Файл: Рабочая учебная программа по дисциплине Экономика нег іздері пні бойынша Мамандыспециальность 1517000 Ттенше жадайларда орау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 105

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.

Ұжымдық қажеттіліктер - Көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Жеке бір адам өз қажеттілігін қанағаттандыруы мүмкін емес, көп шығын қажет ететін қажеттіліктер. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

Дегенмен, кез келген қажеттілікті түрге бөлумен жіктеу шарты: бір адам үшін алғашқы деп табылатын қажеттілік басқа адам үшін сәндік бұйым болуы мүмкін, немесе бұрын сәндік деп табылатын нәрсе, енді алғашқы қажеттілік қатарында болуы мүмкін. Мысалы: жоғарғы қажеттілік деп аталатын кітап.

Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы керек заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген, оларды экономикалық игіліктер деп атайды.

Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:

1. Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады;

2. Оларды мұраға қалдыруға болмайды;

3. Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.

Мұндай қажеттіліктер тікелей адамдар арасындағы әрекетке байланысты қанағаттандырады. Пайдалану мақсатына қарай заттай игіліктер мен тауарлар мынадай екі түрге бөлінеді:

  • Тұтыну заттары (киім – кешек, тамақ, баспана).

  • Өндірістік құрал – жабдықтар немесе инвестициялық (машина, станоктар, зауыт құралдары).

Тауарды тұтынуға ма, әлде өндіріске ме, қайсысына жататынын екі жағдайға байланысты анықтауға болады.

  • Тауарды кім сатып алады – жеке адам немесе фирма.

  • Тауар не үшін қажет: тұтыну тауарлары қажеттіліктерді қанағаттандырады, ал өндірістік тауарлар басқа тауарларды өндіру үшін пайдаланылады, сондықтан олар қажеттіліктерді аралық түрде қанағаттандырады. Тауардың екі түрі де ұзақ мерзім және қысқа мерзім аралығында пайдаланылады. Кейде көп мерзім қолданылатын игіліктерді ұзақ уақыттық және қысқа уақыттық экономикалық игіліктерге бөлуге болады.

Игіліктерді өзара орын ауыстырушы және өзара толықтырушы тауарлар деп бөлуге болады. Орын ауыстырушы тауарларға тек тұтыну тауарлары мен өндірістік ресурстарды (Мысалы: май мен маргарин балмұздақ пен сусындар, плащпен пальто) ғана емес, сондай-ақ жол қызметін жатқызуға болады және мәдени қызмет саласы т.б жатқызуға болады. Экономикалық игіліктерді қазіргі және болашақтағы деп бөлуге болады.



1.2.тақырып. ЭКОНОМИКА ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ.
Басқа ғылымдарға ұқсас экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері келесі кестеде көрсетілген.

Зерттелінетін құбылыстардың маңыздылығы экономикалық заңдылықтар мен категорияларға бағынышты.

Экономикалық заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:

  1. Айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән.

  2. Ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары.

  3. Жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп байланыстырады.

Экономикалық заңдар ұзақ мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде пайда болып, өзгеріп немесе жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдар қоғамдағы объективтік экономикалық процестердің өзгерісімен байланысты болады.

Экономикалық заңдар адамдардың экономикалық іс- әрекеттері мен қатынастарын білдіреді.

Сонымен, экономикалық заңдар бұл адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелеу формасы. Олар адамдардың қоғамдық іс-әрекеттерінің тәуелді байланыстарын, жүйелі ұғым-атау формасындағы заңдарды қарастырады.

Экономикалық заңдарға әлеуметтік, қоғамдық қатынастар заңдары жатады. Осылайша, олар табиғат заңдарынан ажыратылады. Оның екінші бір айырмашылығы -тарихи шектеулі сипатта болуы, ал табиғи заңдар мәңгілік қатынас ретінде зерттеу әдісіне ғана тәуелді. Өздерінің әрекет ету сипатына қарай экономикалық заңдар ерекше және жанама болып екіге бөлінеді.

Ерекше экономикалық заңдар жеке дәуірлерге, формацияларға тән. Мысалы, құлдық және феодализм дәуіріндегі материалдық игіліктерді бөлу заңы.

Жалпы экономикалық заңдар барлық экономикалық формацияларда әрекет етеді, мысалы, еңбек өнімділігін арттыру заңы, уақытты үнемдеу заңы және басқа да тарихи-әлеуметтік қажеттіліктер.

Абстрактылы ойлау кезінде мән сыртқы қабықтан босайды. Абстрактылы ойлау кезінде логикалық түсінік қалыптасады, аз не көп зерттелген нақты шындық талданып,қорытындыланады. Өмірдің бұл фактісінде таусылмайтын ғылыми зерттеулер жатыр.



Логикалық түсінік қоғамның экономикалық өмір жағдайын талдап бейнелейтін экономикалық категория болып саналады. К.Маркс: «Категория өмір сүру жағдайының күн-көріс формаларының қоғамда белгілі кейбір жақтарын ғана білдіреді деп жазды».

Қоғамның экономикалық даму заңын анықтау – экономикалық ғылымның негізгі міндеті. Ф. Энгельстің «Заңдар туралы ғылым, өндірісті басқару және адам қоғамындағы материалдық өмір игілігін айырбастау» экономикалық теориясы бұған тура бағынады.

Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономикалық категорияларды зерттейді.


Экономикалық категориялар - экономикалық құбылыстардың маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар (мысалы: тауар, баға, пайда және т.б.).

1.3. Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.

Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:

Экономикалық теория талдау дәрежесіне қатысты екі бөлімнен құралады:

  • Микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы және т.б. категориялар талданады.

  • Макроэкономика – мемлекеттің жалпы ұлттық экономикалық жүйесінің қызмет-әрекеттерін зерттейді. Талдау объектісіне жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.

Қазіргі экономикалық теория позитивтік және нормативтік болып екі түрге бөлінеді.

Позитивтік - экономика нақты деректер мен құбылыстарға сүйенеді, эконка

Нормативтік - экономика ұсыныстар мен ұйғарымдар жасайды, яғни экономика қандай болуы керек (болжау) және мақсатқа жету үшін қандай шаралар жүргізу керек.

1.3 тақырып МЕНШІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС

Жоспар:

Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.

Меншік объектілері мен субьектілері.

Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Жекешелендіру, Иемдену, Меншік , Меншік объектілері, Меншік субъектілері, Меншікті мемлекет иелігінен алу, Қоғамдастыру,Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі, Табысты бөлу әдістері, Оноре тізімі, Иемдену құқығы, Пайдалану құқығы, Басқару құқығы

Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Меншік ќатынастарын д±рыс түсіну үшін, оны иемдену ќатынастарымен салыстыру ќажет. Иемдену – затты мењгеріп алудыњ наќты ќоѓамдыќ әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін ќұрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрќайсы жеке танып білу ќажет: бұлардың жеке ұѓымдар жєне экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.


Иемдену – шаруашылыќ өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алѓашќы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылыќ қалыптасады – иемденуші (табиѓаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылыќтар.

Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.

Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:

  • Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.

  • Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару

  • Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.

  • Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.

  • Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.

  • Табысты бөлу әдістері.

Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):

Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.

Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.

Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.

Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.

Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.

Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы

Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.

Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.

Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы

Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Ерте дүниенің өзінде ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ең бастылары: жеке және мемлекеттік меншік болып саналады.