ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 90
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Зорлық-зомбылық түрлері
Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 4 бабына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық тек күш көрсету немесе психологиялық қана емес, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.
Күш көрсету зорлық-зомбылығы - дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
Психологиялық зорлық-зомбылық - адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды е өмірге, денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.
Сексуалдық зорлық-зомбылық - адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.
Экономикалық зорлық-зомбылық - адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 73 бабына сәйкес, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер қатарана былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер жатады.
Нөлдік төзімділік
Бұл мақала жазалау саясатының жалпы түрі туралы. Басқа мақсаттар үшін қараңыз Нөлдік төзімділік (дисбригуация).
A нөлдік төзімділік саясат а жазалау көрсетілген ереженің әрбір бұзылуы үшін.[1][2][3] Нөлдік төзімділік саясаты биліктегі адамдарға жаттығулар жасауға тыйым салады қалау немесе мән-жайларға сәйкес келетін жазаларды өзгерту; олар жеке тұлғаға қарамастан алдын-ала белгіленген жазаны тағайындауға міндетті кінәлілік, жеңілдететін жағдайлар немесе тарих. Жеңіл немесе ауыр болса да, алдын ала белгіленген бұл жаза әрқашан орындалады.
Нөлге төзімділік саясаты оқылады криминология және бүкіл әлемдегі ресми және бейресми полиция жүйелерінде кең таралған. Саясат болуы мүмкін бейресми жағдайларда да пайда болады жыныстық алымсақтық немесе ғаламтор білім беру және жұмыс орталарында мақсатсыз пайдалану. 2014 жылы жаппай тұтқындау Құрама Штаттарда кішігірім құқық бұзушылықтарға негізделген пайдалану туралы наразылық тудырды мектептердегі нөлдік төзімділік және қауымдастықтар.[4][5]
Төмен төзімділік саясатының мәлімделген тиімділігін аздаған дәлелдер қолдайды.[6] Бір негізгі проблема - бұл адамдардың араласуға немесе қабылдауға болмайтын немесе заңға қайшы деп тапқан мінез-құлық туралы айтуға тартынуының көптеген себептері бар. Нөлдік толеранттылық саясаты, ең жақсы жағдайда, осы себептердің кейбіреулерін ғана шешеді
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-23
Бөлім: | Тіршілік қауіпсіздігі |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:8 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Жеке тұлғалылықты сақтау құқығы. |
Сабақтың мақсаты | Оқушылардың құқықтық білімдерін арттыру, азаматтық міндеттерін өз құқықтарымен байланыстыра отырып сезінуге тәрбиелеу |
Құндылықтарды дарыту | оқушылардың бойында құқықтық білімді қалыптастыра отырып, саяси саналығы мен таным белсенділігі арытады. |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. «Есім» ойынын ойнайық. Қазір біз әрқайсымыз тізбек бойынша өз есімімізге сын есім қосып айтайық.Яғни сын есім де, есім де бірдей әріптен басталуы қажет. Мысалы: Намысты-Нұргүлмін. Ал жақсы,сендердің есімдерің бар және таныстырып шықтық,сендердің есімдерің солай аталатынын енді қалай дәлелдейсіңдер? Дұрыс, балалар! Туу туралы куәлік Алдияр– бұл сендердің алғашқы құжаттарың. Ал онда тағы не туралы жазылған? Кім біледі? Туу туралы куәлікте Қазақстан Республикасының азаматы екеніміз жазылады.Адеми Яғни, адам баласы туғаннан бастап мемлекеттің қарамағында қорғауда болады екен. Ол дегеніміз әрқайсымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ендеше, бүгінгі біз сабағымыз қандай тақырыпта болмақ? Дұрыс айтасыңдар,біздің бүгінгі тақырыбымыз «Менің құқықтарым мен міндеттерім» деп аталады. Балалардың құқықтары қайда жазылған? Оны кім бекітеді? Ендеше сендерге қысқаша айтып өтейін. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» . | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер 1.Өзін-өзі тану оқулығы.2. |
