Файл: Рабочая учебная программа по дисциплине Экономика нег іздері пні бойынша Мамандыспециальность 1517000 Ттенше жадайларда орау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 103

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Атмосферадағы антропогендік өзгерістердін Жер шарының жылыну проблемасына алып келетіндігін ресми мойындау 1980-жылдарлың соңы мен 1990-жылдардың басында Біріккен Ұлттар Ұйымының Климат өзгеруін зерттейтін үкіметаралық сараптау тобының баяндамаларынан бастау алады. Жыл сайын әуге көтерілген метан мен көмірқышқыл газы жерді қатты қызып кетуден сақтайын инфракүлгін сәулелерді жұтып, планета температурасының көтерілуіне алып келді.

Әсіресе, жылу, жарық беретін стансалардан, қаладағы кәсіпорындардан бөлінген көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін құрайды. Зиянды газдардың ауданы бұлайша ластауыСолтүстік Америка мен Еуропаның дамыған елдерінде және Қиыр Шығыстын индустиясының дамуы қарқын алған елдерінде көбірек орын алуда. Біріккен Ұлттар Ұйымының 130 елінен 1000-ға тартағалым тартылған «Климат өзгеруін зерттейтін үкіметаралық сарапшылар тобының» (КӨҮСТ) 2007 жылғы төртінші соңғы есебінде 1906-2005 жылдар аралығында жер температурасының жылынуы 0,74 градусты құрады делінген. Мұхит сулары терең қабаттардағы мұздай сумен араласуынан Жер шарының өңтүстігінде олардың жылыну деңгейі төмен, ал солтүстіктегі құрлықта жылынуы жоғары. Спутник арқылы жүргізілген зерттеулер 1960 жылдан бері екі полюстегі мұз қабаттарының аумағы 10 пайызға азайғандығын көрсеткен. Әсіресе Солтүстік жартышарда оның аумағы 15 пайызға дейін кеміп, мұздың қалыңдығы 40 пайызға жұқарған. Соңғы кездері, Антарктиданың үстінде АҚШ аумағының үлкендігіндей көлемдегі озон қабатының тесілгендігі айтылып жүр.Бұған басты себеп, ауаға кәсіпорындардан тарайтын болы көмірқышқыл газдарының таралуы себеп болып отырған көрінеді. Егер дәл бүгінгі қарқынмен ол әрі қарай жүре берсе, онда 2060-жылдары мұздақтардың үштен екісі, ал 2100 жылдары барлығы еріп кетеді.

КИОТО хаттамасы- жаhандық экологиялық проблемаларды шешуге арналған, 1997 жылы Жапонияның Киото қаласында қабылданған халықаралық құжат. Киото хаттамасы-халақаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге бағытталған тұңғыш құжат. Бұл құжатқа 186 ел қол қойды. Киото хаттамасының экономикалық негіздемесінің басты тіні етіп англо-америкалық экономист Рональд Коуздың экономикалық жекеменшік құқық теориясы алынған. Коуз теориясына дейін қоршаған ортаның ластануын зерттеушілер онымен күресте мемлекет өндіріс қалдықтарындағы зиянды заттар концентрациясының ең жоғары нормасын және ауаға шығарылатын зиянды заттардың ең жоғары нормасын анықтап, одан асып кеткенде нормативті бұзғаны үшін айыппұл салып,жауапқа тартып отыру қажет деп келді. Алайда, атмосфераға зиянды заттарды бөлудің алдындағы легіндегі, барлық зиянды шығарындының 36,1 пайызын алып отырған АҚШ асығар емес. Ұхитты арғы жағындағы алпауыт елдің хаттаманы ратификацияламауының ресми себебі-Қытай, Үндістан тәрізді ауа ластауда әжептәуір «үлстер» бар дамушы елдердің осы халықаралық құжатты ратификацияламауы.


