Файл: Оу практикасыны ту кестесі 1апта бойынша орындалатын тапсырмалар 23. 01. 28. 01. 2023ж.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 27
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқу практикасының өту кестесі:
1-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 23.01. – 28.01.2023ж.
-
Оқу практикасының мақсаты, міндеттері, ережелері мен қойылатын талаптары туралы сипаттаңыз.
Оқу практикасының мақсаты | Оқу практикасының міндеттері | Оқу практикасының ережелері | Оқу практикасының талаптары |
Семестр бойы программалау тілдерін үйрену бағытында өтілген тақырыптарды пысықтау және де программа құру білімін тереңдету үшін жаңа тақырыптарды да қамти отырып, әртүрлі есептерді шығару болып табылады |
| | Оқу практикалары пән бойынша практика жетекшісінің басшылағымен жүргізіледі. Практика алдында студенттерге практикалық сабақтың мақсаты мен міндеттері, сабақтың жүру ерекшеліктері, практикадан алынатын соңғы нәтиже мен оның маңызы түсіндіріледі. Практикалық тапсырманы орындауға қажетті әдістемелік материалдар мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Сабақтың соңында студент практикалық тапсырманы орындағаны туралы мәлімет өткізеді. Практика жетекшісі тпапсырманы қабылдап алады. Тапсырма нәтижесі тиісті бағаланады. |
-
Студент-практиканттың құқықтары мен міндеттері.
Студент – практиканттың құқығы:
1.Студент-практикант кез-келген жағдайда өзін ойландырған сұрақтар төңірегінде педагогикалық практика жетекшісіне, кафедра меңгерушісіне, факультет деканына, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге жолығуға.
2.Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мен практиканы ұйымдастыру туралы өз пікірін ортаға салуға, ұсыныс айтуға.
3.Унивеситеттегі өзіне қажетті кафедра мен кабинеттерден әдістемелік көмек алуға.
4.Мектеп кітапханасы мен кабинетіндегі бар құралдарды, көмекші жадығаттарды пайдалануға.
Студент- практиканттардың пән – мұғалімі және сынып жетекшісі ретіндегі міндеттері:
1.Бойына мұғалімге тән жақсы қасиеттерді қалыптастырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізе алатындай, кәсіби дайындыққа ие болуға.
2.Мектептің ішкі тәртібіне бағынуға, мектеп әкімшілігімен топ жетекшісінің талабын орындауға.
3.Өзіне жүктелетін жұмыс түрлерін уақытылы орындауға.
4.Өзіне тиісті оқу-әдістемелік құжаттарын уақытында дайындап отыруға.
5.Мектептегі педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша өткізілетін кеңеске, университеттегі конференцияға қатысуға.
6.Педагогикалық практикадан кейінгі тапсырылуға тиіс құжаттар мен сынақ кітапшасын топ жетекшісіне белгіленген мерзімде тапсыруға.
-
Студент-практиканттың сыныппен, сынып жетекшісімен, мектеп психологымен бірлесіп жұмыс жүргізуінің сипаттамасы.
Студен тпрактиканттың мектептегі оқу практикасын өту кезінде жалпы мектеп тарапынан практика жетекшісі тағайындалады. Ол жетекші студенттің практика жоспары мен жұмыс істеу барысын сонымен қатар барлық практикалық жұмыстарды атқару барысын қадағалайды.
Сонымен қатар оқупрактикасын жүзеге асыру барысында сынып жетекшінің міндеттері;
Ең алдымен оқушылардың сыныптан тысер екшеліктерімен негізгі тәрбие міндеттерімен және өзінің жұмыс жоспарымен таныстырады.Одан кейін практикант студенттің топ жетекшілерімен бірігіп оқушыларға тәрбие жұмыстарын жоспарын жасауға көмектеседі, жоспарды бекітеді, оның орындалуын қадағалап, кеңесін береді.
Сонымен қатар оқушылардың өзбетінше жасаған тәрбиелік сшараларына және оны талдауға баға қоюғ ақатысып,оқушыларға мінездеме беріп, олардың тәрбие жұмысын бағалайды.Жалпы студент практиканттың сыныппен жұмыс жасау барысында жауапкершілігі жоғары болып келеді.
Студент практикант жұмыс жасау барысында тек қана сыныппен ғана емес сынып жетекшісімен және мектеп психологымен тығыз байланыста болу керек.
Жалпы
мектеп психологының жауапкершілігі:
1. Психолог психологиялық диагноздың дұрыс қойылуына, қолданылатын диагностикалық және коррекциялық әдістердің нақтылығына және берілетін ұсыныстардың ғылыми негізділігіне жауапты.
2. Психолог жүргізілген психология зерттеу және тексеру жұмыстарының хаттамаларының сақталуына және құжаттарды жүргізуге жауапты.
Оқу практика тиімді және жоғары дәрежеде өтуі үшін, студент практика кезінде педагогикалық әдістер мен тәсілдерге үздік машықтануы үшін мектеп тарапынан тағайындалған жетекші келесідей жетекшілік жұмыстарды атқаруы тиіс:
- практикантқа барлық қажетті жағдайларды жасау;
- мектептегі бейнелеу өнерінен оқытылатын пәндерінің мемлекеттік бағдарламасымен таныстыру;
- бейнелеу өнері пәні бойынша жылдық, тоқсандық және жеке сабақтық жоспарлармен танысуына мүмкіншілік беру;
- практикантқа сынып жетекшісі рөлін меңгеруге жағдай жасау;
- педагогикалық шеберлікті арттыру және жаңа технология бойынша сабақ жүргізу әдістемелерімен таныстыру;
-ашық сабақ және тәрбие сағаттарын жүргізуге мүмкіншілік беру;
-студентті педагогикалық емес жұмыстарға пайдаланбау;
- студенттің практикалық қызметін кафедра анықтаған жоспар бойынша атқаруына жағдай жасау;
- студенттің практика жөніндегі есеп түзуіне қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;
- студентке практика жөнінде мінездеме беру;
- практика кезіндегі жетістіктер мен кемшіліктер туралы университет тарапынан тағайындалған жетекшіге хабар беру.
