Файл: Рабочая учебная программа по дисциплине Экономика нег іздері пні бойынша Мамандыспециальность 1517000 Ттенше жадайларда орау.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 101
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі
Высший многопрофильный колледж гражданской защиты
ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ
Оқу-әдістемелік кешені/Учебно-методический комплекс
1517000 «Төтенше жағдайларда қорғау»
Кокшетау 2022
Н/Ф-03-00-18
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі
Высший многопрофильный колледж гражданской защиты
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
РАБОЧАЯ УЧЕБНАЯ ПРОГРАММА
по дисциплине_ Экономика негіздері______________________________ пәні бойынша
Мамандық/специальность _1517000 «Төтенше жағдайларда қорғау»________________
Оқыту нысаны/топ/ форма обучения/группа ______күндізгі______________ТЖ ___
_______2________курсы/курс___3___семестр/семестр
Барлық сағат саны /Всего часов:_____24_____
Теориялық/ Практикалық
Теоретические____24________Практические/____0______
Зертханалық/Лабораторные_____0_____
Емтихан/Экзамен____0_____
Сынақ/зачет _3____
Тіркеу №/Регистрационный № _________ «____» _______ 2022ж/г
Түсініктеме хат
Оқу бағдарламасы ҚР 4.05-2008 «Орта білім. Техникалық және кәсіптік білім. Негізгі ережелері» мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп әзірленген.Нарыққа өту экономика теориясын бұрын- соңды болмаған мәртебеге көтерді. Оны зерттеу әлемдік экономикалық көзқарастың қалыптасуына шарт болды.
Қазақстан Республикасы әр қилы дамыған, мәдениетті және іскер адамның қызығушылығын дамытуда, сондықтан да экономикалық білімнің негізін және кәсіпкерлік қызметтің зерттелуі өте маңызды.Қазіргі бағдарлама екі бөлімнен тұрады: I-бөлім «Экономикалық теорияның негіздері» және II-бөлім «Бизнеспен танысу»
Бірінші бөлімінің Экономикалық теорияның негіздерінің мазмұны білім алушыларды қазіргі заманғы экономикалық жүйенің, нарықтық механизмдердің мүмкіншіліктері жіәне кемшіліктері, сондай-ақ мемлекеттік реттеу әдістері, маңызды мәселелерді, жекелеген фирмалар және жалпы қоғам болып шешуге тура келетінін түсіндіреді. Берілген бөлімнің барлық дидактикалық материалдарын әр түрлі мемлекеттердегі экономикалық сұрақтарды шешудегі салыстырмалы жағдайлар негізінде ашу керек. Қазақстан экономикасын заманауи тұрақтандыру міселелерін сипаттау, осы мәселелерді шешу барысында мемлекет алдында тұратын қиындықтардың себептерін талдау. Тағы бір маңыздысыбілім алушылардың өз пікірін айта білуге, қандай да бір экономикалық жағдайларды талдауға, өздерінің пікірлеріндәлелді түрде қорғай білуге талпындырады.
I-бөлімде оқу әдісі лекциялықжәне сарамандық сабақтардың негізінде үйлеседі. Сарамандық сабақтар материалды тереңдетіп меңгеруге ықпал етіп, білім алушыдардың өз ойын дәлелдеп пікір-талас шеберлігін дамытуға бағытталған.
Қазақстандағы экономикалық реформалар бойынша мәселелік тақырыптарына: нарықтық қалыптасуы, жеке меншік қатынастардың жаңалауы, өндіріс құрылымының өзгеруі, экономикалық басқарудың жетілуі тақырыптарына рефераттар жазуға кеңнс етеді.
Әр тақырыпты оқығаннан кейін пән тақырыптары бойынша білім алушылардың білімін тексеру мақсатында бақылау тесттерін өткізуге кеңес етіледі.
Колледж білім алушылары кәсіпкерлік қызметке дайын болып, өз бетімен шешім қабылдай біліп, жауапкершілігі жоғары болуы қажет.«Бизнеспен танысу» оқу курсы Халықаралық Еңбек Ұйымы жасаған, қазіргі уақытта ол Орта Азияның 22 елінде, Африкада және Латын Америкасында жүзеге асып отыр. ХЕҰ курсы Қазақстанда 1997-1999 жылы кірістірілген қазақ және орыс тілінде аударылған.
Қазақстанның кіші бизнесін дамыту жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде (KSBD), халықаралық USAID дамыту агентігі (АҚШ), ірі мұнай компаниясын «Шеврон» және «Бейкер Хьюз» «Бизнеспен танысу» оқу курсына қаржыны тарта білді. Осы оқу курсы Қазақстанның техникалық және кәсіптік оқу жүйесіндегі «Экономикалық теория негіздеріне» толықтыру түрінде ұсынады.
