Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 381
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқытудың физиологиялық және психологиялық негіздері
Оқыту теориясының физиологиялық негізі ретінде жоғарғы жүйке іс-әрекетінің заңдылықтары пайдаланылады. Олар: дыбыс жүйесін оқыту мен рефлекстерді оқыту.
Жоғарғы жүйке іс-әрекетін оқыту мынаны көрсетіп отыр. Адамның психикалық іс-әрекеті сыртқы, қоршаған ортаның ықпалына байланысты. Адамның бүкіл іс-әрекеті сыртқы және ішкі жағдайларға орайлас көрінеді. Бұл жағдаят, адамның сыртқы қоршаған ортамен жүйке жүйесі арқылы үздіксіз байланысты екендігін білдіреді. Адамның миының үлкен шарына сырттан үздіксіз дыбыстар естіледі.
Осының нәтижесінде адамның ақыл-ойын толассыз жұмыстар жүріп жатады. Сырттан келетін нәрселердің қайсысы пайдалы, қайсысы зиянды екенін сол жүйке жүйесі реттеп отырады. Адам рефлекс, түйсік арқылы өз ағзасын басқарады. әр түрлі әдет, дағдыларға ие болады. Адам өмірінде сол әдет, дағдылардың жақсысын алып, жаманын тастауға тырысады. Оқыту, білім беру, жинақтау да осы іспеттес.
Жоғарғы жүйке жүйесі, іс-әрекеті заңдылықтары адамның бір нәрсені түсініп, түйсінуі, қоршаған ортаның ықпал, әсеріне байланысты екенін көрсетеді. Екінші дыбыс жүйесі адамдардың басқалармен қарым-қатынасына, тілдесіп, сөйлесуіне, жазу-сызуға орайлас болады. Бүгін оқыту, білім жинақтау да енеді. Оқыту, білім беру ісінде бірінші және екінші дыбыс жүйелерінің өзара тығыз байланыста болатынын байқатады. Адамның ой-өрісітанымы оның, адамның ой ойлап, белгілі бір байламға келуі сыртқы дүниемен тығыз бірлікте екендігін білдіреді.
Оқушының білім алуында, оқып-білуінде психологиялық үрдістің алатын орны ерекше. Оқушының ой-өрісінің, жас ерекшелігіне қарай дамуына да психологиялық талдау жасалады. Адамның ақыл-ойы, түсінік-түйсігі, мінез-құлқы, қарым-қабілеті сарапқа салынады. Оқытудың жалпы теориясының физиологиялық және психологиялық негіздері жоғарғы мектеп теориясының арқа сүйер тірегі, негізі болып табылады.
Студенттердің ақыл-ой белсенділігін арттыру үшін оның психологиялық негіздерін білу қажет. Бұл, өз кезегінде, жоғарғы мектепте оқытудың қыр-сырын, психологиялық негіздерін білуге итермелейді.
Осыған орай инженерлік және математикалық психология мәселелерін қарастыруды керек етеді. Сондай-ақ қабылдаудың негізгі механизмдерін, ойлау жүйесін бағалай бәлуді қажет етеді.
Сонымен жоғарғы мектепте оқыту теориясының хал-күйі мен жағдаяттарына аз-кем тоқталдық. Біздің сөзіміз соңғы сөз емес. Дәл біз айтқандай бұлжытпай орында деп айта алмаймыз. Мақсатымыз – басқаларға ой салу, бағыт-бағдар беру.
Дамыған ғылымның кейбір ерекшеліктері және оның жоғарғы мектептегі оқыту үрдісіне ықпалы
Даңқы дүрілдеп тұрған кезеңде Напольенға кеме өнертапқышы Фультон келіп флоттың, кеменің желкенін бумен ауыстыруды яғни кемені бумен жүргізу жөнінде өтініш жасапты.
Өнертапқышқа Напольен: «мен осы өмірде талай есі ауысқан жындыларды көріп едім. Мына ұсынысыңмен, Фультон мырза, сені сол көп жындының бірі ме деп тұрмын» деген екен.
Арада сандаған жылдар өткеннен кейін, Напольенды Әулие Елена аралына желкенді кемемен алып бара жатады. Бір кезде бумен жүретін кішкене катер үп-үлкен кемені артқа тастап зулап алға шығып жүйткіп береді. Соңынан қарап тұрған Бонапарт: «Уақыттан кейіндеп, заманнан арта қалған деген – осы екен. Менің тақтан таюыма да, тәжіден айырылуыма да, осы көрсоқырлығым әсер етті-ау, ой, дүние-ай» деген екен-міс.