-
Психологиядағы әдіс пен әдістеме туралы ұғымдарға түсініктеме беру.
Белгілі бір мәселелерді анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды. Әр ғылымның әдісі оның өзі зерттейтін пәніне, нені зерттейтініне байланысты.Психологияда түрлі әдістер бар.Адамның психологиялық процестері табиғаты жағынан күрделі, зерттеуде ұқыптылық пен шыдамдылықты қажет етеді. Әдістер арқылы ақпарат жинап талдаймыз.Психологияның әдістері — адамның дамуын сипаттайтын фактілерді анықтау тәсілдері болып табылады. Психологиядағы әдісті адамның психика жөніндегі деректерді алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп айтсақ болады.
Оқу практикасының өту кестесі:
2-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 30.01. – 04.02.2023ж.
-
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты мен міндеттері.
Мектептегі психологиялық қызмет дегеніміз не, мақсаты, міндетті, іс –құжаттарының түрлері қандай деген мәселені қарастырайық.
Мектептегі психологиялық қызмет – әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты — мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру; мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру; ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтарын ұйымдастыру.
Халыққа білім берудегі мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаттары оның жұмысының мазмұнына сәйкестігімен анықталады:
Баланың әр жас ерекшелік кезеңінде толық жеке және интеллектуальдық жетілуін, өз-өзін тәрбиелеу және өз-өзін жетілдіру қабілеттерін дамытуын қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады.
2. Әр балаға жекелей ықпал етуді және осыған сәйкес балалардың психологиялық-педагогикалық жағын зерттеу ерекшеліктерін қамтамасыз ету маңыздылығымен анықталады.
3. Профилактика міндеттерімен және балалардың жеке және ақыл-ой дамуындағы ауытқуларын жеңе білуімен анықталады.
Міндеттері:
— білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау негізінде мектеп психологиялық қызметінің міндеттері мен мазмұнын анықтау;
— мектеп психологі қызметінің негізін құратын жұмыс бағыттарын, іс-құжаттары мен психодиагностикалық әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру;
— І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектеп директорымен бекітілген педагог – психолог С.Браташтың лауазымдық міндеттері;
Өз жұмысына педагог-психолог Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, білім беру саласын басқаратын барлық деңгейдегі органдардың шешімдерін басшылыққа алады.
Психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары, міндеттері
және оны жүзеге асыру формалары
Психологиялық диагностика — оқушының, ата – ананың тұлғааралық жетілуіндегі ерекшеліктерді нормадан ауытқуды ғылыми негіз деп беретін сала. Психологиялық диагностиканың мақсаты: жеке тұлғаның дара және жас ерекшелігін, тұлға аралық қарым-қатынасын зерттеу. Психологиялық диагностиканың негізгі міндеті – педагогтарға ата-аналарға балалардың жеке психологиялық ерекшеліктері жайлы қажетті ақпарат беру. Психологиялық диагностикаға кіріспестен бұрын, оқу жылы барысында тесттердің мақсаты мен міндетін түсіндіру, олардың жазбаша рұқсатын, қолдарын жинау қажет.
Психологиялық ағарту (профилактика) – мұғалім, ата анасы, оқушыны психологиялық білімдермен қамтамасыз ету, жаңалықтарды жеткізу. Психологиялық ағартудың мақсаты – тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуын кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау, педагогтарды, ата-аналарды психологиялық біліктілігін арттыру. Психологиялық ағартуға әдістемелік кеңесте, ата-аналар жиналысында өтілетін лекциялар, әңгімелесулер, семинар-практикумдар, ата-аналар жиналысы, көрмелер, жаднамалар дайындау. Балаларға қазіргі уақытта бақытты арайлы өмір жағдайын туғызу. Яғни ересектерге психологиялық ағарту жүргізу арқылы мұның басты мәселе екеніне көзін жеткізу. Психологиялық алдын алу – мүмкін болған ауытқудың алдын алу шаралары. Психологиялық алдын алудың мақсаты: барлық жас кезеңінде балалардың психологиялық саулығын дамыту және сақтау, нығайту. Әр жас кезеңін ескере отырып, балаларға арналған дамыту бағдарламаларын жасау және он іске асыру, алдын алу шараларын қолдану, мектептегі тәрбие мен оқу арқылы баланың толыққанды дамуына жадай туғызу психологтың ең жауапты жұмыс бағыты.
Психотүзету (психокоррекция) және дамыту — түзету, өңдеу мақсатында нормадағы балаларды қарастырады, ауытқуы бар балаларды түзету іс – шараларын қарастырады. Психологиялық түзетудің мақсаты: балаларды жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылту, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту. Психолог жұмысындағы түзету-дамыту бағыты, қызметтің ең қиын тұсы. Сондықтан да бұл бағыт практик психологтан шеберлікті қажет етеді.