Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 384
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Я.А. Коменский жоғары білімді адамның, ой-өрісі болуы үшін, түрлі-түрлі елдерді аралап, ел көріп, жер көргеннің бедері көп екенін шегелеп айтады. Үлкен ғалым айтқан көп қағидалар әлі күнге дейін күшін жойған жоқ.
Дидактика жүре келе толыға-молыға түсті. Бұған үлес қосқандар: Д. Локк, Ж. Руссо, Д. Гельвеций, И.Г. Пестолоци, И. Гербарт т.б.
Бұл оқыту теориясына көптеген оқымысты ағартушылар өз үлестерін қосты. Атап айтар болсақ, В.Г. Белинский, А.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, Д.И. Писарев, А.И. Герцен, В.Я. Стоюнин, К.Д. Ушинский, П.Ф. Каптерев, Л.Н. Толстой және басқалар.
Сол сияқты, кешегі өткен Кеңес дәуірінде Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, П.П. Блонский, С.Т. Шацкий және тағы басқалар да қомақты дүниелер жасады.
Жоғарғы мектепте оқыту, білім беру ісіне кезінде көп оқымысты ғалымдар қатты көңіл бөлді. Олар: М.В. Ломоносов, Н.И. Лобачевский, Д.И. Менделеев, К.А. Тимерязев, Н.Е. Жуковский, Н.А. Умов, М.В. Остроградский, Л.И. Петрожицкий, И.П. Павлов, Н.И. Пирагов, В.И. Кирпичев, И.М. Соловьев, А.Н. Чапылыгин, А.П. Минаков т.б.
Педагогика саласында жоғарғы мектеп жайлы жарық көрген еңбектерді атап өткен ләзім. Олар: С.М. Василейский «Жоғары мектептегі дәрістік оқыту», С.И. Зиновьев «Кеңестік жоғарғы мектептегі оқыту үрдісі», «Қоғамдық ғылымдарды оқытудың негізгі әдіс-тәсілдері» (Мәскеу университетінің басылымы). «Жоғарғы мектеп педгогикасы», (П.М. Гапановтың басшылығымен шыққан жинақ), «Жоғарғы мектептегі педагогика пәндерін оқыту мәселесі» (Н.Н. Мартыновтың жетекшілігімен жарық көрген жинақ), «Жоғарғы мектеп педагогикасы, психологиясы мен дидактика мәселелері» (К.И. Васильев жетекшілігімен шыққан), А.В. Кузминаның «педагогтің оқыту, білім берудегі іс-тәсілдері», «Жоғары мектеп студенттерінің білімін бағалау» (Б.Г. Иогазеннің жетекшілігімен), «Жоғары мектептегі оқытудың әдіс-тәсілдері» (Р.А. Низамовтың жетекшілігімен), «Жоғары мектеп педагогикасы жайлы, ой-толғамдар» (И.А. Рейгарда) т.б.
Бұл салада, Ресей педагогикасында, көптеген игі істер атқарылды десек, артық айтқандық емес.
Т.А. Ильина, И.Я. Конфедерав, К.Г. Макварт, А.И. Донский, Г.Н. Александров, Н.Ф. Талызина, А.И. Щербаков, Н.Д: Никаноров және тағы басқалар. Қыруар жұмыс жасады. Дүниеге сан туындылар әкелді. Елеулі еңбек етті. Жоғарғы мектептің ғылымы мен педагогикасын ауыз толтырып айтарлықтай, айтулы үлес қосты.
Дидактиканың негізгі заңы
Бұл оқыту, білім берудің негізгі Заңы, бағыт, бағдары педагог-ұстазға келіп тіреледі. Оқытушы, мұғалім оқыту, білім беру үрдісінде оқушыларының белгілі дәрежеде ілім-білім игеруін қамтамасыз етеді. Оның, білім меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін, амал-айласын қарастырады.
Педагог үлкен сенімге ие болуы тиіс. Ол үлкен тұлға болуы қажет. Педагог бойында зор талап-талғам, этика болса құба-құп.
Жоғарғы мектептегі оқыту, білім берудің өзіндік ерекшелігі, қыры-сыры бар. Жоғарғы мектеп оқытушысы жәй ғана шәкіртке әр түрлі хабар жеткізуші ғана емес. Ол – ғалым адам. Ол студенттерді ғылыми және шығармашылық жағынан ұштап, баулып, жақсыға жетелеп, кәсіби білгір маман болып қалыптасуына қолғабыс етуі тиіс.
Білім беру, оқыту ұстанымдары
Дидактика, негізінен, мына ұстанымдарға арқа сүйейді: ғылымилық, жүйелік теория мен практиканың байланысы, оқытудың, білімнің көкейге қонымдылығы, сіңімділігі т.б. Бұл ұстанымдардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты.
-
Ғылыми ұстаным
Бұл ұстаным бүкіл оқыту, білім беру жағдаяттары бүгінгі таңдағы ғылыммен тығыз байланысты болуы керектігін алға тартады.
Бұл ұстанымның жоғарғы мектепте оқыту, білім беру теориясына етер ықпалы, маңызы өте зор. Оған күдік келтіруге тіпті де болмайды.
Жоғарғы мектепке орай ғылыми ұстаным аса қажет. Ғылыми ұстаным көптеген мәселелердің басын ашып алуға көмектеседі. Мәселен, мынандай:
-
Оқыту пәндеріне енетін жаңалық атаулының мән-мағынасын елеп-екшейді, түсіндірді. -
Жинақталған ғылыми жаңалықтарға жаңаша баға береді. -
Оқыту ісін талдап, ғылыми тұжырым жасайды. -
Оқыту, білім беру деңгейі мен мазмұнының ара жігін айқындап, ғылыми мазмұнын анықтайды.
Кімде-кім сөз болып отырған ғылым айдан анық нәрсе, оған түк алып-қосарымыз жоқ десе, қатты қателеседі.
Жоғарғы мектептегі оқыту, білім беру үрдісі үздіксіз даму, өсу, өркендеу үстінде. Жыл сайын емес-ау, күн сайын ілгерілеуде Ғылым мен техника үздіксіз даму, өсу, алға жылжуда болса, одан біз қалмауға тиістіміз.
2. Жүйелілік ұстанымы
Оқыту, білім беру ұстанымы оқытудағы жүйелілікпен тығыз байланысты. Жоғары мектептегі оқыту, білім беру жүйесі ғылымға табан тірейді. Онсыз еш мүмкін емес:
Жоғарғы мектептегі оқыту теориясының жүйелілік ұстанымын зерттеп, талғап-талдау қажет. Ішіне еніп, кеулеп зерттеу қажет. Сонда ғана бір нәтижеге қол жеткізуге болды.
-
Теория мен практиканың өзара байланыс ұстанымы
Бұл ұстанымы бойынша өте теория мен практиканың өзара өте тығыз байланыста екеніне көз жеткізуге болды. Кәсіби мектеп үшін бұл ұстанымның зор маңызы бар. Кәсіби білікті де білгір маман теория мен практиканың өзара астасып, қабысып жатқанына басты назарын бөледі. Жоғарғы мектептегі оқыту, білім беру ісі теория мен практиканың өзара тығыз байланысы ұстанымы теория мен практиканың бір-бірінен ажырамас құрамдас бір бүтін нәрсе есебінде қарастыруын қажет етеді.
-
Алған білімнің беріктігі ұстанымы
Шәкірттің алған білімі өмір бақи есінде қалатындай берік болуға тиіс. Алған білім қажетке жарауы керек. Әйтпесе, оның несі білім? Ұзақ жылдар жинақталған ілім-білімді кейінгі өмір тәжірибеңде бір керекке асыруға тиіссің. Өмірінде оқыған-тоқығанның бәрі-бәрі ғұмыр бойы, есіңде сол күйінше сақталып қала ма, қалмай ма? М. Планк: «Оқып-үйренгенніңнен ұмытылмай есіңде қалғаны ғана-сенің білімің», - депті.
Оқыту әдісі және оны ұйымдастыру
Оқытудың мән-мазмұны. Оқытудың, білім берудің мән-мағынасын, мазмұнын айқындау басты мәселе болып табылады. Жоғары мектепте бұл мәселені шешу үлкен шаруаға қол жеткізеді. Ғылым мен техниканың оқыту үрдісіне қаншалықты ықпалы барлығын да біршама белгілеп береді. Бұл жағдаяттар оқыту жоспары мен бағдарламаларынан көрініс тапқан.
Оқыту жұмыстарын ұйымдастыру
Оқыту жұмыстарын жүргізу негізінде оқытудың әр түрлі сатыдағы өткізілу жүйесі жатыр.
Мәселен, бастауыш сыныптардағы оқыту жүйесі тым қарапайым. Онда барлық пәндерден бір ғана мұғалім сабақ береді. Мұндай пәндер бір-бірінен жеке дара аса бөлінбейді десе де болады.
Орта мектепте сабақ өткізу тәсілі сәл өзгешелеу. Мұнда, бір ерекшелігі, әр пәнді әр мұғалім өткізеді.
Ал жоғарғы мектеп болса, мұның жөні бөлек. Оқыту жүйесі, әдіс-тәсілі басқашалау. Күрделі.
Оқыту нәтижесін бағалау
Оқытудың жалпы теориясы оқытудың нәтижесін басты назарда ұстайды. Оқытудың тиімділігі оқушы жұмыстарына жүйелі түрде бақылау жасау арқылы жүзеге асады. Оқыту жұмыстарына бақылау жасаудың негізі оқушылардың оқу жоспары бойынша өткен материалдарды қалай игергендігі бойынша айқындалады.
Оқушылардың білімін тексеру жұмыстарының мақсаты олардың алған біліміндегі кейбір олқылықтарды, «әттеген-айларды» анықтайды. Алдағы уақыта оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады. Білімді бақылауға алу белгілі бір жүйе бойынша жүргізіледі. Тексеру, бақылау жұмыстары күнделікті, ара-гідік, белгілі бір кезеңде және соңғы қорытынды тексерулерден тұрады.
Тексеру ісі тұсында оқушылардың іс-тәжірибеде белгілі бір жұмыстарды қалай атқарғандығы да назарда болды. Оқушылардың білім-білік дәрежесін педагог немесе емтихан қабылдаушы оқытушылар ұжымы келісіп айқындайды. Бұл ретте емтихан алушыларға үлкен жауапкершілік, міндет жүктелетіні өзінен-өзі белгілі. Олар, өз кезінде, оқушылардың білім дәрежесін бағалауда әділ төреші болуға тиіс. Барлық дәрежедегі мектептер, оның ішінде әсіресе, жоғары мектептерге бақылау жасау, тексеру жұмыстары кейінгі кезде басты назарға алынып отыр. Бұл жолда ақпарат пен білім бағалаудың үздік әдіс-тәсілдерін басшылыққа алып, жаңа - бағыт-бағдар жасау қажеттілігі туындайды.
Оқыту үрдісінің хал-жағдайын зерттеу және оқыту, білім берудің жаңа тәсілдерін сарапқа салу, тексеру.
Оқытудың жалпы теориясы оқу-тәрбие жұмыстарының жай-күйін зерттеп білуге, сондай-ақ оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін зерттеп, тексеріп білуге көп көңіл бөледі.
Мұндай зерттеп білу жұмыстары екі бағытта жүреді. Біріншісі, жәй ғана педагогикалық тұрғыда көріп-бақылау, бақылау. Екіншісі, дидактикалық эксперимент жасау.
Оқыту, білім беру үрдісін педагогикалық тұрғыда оқытушыны байқап, бақылау көп нәтижеге қол жеткізеді. Бұл жолда оқыту, білім беру жұмыстарының сандаған қырын, әдіс-тәсілдеріне көз жеткізуге болады.
Осы әдіс бойынша қыруар нәтижеге қолы жеткен мұғалім-зерттеуші жинақталған мәліметтеріне талдау жасап, сұрыптап бір ізге түсіреді.
Мұндай бақылау, тексеру жұмыстары бір емес, бірнеше педагогтердің іс-тәжірибелеріне жүргізілуі мүмкін. Сөйтіп оқыту, білім беру үрдісін қалай жүргізген пайдалы болатындығының сара жолын таңдап алуға мүмкіндік туады.
Белгілі бір кездегі бақылау, сол сияқты дидактикалық эксперимент оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерінің қай түрін қалай қолдану, жүзеге асырудың қажет екендігін көрсетіп береді.
Бұл жерде әркімнің пікірі бірімен-бірі қиыспай жатуы да ғажап емес. Мәселен, бір немесе ондаған оқытушылардың көзқарсы бойынша, бақылауға алынған оқыту, білім беру үрдісі жақсы деп есептелінсе, керісінше он жиырма шақты оқушылардың пікірі бойынша, жаман болып шығуы мүмкін.
Бұл тұста мәселе пікір айтушылардың санының аз-көптігінде емес. Қазіргі заманғы ғылым жан-жақты, толққанды белгілі бір фактігі негізделуі тиіс.
Жоғарғы мектептегі педагогикалық эксперимент өзінің түрі мен мазмұнына сәйкес өте күрделі. Ол анатикалық баға беруді қажет етеді.
Оқыту, білім беру теориясының әдіснамасы
Оқыту, білім беру теориясының белгілі дәрежеде өзіндік әдіснамалық негізі бар.
Бұл теория бойынша, адамның белгілі бір нәрсені танып-білу күрделі де қарама-қайшылықты үрдіс болып табылады. Бұл – білмеуден білімге ұмтылу, аз біліммен көп білуге ұмтылу. Дидактика оқыту, білім берудің диалектикалық негізгі есебінде төмендегілерді қарастырады:
а) объективті өмір ұшындағы сіз бен біздің түйсігіммен қабылдау мен түйсінуімізге, ойлау жүйемізге тәуелді емес.
ә) өмір шындығын танып-білу адам қажеттілігіне орайластыру;
б) шындықты мақсаты мен мүддесі мәселені танып-білуде іс-тәжірибенің негізгі көзіне айналуы тиіс;
в) мәселенің анық-қанығына көз жеткізуде ойлау жүйесі басты рөл атқаруы қажет.
Диалектикалық әдіснамаға арқа сүйей отырып, оқыту, білім беру теориясы объективті және салыстырмалы шындықты өзара байланыстырады. Жалпы мен жалқы, абстракттылық пен нақтылық, субъективтілік пен объективтілік арасына оқытудың теориясы мен практикасында өзара жақындастырып, бір-бірімен қабыстыра түседі.
Осы жағдаяттардың барлығы да жоғарғы мектептегі оқыту теориясының негізін құрайды. Бірақ осының бәрінің нәтижесіне көңіл бөлуіміз қажет-ақ. Ғылыми әдіснамаға қатысты диалектиканы да ұмыт қалдырмауға тиіспіз.
Ғылыми әдіснама жоғарғы мектептегі оқыту, білім берудің мазмұны мен түрін, мақсат-мүддесі айқындаудың негізгі базасы болып табылады. Диалектикалық материализм мен оның заңдылықтары жоғарғы мектептегі оқыту, білім беру үрдістерінің ғылыми тұрғыда дамуының негізін құрайды.
Қазіргі заманғы ғылыми таным ақпаратымен бірлікте қарастырылады. Бұл өз кезегінде адамның танып-білу қабілетін артырып, ой-өрісін кеңейтуге ат салып, бірте-бірте күрделеніп келеді. Ғылымда логикалық-математикалық тағы да басқа модельдер жетекші маңызға ие болуда.
Диалектикалық материализм осының бәрін жеріне жете қарастырады. Өйткені бұл танып білудің негізі. Жоғарғы мектепте оқыту білім беру жете, дұрыс ұғынудың негізін құрайды.