АЭС-тар ғалымдардың болжамы бойынша ғаламдық жылынуға тежеу болмақ. Дүниежүзіндегі АЭС-лары жалпы энергияның 24% өндіреді. Ол Францияда-80%, Латвияда-77%-ды құрайды. 2 млн. кВт. Энергия өндіретін ірі АЭС-тар Ресей, АҚШ, Франция, Жапония сияқты елдерде орналасқан. Соңғы 50 жылда оны өндіру 14 есеге өсті. Электр энергиясының 1/6 АЭС-на тиесілі АЭС-тер 30 елде салынған.

Франция

Литва

Белгия

Словаеия

Швеция80,77,58,56,46

1970 жылдан бері Жерді жаппай жылытуға соқтыратын болу газдардың көлемі 70%-ға артқан екен, егер апаттың алдың алмаса 2030 жылға қарай бұл көрсткіш тағы да 25%-ға артуы мүмкін деген болжам бар. КИОТО хаттамасына қосылған елдер өнеркәсіп орындарынан шығатын болу газдар көлемін 2012 жылға қарай 1990 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға азайтуға уағдаласқан. Сонымен қатар, адамзатты күн, жел, термоядролық (сутегі) энергияларды өндіруге итермелеп отыр.

Ғарыш пен әлемдік мұхитты бірлесіп игеру:

Қазіргі компютерлік технологиялардың дамуында ғаламдық компьютерлік желі Интернеттің күрылуы аса маңызды кезең болды. Интернет желісі-бүкіл әлемде бірнеше миллион адамдарды қамтып, біріктіретін біртүтас ақпарат кеңістігі. Интернетті қолданушылар өте кең көлемдегі ақпараттық қызметтерге қол жеткізе алады: баспасөз сайттарын, радио, теледидар, электронды пошта, электрондық коммерция, телеконференциялар, хабарландырулар тактасын, жаңалықтар топтамасын, чаттарды және т.б. көптеген қызмет түрлерін қолдана алады. Бұл ең алдымен, ғарыштық жетістіктермен де байланысты. Ғарыштық зерттеулер ақпараттық жүйені жетілдірумен қатар, мемлекеттердің қауіпсіздік, қорғаныс жүйелерін жетілдіруге де жол ашып отыр.

Ғарышты игеруде НАСА сияқты зерттеу орталықтары құрылып, адамзат баласы өзге планеталардағы тіршілікті зерттеуге қызығып отыр. Соңғы кездері Марс планетасын зерттеу қолға алынды.

Сонымен қатар, бір кездері жер бетіндегі пайдалы қазбалар бітеді деген пікір де қалыптасып отыр. Кейбір, алпауыт елдер өз елдеріндегі пайдалы қазбаларды жылдық өндіруде шектеу қойып, оларды болашақ ұрпақтарына сақтап отырған жайлар да баршылық. Сондықтан, әлемдік мұхиттар қойнауында әлі игерлмеген пайдалы қазбаларды зерттеумен, оны игерумен айналысуды Ресей мемлекеті бастап та кетті. Күні бүгінде, Ресей елі Солтүстік мұзды мұхит түбіндігі өзінің шекарасын белгілеп те қойды.

III топ: Дуниежүзілік демографиялық ахуалды реттеу және Экономикалық даму қарқыны жоғары және артта қалған елдер арасындағы алшақтықты қысқарту:



Жер шарының халқы соңғы 10 жыл ішінде жыл сайын 77 млн. Адамға артып отыр. 2028 жылға қарай 6 млрд. Адамнан 8 млрд. Адамға жету мүмкін деген болжам бар.

Жер шары халқы санының өсу қарқыны/1950-2020 жж./

Азық-түлік өнімдерін ұлғайтумен салыстыру бойынша тұрғын халықтың бақылаусыз өсуі қарқын алуда.

Артта қалған Азия, Африка елдерінің қатарына-

Ауғанстан, Бангладеш, Бутан, Гамбия, Джибута, Мали, Танзания, Того, Чад, Эфиопия т.б. жатады.

Солтүстік Америка мен батыс Еуропа елдері, Жапония әлемдегі ішкі өнімнің 80% ұстап отыр. Ал дамып келе жатырған елдердің жалпы ішкі 22,5% құрайды, олардың әлемдік саудадағы үлесі 33,4%.

Дүниежүзінде 3,5 млрд адам кедейлікте өмір сүруде.1,5 млрд адамның бір күндік табысы 1 доллардан аспайды.Демек,дамыған елдердегі 1 млрд халық («алтын миллиард») нашар дамыған елдердегі 5,5млрд адамнан 3-4 есе артық табыс тауып отыр.Олардың тұрмысы 60-100 есе артық десе де болады.

Жаһанданудың жемісін өздері көретін трансұлттық корпорациялардың және дамыған елдердің мүдделерін жүзеге асырады.Нәтижесінде байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтық тереңдей бермек.Бүкіләлемдік банк мәліметтері бойынша,2002 жылы жан басына шаққандағы табысы жоғары және төмен елдердің арасындағы айырмашылық едәуір (сәйкесінше Жер шарының 15,6% тұрғындарының табысы жеткілікті және 42% күнкөріс көзі төмен).

(бейнеролик «Африкадағы аштық» оқушылардың пікірлерін тыңдау)

Бұл,әлеуметтік теңсіздікті тудырып отырғаны сөзсіз.Мұндай ғаламдық теңсіздікті:

Ұлттық бытыраңқылық;

Капиталдардың еркін нарығы,сауда мен инвестиялардың либералдануы,мемлекеттік реттеудің болмауы;

Халық санының артуы;

Отарлау және оның теңсіздік;

Жаңа техногологиялық жетістіктерді жасыру;

Әділетті бөлістің болмауы;

Сауатсыздық;

Табиғи апараттар сияқты көптеген факторлар арқылы түсіндіреді.

Глоссарий

Экономикалық теория- адамдар өздерінің шексіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға талпына отырып, тауарлар мен қызметтер өндіру шектеулі ресурстарын пайдалануға ұмтылатындығы туралы ғылымды зерттейді.

Микроэкономика- жеке адамдардың, үй шаруашылықтардың, фирмалар мен салалардың экономикалық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылымның бір тарауы.

Макроэкономика- ұлттық шаруашылық экономиканы, яғни тұтастай экономика зерттейді.

Индуктивтік әдіс- фактілерден принципті шығарады, яғни индукция фактілерден теорияға, жекеден жалпыға барады.


Дедуктивтік әдіс- жалпыдан жекеге, теориялардан фактілерге барады.

Анализ- бір бүтін бөліктерге бөліп, әр бөлікті жеке зерттейді.

Синтез- жеке бөліктерді бір бүтінге қосып, сол бүтінді зерттейді.

Аналогия- белгіліні белгісізге ауыстырып, оны зерттейміз.

Жер- бұл барлық табиғи ресурстар, мысалы: жыртылған жерлер, ормандар, егістіктер, газ туу жерлері, мұнай, және т.б.

Капитал- өндірістегі барлық жасанды құрылғылар. Мысалы: ғимараттар, құрылыстар, құрылғылар, саймандар, көлік.

Еңбек- адамның барлық сата алатын денелік және ақыл-ой қабілеттілітері.

Кәсіпкер- бұл өндірістің басқа барлық ресурстарды байланыстыратын жалғыз фактор, олар өндірістің бір процесіне біріктіреді. Кәсіпкердің басты мақсаты- бұл максимум табыс табу.

Нарық- жоспарлы түрде қызмет ететін қоғамның тауар сатушылар (өндірушілер) мен сатып алушылар (тұтынушылар) арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығын құрайды.

Ақша- жалпыға бірдей баламаның (эквивалент) тиянақталған түрі.

Сұраныс- сатып алушылар белгілі бір уақыт арлығында әр түрлі тауарлар санын қандай бағамен сатып ала алатындығын көрсететін кесте ретінде бейнеленеді.