ХІХ ғасырда Напольон солай деп аһ ұрса, бүгінгі ХХІ ғасырда ғылым мен техника әбден шырқап өсті.
Ғылым мен техниканың былайша өсіп жетілуі өнеркәсіппен өндіріс, адамдардың тұрмыс-салтын, тіршілігін, өмір сүру жағдаятын өзгертті. Адамзат баласының тұрмыс-тіршілігінің өсіп, өзгеруімен бірге, адамдардың дүниеге деген көзқарасы да өзгерді.
Ғылымның дамуы, өсіп-өркендеуі жоғарғы мектепке де әсер етпей қоймасы анық. Студенттердің біліміне, шығармашылық жағынан білім-білігінің өсуіне, білім деңгейінің дәрежесіне басқаша көзқараспен қарауға, талапты басқаша қоюға тура келеді. Жоғарғы мектепті дамыту ғылымның өсуіне, заман талабына сай жүргізілуді қажет ететіні айдан-анық.
Жоғарғы мектептегі оқыту, білім беру теориясы ғылымның дамуымен орайлас болуы заңды нәрсе. Бұл теория сонда ғана жаңа ғылыми сипат алады. Сонда ғана мазмұны, мұрат-мүддесі өсе түседі.
Оқыту теориясы жоғарғы мектептің қалай дамып келе жатқаның көре білуі тиіс. Ғылым мен жоғары білімнің бір-бірімен тығыз байланыста екенін әдіснамалық тұрғыда, негізде айқындау қажет. Сонымен бірге оның алдында тұрған мақсат бүгінгі таңда оқыту жүйеснің алдында тұрған басты-басты бағыт-бағдарды анықтап-айқындау да тұр. Бұл мәселелерді шешу, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін оның мақсат-мүддесі, бағыт-бағдары анық та айқын болу керектігі өзінен-өзі белгілі.
Мұндай ұстаным жоғарғы мектептегі ғылыми ұстаным болып табылады. Бұл ұстаным жоғарғы мектептегі оқыту, білім берудің мазмұны ғылымдағы соңғы қол жеткен табыстар, соңғы мәліметтер мен толық сәйкес келуі тиістігін көрсетеді.
Ғылыми ұстаным жоғары білім ғылымилығын дұрыс ұғынуға жетелейді, жөн сілтейді.
Олар мынандай:
а) оқытудағы оқу пәндерінің, оқулықтардың ғылым жаңалықтарымен, мәліметтерін негізге алуы тиіс.
ә) ғылым дамуының келешегін көре білу, сезіну.
б) ғылым жетістіктері арқылы оқыту функциясын, және құрылымын қайта жасау әрі өзгерту.
в) ғылыми үрдісін ғылыми сәйкестілік ұғымымен толықтыру. Бұл жағдайда жоғарғы мектептің оқу үрдісін ғылымның мән-мағынасымен, әдіс-тәсілдерімен, техникамен ғана емес, оны өндіріспен, адамзат мәдениетімен, оның әлеуметтік жай-күйімен байланыстыра қарастыру қажет болады.
Жоғарғы мектептің мән-мағынасын айқындау ғылым дамуының қарама-қайшылықтарын есепке алып отыруды ерен етеді.
Оқыту теориясының ғылыммен байланысын қарастырғанда, оқытудың мақсат-мүддесін ғана есепке алмай, әдіснама заңдылықтарын басшылыққа алу қажет. Оқытудың ғылыми мән-мағынасы, оның әдіс тәсілдерін айқындағанда, қазіргі ғылымға тән мәселелерді атап кете алмаймыз. Бұл жерде әр түрлі ақпараттардың күн сайые өсіп, көбейіп келе жатқандығын, сол ақпараттарды басқарып отыру жолдарының да көптеп туындап отырғандығын есепке алу керек.
Осыған орай ғылым күрделі автоматтандырылған техниканы әкелгенін, оның күнделікті өмірде, өндіріс, өнеркәсіпте кеңінен қолданып отырғаны адам қабілет-қарымының жан-жақты, тереңдеп келе жатқанына айғақ.