Сабақтың ортасы | «Сендердің құқықтарың туралы Конвенция» Балалар, заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән-ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді. Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олой болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады. Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген. ЕБҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады; Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген. 4. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылығы 8 тамызда № 345 Заңы 10 тарау, 53 баптан тұрады. 1 тарау. Жалпы ережелер 2 тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат 3 тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері 4 тарау. Бала және отбасы 5 тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары 6 тарау. Мүгедек баланың құқықтары 7 тарау. Бала және қоғам 8тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау 9 тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері 10 тарау. Қорытынды ережелер 5.«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан» Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады. - Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. - Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы. - Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы. - Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ. - Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы. - Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар. - Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы. - Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы. - Бала өз ойын еркін айтуға құқылы. -Әрбір баланың білім алуға толықтай құқығы бар. Қоғамдық жұмыстарға араласуға Балалар біздің құқықтарымыздан басқа міндеттеріміз бар екенін естен шығармауымыз керек. Не істеуге міндеттіміз? Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға; Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті; Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге; Тарихи мәдени мұраларды сақтауға; Тарихи ескерткіштерді қорғауға; Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға; Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға; Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға; Ата-анаға қамқорлық көрсетуге. Сонымен балалар құқық деген не, міндет деген не? Ойланайық. «Ойды аяқта…» Бала құқығы деген— балалардың өмір сүруі мен өсуіне жағдай жасау. Құқық-адамдардың тәртібін,қарым-қатынасын реттеп отыратын ережелер жиынтығы. Мемлекет белгілеп қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы ЕББ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады; суретпен жұмыс. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы https://bilimdiler.kz/tarbie-sagaty/22594-bizdin-elimizdin-negizgi-zany.html |
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Оқушылармен пысықтай түсу. Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек. Кері байланыс Қиын болды… Бүгін мен білдім… Қызықты болды… Үйге тапсырма «Бұзық бала» қандай болады? | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | https://kopilkaurokov.ru/klassnomuRukovoditeliu/meropriyatia/zorlyk_zombylyk_t_rbiie_sag_aty |
Жеке құқықтар
Біздің әрқайсысымыз туғаннан бастап жеке құқықтар пен бостандыққа ие боламыз. Ол, ең біріншіден — өмір сүру құқығы. Әр адам және оның өмір сүруі — ол ең жоғары адамгершілік құндылық. Ешкім өз бетімен адамды өмірден айыра алмайды. Өлтіру, соғыс, зорлық-зомбылық — ең ауыр қылмыстар. Осы ретте, Ф.Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романын еске алар болсақ, бұл туындының негізгі идеясы әрбір адам баласының құндылығы мен қасиеттілігін дәйектеуге негізделетіні сөзсіз. Өзімбілерлік, билік пен байлыққа ұмтылу басқа адамдарды басып-жаншудың, оның үстіне адам өлтірудің себебі бола алмасы анық.
Ешқандай идея, ешқандай қажеттілік моральдық абсолют тұрғысынан адам өмірін қиюды ақтай алмайды. Әрине, саясаткердің немесе заңгердің ұстанымы тұрғысынан тәртіпсіздіктер орын алған жағдайда өмірді қорғау немесе қылмыстың жолын кесу мақсатында адамды өлтіруге болады. Дегенмен адамгершілік ешқашан өлтіруді ақтамайды. Сондықтан «өлтірме» деген өсиет кез келген діннің ең басты және үзілді-кесілді талабы болып табылады.
Қазіргі күнде өлім жазасынан бас тарту туралы мәселе күн тәртібінде кең көтерілуде. Жазалаудың осы бірден-бір шетін шарасы әлемнің көптеген елдерінде бар. Көптеген еуропа мемлекеттері оны қолданудан бас тартқанымен, ол заңнамалық тұрғыда бірнеше елдерде ғана жойылған.
Жеке құқықтар мен бостандықтар қатарына сонымен қатар тұлға бостандығы мен баспанаға қол сұғуға болмайтындығы қүқығы, зорлық-зомбылыққа қарсылық көрсету құқығы жатады. Прокурордың немесе сот шешімінің санкциясынсыз ешкім тінтілуге немесе тұтқындалуға жатпайды. Барлық азаматтар құқық пен заң алдында тең. Қылмыс жасады деп айыпталушылар адвокаттың (қорғаушының) және әділ соттың көмегіне жүгінуге құқы бар.
Жеке құқық жеке өмірге қол сұқпаушылықты, ар-ожданды қорғауды, жеке салым мен ақша жинақтау құпиясын, хат алмасу, телефонмен сөйлесу, телеграфтық және пошталық хабарламаларды қамтиды. Мемлекеттік органдар осы құқықтар мен бостандықтарды сыйлауға міндетті. Кез келген шектеу заңмен нақты бекітілген жағдайларда ғана орын алуы мүмкін.
Адамды қинауға және онымен дөрекі сөйлесуге болмайды. Әрбір адамның қадір-қасиеті аяққа тапталмауы тиіс. Қазіргі күнде отбасындағы зорлық-зомбылық пен күш көрсету мәселесі орталық мәселеге айналып отыр. Әйелдер мен балалар ұрып-соғу мен қорлануға жиі ұшырайды. Жасөспірімдер арасында да қатыгездік белең алып кетті. Мұндай жағдайларда әдеттегі жазалау шаралары жеткіліксіздік танытатындықтан, оның себептерін табуға және қылмыскерлердің психологиялық ерекшеліктерін анықтауға баса көңіл аудару қажет.
Құқық қорғау ұйымдары түрмелерде және сол қатардағы басқа да мекемелерде отырған азаматтардың жағдайларына ерекше назар аударады. Қылмыс жасаған адамдар басқа адамдардың құқықтарын бұзғандары үшін жазаға тартылса да, олар ұрып-соғу мен қорлауға түспеуі тиіс. Осы орайда, түзету мекемелерінің жазаланған адамдарды түзету түріндегі өздерінің тікелей функцияларын дұрыс атқармауы да жиі орын алатынын да айта кету керек. Нәтижесінде, жазаларын өтеп шыққаннан кейін бостандыққа қалыпты адами қатынастардан бой үзген қатал адамдар шығады. Олар психологиялық тұрғыда кәдімгі өмірге дайын емес. Мұның көп себептерінің қатарында түзету мекемелерін ұстауға қаржының жетіспеушілігін, ондағы арнайы қызметкерлердің дайындықтарының әлсіздігін, психологтардың жоқтығын немесе жетіспеушілігін айта кетуге болады. Мәселен, соңғы кезде түзету мекемелерінде жазасын өтеушілердің арасында туберкулез індетінің кең таралуы үлкен мәселе болып отыр. Ал медицина қызметкерлері осы індетпен ауыратындар санының тез көбеюіне жетісе алмай отыр.
Дін ұстану бостандығы немесе ар-ождан бостандығы гуманистік ойдың қол жеткізген маңызды жетістігі болып табылады. Ар-ождан бостандығы әркімнің белгілі бір дін үстануды өзі таңдай алатынын, немесе діннен бас тартып атеист бола алатынын білдіреді.
Адамзат тарихыңда діндердің бейбіт қатар өмір сүруінің мысалдары жеткілікті. Жалпы, қазіргі әлемдегі көптеген елдердің діни кеңістігіне көп конфессияналдық сипат тән. Қазақстанда да мұсылмандар мен христиандар, иудизм мен буддизм тәрізді іргелі діндер бейбіт қатар өмір сүріп, көптеген мешіттер, шіркеулер мен діни ғибадат үйлері діндарлардың рухани сүраныстарын қанағаттандыру бағытында еркін қызмет атқаруда. Діндарлар қоғамдық өмірге белсенді қатысып, экономиканың барлық салаларында жұмыс істеуде. Адамның діни сенімі мен таңдауы жұмысқа орналасуда немесе білім алуда бөгет бола алмайды.
Адамзат тарихының өткен кезеңдерінде көптеген қақтығыстар, соғыстар мен қудалаулар діни себептерден туындайтын. Осы орайда, Орта ғасырдағы Еуропадағы крест жорықтары мен протестанттарға қарсы күрестерді, орыс қоғамындағы старообрядтықтарды қудалауды және осы катардағы басқа да келеңсіз оқиғаларды айта кетуге болады. Испаниядан арабтарды қуғаннан кейін ислам дінін қабылдаған көптеген жергілікті тұрғындар өлтірілді. Испан билігі араб тілінде сөйлеуге тыйым салуымен Пиреней түбегіндегі арабтілді мәдениеттің бай мүраларының көзі жойылды. Осылай, бір діннің екінші діннен артықшылығы күшпен дәлелденді.