Файл: ысамерзімді (саба) жоспары1.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 95

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Алайда жауапкершіліктің аталған негіздерінің бірі пайда болған кезде оны белгілі- бір тұлғаға қолдана қою әр кез мүмкін емес. Бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін мүліктік санкциялар белгіленген. Қарыздар несие берушінің көрген залалдарының орнын толтыруы тиіс. Азаматтық — құқықта залал ұғымын міндеттемені қарыздар орындаған жағдайда несие беруші алуы ықтимал, несие беруші өндірген шығындарды, оның мүліктерінің жоғалуы немесе зақымдануы, сондай-ақ ол алмаған табыстар түсіндіріледі, яғни бір адамның екінші адамға мүліктік нұқсан келтіруі залал болып табылады. Сөйтіп, залалдардың екі түрі бар: бір жағынан — тура мүліктік нұсқан, екінші жағынан — борышқор міндеттемесін орындаған жағдайда болуға тиісті несие берушінің табыстары. Қандай жағдайда болсын шаруашылық шарттарын бұзғаны үшін келісімі мен жауапкершілікті шектеуге болмайды. Материалдық нұқсан толық өндіріліп алынуы тиіс.

Жауапкершіліктің көлемі төмендеген жағдайда мүліктік жауапкершіліктің тәртібі және одан босанудың шарттары толық белгіленген.

___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-20


Бөлім:

Тіршілік қауіпсіздігі

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жауапты мінез-құлық және инфекцияны алдын алу

Сабақтың мақсаты

адамгершіліктің, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтары мен міндеттерін аңықтай отырып құқықтық тәрбие беру.

Құндылықтарды дарыту

оқушылардың бойында құқықтық білімді қалыптастыра отырып, саяси саналығы мен таным белсенділігі арытады.


    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Ұйымдастыру кезеңі.

«Сыр сандық» ойыны

Сандық ішінен сұрақтар алады, жауап береотырып тақырыпты ашамыз.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз не?

Мүліктік залал дегеніміз не?

Кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін жауапкершілік туындай ма?



Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

.

Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер 1.Өзін-өзі тану оқулығы.2.

Сабақтың ортасы

Атқарушы билік органдары нешеге бөлінеді бөлінеді

Б)Кестені толтыр:


Атқарушы билік органдар


Құрамы


Қызметі



Жоғарғы атқарушы органдар








Орталық атқарушы органдар








Жергілікті атқарушы органдар









В) «Кім шапшаң » ойыны. ( Ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру.)
Сұрақтары:
1.Қазақстан Республикасында қандай орган жоғары атқарушы орган болып табылады?

2.Атқарушы билік органдарын атаңдар?.

3.Министрліктер, агенттіктер, ведомстволар қандай қызметтерді жүзеге асырады?

4.Жергілікті жерлерде атқарушы билікті кім жүзеге асырады?

5.Мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігі атқарушы билік органы болып табыла ма?

6.Кәсіпорындар мен мекемелерді тағайындау неге байланысты?

7.Кәсіпорындары мен мекемелердің түрлерін атаңдар.

8.Кәсіпорындарды құрудың және таратудың тәртібі қандай?
ІІІ.Мағынаны тану .

Әкімшілік жауапкершілік

1.Бейне материалды тамашалау.

2.Топтастыру

Бұзақылық

Не көрдім?

Тәртіпсіздік

Күш көрсету Ұрып – соғу.
Әкімшілік жауапкершілік дегеніміз – құқық бұзушыға оның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік органның және лауазымды тұлғаның оған жазалау шарасын қолдануы сипатына ие болған заңды жауапкершіліктің бір түрі.Әкімшілік жауапкершілік 16 жастан басталады. Әкімшілік жауапкершіліктің негізі болып – әкімшілік құқық бұзушылықтың ( әкімшілік терісқылықтық) жасалуы жатады.Әкімшілік жауапкершіліктің белгілері :қоғамдық тәртіпті орнату,бұзақылыққа бармау, соттауға болмайды,жұмыстан шығармайды..Әкімшілік жауапкершілікке тартатындар:Президент, парламент,үкімет,жергілікті мемлекттік өкілі,кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғайтын комиссиялар. Ішкі істер органдары.Әкімшілік құқық бүзушылықтың құрамы : обьект,обьективтік жақ,субьект, субьективтік жақ болып бөлінеді .



Егер кәмелеттік жасқа толмаған тұлға әкімшілік құқық бұзушылық алғаш рет жасаса, онда уәкілді орган оны әкімшілік жауапкершіліктен босатып, оған тәрбиелік ықпал ететін шараларды қорлданылады. Мысалы: Заңды түсіндіру, ата-аналармен жұмыс жасау, бос уақытын тиімді пайдалану.Әкімшілік жауапкершіліктен босату: зиянның марзымсыз болуы, келтірілген зиянды өз еркімен өтеу, өзге де негіздер.
3.Жағдаяттарды талдау.

2002 жылдың 8 наурызында түнгі сағат 24.00-де азамат М. өз үйінің подъездінде дауыстап өлең айтты. Көршісінің ән айтуды тоқтат деген талабына көңіл аудармай, одан әрі өлең айтуын жалғастырады. Көрші учаскелік инспекторға телефон шалды.

М. құқық бұзушылық жасады ма? Учаскелік инспекторға телефон шалған көрші дұрыс істеді ме? Осы жағдайды сен қалай шешер едің?
4-сыныптың оқушысы Асқар автобуста жол ақысын төлеген жоқ. Билет тексеруші билет немесе жол билетін көрсетуді талап етті. Асқардың қолында біріншісі де, екіншісі де болған жоқ. Билет тексеруші Асқардан айыппұл төлеуін өтінді.

ЕБҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады;

Тексеруші дұрыс істеді ме? Әкімшілік жауапкершілік қай жастан басталады? Осы жағдайда әкімшілік жауапкершілікті кім өтейді?
16 жасар Марат пен Болат мектепте өткен би кеші кезінде өздерін өте дөрекі ұстады, яғни олармен билегісі келмеген қыздарға тиісті, балағат жаман сөздерді айтып тұрды, ал одан кейін өз іс әрекеттерін былапыт сөздермен ұштастыра отырып, жүргізушіден микрофонды жұлып алып қатты айқайлай бастады. Ішкі істер органдарының аудандық бөліміне жеткізілген Марат пен Болатқа қатысты іс құжаттар толтырылды және олар кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін қарайтын аудандық комиссияның қарауына жіберілді.

Дұрыс шешім қабылданды ма? Марат пен Болат әкімшілік жауапкершілікке тартыла ма?



ЕББ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады; суретпен жұмыс.

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Дескриптор:

өзгерістерін жіктейді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»



Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер


Тірек-сызбалар
Кесте

ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Оқушылармен пысықтай түсу. (хормен)

1.Өз қателігіңді мойындай біл!

2.Жалған сөйлеуге әуестенбе!

3.Ойыңды жасырмай айт!

4.Әр кез шындықты айтуға үйрен!

Кері байланыс

 Қиын болды…

 Бүгін мен білдім…

 Қызықты болды…

Үйге тапсырма «Бұзық бала» қандай болады?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

https://kopilkaurokov.ru/obschestvoznanie/uroki/kimshilik_zhauapkiershilik_10_synyp
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


     

Балалардың жоғары агрессивтілігі дәрігерлер, педагогтер мен психологтар үшін ғана емес, сонымен бірге тұтас қоғам үшін де негізгі пробремалардың бірі болып отыр. Агрессивтілік (лат. «шабуылдау, қауіп тудыру») – агрессивті мінез-құлыққа апарар ниет, жағдай. Ал агрессиялық әрекеттің өзі – баланың өзгелерге залал келтіруге бағытталған мінез-құлқы. Агрессивті жағдай ашу, жаулық, жеккөрушілік, т.б. эмоциялар арқылы көрініс табады. Әрекет міндетті түрде өзге адамға залала келтіру: балағаттау, қорлау, төбелесі, ұрып-соғу, т.б. түрінде көрініс береді. Осындай мінез-құлықты балалар саны тез артып келе жатқандықтан, тақырып өзектігі күмән келтірмейді.

Бұл көптеген жағымсыз факторлар: балалардың әлеуметтік тұрмыс жағдайы нашарлауынан; отбасылық тәрбие дағдарысынан; мектептің балалардың жүйке-психикалық жағдайына көңіл аудармауынан; баланың миына зақым келу түрінде салдары болатын патологиялық босану үлесінің артуынан орын алып отыр.

Зорлық–зомбылықты үздіксіз насихаттаумен айналысатын жалпы ақпарат құралдарды, кино және бейнеиндустрия да өз үлесін қосып отыр. Соңғы жылдары балалар агрессиясы проблемаларына ғылыми мүдделілік те артып отыр, бірақ, өкінішке орай, шынайы түзету мен емшара тәжірибесіне негізделген зерттеулер салыстырмалы түрде аз.

Ең алдымен балалар агрессиясының себептеріне талдау жасап көрелік. Мұның үш негізгі көзі болуы мүмкін.

Біріншіден, бала өсіп келе жатқан отбасының өзі агрессивті мінез-құлыққа бейім болуы және осындай көріністі бала санасында берік орнықтыруы мүмкін. Кейбір ата-аналар екіжүзділікке бейім болады, сөз жүзінде олар балаларында агрессияның байқалуына қарсы, оларды қайырымды әрі жуас етіп тәрбиелегісі келеді, сонымен бірге олар төбелеске қорықпай кірісіп кету немесе басқа да жымысқы жолдармен мәжбүрлеу арқылы құрдастарымен арасындағы проблемасын өзі шешуге тырысқан балаларына сүйсініс танытады.

Екіншіден, балалар агрессияшыл мінез-құлыққа құрдастарымен қарым-қатынасы барысында үйренуі мүмкін. Мектепке дейінгі жастағы балалардың көпшілігі үшін күш басымдығына табыну үлкен орын алады, әсіресе ұлдар балалар қоғамдастығынгда демократиялық деп атауға келмейтін қасиетке ие болуды армандайды. Демек, кім күшті болса, ол бәрін де жасай алады – балабақша сәбилерін бақылағанда көруге болатын принцип осындай.

Үшіншіден, агрессиялылыққа үйрететін үлгі шынайы адамдар емес
, шығармашылық туындылары да болуы мүмкін. Теледидар, монитор экрандары мен кітап беттеріндегі агрессия мен зорлық – зомбылық кішкентай көрермендерді кез келген уақытта құрылымсыз, қатал, бірақ жанжалды шешудің өте тиімді тәсіліне бой ұруға жетелейтіні күмәнсіз нәрсе. Сондықтан да балаңыздың не көріп, не оқып, қалай ойнайтынына назар аударған артық болмайды.

Агрессиялықтың сыртқы қабығын қарастырып болғаннан кейін, енді оның ішкі себептеріне тоқтала кеткен жөн. Бұл жерде бастысы өте қарапайым ой, егер адамда бәрі жақсы болса, ол агрессивті болмас еді. Яғни, агрессияшылдық – ең алдымен ішкі қолайсыздықтың сыртқы көрінісі. Әдетте агрессивті балаларға жоғары мазасыздық, өзін ешкімге керексіз сезіну, айнадағыларды әділетсіз санау және өзін тең санамау (көбіне кем санау) тән болады. Кішкентай «агрессордың» айғай-шу ашу шығару арқылы қарсылық көрсету реакциясы оның айналасындағылардың назарын өз проблемаларына, оны жалғыз өзі жеңе алмайтынына аудару тәсілі болып саналады. Демек, агрессивті балаға көмектескісі келетін ата-анасы ретінде сізге ең бірінші керегі балаға шынайы іштарту, оны жеке тұлға ретінде қабылдау, оның ішкі әлеміне қызығушылық таныту, сезімі мен мінез-құлық дәлелдеріне түсіністікпен қарау. Баланың жетістіктеріне және оның қиындықты жеңуіндегі табыстарына көбірек көңілін аударыңыз (сыртқы және ішкі), тағы да сондай болуға үйретіңіз. Қысқасын айтқанда, ұл немесе қыз балаға өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзі дұрыс бағалай білуін қайтару үшін қолдан келгеннің барлығынг жасау керек. Ата-ана агрессиялық көңіл күй мен әрекеттердің қайдан шыққанын анықтап, оларды түзетудің дұрыс жолдарын табуы тиіс. Агрессияшыл мінез-құлық түрі көбіне оны тудырушы себептерді де көрсетіп тұрады.

Сіздердің назарларыңызға сынып жетекшісіне және ата-анаға арналған баланың агрессиялық мінез-құлқына диагностика жасау бойынша бірқатар практикалық кеңестерді, сондай-ақ агрессия деңгейін азайту тәсілдерін ұсынып отырмыз.

Ата-ана агрессиялық мінез-құлқы бар балаларға қалай қарауы керек?

Профессор Н.Е. Щуркова және оның әріптестері мінез-құлқы күрделі балаларға арнарлған педагогикалық әрекет алгоритмін ұсынады.