Ғылымда абстрактылы, логикалық, математикалық модельдер күн сайын ең басты рөл атқарып келеді. Ғылымның өміріміздің қай-қай саласы болмасын дендеп еніп келе жатқанын ешкім де жоққа шығара алмас. Дүниені ғылыми тұрғыда танып-білу диалектикасы оқыту теориясына күш-қуат береді. Ғылым дамуының жалпы заңдылықтарымен есептесуге тура келетіндігі байқалып отыр.
Әлемдегі ғылым мен техниканың жеткен жетістіктері адамзаттың өсіп-өркендеуіне, адам өмірін жақсартып жеңілдетуге көмегін тигізеді.
Ғылым даму үстінде. Ғылымның жоғарғы мектептердегі оқыту аясы ғылым мен техника жетістіктерін дұрыс пайдалана білуге итермелейді. Ғылым гуманизмі адамдардан оны дұрыс пайдалана білуді талап етеді. Табиғатты аялау керектігіне, оған залал келтірмеуге шақырады.
Оқу үрдісі, кез-келген пәнді игеру үлен ұқыптылықты, кеңінен ойлап, тереңнен бойлауды қажет етеді.
Сонымен ғылымның дамуы жоғарғы мектептердегі оқу пәндерінің мән-мазмұнын ғана өзгертіп қана қоймайды, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, соны ғылыми-зерттеу жұмыстарын енгізу керектігін де алға тартады.
Қазіргі заманның басты сипаты ғылым мен техниканың соңғы, жетістіктерін, жаңа белестерді игеру қажет деп табады. Бұл тұрғыда студент қауымы аса белсенді келеді десек артық айтқандық емес. Олар оқытушыларына қарағанда жаңалықты аса тез қабылдайды. Ғылымда болсын, оқу үрдісінде болсын, олар барды қанағат тұтпайды. Алған білімдерінің аз екендігін айтып шағынады. Қарап отырсаң олардың талап-тілектерінің жаны бар. Бүгінгі өмірлерінің шындығын алға тартып шырқырап отыр. Олардың бұл талап-тілектері, негізінен, техникалық және басқа да ғылым салаларына қатысты.
Көптеген ғылым салалары өзінің даму барысында «сәйкестілік үрдісіне» табан тіреді. Білімнің «тұрақсыздық үрдісі» оқытушылардан бүкіл ғылыми ұғымдармен қарулануды, оның бүгіні мен ертеңінен құлағдар болуды, ғылыммен сәйкес келуді талап етеді. Сол сияқты әрдайым өз білімін көтеріп отыруды, өмір шындығына тереңінен көз жіберіп ақылға салып тон пішуді талап етеді. Осының негізінде педагогтің бейімделгіштік функциясының жай-жағдайы, үрдісі келіп туындайды. Алда ұдайы өсу-даму жолдары тұр. Жоғарғы мектептің белгілі бір кезеңі не ғана бейімделіп қоймай, осындай даму кезеңдерінің талайына бейімделу қажеттілігі алдан шығады.
Ғылымның үздіксіз дамуы мен техниканың өсуіне бейімделу үшін әдіснамалық және функционалдық бірлікте болу қажеттігі келіп туындайды. Күн сайын дамып, өсіп келе жатқан ғылым мен оқыту, білім беру жүйесі жоғары мектептің іргелі, негізгі пәндеріне арқа сүйеуді қажет етеді. Онсыз студенттердің өздерінің мақсат-мүддесіне, арманына жетуі мүмкін емес. Бұрынғының орына келген ғылымдағы жаңа леп, жаңалық кешегіні, ескіні түп-түгел жоққа шығармауға тиіс. Ескісіз жаңа жоқ. Сол себепті де, сол кешегі ескіден шыға отырып, соңы толықтырып-молықтыруы тиіс.
Ғылымның жоғары біліммен байланысын, қарым-қатынасын оны жан-жақты толық білу, бағамдау үшін, келешекте алда тұрған туындайтын мәселелерді көре білу қажет. Бұл шетін мәселе арнайы зерттеуді керек қылады
Жоғарғы мектептің ғылымның мән-мағысындағы, әдіс-тәсілдеріндегі негізгі-негізгі дегендерін, біздің ең қажеті осын-ау деп өндерін іріктеп алады. Сол бойынша өз әдіс-тәсілдерін жасайды. Оқыту үрдісіне бағыт-бағдар, мазмұн беріп, әдіс-тәсілдер жасап, оны басшылыққа алады.
