Файл: ысамерзімді (саба) жоспары1.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 89

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

     

___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-5


Бөлім:

Парасаттылық және әдеп

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өзіңнен өзің есеп ал. (Абай)

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға ұлы ақынымыздың адам өмірі туралы философиялық ойлары туралы түсінік беру,ақынның ақылды, ақылсыз кісі туралы берген түсініктерін балаларға жеткізу, ұғындыру.

Құндылықтарды дарыту

Өзін-өзі тәрбиелей білуге баулу, адам бойындағы көрсе қызарлық, құмарлық сияқты әдеттерден

қашық болуға тәрбиелеу, өмірін босқа өткізбеу.

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

1. Құнды сөз

Абай тіліндегі көркем сөз айшықтарын тауып,

ақынның сөз саптауының ерекшеліктерімен

танысу, ақынның қазақтың әдеби тілінің дамуына қосқан үлесін тану. (Әдебиет теориясы: өлеңнің тілі, композициялық құрылысы, образ, стиль, т,б,)

2. Құнарлы ой

Шығармадағы Абайдың оқырманның көңілінде сараланып, екшеліп қалған ойлы, тұшымды,ұтымды, құнарлы ой оралымдарын табу, олардың мән-мағынасын танып-білу, талдау, зерттеу.

Ойтолғау Абай өлеңдерінің құрылысына:

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Сабақтың ортасы

«Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында шағын әңгіме жазуға тапсырма беріледі.

Жақсы мінез, жылы сөз-жан дәруі,

Жігіттің мұны керек аңғаруы.

Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның

Тіптен оңай адасып, сандалуы.

Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан.

Әдептілік әділдіктен нәр алған.

Кең болғанның кем болғанын көрмедім,

Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.

Сұхбат.

1 сұрақ: Ішкі сұлулық дегенді қалай түсінесіңдер?

2 сұрақ: Сыртқы сұлулық пен ішкі сұлулықтың қандай айырмашылығы бар?

3 сұрақ: Ішкі сұлулықты қалай көруге болады? Жаны сұлу адамның бойында қандай қасиеттер болуы қажет екенін түсінеді.

2. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Жұптық жұмыс жасауда ЕБҚ оқушыларға жұпты таңдауда қолдау көрсетіледі

Дәптермен жұмыс:

1 топ: 1 тапсырма «Жаны сұлу адамды сипаттау»

2 топ: 2 тапсырма: «Сұлулық», «Жан сұлулығы» түсініктеріне анықтама беру

3 топ:3 тапсырма: Берілген сөздерден адамның жан сұлулығын көрсететін құндылықтар мен қасиеттерді таңдап бөліп алу

Топта жұмыс істеуге дағдыланады, ойларын еркін ортада талқылауға ашылады, басқалардан кем болмауға тырысады.

Дәйек сөз.

Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы./Уильям Гэзлит/

ЕБҚ оқушы (есту, көру, ойлау қабілеті) тапсырманы саралау арқылы орындайды

Шығармашылық жұмыс. Сахналау.

Карточкалардағы тапсырмалар:

1. Сыйлаған гүл шоғын қабылдау кезіндегі қуаныш;

2. Достарыңмен қоштасу кезіндегі мұң;

3. Жақын адамыңмен кездесу кезіндегі шаттық;

4. Өз досыңның жеңісіне мақтаныш;

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

өзгерістерін жіктейді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»



Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер


Тірек-сызбалар
Кесте

ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Кері байланыс

«Үш жағымды сәт» стратегиясы. Оқушыларға сабақтың барысында орын алған үш жағымды сәтті, яғни, тапсырманы орындауда болған үш жағдайды және келесі сабақта олардың жұмыстарын жақсарта түсуге керек болатын бір әрекетті атау ұсынылады.

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Бұл ... қиындық туғызды

Осы ... мені ойландырды

Үйге тапсырма «Өзіңнен өзің есеп ал»

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект



     

___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-6


Бөлім:

Азаматтық жәнее патриотизм

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Толеранттық дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты

Толеранттылық туралы түсінік беру. Көпұлтты Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси тұрақтылықтың кепілі этникалық және діни татулықтың қажеттілігін ұғындыра отырып, төзімділікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

сынып оқушылары бір – біріне мейірімділікпен, төзімділікпен қарауды үйренеді.

    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасу,түгендеу.

Толеранттылық туралы түсінік беру.

«Төлерантты адам» тезистерін құрастырайық. Толеранттылық- жеке қасиет.

  • Толерантты адам өзіне ұқсамайтын адамға өзі сияқты қарайтын адам.

  • Толерантты адам басқа біреудің қуанышы мен қайғысын бірге бөлісе алатын , оны түсіне білетін адам.

  • Абсолютті толерантты немесе толерантсыз адам болмайды.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Сабақтың ортасы

Екі жұппен жұмыс. «Сіздер бір-біріңізді жақсы танисыңдар. Енді сіздерге 2 минут уақыт беріледі, осы уақытта басқаларға қарағанда өздеріңіздегі ерекше қасиеттеріңізді айтуларыңыз керек» Мысалы, хоббиіңіз, істей алатын нәрселеріңіз. Жұптарыңыздан ол туралы естіген соң, орындарыңнан тұрып, не білдіңіздер сол туралы айтасыздар.

«Төлерантты тал » жасау. Барлық әлем мен үшін.

1 кезең. Әрбір топ бұл газетке толеранттылар үйін саласыздар. Толеранттылар жаңа айтып кеткеніміздей бәріне дос, қандай жағдайға да шыдамды, кез келген жағдайдың келісімін таба алатын, қамқор. Ендеше сендер осындай адамдарға арналған үй тұрғызасыздар. Үйлеріңіз әр түрлі формада болуы мүмкін.. Тек ұстанатын нәрсе –үй іздеген хабарландыру өте көп болады, сондықтан сіздер өздеріңіздің үйлеріңіздің көркем безендіріліп, басқалардың назарын бірден аударатын жағын ойластырғаныңыз жөн. Қолдарыңызға қағаз, фломастер, түсті қағаздарды алыңыз да іске кірісіңіз. Бес минут уақыт беріледі. 2 кезең. Берілген уақыт біткеннен кейін салынған үйлер тақтаға ілінуі керек. Топ мүшелері өз үйлерінің толеранттыларға арналғанын қорғап шығады.



Сергіту жаттығуы:

Төрт столды қатарлап қойып, бес оқушы шығарамыз. Бір — біріңе достық, ынтымақтастық сезімдеріңді тексеріп көрейік. Музыка біткенде барлығы да отыруы тиіс, әрине барлығы да. Досын сыйдыра ма екен? Көрейік. Стөлдер саны бірте — бірте азая береді. Ойынның шарты: соңғы қалған бір стөлге бес оқушы да сыйысып отыруы тиіс.
Мына бір аңызға тоқталайық «Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан…. » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.
Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

ЕББ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады;

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
Балалар хормен ән айтады. өзгерістерін жіктейді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»



Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер


Тірек-сызбалар
Кесте

ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Қазақ осы — айтатұғын елге сыр, О, ағайын, халық емес ол кесір. Қазақ осы — аңғал-саңғал жабусыз, Қазақ осы — ағыл-тегіл, көл-көсір. Қазақ осы — дала дейтін, күн дейтін, Қазақ осы — өнер алды тіл дейтін. Қазақ осы — карасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, — деп жырлаған Қадыр Мырзалиев атамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз, құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы. Сонымен балалар бүгінгі сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Бүгінгі сабақта бірлік, татулық, бір шаңырақ, тыныштық, татулық, тұрақтылық, бейбітшілік, тағдыр, ынтымақтастық, патриотизм, үйлесімділік, шыдамдылық, сенімділік, қамқорлық, достық жайлы пікірлер мен ойларыңды ортаға салдыңдар. «Қазақ елі осындай» әнімен сабағымызды қорытындылаймыз.

Кері байланыс

1. Мен сабақ қызықты ______ қызықсыз болды деп ойлаймын.

2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені ________ үйренгенім аз болды.

3. Мен басқаларды мұқият ___ зейінсіз тыңдадым.

4. Мен пікірсайыстарға жиі ____ сирек қатыстым

5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын __ риза емеспін.

Үйге тапсырма «Толеранттық мінез» тізбесе жасау

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект

https://infourok.ru/tәrbie-saғaty-toleranttyқ-үjlesіmdі-өzara-қarym-қatynas-negіzі-4904619.html


     

Толеранттық ( лат. tolerencia - төзімділік) — өзіндік айырмашылықты, өзгешелікті, ерекшелікті мойындау, басқа түрлерге төзімділікпен қарау, өзге сенімдегі, көзқарастағы, әрекеттегі кісілердің таңдау құқын құрметтеу, қақтығыстарды өзара сұхбат пен келісім арқылы шешу жолын қарастыру, зорлық күшке жүгінбеу, дөрекі, не мәдениетсіз амалдарды қолданбау, кешірімшіл және жанашыр болу секілді осызаман қоғамындағы түрлі сенімдер мен бағыттардың қатар өмір сүру және өзара сәйкесу ережесі.

Көбіне толеранттық ретінде өзгелердің кемшілігіне кешіріммен қарау, айырмашылыққа, бөтендікке төзе білу, басқа түрді қабылдай білу қатарлылар айтылады. Толеранттық жеке адамның, әлеуметтік топтардың басқа адамдармен немесе әлеуметтік топтармен қарым-қатынасынан көрініс табады. Ол психологиялық немесе әлеуметтік-психологиялық мінез дәстүрі ретінде; қазіргі қоғамның аса маңызды құндылықтарының бірі ретінде; тәуелсіздікке, дербестікке, идеяларды зорлықпен таңуға жол бермеу ретінде; адам еркіндігін шынжырлайтын діни, этникалық, нәсілдік нанымдардыың кикілжіңін жоққа шығарушы ретінде қарастырылады.

Басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне төзімділік таныту 1995 ж. ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы бекіткен толеранттықтың принциптер Декларациясында толеранттылық былай қарастырылады:

әлемнің бай мәдениеттерін, өзін-өзі көрсетуін, жеке адамның қасиеттерінің көрініс табуын дұрыс түсініп, қабылдап, құрметтеу;

наным-сенімдерден, ақиқатты шексіздендіруден бас тарту және халықаралық құқықтық актілерде бекітілген адам құқы саласындағы ережелерді бекіту.

Қазақ түсінігіндегі "қонақжайлық" ұғымы осы толеранттық ұғымымен мағыналас келеді.[1][2]

Толеранттық басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу ретінде дәстүрлі қоғамдардағы доминантты идеялр мен идеологиялардың басқаларға қысым жасауын азайытып, жалпыхалықтың ынтымаққа қол жеткізуде маңызды рөлге ие. Ол адам құқы мен бостандығы, сондай-ақ плюрализм қағидасымен бірге негізі демократиялық принциптердің бірі саналады.

Толеранттылық — қоғамның саяси мәдениетінің жалпы деңгейін көрсетеді.[3]

Нөл толеранттық деп қатысты әрқандай іске мүлде толерантсыздық танытып, сәл қайшы болғандардың өзін заң бойынша қатаң жазалауды айтады.[4][5][6] Нөл толеранттық саясаты адамдардың белгіленген ережеге толық бойсынуын талап етеді, ешқандай басқаша болуға мүмкіндік қалдырмайды.


___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-7


Бөлім:

Азаматтық және патриотизм

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Біз-біртұтас халықпыз!

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға сүйіспеншілік ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Құндылықтарды дарыту

сүйіспеншілік ұғымының адам өміріндегі мәнін түсіндіру және сүйіспеншілік қарым-қатынасты дамыту;

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

ІҰйымдастыру кезеңі.

ІІ. Кіріспе. Еркіндігін еншілеп, егемендік тізгінін қолына алған мемлекетіміздің Тәуелсіздік туын көгінде желбіреткеніне де міне, биыл 27 жыл толып отыр! Біздің Отанымыз - Егеменді, Тәуелсіз, Қазақ мемлекеті. Қазіргі күнде мемлекетіміздің дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттермен терезесі тең. Ешкімге жалтақтап жатқанымыз жоқ.Осынау жылдар ішінде елімізді ғаламға танытқан көптеген игі істер атқарылуда. Қазақстанның көк аспанында көк туымыз желбіреп, Қазақстан деген елдің бар екенін әлем жұртшылығы мойындағалы қашан. Бүгінгі таңда әлем назарын өзіне аударып отырған қазақ елінің әр күні, айы, жылы жағымды жаңалықтарға толы.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

.

Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер 1.Өзін-өзі тану оқулығы.2.Халық ауыз әдебиетінен алынған аңыз топтамалары.Қазақ әндерінің жинағы

Сабақтың ортасы

1.Құндылық құнын ұғындар. (карточкамен жұмыс)

Отбасымда ең сыйлы ______________________

Ең қымбатты ____________________________

Ең ақылды _____________________________

Ең сүйкімді ______________________________

Ең құрметті ______________________________

Ең құнды ______________________________

Ең бағалы _____________________________

Ең қажетті ________________________________

2. «Сөз асылы – мақал» деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныс та - бала. Осы бала бағбаны кімдер?

Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашан да ата – ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады. ЕБҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады;

І. «Сан саяхат»

Оқушыларға:

1. Жеті ата деген не? Өз жеті атаңды білесің бе?

2. Төрт түліктің пірлерін ата?

3. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат)

4. Жылқы туралы мақал- мәтел айта аласыз ба?

(Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы-малдың патшасы.)

5.Бес қаруды ата ( Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)

3. « Жалғасын тап»

1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)

2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)

3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)

4. Әдепті бала арлы бала....(әдепсіз бала сорлы бала)

5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)

6. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

7. Ана сүтін ақтамағанды… (ешкім жақтамайды.)

8. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )

9. Қарағайға қарап тал өсер…... (қатарына қарап бала өсер)

10. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

4. Постер қорғау: 3,5,7 сандарына байланысты

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Дескриптор:

өзгерістерін жіктейді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»



Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер


Тірек-сызбалар
Кесте

ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Бірігіп «Достық» әнін орындау.

Кері байланыс

 Қиын болды…

 Бүгін мен білдім…

 Қызықты болды…

Үйге тапсырма «Біз-біртұтас халықпыз!»

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект

ustaz.kz›materials/word/tarbie…birtutas…birtuta


     

Шаймардан Нурумов: Біз – біртұтас халықпыз

Алдымызда қазақстандықтардың ең айтулы мерекелерінің бірі – Алғыс айту күні келе жатыр. 28.02.2018 3061 Бұл мейрам Қазақстан халқының ынтымағын, бірлігі мен бауырластығын одан әрі нығайтатын, қазақ халқына барша жұрттың ыстық ықыласын арттыратын бірден-бір мереке. Бұл күні Қазақстанды мекен еткен барлық этнос өкілдері қазақ халқының кішіпейілдігі, ақкөңілдігі, кең байтақ жеріндей кеңпейілдігін тілге тиек етіп, өз ризашылықтарын білдіріп жатады. Қазақ жерінде өмір сүріп жатқан барша жұрт еліміздің дара тұлғасы, бүкіл әлемге танымал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өздерінің бүгінгі бақытты да шаттықа толы бейбіт өмірлері үшін алғысын жаудырып, ілтипатын білдірумен болады. Соның ішінде Қазақстан ұйғырлары да осы елді мекен етіп жатқан 100-ден астам этностың өкілдерімен тең дәрежеде бақытты өмір сүріп жатыр. Халқымызға өз мәдениетін, тілін, дінін және дәстүрін сақтап қалуға бар мүмкіншілік жасалған. Қазіргі таңда елімізде 70-ке жуық ана тілінде дәріс беретін мектептер жұмыс істеуде. Бүкіл дүние жүзіне өзінің өнерлі әртістерімен танылған Республикалық мемлекеттік ұйғыр театры бар. Қ.Қожамияров атындағы бұл театрға өздеріңіз білетіндей жақында академиялық дәрежесі берілді. Бұл Қазақстан ұйғырлары үшін аса қуантарлық жаңалық болды. Сонымен қатар елімізде республикалық дәрежеде «Ұйғыр авази» атты ана тілінде шығатын 15 мың оқырманы бар газет жұмыс істейді. Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында ұйғыртану ғылыми орталығы жұмыс істейді. Ұлдарымыз бен қыздарымыз халық шаруашылығының барлық салаларында қызмет атқарып келеді. Қазақстан ұйғырларының этномәдени орталығының негізгі қызметтерінің бірі қайрымдылық көмек көрсету болып табылады. Айталық соңғы бір-екі жылдың көлемінде миллиондаған қаражат қайырымдылық мақсаттарға бөлініп, жұмсалды. Көптеген қайырымдылық іс-шараларына демеушілік жасалды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға да үнемі қаржылай көмек беріп, қамқорлық жасап келеді. Мысал келтірсек, жақында Алматы облысы Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында бірнеше үй өртеніп, тұрғындар қиын жағдайда қалды. Бірі қазақ, бірі ұйғыр және орыс болып табылатын бұл ауыл тұрғындары да берілген жәрдем мен демеушіліктер үшін өз алғыстарын айтып жатты. Қарағандыда болған су тасқыны, Алматы облысындағы сел кезінде де көптеген азаматтар көмекке мұқтаж болды. Ұйғыр орталығының Жігітбасы кеңесі, Әйелдер кеңесі жапа шеккендерге барынша қолдау көрсетіп, белсенді түрде қызмет атқарды. Қазақстан ұйғырлары Президент Н.Назарбаевтың ішкі-сыртқы саясатын толығымен қолдайды. Соның ішінде «Мәңгілік Ел» стратегиясы Қазақстан ұйғырлары үшін көптеген міндеттер жүктеді. Елбасы Н.Назарбаевтың қазақ тілін латын графикасына өткізуі кезеңінде де қазақстандық ұйғырлар ана тілін латын таңбасына негіздеп бірге көшуге шешім қабылдады. Әрбір қазақстандық ұйғыр жақсы түсінетін бір қағида мынау: «егер Қазақ жерінде Қазақстан мәңгі болса, Қазақстан ұйғырлары да, олардың тілі, діні және дәстүрі де мәңгілік болады». Сондықтан әрбір қазақстандық ұйғыр Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне әрдайым өз үлесін қоса береді. Шаймардан НУРУМОВ, Мәжіліс депутаты, ҚХА мүшесі, Қазақстан ұйғырларының этномәдени орталығының төрағасы