• Мінез-құлқын түсіну. «Иә, осылай болады...», «Сенің жасында менде де осындай жағдай болған...».

• Мінез-құлқын ақтау. Балаға жартылай қолдау білдіру: «Сенің орнында басқа біреу болуы да мүмкін еді…», «Мүмкін мен де сөйтер ме едім…».

• Баланың жасағанына өзі ой жіберуі үшін оның заттық және әлеуметтік нәтижесіне талдау жасау: «Сен, сірә,…жасағың келген шығар, ал ол … болып шықты», «Сен оны … болып шығады деп ойламаған да шығарсың…»


• Өзін-өзі анықтауы үшін балама мінез-құлық тәсілін көрсету: «Былай жасағанда … болар еді», «Мұндай жағдайда кейбіреулер … жасайды».

• Бала болған оқиғаның уәждемесі мен себептерін анықтай алуы үшін, оны ойлануға шақыру: «Сен өзің қалай ойлайсың…», «Бұл енді қалай аяқталады деп ойлайсың…», «Сен туралы басқалар не ойлайды…».

• Басқа мәдениет деңгейінде өзін-өзі жүзеге асыра алуына жағдай жасау үшін, сыртқы қорлаудан «қорғаныс»: «Бұл есейе келе қалатын әдет…».

• Тиісті әсер түріне қарама-қарсы күтпеген дербес шешім: «Мен сені … жазалауым керек еді, бірақ мен… жасайын деп тұрмын», «Мен сені түсінеді деп сенемін…»

Қолайсыз жағдайдан арылу үшін

• Қысым жасау – баланың әрекеттері мен қылықтарына қатаң тыйым салу. Сынып жетекшісі өз беделі арқылы агрессия көрінісіне жол бермей, оны тұншықтырып, басымдық жағдайына ауысады («Тез арада тоқтат мұныңды!»).

• Ығыстырып шығару – басқа, неғұрлым жағымды жағдай тудырып, агрессияшыл мінез-құлықты алмастыру тәсілі. Қолайсыз жағдайды алмастыруға бағытталған әрекет тізбегі: ығыстыру-алмастыру-алаңдату («Маған мынаны жасауға көмектесіп жіберші…»)

• Елемеу - қолайсыз жағдайды елеусіз қалдыру әдісі (бірден назар аудара қоймау). Әдісі ширығысты жағдайды бірдіндеп барып жою мақсатында қолданылады.

• Мерзім белгілеу (уақытын шектеу) – орын алған қолайсыз жағдайды (ашулану) шешу үшін құқығын ескеруді пайдалану әдісі. Бұл әдіс күшті ширығыстың біртіндеп барып жайласуы үшін пайдаланылады («Кәнекей, мұны бір минут ішінде аяқтаңдар»).

• Жағымды нәрсеге көңіл аудару – назарды ашу, агрессия, ыза немесе реніш тудырған субьектіден баланың өзінің немесе басқа обьектінің (басқа адамның, жануардың, заттың, т.б.) жағымды жақтарына аудару. Әдістің мақсаты – баланы өзін-өзі билеуге, реттеуге, бақылауға, сыртқы әсер мен ішкі жағдайы және тәртәп түрі арасныда тепе-теңдік орнатуға үйрету.

Агрессия деңгейін қалай азайтуға немесе жоюға болады?

• Спорт секциялары.

• Қызығушылықтары бойынша үйірмелер.

• Балаға деген махаббатты үнемі білдіріп отыру

• Орындалмайтын уәде бермеуге тырысу.

• Релаксация және тыныс алу жаттығуларын орындау.

• Балаға уақытты аямау, үнемі ақыл-кеңес беріп отыру.

• Уақытылы тыңдау, түсіне білу.

• Әр жұмысына көмектесіп, сенім білдіру.

• Үнемі мейірімді болу.

• Терең тыныс алу және тыныс шығару – ашу, уайым, қорқыныш жағдайын реттеуге өте тиімді нәрсе.

• Алдын алуға арналған сұхбаттар. Сұхбаттың мақсаты – қажетсіз оқиғаның орын алуына жол бермеу. Агрессивті мінез-құлықтың салдары қандай болатынын нақты мысал арқылы көрсету. Мысалы, балалар үйінде тәрбиеленуші қыз мектепте бір ұл баланы жекпе-жекке шақырып, ақыры көзінен айырылып тынған.