Дегенмен оқыту үрдісіне түз-түгел, күллі ғылым емес, оның кейбір бөлімдері, арнаулы маманға аса қажет деген бөлім-бөліктері алынады. Мәселен, кейбір оқыту пәндерінің атын алсақ. Олар: «Ғылымға кіріспе», «Ғылым негіздері», «Ғылымның жекелеген салалары» т.б. сияқты болып келеді.
Жоғарғы мектепке тән нәрсе оның дәйекті, жоспарлы түрде дамуы болып табылады. Оны ұдайы жетілдіру мәселесі жоғарғы білім берудің дәл қазіргі жай-жағдайын бағалау, оны оқытудың мақсат-мүддесіне сай келу-келмеуі, оқыту жүйесіне сәйкескелу-келмеуі, бүгінгі таңдағы ғылымның даму өресіне жету-жетпеуі қатаң ескерілуі тиіс.
Сондықтан да бүгінгі жоғарғы мектептің ол жайлы ғылымның ісінің дамуына ғылым да көңіл бөліп отыр.
Ғылымның дамуы үш бағыт-бағдарда жүреді де бел алады.
Алғашқы бағыт-бағдар – алдын-ала бағамдай білуді дамыту. Бұл жолда ғылымның жаңадан ашқан жаңалықтары күткендегідей, білім жүйесі дамуының заңдылығы ретінде қабылданады.
Бұлайша өсіп-өркендеп, даму дегенің тектен-тек емес. Ол ғылымның өткені, бүгіні, келешегінің байланыстары, заңды байланыстары нәтижесінде туындап отыр. Ғылым мен техниканың дамуы, өз кезегінде, оқыту жүйесіне игі әсер етіп, оның өркендеуіне жол ашатыны айдан-анық. Ғылымның аса үлкен қарқынымен дамуы оқыту жүйесіне кері ісер етпесі белгілі.
Екінші бағыт-бағдар – кездейсоқ, ойда жоқта пайда болған істер жайлы. Мұндай нәрсе қатып қалған көзқарас пен ұстанымдарға қарама-қайшы келеді. Ұдайы даму үстіндегі ғылымға мұның қандай байланысы бар екеніне көзің жетпей дал боласың.
Кездейсоқ, ойда жоқта пайда болған істер қарама-қайшылық туғызады. Тіпті ғылымның дамуына кері әсерін тигізуі де мүмкін. Сонда да болса, күтпеген жағдайдағы мұндай нәрсенің әсерінен келіп ғылымда тосын, күтпеген жаңалықтар болуы ғажап емес. Бұған мысал ретінде Энштейннің салыстырмалы төрт таңбалы үрдістерін атауға болады. Мұндай мысалдар шаш-етектен десек, асырып айтқандық емес.
Н.Бор қазіргі заманғы ғылымның түйінді мәселелерінің қырық қатпарлы жұмбақтарын шешуде таптырмайтын мұндай қажеттіліктерді «ақылсыз теориялар» деп атады. Бұл сияқты қажеттіліктер, «ғылыми батылдықтар» алғашқы кезде тым оғаш нәрсе, автордың өзінен басқа ешкімге түсіксіз, ешкімді сендірмейтін миға кірмейтін мәселе болып көрінеді. Бұрынғы, көптен қалыптасқан ұғымдарға кереғар жәй сөз ретінде қабылданады. Алайда, осы жаңа да тосын нәрсе дер кезінде түсінікті тауып, дер кезінде дұрыс қабылданбаса, онда ғылымға орны толмас өкініш, соққы болып тиуі мүмкін.
Ғылымда, әсіресе, оқу үрдісінде әр түрлі көзқарастар мен түсініктердің алатын орны зор болмақ. Әр түрлі жаңа әдіс-тәсілдер оқыту жаңалықтары соншалықты асып бара жатқан құндылығының шамалы екенін айтып, оған көңілдері толмай жатады. Оның іс-тәжірибеге қолданғанда соншалықты пайдасының шамалы болатынын айтып шағынады. «Ғылыми батылдықпен» дүниеге келген жаңалықтың бұрынан, атам заманнан қалыптасқан, сандаған жылдар жасап келе жатқан ережелерге онша-мұнша бағына қоймайтындығы белгілі жәйт. Ашқан жаңалық неғұрлым салмақты, керемет болған сайын, оны жақтаушылар да соғұрлым азая түсуі заңды нәрсе. Бірақ бұл – уақытша ғана түсінік.