Файл: 1 орта мектебі кммні 20202021 оу жылына арналан оутрбие жмысыны жылды жоспары Бекітілді.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 103
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы негізінде жүзеге асырылды;
3) 11-сыныпта білім беру процесі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрықпен соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары (2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрықпен соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) негізінде жасалды.
«Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 556 бұйрығы негізінде жасалды.
Оқу процесін ұйымдастыруда 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат басшылыққа алынды. Мектеп компоненті (қолданбалы курстар) оқушылардың пәндерді оқытуда қызығушылықтары мен жан-жақты интеллектісі мен дүниетанымын арттыру көзделіп, мектептің жоғарғы сатысында бағдарлы оқытудың құрамына кіріп, оқушылардың таңдауы бойынша жүргізілді, жоспарлары жасалынып, әкімшілік тарапынан тексеріліп, жүйелі жүргізілуі қадағалауға алындыОқу жылында жоспар бойынша 1812 сағатпен тарификация бекітілді, оның 65 сағаты факультативке, 72 сағаты үйірмеге берілді. Оқу жылының басында мұғалімдердің апталық жүктемесі бойынша тұрақты сабақ кестесі жасалынып, барлық сабақ бекітілген сабақ кестесі бойынша жүргізілді. Қолданбалы және таңдау курстарының, күнделіктің жүргізілуі, БЖБ, ТЖБ уақытылы алынуы, бақылау жұмыстарының қойылуы айына, әр тоқсанда тексеріліп, кемшіліктер ескертіліп, дер кезінде түзетілді.
Қыркүйек айының 5-не дейін барлық сыныптардан негізгі пәндерден (қазақ тілі, орыс тілі, математика) директордың 0-дік қимасы, тоқсандық бақылау жұмыстары алынды.
Оқу бағдарламасы бойынша жоспарлаған сабақтардың, жазба жұмыстардың барлығы өткізілгенімен, күнделікті уақытылы толтырмау, мұғалімдерде кейбір оқушылардың жазба жұмыс бағаларын уақытылы қоймау, соңғы бақылау, диктант жұмыстарында қатемен жұмыс жасамау кездесіп, кемшіліктері дер кезінде түзетілді. Мысалы, мұндай кемшіліктер жоғары сынып мұғалімдері: Д.Букибаева, Н. Темірханов, Н. Алтауов, Ү. Турабаевада кездесті. Жоспар бойынша пәндердің жүргізілуі тексеріліп, нәтижесі қаралып, ұсыныстар айтылды.
2012 жылғы 27 қаңтардағы Елбасы Н. Назарбаевтың «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында 5 жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылған.
Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады.
Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмін бөліп көрсетеді.
Оның бірінші механизмі-оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту / МЖБС -мемлекеттік стандарт/. Ол үшін мұғалім оқушының бойына әлеуметтік ортаға бейімделуіне, алған білімін практиакалық жағдайда тиімді пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.
Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі-оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. /Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған / Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау – оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау- әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері /ҰБТ,ОЖСБ/. Сондай-ақ халықаралық /TIMSS, PISA және PIRLS/ зерттеулерге қатысуы. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критериялық бағалау жүйесі енгізілуі. Төртінші механизм-қосымша білім беру жүйесін дамыту. Осы бағытта биыл 1 сыныпта функционалдық сауаттылықтың 3 негізгі механизмі жүзеге асырылды. Осыны меңгеру мақсатында 1сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары жаңа мазмұнда білім беру, критериалды бағалау бойынша курстарға барып, семинарлар өткізіп, бірлескен жұмыстар жүргізді.
Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
2019-2020 оқу жылында мектебімізде 5-11 сынып оқушыларының функционалдық сауаттығын арттыру мақсатында мұғалімдер әртүрлі тиімді әдістер мен қосымша сабақтар жүргізе отырып, оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырып, алған білімдерін өмірде пайдалана алу дағдыларын дамыту үшін жұмыс атқарылды. Атап айтсақ күнделікті сабақтарда оқытудың жаңа әдістерін қолданып, оқушыға өз бетінше ойланып, ізденіп жұмыс жасауға, сын тұрғысынан ойлауды үйретуге, ойлауды қажет ететін түрлі мәселелер мен жағдаяттар төңірегінде ой қорытуға, өз ойларын жеткізе білуге бағытталған тапсырмалар арқылы оқушыны белсенді оқу дағдыларын қалыптастырды. Бұл үшін сабақта түрлі тренинг элементерін, ойын түрлерін, топпен жұмыс жасау, постер қорғау, өз бетінше бағалау, ой шақыру сияқты әдістерді кеңінен қолданды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын көтеру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы–сындарлы оқыту теориясына негізделгендігі. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгерісті керек етеді. Яғни дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ауысады. Осының бәріне мұғалім көшбасшылық етіп, бағыт-бағдар беріп отырады. Оқушы оқу үдерісіне мұғаліммен бірге араласып отырады. Тіпті өзінің және сыныптас достарының білімін бағалауда да өз үлесін қоса алады. Ол үшін бағалау өлшемдеріне сүйене отырып, топпен, жұппен немесе жеке жауап берген балалардың еңбегін формативті бағалау оқушының әрі қарай ынталанып оқуы үшін үлкен ықпал етеді.
Осы мақсатта «Тренерлік» курс бітірген 2 мұғалімнің көмегімен оқыған мұғалімдерден қурс материалдарын меңгеру деңгейін, топқа бөлу, ОМЖ, ҚМЖ жазу, әдіс-тәсілдерін сабақта қолданылуын тексеру мақсатында қорғатып, кемшіліктері түзетілді. Мектептің білім сапасын, оқушылардың біліктілігін көтеру мақсатында барлық сыныпта бір-екі сабақтан «4» немесе «3» шыққан оқушылармен пән мұғалімдері, сынып жетекшілері мен ата-аналармен тығыз байланыс жасаудың нәтижесінде мектебізде білім сапасы 67%-дан 70%-ке көтерілді.
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы №149 бұйрығына сәйкес оқушылар сыныптан-сыныпқа оқу жылының бағасы негізінде көшірілді.
2019-2020 оқу жылында 9 сыныпты 74 оқушы, 11 сыныпты 31 оқушы бітірді. Мектептегі 9 сыныпты бітіруші 74 оқушының 8-і ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды:
1.Абдулла Н.- 9 «А»
2.Аманбаева Б-9 «А»
3.Керімбекова Д-9 «А»
4.Назарова Д-9 «А»
5.АлпамысоваА-9 «А»
6.Заманбек А-9 «А»
7.Абдықадыр А-9 «Б»
8. Мейрамбек Т.-9 «Ә»
11 сыныпты бітіруші 31 оқушының 3 алтын белгіге ие болды:
1.Абыл Ж-11 «А»
2.Азереталы Д-
3.Тұрғанбеков М
Мектеп бітіруші 31 түлекке 3 маусым күні салтанатты түрде «Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес орта білім туралы аттестат тапсырылды.
2019-2020 оқу жылындамектеп түлектерінің жоғары оқу орнына түсу үшін тапсырылатын Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматымен оқушыларды, пән мұғалімдері мен ата-аналарды таныстыру жұмыстары жүргізілді. Әр оқушының жеке педагогикалық-психологиялық-әлеуметтік картасы жасалынып, бұл картаға оқу жылында алынған сынама тестілеу нәтижелері тіркеліп, мониторинг жүргізілді. Мектеп бітіруші түлектерді ҰБТ-ке дайындық жұмысының жоспары төрт бөлімді қамтыды:
-
Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс; -
Оқушылармен жұмыс; -
Педагогикалық ұжыммен жұмыс; -
Ата-аналармен жұмыс.
Барлық пәндер бойынша аптасына 2 сағаттан жылына 68 сағатқа қосымша ақысыз дайындық сабақтарының кестесі жасалынып бекітілді. Оқу жылының басынан жаңа форматқа сәйкес тесттер тапсырмалары бойынша пән мұғалімдері дайындық жұмыстарын жүргізді. Дайындық жұмыстарында сынама тестілеу тапсырмалары «Достық» білім беру орталығының әдістемелерінен, Ұлттық тестілеу орталығының тапсырмаларымен алынды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 02.05. 2017 жылғы № 204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидалары» негізінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп бітіруші 31 түлектің 29-ы қатысты. 1 оқушы өз өтінішімен ҰБТ-ден босатылса, 1 оқушы қаңтардағы тест нәтижесімен жоғарғы оқу орнына тапсырды.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу көрсеткіші 80 %-ды құрады. 3 «Алтын белгі» иегерімен қосқанда 20 оқушы білім грантына ие болды.
Оқу жылы | ҰБТ-ге қатысқан оқушы саны | үлесі |
2016-2017 | 21 | 84 % |
2017-2018 | 25 | 69,4% |
2018-2019 | 40 | 85% |
2019-2020 | 31 | 94% |