Ұсынылған оқу материялының мазмұнының және ерекшеліктерін есепке ала отырып, келесі оқу әдістері ұсынылады: әңгімелер, пікір-талас, экономикалық жағдайларды, шешу кәсіпорын жағдайларын талдау, рқлдік және іскерлік ойындар, миға шабуыл, материалды жариялау, микротопта жұмыс.Жұмыс оқу бағдарламасын даярлау барысында, білім беру ұйымы үлгілік оқу бағдарламасындағы пәнді оқыту уақытының жалпы көлемін сақтай келе, айналымға бөлінген сағат көлемін қазіргі заманғы оқыту технологиясын пайдалана отырып, 10-20% өзгертуге құқылы. (Қ.Р. МЖБС 4.05-2008 «Орта білім. Техникалық және кәсіптік білім. Негізгі ережелері».)
№№ п.п. | Оқу материалының мазмұны Содержание учебного материала |
| I.Бөлім «Экономика теория негіздері» |
1 | 1.1.тақырып. Экономика және оның қоғамдағы рөлі |
2 | 1.2.тақырып. Экономика теориясының пәні мен әдістері |
3 | 1.3.тақырып. Меншік және әлеуметтік-экономикалық құрылыс |
4 | 1.4 тақырып. Нарық және оның заңдарының қызмет етуі. Сұраныс, ұсыныс |
5 | 1.5.тақырып. Табысты алғашқы бөлу жүйесі. Әлеуметтік қорғау сұрақтары |
6 | 1.6.тақырып. Өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері. Өндіріс және нарық |
7 | 1.7.тақырып. Нарық және оның заңдарының қызмет етуі. Бәсекелестік және монополия. |
8 | 1.8. тақырып. Ақша және банктық жүйе |
9 | 1.9.тақырып. Заманауи экономикадағы биржалар |
10 | 1.10.тақырып. Ұлттық шаруашылық экономикалық өсу қарқыны мен циклдық дамуы |
11 | 1.11.тақырып. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу |
12 | 1.12.тақырып. Бүкіл әлемдік экономика және әлемдік нарық. |
13 | 1.13.тақырып. Жаһан мен экономикалық актуалды мәселелері. |
1.1. тақырып. ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РОЛІ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Жоспар:
Экономикалық теорияның даму кезеңдері
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.
Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.
1.1. Экономикалық теория пәні және даму кезеңдері.
Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруде зерттейтін ғылым.
Экономикалық ойлау адамзат қоғамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.
Ең алғаш рет б.д.д. III ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқалары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады.
Экономика деген гректің сөзі, сөзбе-сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізу өнері» деген мағынаны білдіреді.
Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай-ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды.
Экономикалық теория дербес ғылым болып XVIXVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді:
Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVIXVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер, көпес, сауда, пайда). Бұл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материалдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.
Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.
Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес, өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.
«Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп, халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдеріФ.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.
Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.
а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талдады. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.
б)Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрас). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіруде жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштерді қолдану әдістері қарастырылды. Маржинализмде экономикалық математика тәсілдері мен үлгілері кең қолданылған. Л.Вальрос математикалық мектептің негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңдік үлгісін жасаған.
Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.
Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.
Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлауды және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларын жатқызу деп санаған.
Қазіргі кездегі Қазақстанның экономикалық әдебиеттерінде төрт негізгі бағытты көруге болады. Біріншісі, маркстік концепцияның беріктігінен құрастырылады. Екіншісінің өкілдері марксизмді қазіргі кездегі кейнсиандықпен байланыстырады (неокейнсиондық). Үшінші тенденциясы батыс теориясын елдің ғылымына механикалық түрде көшіреді. Төртіншінің өкілдері принципті жаңа концепцияны іздеуде. Бұл ғылым басқалар сияқты қазіргі кезде өзінің әрі қарай дамуында және жетілдірілу кезеңінде.
Экономикалық ғылым ең алдымен экономикалық қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру жолдарымен әдістерін зерттейді. Экономикалық теорияның даму кезеңдері теория мектеп өкілдерін және олардың мәнін жіктеп сурет түрінде келесі бетте көрсетілген.
Қажеттілік – бұл адам баласының өмір сүруіне бір нәрсенің жетіспеуін сезінеді. Ол сезім оларды қызметке, күш – жігер жұмсауға, ойлауға итермелейді.
Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қажеттіліктердің өсу заңы деп аталады.
Қажеттіліктердің түрлері:
-
Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады. -
Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.
Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.