Файл: ысамерзімді (саба) жоспары1.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 87

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-8


Бөлім:

Азаматтық және патриотизм

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Отанға арналады.

Сабақтың мақсаты

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.

Бағалау критерийі

Отанға деген құрметі арытады.

Құндылықтарды дарыту

Ұлтжандылық пен париоттық сезімдері қалыптасады

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
Сөзжұмбақ шешу: Отан
Балалар, «Отан дегеніміз не?»

Кім қалай түсінеді?

Отан отбасынан басталады деп неге айтқан?

Талқылау.



Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып,талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Сабақтың ортасы

Туған өлкедегі мәдени ескерткіштер мен құндылыұтарды дәріптеу

Оқушылар суреттерін жинақтау арқылы коллаж жасап, қорғайды.

ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында «Менің Ұстазым» тақырыбында сурет салу беріледі.

Оқушыларды 3 - топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр топтың аты шығады. (Мозайка)

1 - топ: Туған жер

2 - топ: Отан

3 - топ: Атамекен

Бүгін сабақ бойы мына бір кестені толтырып отырамыз.

1.Кесте толтыру.

Не білемін

Нені білгім келеді

Не білдім

1-топқа сұрақ.

Қазақстанның қазба байлықтары

2-топқа сұрақ

Қазақстанның қалалары

3-топқа сұрақ

Отан немесе Қазақстан туралы өлең оқы.

«Бәйге» ойын. Полиглот.

20 – ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?

20 – Еліміздің бас қаласы

20 – ҚР президенті

50 – ҚР туының авторы

50 – ҚР елтаңбасының авторлары

50 – Әнұранымыздың авторлары

100 – Еліміздің көрікті жерлері

100 – Отан туралы өлең айт

100 – Отан туралы ән шырқа

Он сұрақ ойыны:



Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Дескриптор:

өзгерістерін жіктейді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Өзін-өзі бағалау»


Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер


Тірек-сызбалар
…-otan-rukhy-biik-ask-ak…

Кесте
ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы


Қорытынды:

Ата-бабаларымыздың мәңгілік арманын орындайтын артында қалған ұрпағы. Еліміздің асыл қазынасын сақтау және осы қазынаны молайту біздің қолымызда! Байлық пен абырой, жаңарулар мен жаңғыруларға жетуге үміткер елдің еңкейген кәрісі мен жасы тек нәтижелі Еңбек пен тұғырлы Ғылымға ғана арқа сүйеуі қажет. Осы екеуіне тәу еткен жұрт мұратына жетеді.

Кері байланыс.

Табыс сатысы» әдісі: сатының суреті, сатының

Не білемін

Нені білгім келеді

Не білдім

Үйге тапсырма

«Отаным Қазақстан» тақырыбында коллаж дайындап келу

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект



     

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.

Қазақстан менің елім, аңсағаным Кең байтақ жеріңменен тамсанамын. Асқар тау, белдеріңмен мақтанып, Күлімдеп, мен де бір шаттанамын.

Отаным – Қазақстан туған елім, Ойнап күліп ер жеткен туған жерім. Өсе бер өркендей бер, Елім менің, Ардақтап мәңгі мен сені өтермін.

Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Қазақстаным!

Сен барсың менің жанымда, Көктемнің гүлі ашылған! Балалық шағым қасыңда, Тағдырым сенсің, Қазақстан!

Мен үшін Отан – құндылықтарды материалды тасымалдаушы емес. Бұл жан сезімі! Сенің әрқашан оймен болса да, оралғың келетін Жердің, рухани бұрышы. Менің жылдарым күндермен өлшенеді. Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын.

Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көремін? Мен өз отанымды қалай мақтан тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды. Отанымда қонақта болғанда өзімді өте жайлы сезінемін, жақсы демаламын. Біз өмір сүреміз, кетеміз, өлеміз, ал біздің отанымыз мәңгі өмір сүреді.


2011 жыл – біздің Республикамыз үшін мерейтойлы жыл, Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығы. Жиырма жыл ішінде экономикада, саясатта, әлеуметтік дамуда көптеген жетістіктерге жеттік . Бізді әлем таниды. Бұл өте маңызды. Бұл біздің де, біздің Президенттің де үлкен жетістігі. Біз, жастар бүгінгі табысымызды бекіте отырып, жаңа асуларға жету үшін көп еңбек етуіміз қажет. Біз оған дайынбыз.

Ата - бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады.

___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-9


Бөлім:

Азаматтық және патриотизм

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Елім деп соққан жүрегім!»

Сабақтың мақсаты

Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Отанға, туған жерге деген махаббат сезімі оянады.


    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңi.

Шаттық шеңбері

Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, мұғалімнің:

Амансыңдар ма, балалар,

Күн сайын өскен сналар.

Талапты бол, талантты,

Бүгінгі сабақ елімізге арналар. – деген шумақпен сабақ басталады.

Қ. Мырза Әлидің «Өз елім» әнін хормен орындайды.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру


Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Сабақтың ортасы

Әңгімелеу

1. «Туған жер», «туған ел» дегенде ойларыңа не түседі?

Туған жер – адамзаттың, кең дүниені есігін ашып, өмірге келген, бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен.

Туған ел – «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» – дегендей әркімнің өзінің туған жері, елі, атамекені

2. Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры не деп ойлайсыңдар?

Отанға деген сүйіспеншіліктің түп-тамыры сыйластық, татулық, бауырмалдық, бірлікте болады.Отанды, туған жерді сүю адам өміріндегі ең бағалы құндылық.

Өзіңнің кіндік қаның тамып, туып өскен жерің. Жерін басып, суын татып ер жеттік. Сондықтан да елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры деп ойлаймын.

Мәтінмен жұмыс

Қ. Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады»

(үзінді)

Мәтінді мазмұндау бөлімдері:

Етікші шыңы

Жолаушы

Қарт кесімі

Қатал сызық

Айнабұлақ

Тұмар
Мәтін бойынша сұрақтар

- Қарияның туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?

- Қарияның туған жерге деген сүйіспеншілігі оның 40 жыл бойы туған топырағын бассам деп армандауынан, жолдың қаншалықты қиыншылығын көре тұра алған бетінен қайтпағандығы, заңсыз шекарадан басып өтуі, көзінен аққан жасына, жерді құып сүйгенінен көрінеді.

- Қарттың туған жердің топырағын жерге қайтаруының себебін қалай түсіндірер едің?

- Қарт туған жер топырағын алып, тұмар етіп тағып жүрді. Себебі туған топырақ киелі, сондықтан өмір бойы оған күш-қуат беріп келді.

- Қарттың туған жердің қасиетін қалай түсініп, бағалайсыңдар?

- Туған жер – қасиетті. Әркімнің туған жері өзіне қымбат. Туған топырақты шалғайда жүрсең аңсап, сағынып жүруіңнің өзі киелілігі.

Түйіні:

Туған жер – ата-бабамыздың мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз тұрды, өмір сүрді. Бұл жер – ата-бабамыздың кіндігі кесілген жазира жер.

Жалқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең. Туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған.

Дәйексөз

Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес.

М. Шаханов

Сахналау

Рөлге бөліп оқып, өз ойларыңмен жалғастырыңдар

Немересі: Ата, туған жеріңізді неліктен сағына бересіз?

Атасы: Балам, туған жердің топырағы, суы мен ауасы түтіні де қымбат. Өйткені сол жерде дүниеге келіп, өсіп – өндім. Адамның өскен жері адамның жанына, сана- сезіміне әсер етіп, мәңгілік есінде қалады екен.

Немересі: Туған жерді, елді соншама қадірлеуіңіздің себебі неде?

Атасы: Ол – менің ата – бабамның жері, олар оны адал еңбек, маңдай терімен қорғап, көркейтіп, ұрпағына аманатқа тастап кеткен.Сондықтан мен олардың үмітін ақтауым керек.

Немересі: Ата, осынша жасқа келсеңіз де, туған жеріңізді соншалықты қалай жақсы көресіз?

Атасы: Қарағым, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет менің бойыма ана сүтімен, бесік жырымен сіңген. Менің бойымдағы туған жерге сүйіспеншілік сезімі өздеріңе дарып жатса, үмітімнің ақталғаны деп білемін.

Немересі: …

Түйіндеме

Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай жүрегіңе құя білуің шарт.

Туған жерді сүю дегеніміз өмір бақи өз жерінде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай, табандап отырып алсақ, ақпайтын көл секілді өз-өзімізбен тұйықталып, әлемдік даму мен өркениеттен құралақан қалар едік.

Десе де, жер шарының қай ендігі, экватордың қай белдеуінде жүрсең де, қайта соғар, сағынышыңды басар темірқазығың – туған жер атты ұлы ұғым біреу. Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана, айдарыңнан жел еспек. Өйткені өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмақ емес.
Мұғалім сөзі: Міне, Ш.Айтматов айтпақшы, Туған жер, атамекен әр адамның тағдыры. Одан алғангыңды жүрегіңе құя білуің шарт.

Туған жерді сүю, өз еліңе байланыпи қалу емес. Жер шарының қай түкпірінде жүрсең де туған жер, Отан – біреу.

Себебі өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмайтындығын біз бүгінгі сабағымызда білдік.

Бүгінгі «Елім деп соғар жүрегім…» атты сабағымызда Отанды, елімізді, туған жерімізді сүйе білуді үйрендік.

«Туған жер», «ел», «Отан» – сөздері баға жетпес құндылығымыз, ең қымбатымыз.

Әрқайсымыз ата-бабамыздың кіндік қаны тамған жер ежелгі қоныс, ата мекенімізді қадірлей, қастерлей, бағалай білуге тиіспіз. Себебі туған жер- қасиетті, құдіретті.



ЕББ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады;

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
Балалар хормен ән айтады. өзгерістерін жіктейді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»



Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер


Тірек-сызбалар
Кесте

ҚБ парағы

https://infourok.ru/elim-depzherim-dep-soarzhregim-998457.html



Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Жүректен – жүрекке

Бүгінгі сабағымыз Тәуелсіздігімізге 28 жылдығына арналған 28 жұлдызды күннің «Отан» күнімен сәйкес келіп отыр дегенбіз, Олай болса, Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болғай деген ізгі ниетпен, еліміз көркейіп, гүлдене берсін, дами берсін деген тілегімізді тақтаға ілулі тұрған туған жердің табиғатын гүлдендіру арқылы білдірсек.

Кері байланыс

1. Мен сабақ қызықты ______ қызықсыз болды деп ойлаймын.

2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені ________ үйренгенім аз болды.

3. Мен басқаларды мұқият ___ зейінсіз тыңдадым.

4. Мен пікірсайыстарға жиі ____ сирек қатыстым

5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын __ риза емеспін.

Үйге тапсырма «Елім үшін мен не істей аламын?» ой толғау

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект