Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 326
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әдіснамалық білімдердің педагогикалық зерттеулердің теориялық деңгейін көтерудегі рөлі
Әдіснамалық зерттеулер педагогикалық теорияның өмірге қажет күрделі мәселелерді шешуге күші жетпей қалғанда аса қажет болып табылады. Мұны білім мазмұны мен оқыту әдістері теориялары мысалында көрсетеміз.
Баспасөзде және педагогикалық мәжілістерде білім беру мазмұнын құрудағы кемшіліктер атап көрсетілді: оқу жоспарында дене тәрбиесі мен эстетикалық тәрбиеге уақыттың аздығы; іргелес (шектес) пәндер арасындағы алшақтық, әртүрлі пәндерде бір материалдың қайталануы; мектеп сабақтарының политехникалық және тәрбиелік бағыттылығының жеткіліксіздігі, оқулықтардағы білімдердің құрылымының айқын болмауы, шығармашылық ойлауға бағытталған сұрақтар мен тапсырмалардың аздығы және басқалар.
Бұл кемшіліктердің болуының бір себебі – жалпы және политехникалық білім беру теориясының жасалынбағындығы. Осылардың бәрі білім беру мазмұнын таңдауды ойластыруға және оқытудың мектептегі курсын ғылыми негіздеудің тәсілдері туралы көптеген мәселелерді зерттеуге түрткі болды. В.В.Краевскийдің іргелі зерттеуі «Оқытуды ғылыми негіздеу мәселелері: (әдіснамалық талдау)». (М.,1977) осы мәселеге арналды. Бұл кезге дейін оқытуды ғылыми негіздеу арнайы әдіснамалық талдаудың нысанасы болған емес еді. Бұл зерттеудің түпкі мақсаты – ғалым-педагогтарды, әдіснамашыларды, дидактарды, әдіскерлерді, оқулықтардың, бағдарламалардың, әдістемелік нұсқаулардың авторларын әдіснамалақ бағдарлармен қаруландыру.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде автор оқытудың ғылыми негізделген құрылымдық-қызметтік моделін құрды, осы негіздеменің циклін тұтасымен, қажетті әрекеттің бірізділігін, оқытудың танымдық сипаттамасын және нормативті саласының өзара байланысын қамтамасыз етуін көрсете алды. Оқытуды ғылыми негіздеу үшін оқытудың тұтас үдеріс ретінде теориялық қағидасы қажет екенін және бұл қағиданы психология, социология, кибернетика және басқа ғылымдар тек осы үдерістің жеке жақтарын бейнелейтіндіктен жасай алмайтынын сенімді түрде дәлелдеді.
Оқытудың тұтас жүйелі модельдік түсінігін тек дидактика ғана бере алады және беруге тиіс.
Оқытуды ғылыми негіздеудегі дидактика мен әдістеменің қыметтері айқын анықталды. Сонымен бірге автор дидактиканың пәнін және оның негізгі ұғымдарын нақтылады. Бұл іргелі әдістемелік зерттеудің нәтижелері білім беру мзмұнының қазіргі заманғы теориясын жасауды пайдаланылды. Білім беру мазмұны теориясының жалпы әдіснамалық негізгі марксизм-ленинизмнің коммунистік қоғам адамының жан-жақты дамуы, теория мен практиканың бірлігі, маркстік-лениндік таным теориясы болып табылады.
Білім беру мазмұнының дидактикалық теориясын жасаудың нақты тұғыры мына үш қырдың: 1) әлеуметтік мәнінің; 2) білім мазмұнының педагогикалық мәселеге жататындығының және 3) оны қарастырудың жүйелілік-әрекеттік тәсілінің бірлігімен сипатталады.
Теорияны құрудың негізгі бастау көздері ретінде зерттеушілер диалектикалық және тарихи материализм қағидаларын, жалпы білім беру мазмұны және сол мазмұнының өзінің тұжырымдамаларын жасаудың жәйін әдіснамалық, социологиялық және дидактикалық тұрғыдан талдау қолданылды.
Жасалған теория мына негізгі сұрақтарды қамтиды: кеңес орта мектебіндегі жалпы білім беру мазмұнын қалыптастыру теориясының жайы; жалпы орта білім беру теориясының әдіснамалық негіздері; жалпы білім беру мақсаттары – оның мазмұнының қалыптастыруының негізгі және жетекші бастауы; жалпы орта білім мазмұнының қалыптасуының қайнар көздері мен факторлары; жалпы білім берудің құрамы мен негіздері; бағдарламалар мен оқулықтардың мазмұнына қойылатын дидактикалық талаптар және басқалар. Теорияда білімдердің, біліктіліктер мен дағдылардың түрлері мен типтері негізделді.
Бұл теорияның ерекшелігі, ол ең алдымен педагогикалық шындық болмысқа, педагогикалық практикаға бағдарланған.
Сондай-ақ, П.И.Ставскийдің политехникалық білім беру мазмұнының теориялық мәселелеріне арналған зерттеуі әдіснамалық тұрғыдан үлкен қызығушылық тудырды. Автор политехникалық білім беру мазмұны теориясын құруда логикалық-әдіснамалық құралдарды қолданды.
Оқыту әдістері мәселесінде де осыған ұқсас жағдаят қалыптасты. Әдіснамалық қағидаларға сүйне отырып, И.Я.Лернер өзінің «Оқыту әдістерінің дидактикалық негіздері» атты еңбегінде (М., 1981) әдістің жалпы дерексіз ұғымын және оның құрылымын қарастырады. Бұл оған кезкелген әдістің анықтаушы факторларын табуға мүмкіндік жасады. Кезкелген іс-әрекеттің әдісі, И.Я.Лернердің тұжырымдамасына сәйкес, әрекеттің мақсатын, әрекеттің өзін және оның құралдарын, мақсатқа жету тетігін және қол жеткен мақсатты қамтиды. Әдістің осы жалпы ұғымы мұғалім әрекетінің нысанының ерекшеліктерін ескере отырып нақтыланды. Оқыту әдісінің құрылымына қосымша оқушы мақсаты, оның іс-әрекеті мен құралдары, оқушының өз әрекетінің әсерімен өзгеруі сияқты қосымша бөліктер кіргізіледі. Бастапқы пункт – білім беру мақсаттары мен мазмұны. Одан әрі білім беру мазмұнының белгілібір түрлерін меңгерудің объективті тәсілдері – яғни оқушының пайдаланатын құралдары, оның іс-әрекеті, мазмұнды меңгеру әрекеті, оқыту үдерісіндегі мұғалімнің қолданатын құралдары, оның осы құралдарды пайдалану әрекетінің түрлері талданады.
Логикалық әдіснамалық құралдарды пайдалану оқыту әдістерін тереңірек қарастыруға мүмкіндік берді.
И.Я.Лернердің теориялық зерттеуі теориялық және эмпирикалық зерттеулердің арақатынасы сияқты әдіснамалық мәселені қарастыруға алғышарт болды. Ф.Энгельс кезкелген ғылыми салада, табиғат саласы, сондай-ақ, тарих саласы болсын мәліметтерді фактілерден бастау керек деген еді. Эмпирикалық зерттеулер – фактілердің (деректердің) маңызды қайнар көзі. Осыған сәйкес қазіргі заманның философтары мен ғылымтанушылары фактілерде, эмпирикалық білімде көрініс тапқан құбылыстар, олардың мәні туралы теориялық абстрактілік білімнің шығуының бастапқы материалы болып табылады. Шындық болмыстың кезкелген саласындағы ғылыми таным эмпирикалық зерттеулерден басталады. Мұндай зерттеу – ғылымның базасы және негізгі мазмұны. Ғылымда көптеген фактілерді түсіндіру қажет болғанда, тәрбие мен оқыту практикасының міндеттерін табысты шешуге эмпирикалық білімдер жеткіліксіз болғанда теориялық зерттеу қажет.
В.Е.Гмурман теориялық және эмпирикалық деңгейдегі зерттеулерді ажырата келіп, эмпирикалық білім құбылыстардың сыртқы байланыстарын табуға көмектеседі деп тұжырымдайды.
*Әдіснамалық зерттеулердің деңгейлері.
Әдіснаманың түрлі деңгейлері бар. Педагогиканың әдіснамасын В.Е.Гмурман өте сәтті сипаттаған. Ең жоғары деңгейі – философия (танымның маркистік-лениндік теориясы), табиғат диалектикасы, тарихи метриализм, ғылыми коммунизм теориясы. Одан әрі жалпы ғылымилық пәндер – жүйелер теориясы, кибернетика, информатика. Келесі деңгей – жалпы педагогиканың бөлігі - педагогикасының әдіснамасы.
Педагогиканың құрамына бірнеше педагогикалық пәндер енетіндіктен педагогиканың жалпы әдіснамасынан басқа осы пәндердің, тәрбие теориясының, дидактиканың, педагогика тарихының, мектептанудың және басқалардың әдіснамалық мәселелерін зерделеу қажет. Ең соңында, нақты зерттеулердің әдіснамалық негіздері туралы да сөз етуге болады.
Полонский Валентин Михайлович.
Белгілі ғалым, РБА корреспондент мүшесі, Грузияның Білім беру ғылымдары академигі, педагогика ғылымдарының докторы.
Валентин Михайлович Полонский - РБА педагогика теориясы мен тарихы институтының жалпы және нормативті әдіснама орталығының жетекшісі.
Жұмысының негізгі бағыттары: педагогика ғылымының әдіснамасы, ғылыми – педагогикалық зерттеулер сапасын бағалау өлшемдері мен әдістері, зерттеулерді жіктеу, педагогиканың ұғымдық-түсініктік аппараты, ғылыми-педагогикалық ақпарат; білімдер жүйесін тексеру және бағалау, интернет жүйесіндегі білім беру порталын бағалау өлшесі.
В.М.Полонский ғылыми-педагогикалық зерттеулер сапасын бағалау тұжырымдамасын жасады, әртүрлі типтегі өлшемдер. Жүйеленді, педагогикалық зерттеулерді фасеттік жүйелерді, іргелі, қолданбалы зерттеулер мен жасалымдардың өзектілігін жаңалығын, теориялық және практикалық маңыздылығын сипаттау және анықтау әдістері, зерттеу нәтижелерін ғылыми қорға енгізу тәсілдері. Зерттеу нәтижелері Ресейдің Жактың диссертациялары қоятын талаптарына енді.
Шығармалары: «Оценка знаний школьников» 1981, «Оценка качества научно-педагогических исследований», 1987.
3.1.13 Полонский В.М. Ғылыми - педагогикалық зерттеулердің сапасын бағалау.
Кіріспе
Педагогика ғылымындағы әдіснамалық мәселенің бірі – ғылыми–педагогикалық зерттеулердің сапасы мәселесі. Қазіргі жағдайда ол аса маңызды. Ғылыми зерттеулердің жаңа нәтижелеріне тәжірибе сұранысы үнемі артуда. Зерттеудің жоғары сапасынсыз ғылымның қарқынды дамуы мүмкін емес.
1-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің сапасын баағалаудың өлшемдері мен әдістерін жасаудың теориялық негіздері
Бағалау нысаны ретінде педагогикалық зерттеулердің түрлі типтері алынды. Зерттеулердің типтерін анықтау үшін оларды жіктеудің негізгі сипаттамаларын анықтау керек. Сондай-ақ, «сапа» ұғымын педагогика саласындағы зерттеуге қатысты зерделеу керек.
1. Педагогикалық зерттеулер: негізгі сипаттамалары, жіктелуі
Педагогика саласындағы зерттеулер деп тәрбие үдерісінің заңдылықтары, оның құрылымы мен тетігі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру теориясы және әдістемесі, оның мазмұны, ұстанымдары, ұйымдастыру әдістері және тәсілдері туралы жаңа білім алуға бағыттталған ғылыми іс-әрекет үдерісін және нәтижесін айтуға болады. Педагогикадағы зертеулер оқу–тәрбие үдерісінің құбылыстары мен деректерін немесе оның жеке жақтарын түсіндіреді және болжайды. Ғылыми–педагогикалық зерттеу эмпирикалық тексеруге жіберілетін нақты қойылған деректерге негізделеді. Ол әйгілі болған теорияларға сүйенеді, мақсатты бағытталған, жүйеленген, барлық элементтердің, тәртіптің және әдістердің өзара байланысымен ерекшеленеді. Онда эмпирикалық, логикалық және теориялық танымдық міндеттер сараланып шешіледі, нық орнатылған және жорамалдық білім арасында анық шектелу жүргізіледі. Ғылыми-педагогикалық зерттеудегі түсініктеме басқа ғылыми зерттеулерде элементтерін қолдануға болады және логикалық–құрастырушылық кесте көлемінде жасалған стандарттар негізіне құрылады.
Зерттеулерді жіктелуді талдау мәселесі педагогикалық әдебиеттерде біршама қарастырылған. Бірақ олар толық шешімін таппаған. Жұмыстарды жіктеу ұстанымдары, осы немесе басқа жіктеулерді құрудағы, оларды пайдалану саласы және шекарасы жеткілікті анықталмаған, әртүрлі негізде құрылған типологиялар кездеседі. Бар жіктелімдердің негізгі кемшілігі – зерттеуді анықталған типке апаруға болатын негізде құрастырушылық белгілердің жоқтығы. Сондықтан тәжірибелік жағдайлар жұмысты жіктеууде белгілі қиындықтарға тап болады.
Зерттеулерді типтерге бөлуге ерте болса да, типология бойынша зерттеудің жіктелуі 60-шы жылдары пайда болды. Сонымен, И.Т.Огородников жұмыстың үш түрін ббөліп көрсетті: педагогика жетістігінің теориялық және практикаалық қорытындысын шығаратын қорытынды зерттеу; көп қырлы тәжірибелік іс-әрекеттің заңдылықтарын ашатын, жеке жақтарын тереңдетіп зерделеуге бағытталған жұмыстар; оқу–тәрбие мекемесінің жеке типтеріндегі өскелең ұрпақтың тәрбиесі және оқыту тәжірибесіне тікелей жетекшілік ететін мақсатта құрылған нормативті және құрылымды-әдістемелік қайта өңдеулер (оқу бағдарламалары, оларға түсініктеме хат, әдістемелік құрал, оқулықтыр).
Берілген жіктелуді М.А.Данилов шартты және қатынасты деп есептеді және жоспардағы қойылған мәселе деп қарастырды. Келешекте ғылымтанушылыққа жақын, зерттеудің іргелі, қолданбалы және қайта жасалымдар деп жіктелу қатары пайда болды.
Фундаменталды зерттеулер педагогикалық үдерістің заңдылықтарын ашады, ғылымның жалпы теориялық тұжырымдамасын, оның әдіснамасын, тарихын жасайды. Олар ғылыми білімді кеңейтуге бағытталған, ғылыми ізденіске жол сілтейді, қолданбалы зерттеу және жасалымға арналған база құрады.
Қолданбалы зерттеу оқыту, тәрбиелеу әдістері, білім мазмұны, мектептану, мұғалімдер дайындау мәселелерімен байланысты теориялық және тәжірибелік жеке міндеттерді шешеді. Көптеген жағдайларда қолданбалы зерттеулер іргелі зерттеулерді жалғастырады. Олар ғылым және тәжірибені, іргелі зерттеулер мен жасалымдарды, теориктер мен практиктерді байланыстыратын аралық буын рөлін атқарады.
Педагогикалық зерттеу әрбірі жеке сала ретінде қарастырылатын әдіснама, дидактика, тәрбие теориясы, педагогика тарихы, мектептану сияқты пәндердің шекарасында жүргізіледі. Әрбір пәннің көлемінде іргелі де, қолданбалы зерттеу де болуы мүмкін. Бұған делелді біз педагогикалық іс-әрекет түсінігіне талдау берілген В.В.Краевскийдің жұмысынан табамыз. Ол өзіне тәрбиешілер, мұғалімдер іс-әрекетін ғана емес, сонымен қоса педагогика саласындағы ғылыми іс-әрекетті, мұғалімдерге педагогика ғылымындағы материалдардың берілуін, педагогика саласындағы ғылыми әрекетті бағыттайтын және реттейтін басқарушылық жұмысты да қамтиды. Бұндай кең түсінік бізге әрбір педагогикалық пәнде іргелі және қолданбалы зерттеу болуы мүмкін деген негіз береді.