Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 267

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Үшінші бағыт-бағдар – көзге көрінген мен кездейсоқ қалыптан тыс жаңалықтардың өзара бірігуі.

Бұрынан күткен, немесе күтпеген, ойда жоқта дүниеге келген жаңалық атаулы, біршама уақыт өте келе бұрыннан әбден қалыптасқан дәстүрді, оның кедергілерін бұзып-жарып, түсініспеушілікті артта қалдырып, өзінің тиісті, лайықты бағасын алады. Дегенмен өзінің тиісті бағасын алғаны неғұрлым ертерек болса құба-құп.

Мұндай бағыт-бағдар көзге көрінген мен, күткендегі мен күтпеген жаңалықпен өзара байланысына негіз болады. Сөйтіп кездейсоқ күтпеген жаңалықтардың заңдылықтарын теориялық жолдарын жасауға көмектеседі.

Ғылым мен жоғарғы білім берудің дамуының негізгі көзі, бастау-қайнары күнделікті іс-тәжірибеге тығыз байланысты. Ал іс-тәжірибе болса, ол да бір орнында тапжылмай тұрған жоқ, даму үстінде.

Жоғарғы білім беру ісінің мазмұны мен әдіс-тәсілдерін анықтап айқындау үшін, ғылымдағы жаңа іс-тәжірибедегі жаңа да соңғы құндылықтарды біліп алу қажет болады. Ал бұл жаңалықтар ғылыммен, техникамен оның даму деңгейімен қаншалықты үйлесім тапқан, бұл жәйт әрдайым есте тұруы қажет.

Ғылым мен техникадағы жаңалық атаулыны ұғынып, түсіну үшін 10-15 жыл ітіпті бұл мерзім мұнан да ұзағырақ, немесе қысқарақ болуы ғажап емес. Бұл жағдайға байланысты қажет болады. Бұл ұзақ мерзімде бұрыннан іс-тәжірибеде қолданылып келе жатқан ескі мен енді дүниеге келген жаңаның екі арасында байланыс орнайды. Дүниеге келген жаңалық іс-тәжірибеде қолданысқа түседі.

Жоғарғы мектептің дамуы үшін, жоғарыда айтқан үш бағыт-бағдар көзге көрінген мен кездейсоқ, қалыптан тыс жаңалықтардың орны ерекше десе, қателеспейміз. Жоғары мектеп үшін дүниеге келген жаңалық атаулыны жылдам қабылдап, іске қосу оншалықты пайда әкеле бермейтінін еске саламыз. Мұның қатерлі екенін де есте ұстауымыз қажет. Ғылымның әлі тексеруден өтпеген, тиісті қолдау таппаған жаңалықтарын бірден, әй-шәй жоқ қабылдай салып, оны оқу үрдісіне енгізе салу – тіптен де қате емес деп кім айта алады?

Ғылым жаңалықтарының объективті белгілері, нысандары болады. Мұндай белгілері мен нысандары деп мыналарды атауға болады:

а) алған мәліметті ұғып, түсіну;

ә) баспасөзде жариялану дәрежесі мен мөлшері қандай?

б) жаңалықтың көпшіліктен қолдау табуы, ол көпшіліктен объективті түрде тиісті бағасын алады ма, жоқ па,

в) конференция, симпозиумдарда, әсіресе, халықаралық бас қосуларда қалай қабылданады;

г) ашылған жаңалықтың ғылымның басқа да салаларымен байланысы қаншалықты дәрежеде;


д) осы ашылған жаңалық негізінде жаңа ғылыми бағыт-бағдар жасау.

Осындай-осындай белгілі нысандарын анықтағаннан кейін, ғылымға айналысқа салуға әбден болады. Сосын барып жоғарғы мектеп бағдарламасына енгізуге болады.

Алайда, бұл жаңалық, тиісті талдау-қолдаудан өткеннен кейін ғана, оқу пәндерін енгізілуге құқылы.

Ғылымға жаңадан енген жаңалық жөнінде Д.И. Менделеев те айтқан екен. Ұлы ғалым ғылымға енген әрбір жаңалық ғалымға пайда тигізуі қажеттігін, сондай-ақ оның келешегі де жарқын болуы қажеттілігін алға тартады.

Жоғарғы мектептің дамып, гүлденуі үшін, ол ғылымға арқа сүйеуі тиіс. Жоғарғы мектеп жұмыстарын дамытып өрістету екі бағытта жүреді. олар көзге көрсетіп беру және эмпирикалық бағыт.

Көзге-көрсетіп беру бағыт-бағдары, негізінен, дедуктивтік және индуктивтік деп екіге бөлінеді.

Эмпирикалық бағыт-бағдар белгілі ғалымдар мен педагогтердің пікірлеріне, әдіс-тәсілдерін арқа сүйейді.

Бұл бағыттар бір-біріне арқа сүйеді. Жоғары мектептердегі ғылым, оқыту әдіс-тәсілдері математикаға, математикалық оқытуға ден қоюда.

Жоғарғы мектептегі оқу үрдісі, оның мазмұны, әдіс-тәсілдері өзінің ертеңінің, келешегін ойламай тұрмайды. Ол өзіне қатысты ғылым салаларының дамуы, бағыт-бағдарларынан қол үзбейді. Одан әрдайым құлағдар болып отырады. Бұл саладағы алынған ақпарат, мәліметтер, арнаулы мамандарды дайындауға көмегін тиігізеді. Сондай-ақ мұнымен қоса, жоғарғы мектептің оқыту жүйесінің болашағын жасауға, ертеңінің алдын ала қалыптастыруға көмегін тигізеді.

Жоғарғы мектептердегі оқытудың мазмұны және әдіс-тәсілдеріне көп көңіл бөлу керек. Бұл жолда ғылым мен техниканың жеткен жетістіктеріне басты назарда ұстау керек. Өйткені ол жоғарғы мектептердегі оқыту жүйесімен тығыз байланыста. Бұл оқушыларға қатысты екені өзінен-өзі түсінікті. Жоғарғы білікті мамандарды дайындау, ғылым мен педагогиканың жас кадрлерін дайындау, тәрбиелеп, баулу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу ғылым мен оқыту жұмыстарын жетілдіру, оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу. Түптеп келгенде осының бәрі оқытушы, педагогтер атқаратын істер болып табылады.

Қазіргі заманғы ғылым мен техника дамуы екі бағытта жүріп келеді. Олар ақпараттың барлық салаларын машиналандыру және кезеңдік өзгерістерді жеделдету.

Жеделдетуді өрістетудің айқын көрінісі транспорт болып табылады. Мыңдаған жылдардан бері транспорттың жылдамдығы сағатына 20 километрден асқан жоқ. Одан соң 4-50 жылдың беделінде сағатына 40-50 километр болып келді. Бұдан кейін 20 жылдың көлеміне – 350, 900, 3000, ең соңында сағатына 20 мың километрге дейін өсті.


Жеделдету тек қана ғылым мен техникаға ғана қатысты емес, ғылымға да, адамдардың ақыл-ой жұмыстарына да қатысты. Сол сияқты оқытудың мазмұны, амал-тәсілдері ойлау әрекетінің сипатына да оң өзгерістер әкеледі. Бүгінгі таңда кешегі күнгі құндылықтардың бағасы да өзгеріске ұшырауда. Мәселен, бұдан 10 жыл бұрынғы жеткен жетістіктер бұл күнде ескірді десе де болады. Ғылыми танып-білудің түрі, әдіс-тәсілдері, ғылыми, техникалық ұғымның жүйесі де көнереді. Ақпараттық техника да құлақ естіп, көз көрмеген жағдайда даму үстінде. Байланыс жүйесінде, телекоммуникацияда ақпараттық техника кең етек жайып келеді.

Электронды-есептеу техникасының ішінде бір жан-жақты, көп қырлысы болып табылады. Бұл қазіргі таңда ғылым мен техниканың барлық саласында дерлік қолданылады десек артық айтқандық емес. Компьютерлер, теледидар, лазер техникасы және голографияда кеңінен қолданысқа түсуде.

Ғылыми-техникалық үрдістің кейбір ерекшеліктері, жоғары білім беру жүйесінде оның алатын орны турасында сөз қозғап көрейік.

Ғылымның экспоненциалдық дамуының белгілері
Оқу үрдісінде ғылыми ақпараттың өсуі аса маңызды нәрсе болып табылады. Ғылымның жаңа заңдылықтары, теория, ғылыми жаңалықтардың дүниеге келуі бұл күнде қалыпты жағдайға айналды десек те болады.

Мәселені ұжым болып шешу кең сипат алуда. Соңғы 10 жылда ғылым салаларының 90 пайызында ашылған жаңалықтар, зерттеу жұмыстарын ғылыми ұжым жасаған, ашқан.

Ал жекелеген ғалымдардың үлесіне ұғымдарды нақтылау, жетілдіре түсу, ашылған жаңалықтарды егжей-тегжейлі түсіндіру т.б. ғана қалып отыр. Бұл бағыт келешекте де ұлғаймаса кемімейтін түрі бар. Сондықтан да жоғары білім алған маман ұжымда жұмыс сітей білуді, өзінің алған білімін әріптестерімен бөлісе отырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, олармен тіл табысып жұмыс жасауға әу бастан дайындала беруі тиіс.

Осыдан келіп оқу үрдісінде жинақталған ақпарат тасқынын талдап, оны игере білу қажеттілігі келіп туындайды. Ақпарат ғылыми тұрғыда сүзгіден өтеді.

Жоғарғы мектептегі оқу үрдісінде ғылыми ақпараттың күн сайын өсе түсуі кейбір нақта, күн тәртібінде тұрған мәселелерді шешу қажеттілігін алға тартады. Олар:

а) Студенттердің ой-өрісін, білімін толықтыратын ақпарат көлемін анықтау;

ә) өткізілетін пәндерге сын көзбен қарау. Оның сағатын мүмкін көбейту, не болмаса, қысқарту керек болар /өйткені/, аяқ астынан бағдарламаға жаңа бір пән енгізілер. Не болмаса, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне орай әлде бір өзгерістер болып қалуы да ғажап емес қой.

б) оқу ақпаратының жаңа бір тиімді түрлерін қарастыру;

в) оқу үрдісін студенттердің алған білімін естерінде сақтай алу қабілетін жетілдіру.
Ғылым дамуының кейбір жолдары
Ғылым деген нәрсе томаға-тұйық дүние емес. Ол тас қорғанмен қоршалмаған. Ғылымға соңғы жаңалықтар, тосын ізденіс нәтижелері үздіксіз келіп, еніп, өз орын тауып жатады. Бұл тұрғыда математиканың атқарар рөлі зор болып тұр десек, артық айтқандық болмас деп білеміз. Ақпаратқа көмекке математика келеді. Ол оған көп көмек беріп отыр. Осыған орай, ғылыми теорияның сан салабы келіп туындайды. Олар: басқару теориясы, жүйелер теориясы, көпшілікке қызмет ету теориясы тағы да басқалар.

Дәл бүгінгі күндей ғылымның, оның жаңалықтарының өмірге, тұрмыс-тіршілігімізге дендеп енуі, ешқашан болған емес десек, қателеспеспіз.

Бұл үрдіс келешекте артпаса, ұлғаймаса, еш кемімек емес.

Күні кешеге дейін ғылым нақты қол, жеткен жетістіктерге негізделді. Бүгінгі таңда олай емес. Ғылымның қоғамдық және гуманитарлық салалары т.б. сапалық сипатқа ие болып, өздерінің жеткен жетістіктерін логикалық-математикалық жолмен бағалауға тырысуда. Ғылым бірте-бірте өзі жасаған тұжырымдардың дәлме-дәлдігіне
баса назар аударып, отыр. Дегенмен бұл-кесімді сөз емес.

Ғылыми танып-білу, оқу үрдісі жүйесінде зерттеу, игеру, әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану жолында сан қилы қиындықтар кезігуі ғажап емес.

Бұрындары жағдай басқаша еді. Ол кезде қатаң түрде дәлел, факт талап етілетін.

Казіргі заманда олай емес. Бұл күнде тек қана жалған факт емес, мүмкін нәрсенің, болуы мүмкін нәрсе жөнінде қосымша дерек болса, жеткілікті. Жоғарғы мектепте оқытылатын пәннің үлкен бір бөлшегін уақытын ғылыми-зерттеуге арнауды қажет етіп отыр.
Ғылым салаларының өзара ықпалы
Бүгінгі таңда ғылым салаларын дамытып өрістету ісі ілім-білімнің, оның түрлі салаларының өсіп-өркендеуімен тығыз байланысты десек, артық айтқандық емес. Ғылым салалары оның мазмұны, әдіс-тәсілдері бір-біріне етене жақындасып, бірігіп-кірігіп келеді. Ғылым салаларын бір-бірімен етене жақындаса түсуі жаңа да соны ғылым саласын дүниеге әкелуде. Мұндай жаңадан пайда болған салаларға мыналарды жатқызсақ та жеткілікті. Олар кибернетика, бионика, математикалық лингвистика, физикалық химия, биофизика және басқалар.

Жаратылыстану мен техника, кейбір ғылым түрімен логикалық-математикалық, әдіс-тәсілдердің өзара байланысы, бұл күнде жемісті даму үстінде. Мұндай өзара тығыз байланыс екі жақа да өз пайдасын тигізуде.

Бұрынғыша айтқанда, тар шеңберлі, шектеулі ғылым салалары ұғым кең жайылып, үлкен, маңызды сипат алуда.

Ғылым, өз кезегінде, жоғарғы мектептің оқу үрдісіне, оның мазмұнына, оқыту әдіс-тәсілдеріне белгілі бір дәрежеде ықпал етеді. Жоғарғы мектептің оқыту теориясы, дидактикасы кибернетикадан, ақпарат теориясынан, инженерлік және математикалық теориядан, ғылымның тағы да басқа салаларынана нәр алды. Бір жағынан соларға мәжбүр болды. Онсысыз болмайтын да еді.
Ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді дайындау
Жоғарғы мектептің ең бір маңызды мәселесі, ол ғылыми-педагогикалық қызметкер кадрлерге жаңалықтарға баулу.

Бұл мәселені шешу ғылымның жағдайына, оны дамытудың техникасы, әдісі және тенденциясына байланысты болып отыр. Біздің заманымыздағы жоғарғы мектеп оқытушылары ғылымның деңгейіне ерекше тәуелді. Олардың квалификасиясына жоғарыда қарастырылған мәселелер мен ғылыми ақпараттардың өсуі ықпал етеді. Бұл оқу үрдісі арқылы қалыптасады. Сондықтан да, жоғарғы мектептің ғылыми-педагогикалық құрамының дамып келе жатқан оқу үрдісінің мәселесіне қатысты үнемі білімдерін жетілдіру қажет.