Файл: Рабочая учебная программа по дисциплине Экономика нег іздері пні бойынша Мамандыспециальность 1517000 Ттенше жадайларда орау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 104

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Инфляция көрсеткіштері – бағалар индекісі.

Капитал – кәсіпкерлік қызметте пайданылатын материялдық, ақша және интеллектуалды қаражаттар сомасы түріндегі экономикалық ресурс.

Капитал салымдары- негізгі капиталдың ұдайы өндірісіне инвестициялар.

Күрделі құрылыс – күрделі салымдарды жүзеге асыру және негізгі қорларды іске қосу .

Кейнсшілдік – Дж. М. Кейнстің жасақтаған, тиімді сұраныс тиориясы деп аталатын экономикалық теорияның бір бағыты . Оның мағынасы мынада: сұранысты ынталандыру арқылы өндіріспен тауар ұсынысына ықпал етуге болады, жұыссыздықты қысқартуға болады. Кейнс экономикаға мемлекеттің араласуы қажеттілігін дәлелдеген.

Классикалық теория – А. Смит пен Д.Рикардо ағылшын ғалымдары бастап экономикалық ілімнің өкілдері бірігіп жасақтаған теория .Олар бағалар мен табыстарды сонғы қайнар көзі ретінде өндіріс процесіндегі еңбек шығындарын белгілеген.

Кросс- бағам- бреуде бағамды белгілейтін келісім қатысушыларының ұлттық валютасы болып табылмайтын екі шетелдік валюталардың котировкасы.

Қосымша құн – берілген кәсіборынның өндіріс процесінде жасалынған және шығарылатын нақты өнімнің құнын жасауда кәсіборынның үлесін бейнелейтін құн.

Лоренц қисығы – табыстардың нақты бөлістірілуін көрсететін график.Табыстың абсалютті тең бөлістірілу сызығы мен табыстың нақты бөлістірілу сызығы арасындағы аудан табыстар теңсіздігінің дәрежесін көрсетеді.

Макроэкономика – шаруашылықты бір бүтін ретінде зерттейтін экономикалық ғылымның бөлімі.

Монетаризм – Кейнсшілдікке белгілі бір дәрежеде баламалы экономиканы макрореттеудің теориясы . Монетариттер жұмыспен қамтылуы мен экономиканы тұрақтандыруда ақша- несиелік әдісті ең негізгі орынға қояды.

Мультипликатор (инвестициялық)- табыс өсімі мен оны инвестиция көлемінің өсімі арасындағы өзара қатынасты көрсететін коффициент.

Мемлекеттік зайымдар- мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды сату, бюджеттен тыс қорлар мен банктердент зайым алу.

Мемлекеттік қаржылар- мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың жиындығы.

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттік шығындар мен оларды қаржыландыру көздерінің жылдық жоспары.

Мемлекеттік несие- кредиторлар мен несие алушылар ретінде мемлекет және жергілікті басқару органдары болатын несиелік қатынастардың жиынтығы.

Номиналды еңбек ақы- белгілі бір уақыт аралығында (апта, ай, жыл, және т.б.)жалдама жұмысшының ақша сомасы.


Номиналды табыстар- белгілі бір уақыт аралығында жеке азаматтардың немесе жанұяның алған ақша табыстарының сомасы; бағалар өзгерісін ескермейді.

Нақты пайыз мөлшерлемесі – инфляция ескеріліп есептелінген пайыз мөлшерлемесі: инфляциядан тазартылған номиналы табысқа тең.

Номиналды табыстар- өзінің номиналды табыстарына белгілі бір уақыт аралығында жеке азамат немесе жанұя сатып алалатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің көлемі.

Нақты сектор – ең алдымен өнеркәсіп ауыл шаруашылық, құрылыс және көлік.

Нарық – тауар айырбас қатынастарының жиынтығы: сатушы мен сатыпалушының өзара әрекеттесуінің механизмі: ел іші мен елдер арасындағы айырбас саласы.

Нарықтық инфрақұрылым- жеке нарықтарда шаруашылық байланыстарды қалыптастыру мен қызмет етуінің механизмі: мысалы, тауар және қор биржалары, коммерциялық банктер және т.б.

Нарықтық бәсекелстік – тиімділікті жоғарлату немесе мемлекеттік қолдау есебінен өніммен қызмет көрсету нарығының сегментін тұрақты ұстап қалу .

