ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8 Бөлім Болашаққа саяхат

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазіргіден болашаққа

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.3.1 Шығармашылық жұмысты жақсартудың жолдарын ұсынып, критерийлерге сәйкес жұмысты бағалау.

Сабақ мақсаттары

Шығармашылық жұмысын аяқтау- болашақ ғимаратының макеті;

Шығармашылық жұмысын таныстыру;

Шығармашылық жұмысын бағалау.

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

Шығармашылық жұмысына таныстырылым жасайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылардың қолынан келеді:

Берілген тақырып үшін келесі терминдерді қолдану: ғимарат макеті, құрылым, ғимарат бөліктері, жел диірмендері, күн панельдері.

Сөз тіркестерін қолдану арқылы сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамыту: құрылымды қимыл- қозғалысты беру үшін, мен … қолдандым.

Құндылықтарды дарыту

Бір- бірін тыңдай алу, келесі адамның ойын құрметтеу.

Пәнаралық

байланыстар

Физика

Бастапқы білім

Ғимарат бөліктерін өңдеу әдістері, макетте энергия көздерін қолдану туралы білімдері бар.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі

Пеадгог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

1 Ұйымдастыру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:

Шығармашылық жұмысын аяқтау- болашақ ғимаратының макеті;

Шығармашылық жұмысын таныстыру;

Шығармашылық жұмысын бағалау.




Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар

Сабақтың ортасы

36 минут

18 минут


2 Ғимарат макетін аяқтау кезеңдері:

А) Терезе мен есіктерін жасап, ғимарат макетіне бекіту (құрылымда ғимаратқа тән ерекшеліктері болуы үшін);

Б) Ғимарат бөліктерін біріктіру мықтылығын тексеру (ыстық желімді қолдана отырып, оларды мықты жабыстыру);

Кері байланыс. Жұмыс барысында қандай қиыншылықтар болды?

3 Жұмыстарының таныстырылымы:

А) Аяқталған жұмыстарының көрмесі;

Б) Өз құрылымына түсініктеме беруге арналған жоспар:

Ғимараттың қолданылу мақсаты;

Құрылымдағы осы немесе басқа пішін дегеніміз не?

Ғимаратыңыз болашақтағы ғимараттарға жатады ма. Жауабыңызды түсіндіріңіз;

Құрылым қандай материалдардан жасалған;

Құрылымды жетілдіруге болады ма? Қалай?
4 Жұмыстарын бағалау. Өзара бағалау.

Дескрипторлар:

- жұмысын аяқтайды;

- жұмыстарына таныстырылым жасайды;

- құрылымның бөліктерін сапалы өңдейді;

- құрылымның бөліктерін берік біріктіреді;

- жасыл энергия көзін қолданады;

- құрылымда терезе мен есіктерін көрсетеді;

- құрылым қызықты және креативті.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар

Сабақ соңы

7 минуты

5. Рефлексия:

Сабақта не қолдарыңыздан келді?

Сабақта не қолдарыңыздан келмеді?

Жұмысыңызды жақсарту үшін не істейсіз?

6. Жұмыс орнын жинау.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар