ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 91
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Отан... Осынау қысқа ғана, 4 әріптен және 4 дыбыстан тұратын сөз төрткүл дүниенің әрбір адамы үшін ыстық шығар... Отан деген - әр адам шыр етіп дүниеге келгенде ауасымен тыныстайтын, желі маңдайынан есетін, ең алғаш жүрекке жылулық орнататын құтты мекен, ыстық ұя. Осысымен де, Отан – қасиетті, Отан – киелі.
«Бұл дүниенің дидарында біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан»,- деп кемел саясаткер Нұрсұлтан атамыз айтқандай, жалғыз Отанымыз – Қазақстан! Иә, тәуелсіз Қазақстан... Менің мақтан тұтарым! Менің кіндік қаным тамған қазақ даласы! Мені әлпештеген ел! Мен сүйген Қазақстан! Егемен елімнің есімін есіткенде, бойымда рухани күш-қайрат тасып, шыбын жаным алаулаған оттай жанып, жүрегімнің атша тулайтыны жасырын емес.Себебі, Қазақстан ұғымы – қастерлі ұғым. Мені шақалақ шағымнан осы күнге дейін әлпештеген, маған табиғатының самал лебі мен ауасын сыйлаған, мені әсем даланың әсемдігіне куәгер еткен туған елім!
Бүгінде дүниежүзінің картасынан ойып тұрып орын алып, Еуразияның қақ ортасынан шекарасын сызған, әлемнің сан жылдар бұрын дамып кеткен алпауыт елдерімен небәрі 25 жыл уақыт ішінде терезесін теңдеп, шекарасын шеңдеп, керегесін кеңдеген ұлы Отаным тек ілгеріге қадам басуда.
Сан ғасырлар бойы тәуелсіздікті аңсап, зар қаққан, Отан үшін отқа түсіп, су кешкен, «егемендік» деп еңіреп, тәуелсіздік үшін тебіренген, елдің, жердің бостандығы үшін жан аямай күрескен кешегі батыр ата-бабаларымыздың киелі аманаты – егемен еліміз – қазіргі таңда біздің жауһар жәдігеріміз. Осынау тәуелсіздігінің тұғыры берік болатын дербес еліміз бұл күнде ұлттық рәміздерін тағайындаумен қатар, көк байрақты еркіндік символы, елтаңбаны еліміздің, жұлдызы жанған мемлекет екендігіміздің айқын дәлелі ретінде танытты.
Сонымен қатар, республикамыз қойнаудағы өлшеусіз табиғат байлықтарымен ғана емес, ең алдымен, алуан түрлі ұлт өкілдерінен құралған халқымен ерекшеленеді. 130-дан астам этнос өкілдерін жатсынбай, өз мекенімізге тартып, бүгінде, сан түрлі ұлт өкілдерімен бір шаңырақ астында бейбіт күн кешіп отырғанымызға талай жыл толды. Еліміздегі қалыптасқан ұлыстардың арасындағы береке мен бірлік, сыйластық, достық қарым-қатынастың орын тебуінде кеңқолтық, қазақтың дархан даласындай кең пейілі мен ыстық құшағының аясында өтіп жатқаны белгілі. Бұл – бірлігі жарасқан Қазақстан сипаты.
Көк туды серік етіп, елдің, Отанның намысын өзге елдерде қорғап, әнұранымызды әлем төрінде шырқап, елдің атын шығарып жүрген ұландарымыз – еліміздің мақтанышты тұлғалары. Әлемдік додаларда елдің үкілеген үміттерін ақтап, Қазақстанның мерейін үстем етіп жүрген Г.Головкин, И.Ильин, С.Сәпиев, Д.Елеусінов, Ж.Жапарқұл, Е.Сметов сынды елдің патриот ұл-қыздары – Қазақстанның рухы өр, тәні бекем ел екенін әлемге насихаттап жүр. Бұл –Отансүйгіш ұрпақ мекендейтін Қазақстан бейнесі.
«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» ,-дей келе, терең білімді тәуелсіздік тірегіне, ақыл-ойды азаттық алдаспанына айналдырған Қазақстан – білімділіктің туын биікке көтерген кемеңгер ел. Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты, көздерінде от ойнаған, сөздерінде жалын бар, жігерлері жасымаған, тек алға ұмтылған білімді жастары бар Қазақстан – биікке өрлеген, саяси да рухани құндылықтары мол, көкке қанат сермеген, біліктілік пен ізденімпаздықтың шырақшысы болған білімді ел.
Мен, тәуелсіз елдің өскелең ұланы, кең-байтақ көсіліп жатқан жазиралы даланың кербез сұлулығына көз сүзіп өскен, бірлігі жарасқан халықтың татулығын «тұмар» деп білген, қарасаң көз тоймайтын әсем қала Астананы «Еуразияның жүрегі» деп таныған және де бірлігі берік, достастығы мығым Атамекенімді «жәннатым» деп танып, білімім мен қайрат-жігерімді өз елімнің мүддесіне жұмсауға ұмтылған жас ұланмын. Осы орайда, маған туған Отанымның тау-тасы мен топырағы, қаласы мен ауылы, бұрқырап шыққан түтіні мен өзен-көлі, ойқастаған жануары мен құрт-құмырсқасы, бәрі-бәрі ештеңеге айырбасталмайтын қымбат та құнды қазына екенін айта кеткім келеді.
Киелі Отанымның бүгінгі күні алған асулары мен бағындырған белестері аз емес-ті. Жаһандану заманында жанданған Қазақстан қазіргі таңда әлемнің ең үздік 50 елінің қатарына еніп, енді әлемнің алпауыт 30 елінің қатарына кіруді басты нысана етіп отыр. 2017 жылы бас қалада өткен, күллі әлемді «аузына» қаратып, дүниенің дидарының түпкір-түпкірінен туристтерді Қазақстанға ағытқан, елдің саяси дамуының жолындағы үлкен үрдіс, жауапты іс, әлем алдындағы абыройымыздың айғағы – «EXPO 2017» көрмесін де асқан шеберлікпен өткіздік. Кең ауқымды алып жатқан, білімді тұлғалардың ой-саналарының жетістіктерін насихаттап, табиғат ахуалының алдын алудың алғы шартын насихаттаған бұл көрмені көрген де арманда, көрмеген де арманда... Елімнің жеткен жетістіктері – «Мәңгілік ел» болу жолындағы маңызды қадамдар. Мен, Қазақстан азаматшасы ретінде, елім жеткен жетістікке өзім жеткендей болып қуанам. Себебі, Қазақстан – менің жүрегімнің төрінен орын тепкен жалғыз Отаным! Мен Қазақстан азаматшасы болғаным үшін қуанамын, Қазақстанның бейбіт тұрғыны екенімді еңсемді көтере айтамын және Қазақстанның менің туған Атамекенім екендігін мақтан тұтамын.
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-10
Бөлім: | Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:8 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Бейнехостинг (You Tube) |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға сүйіспеншілік ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. |
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады. |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 16
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | . Ұйымдастыру кезеңі: 1) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. «Сәлем» жаттығуы арқылы психологиялық ахуал орнату. 2) Миға шабуыл. «Конверттегі сұрақ» әдісі. Кез-келген оқушы конвертті ашып сұрақты оқиды. Қалған оқушылар: Табиғат құбылыстарына қандай мы-салдар келтіруге болады? Табиғатта су айналымы деген не (1-сурет)? Табиғатта су айналымын көрсететін қандай құбылыстарды мысалға кел-тіре аласың? Үй жағдайында су айналымын қа-лай бақылауға болады? Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» . | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер 1.Өзін-өзі тану оқулығы.2.Халық ауыз әдебиетінен алынған аңыз топтамалары.Қазақ әндерінің жинағы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Сөздікпен жұмыс: Түртіп алу. бейнежазу–запись видео -videorecording; Жұмыс дәптері файлдықосу-добавить файл-addfile «Кинометафора» әдісі А) «VideoPad программасында бейнені өңдеу» тақырыбына кіріспе жасау мақсатында интерактивті тақтадан бейнежазба көрсетемін. Б) Оқушылар бейнежазбаны көріп, тыңдап стикерге бейнежазбадан түсінгендері бойынша 2 сөйлем жазып, тақтаға оқып іледі. Кері байланыс: Оқушылардың сабаққа қатысуының қарқынына қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалап отырамын. Дәптермен жұмыс Тапсырма: VideoPad программасындағы бейнені өңдеуге қолданған құралдар тізбесін жасаңдар. Бұл құралдардың қызметін жазыңдар. ЕБҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады;
А) Тапсырма: «Табиғаттағы су айналымы» бейнежазбасын компьютерде өңдеп, сақта.
Б)Әріптерінің саны 6 дан көп сөздерді қысқарт. Ол үшін сөздердің бірінші және соңғы әріптерін және олардың арасына қырқып тастаған әріптердің санын жазады. Мысалы, «экспорттау» сөзі «э8у» деп қысқартылады.
ЕББ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады; | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Рефлексия: "Серпілген сауал" әдісі арқылы төмендегі берілген сұрақтар оқушылардың орындығының артына сұрақ жабыстырып қоямын. Оқушылар бір мезетте артына бұрылып өарап, орындықтағы сұрақты алып, сынып бойынша талқыға салып жауабын шешеді. 1. Бейнені өңдеудің қандай маңызы бар деп ой түйдің? 2. Қай кәсіп иелері өз кәсіби қызметтерінде бейнежазбаларды басқаларға қарағанда жиі қолданады?. Үй тапсырмасы: (интернет, энциклопедия). | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект infourok.ru›sabati-tairibi-beynemontazhdau-… |
Хостинг – ол сіздің сайтыңыз тұратын жер. Хостинг – ол үй.
Әр түрлі хостингтер бар. Тегін немесе ақылы. Тегін хостингтердің көбісінің бір жаман жері сіздің сайтынызға өз жарнамаларын қояды. Бұл жағымсыз фактор, біріншіден сізге (сол орынға сіз жарнаманы қойып ақша табуға болатың еді), екіншіден кірген адам да тегін ашылған сайт екенің бірден біліп, ақпараттардың көбісің шынайы қабылдамайды.
Домен деген не?
Жоғарыдағы мысал бойынша сөлейтің болсақ, хостинг – үй, ал домен – мекен-жайы. Домендер де әртүрлі болады. Оларды жалпы алғанда бірнеше дәрежеге бөліп қарастырады: 1-дәрежелі домен, 2-дәрежелі домен, 3-дәрежелі домен және т.с.с.
Бірінші дәрежелі доменді сіз ешқандай жерден ала алмайсыз немесе олар мемлекетке, белгілі бір салаға тиесілі.
Екінші дәрежелі доменді сіз сатып аласыз және жыл сайын ақы төлеп отырасыз. Мысалы: adres.com немесе adres.kz.
Үшінші дәрежелі домендердің біршамасы тегін болып келеді және біршамасы ақылы.
Тегін үшінші дәрежелі доменді сіз тегін сайт ашқанда ала аласыз, мысалы adres.ucoz.net және өз доменіңізге (2 дәрежелі домен бар болса) аша аласыз, мысалы adres.adres.kz.
Ақылы болып келетін үшінші дәрежелі домендер атақты домендер секілді болып келеді. Мысалы: adres.co.uk немесе adres.com.kz.
Жоғарыда келтірілген мысалдардың бәріндегі adres сөзі сіз қалаған кез келген сөз екенін білдіреді.
Тағы бір айта кететін жағдай. Домен тандағанда өз тақырыбыңызға сай етіп дайындаңыз. Мысалы сіздің тақырыбыңыз Қазақстан болса, сіздің доменіңіз azil-kulki-maladec.kz болып тұрса жараспай қалады. Жараспауы былай тұрсың, егер домен және тақырып бір-біріне сай болып тұрған жағдайда іздеуші системаларда көтерілуіңіз оңай болады. Және ұзын домен алудың қажеті жоқ. Мысалы men-rymzhanovtin-nemeresi-bekzhanmin.kz деген адрес болса кірген адамның есінде де қалмайды. Ал bekzhan.kz болса әңгіме басқа...
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-11
Бөлім: | Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:8 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Прокрастинация |
Сабақтың мақсаты | Балаларды үлкенге құрмет көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерте отырып, қажет емес әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру.Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларға сүйіспеншілік ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу |