06.2021 ж. № 282 өзгертілген); 3

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнiң мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы, 05.05.2020 ж. № 182 өзгертілген). 3

Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығы 2021 ж. 14 шілдедегі № 339 бұйрығымен өзгертілген). 3

АНЫҚТАМАЛАР 4

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 5

Зерттеу нәтижелерінің негізділігі мен дұрыстығы келесілер арқылы анықталады: 13

1.2.Жаңа бастаушы спортшыларды даярлауды басқару кезіндегі дене дайындығы артуының жалпы сипаттамасы 30

1.3.Модельдеу 13-15 жастағы гір көтерушілердің дене дайындығы деңгейін арттырудың тиімді факторы ретінде 34

Тарау бойынша қорытынды 40

2-ТАРАУ. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ 42

2.1.2.1. Зерттеу әдістері 42

Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау 42

Педагогикалық бақылаулар 42

Дене дайындығына педагогикалық бақылау сынағы 43

Педагогикалық эксперимент 45

Гір көтеру спортындағы техника мен тактиканың ерекшеліктері және жарыс қимылдарындағы дене қасиеттерінің көрінісі 47

13-15 жастағы гір көтеруші спортшылардың дене дайындығы 50

көрсеткіштерінің өсу динамикасы 50

Тарау бойынша қорытынды 72

Экспериментке дейінгі және кейінгі сыналушының жеке картасы және жеке профилі 86



Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның аумағында және алыс шетелдерде гір көтеруді танымал ету геометриялық прогреспен таралуда. Гір көтеру спортына қызығушылық, ең алдымен, үлкен қаржылық салымды қажет етпейтіндіктен туады. Жаттығу алаңы ретінде шағын аумақты бөлме жеткілікті. Осы фактіні ескере отырып, сабақтарды ашық алаңда да, жабық жерде де, спорт залында да, әскери казармада да ұйымдастыруға болады. Гір көтеру дербес спорт түрі ретінде 1985-1988 жылдардағы Бірыңғай Бүкілодақтық спорт классификациясына енгізілген [1,2,3,4].

Гір көтерудің халықаралық аренада мойындалуының дәлелі халықаралық старттың көп елдер арасында өткізілуі. Айта кету керек, 2000 жылдардың басынан бері Солтүстік Америкада, Батыс Еуропада, Шығыс Азияда және Австралияда гір көтеруден Әлем және Еуропа чемпионаттары, әлем кубогының кезеңдері өткізіле бастады.

Қазақстанда және әлемде гір көтеруді дамыту болашақ спорттық резерв ретіндегі гір көтеруші спортшылармен, әсіресе жастар мен жасөспірімдердің оқу-жаттығу процесінің ең тиімді құрылымын іздеп табуға бағытталған. Бірқатар авторлар спортшының көңіл-күйіне және бапкердің интуициясына негізделген жаттығулар таңдалған спорт түрі бойынша оңтайлы нәтиже бере алмайтынын атап өтеді. Гір көтерудің спецификасын, оның ішінде оның күштік бағытын ескере отырып, гір көтерумен айналысатын жасөспірімдердің оқу-тәрбие процесінің заманауи әдістемесін құруға негіз болатын тереңірек зерттеу жүргізу қажет. Өкінішке орай, гір көтеру спортында бұл тақырып бойынша зерттеулер жеткіліксіз. Тіпті, гір көтеруге жаттықтыру әдістемесіне арналған бірнеше жұмыстардың өзінде мектеп жасындағы гір көтерушілерге жаттығулардың құралдары мен әдістерін тиімді пайдалануға қатысты өте үлкен келіспеушіліктер бар.

Қазақстандегі және әлемдегі гір көтерудің осындай жаппай дамуы кезінде гір көтеруші спортшыларды дайындау практикасы мен әдістемесі белсенді дамып келеді.

Дегенмен, бапкерлер жұмысының практикалық тәжірибесін зерделеу, сауалнама нәтижелері жаттығу процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, әсіресе жаңадан бастаған гір көтеруші спортшыларды қамтамасыз ету уақыт талабынан айтарлықтай артта қалғанын және елеулі әдістемелік, ұйымдастырушылық және ғылыми негіздеуге аса мұқтаж екенін көрсетеді.