Облигациялар- (табыстық, артықшылығы бар , жинақ) әдетте үлкен партиялармен шығарылатын қарыз міндеттемелері.

Пайда – кең мағынада алынған түсім мен көтерген шығындар арасындағы айырмасы: тар мағынада- нақты капиталдан түскен табыс.

Прогрессивті салық салу – салық базасы өскен сайын салық ставкасын жоғарлату кезіндегі салық салу әдісі.

Табыс дифференциясы –бір адам басына табыс денгейінің айырмашылығы .

Тұтыну бағалар индексі- өндірістік емес тұтыну үшін халықтың сатып алатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы денгейінің уақыт бойы өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

Табыстарды индекстеу- инфляция денгейіне байланысты номиналды табыстарды (еңбек ақы, әлеуметтік төлемдер) жоғарлату.

Төлем балансы- белгілі бір уақыт аралығында елдің сыртқы экономикалық байланыстарының жағдайы туралы статистикалық есеп.

Табыстар саясаты- дифференцияланған салық салу жолымен мемлекеттік бюджет арқылы халық табыстарын қайта бөлістіруге бағытталған мемлекеттік саясат.

Тұтыну себебі- минималды жеткілікті калориялықты бір жылда қамтамасыз ететін азық-түлік жиыны.

Табиғи ресурстар- жер мен жер қойнауы, өсімдік және жануарлар әлемі орман және су ресурстары, ауа бассейіні және климат.

Тікелей салықтар- салық төлеушінің табысына немесе мүлігіне салынатын салық.

Тепе –теңдік баға- жиынды сұраныс қисығы жиынды ұсыныс қисығын қиятын жеріндегі бағалар денгейі.



Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) жиынды ішкі өнімнен амортизациялық аударуларды шегеріп тастағанға тең.

Ұсыныс- белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір баға бойынша өндірушінің сатуға дайын тауарлар саны.

Ұлттық табыс- бір жылда елде жаңадан жасалынған құн.

Игілік – кез келген зат, ол материалдық, сонымен қатар материалдық емес болады және тұтынушының белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады немесе өндірушінің көздеген мақсатына сәйкес қолданылуы мүмкін.

Экономикалық модель дегеніміз экономикалық құбылыстарды немесе оның белгілі бір фрагментін қарапайым түрде көрсету.

Үнемдеу проблемасы – берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді ойластырып және шектеп жасауы, соның нәтижесінде басқа да қажетіліктерге осы игілікті жеткізуін айтамыз.

Пайда – эконмикалық субъектілердің тапқан игіліктері.

Шығындар – экономикалық субъектілердің осы пайдаға қол жеткізу жолында жұмсаған игіліктері болып табылады.

Балама шығын деп жүзеге аспаған балама мүмкіндіктердің ең жақсысынан түсетін пайданы айтамыз.

Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.

Сұраныс көлемі – сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.

Сұраныс заңы бойнша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше.

Талғам өзгеруі – бұл сұранысты өзгертетін себептердің бірі.

Ұсыныс деп – тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығындағы байланысты айтамыз. Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді: тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.

Түсім дегеніміз – тауардың бағасы мен сатылған тауар мөлшерінің көбейтіндісі: ТR=P∙Q

Мұнда: ТR –түсім, т;

Р – тауардың бағасы, т;

Q – сатылған тауардың көлемі, дана.

Шекті пайдалылық – тауардың қосымша бірлігін тұтынғн кездегі тұтынушыға әкелетін қосымша пайдалылығы.

Бюджет сызығы деп аталып, Х, У тауарларын сатып алуға бюджеттің толық жұмсалатындығын көрсетеді.

«Баға – тұтыну» қисығы деп бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылар талғамы қалай өзгергенін бейнелейтін қисық.

Өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын, яғни шикізаттар мен ресурстарды, белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге (тауарларға, қызметке) айналдыруды айтамыз.


Жалпы өнім – басқа өндіріс факторлары тұрақты деп ұйғарып, зерттеліп отырған фактордың белгілі санын пайдалану арқылы өндірілген өнім саны.

Изокванта К және h факторларының түрлі құрылымдарын қолданып, бірдей өнім көлемін шығаруға болатынын көрсетеді.

Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жaл төлемі, салықтар.

Тұрақты шығындар (ҒС) деп – қысқа мерзім кезеңінде өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады: амортизациялық өтемдер, жaл төлемі, тұрақты салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы және т.б.

Айнымалы шығындар (VС) деп – шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға: шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т.б.

Изокоста дегеніміз – жалпы шығындарының құны бірдей болатын, еңбек пен капиталдың барынша мүмкін болатын тіркесімін қамтитын сызық.

Пайда дегеніміз – жалпы түсім (TR) мен жалпы шығындар (ТС) арасындағы айырма:

П=TR-TC

Нарықтық ұсыным дегеніміз – саладағы фирмалардың кез келген мүмкін болатын бағамен сатқысы келетін нарықтағы өнім көлемінің сомасы.

Нарықтық ұсыным қисығы дегеніміз нарықта қызмет етуші барлық фирмалардың шекті шығын қисықтарының көлденең жиынтығы.

Тұтынушының ұтымы (СS) дегеніміз – оның тауарға төлеуге даяр бағасы мен төлеген бағасы арасындағы айырмаға тең болатын тұтынушылардың таза пайдасы.

Монополия – берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыссақ, онда мұндай нарық, ал ондағы фирма – монополист деп аталады.

Жабық монополия – ол бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған.

Табиғи монополия – белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы.

Ашық монополия – берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.

Интенсивті
– техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде өндірістік әлеуметті ұлғайту.

Экстенсивті - өндіріс қуатын пайдаланатын өндіріс факторларының санын көбейту нәтижесінде ұлғайту.

Қажеттіліктер – адамдардың өмір сүруі қолдау және ағзаның дамуы, тұлғаның дамуы үшін керек, қандай да бір затты қанағаттандыруды талап ететін объективті түрде қажетсінуі.

Пайдалылық – бұл өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белгілі бір игіліктердің ролі туралы әр сатып алушының беретін субъективті бағасы.

Егер монополиялық билігі бар фирма, тұтынушылардың сұраныс икемділігін ескере отырып, бір тауарды тұтынушылардың әр түрлі категориясына әр түрлі бағамен сатса, онда ол бағалық дискриминация (құқын шектеу) саясатын жүргізеді деп айтамыз.

Процент – бұл қарыз қаражаттарды қолданғаны үшін төлем.

Тауарлар – субституттар деген бірін – бірі ауыстыратын тауарлар.

Нақты еңбекақы – бұл инфляция шамасына ретелген номиналды еңбекақы.

Дуополия – екі өндірушіден тұратын нарықтық құрылым.

Номиналды еңбекақы – бұл жалдамалы жұмысшының ақша сомасы.

Тұтыну – бұл ағымдағы жылдағы тауар мен қызмет көрсетуді сатып алуға жұмсалатын үй шаруашылығы табысының бөлігі.

Егер монополиялық фирмалар бәсекелесіп алғашқыда өнім көлемін белгілей отырып, бағаны анықтайтын болса, онда бұл – Штакегберг тепе – теңдігі.

«Табыс тұтыну» қисығы негізінде тауарға жеке сұраныс қисығын анықтауға болады.

Игіліктің пайдалылығы – осы адамның осы уақыт сәтінде игіліктердің табиғи қасиеттеріне кешенді субъективті баға беруі.

Игіліктің құндылығы – игіліктің адам үшін жағымды және жағымсыз мәнділігі, игіліктің басқа игілікке белгілі бір пропорцияда айырбасталу қабілеті.

Игіліктің балама құны – осы игілікті алу үшін құрбан етілуі тиіс басқа игіліктердің саны.

Амортизация – бұл берілген кезеңде қолданылған негізгі капиталдың құнына тең жылдық аударымдар.

Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді.

Альтернативті шығындар дегеніміз – бұл сол ресурстарды басқа бағыттарды жұмсау құны.

Монополия дегеніміз – нарықта сатып алушының біреуі ғана болуы.

Қоғамдық өнім – бұл қоғамдағы белгілі бір уақыт ішінде өндірілетін материалдық игіліктер.

Стагфляция- бұл инфляция құбылыстары дағдарыспен бірге жүретін болса.

Олигополия – бұл нарықтық құрылым, бірнеше фирма өнімінің бәрін немесе бәріне жақынын белгілейді.