Ұсыныс- өндірушінің өндіруге тілегі мен қабілеті бар және базарда белгілі бір уақыт кезеңінде белгілі бір баға бойынша сатуға ұсына алатын, тауарлардың түрлі санын көрсете отырып ұсынысты анықтауға болады.

Тепе-теңдік бағанарықтағы әрбір тауар бойынша жетіспеушіліктер мен артышылықтар болмайтын баға .

Тұрақты шығын- деп өнім көлемінің өзгерісіне қарамастан өзгермейтін баға.

Ауыспалы шығын- өнім көлемі өзгерген сайын өзгеретін баға.

Жалпы шығын соммасы- бұл әрбір өнім көлемі бойынша тұрақты және ауыспалы шығындарының соммасы.

Шекті шығын- бұл тағы бір өнім бірлігінің өндірілуіне байланысты қосымша шығын.

Бәсекелестік- (латыннан аударғанда- соқтығысу, күресу)- тауарларды сату және сатып алу өндірісінің үздік шарты үшін нарық шаруашылығына қатысушылар арсындағы бақталастық.


СНС маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерді біріктіреді.

СНС информацияны (құжатты) жинақтау және түзету жүйесін көрсетеді, және әлемдегі барлық нарықтық экономикасы дамыған елдерде қолданылады.

ВНП- қазіргі заманғы нарықтық тұрақтылық, 1 жылдың ішінде экономикадағы тауарлар мен қызметтер өндірісінің көлемінің тұрақтылығы.

Құнсыздану- бағалардың жалпы деңгейінің көтерілуі.

Салық- жеке адамдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің мемлекеттік немесе жергілікті бюджетке төлейтін міндетті төлемі.

Жұмыссыздық деңгейі- жұмыс күшінің жұмыссыз бөлігінің пайызы.

Қаржы- экономикалық, ақшалай қатынастардың белгілі бір жүйесі, осы жүйе арқылы ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұдайы өндірісті қамтамасыз ету үшін қажетті ақшалай қаражат.

Жұмыссыздық – жұмысшы күшінің (экономикалық белсенді халықтың ) бір бөлігі қоғамдық өндірісте жұмыспен қамтылмаған кездегі әлеуметтік экономикалық құбылыс.

Жиынды ішкі өнім (ЖІӨ)- берілген ел теритториясында орналасқан кәсіборындардың ұлттық белгілеріне байланыссыз ел экономикасының барлық салаларындағы бүкіл тауарлар мен қызмет көрсетулердің қосымша құны.

Жиынды табыс- бағалардың өнім көлеміне көбейтіндісі .

Жиынды ұлттық өнім (ЖҰӨ)- ұлттық кәсіборындардың территориялық орналасуына байланыссыз ұлттық экономиканың барлық салаларындағы бүкіл тауарлар мен қызмет көрсетулердің қосымша құны.

Жанама салықтар – тауарлар мен қызмет көрсетулер салынатын салық .

Жалпы экономикалық тепе- теңдік- барлық экономикалық жүйенің және барлық нарықтардың сәйкестігі ( өз ара сәйкес дамуы )

Жинақ қаражат - тұтынуға жұмсалмайтын табыс бөлігі.

Жиынды ұсыныс- қалыптасқан бағалар денгейіне сәйкес өндірілуі және ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы көлемі.

Жиынды сұраныс - берілген бағалар денгейі кезінде қалыптасуы мүмкін тауарлар мен қызмет көрсетулерге жалпы сұраныс.

Инвестиция – шаруашылық өмірге бағытталатын жақтар капитал салымы.

Инвестициялық тәуекел- инвестициялық ахуалды қалыптастыратын элементтер.

Инвестор – инвестицияны жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.

Индивидуалды табысқа салық- жеке тұлғалардың табысына салынатын салық.

Инфляция – жалпы бағалар өсімінен көрінетін ақшаның құнсыздануы процесі, олардың төлем қаблеттілігінің төмендеуі.