Файл: Оу практикасыны ту кестесі 1апта бойынша орындалатын тапсырмалар 23. 01. 28. 01. 2023ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 28

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Оқушымен абайлап сақтықпен қарым – қатына жасау сезімі оның тек мейірімділігінен ғана емес, талап қоя білуінен де байқалады.

Педагогтің юморлық сезімі оқушы тұлғасын өзін жетілдіруге рух, дем беруіне оң көңіл күйін ұстап тұра білу қабілетіне негізделеді. Бірақ, юмордың теріс жақтары болмауы тиіс. Әйтпесе ондай юмор (мысалы, мазақ ету) оқушыны кемітіп, “өлтіруі де” мүмкін. Интуиция (ішкі соқыр сезім) сезімі оқушының тек болжанған белгілі жағдайларда ғана емес, алдын ала белгілі емес тосын жағдайларда да педагогтің оқушыны басқара алуынан білінеді.

Оқушы мен мұғалімнің ара қатынасындағы психологиялық механизмдерге негізделген педагогтің тұлғалық сапаларының екінші тобына рефлексия, идентификация, эмпатия және децентрацияны жатқызамыз. Осы сапалардың негізіне мұғалімнің оқушының мінез - құлық, тәртібіне бейімделуі жатады. Осыған байланысты педагог оқушыларды болашағы бар немесе болашағы жоқ деп бөлуі мүмкін. Ондай педагогтердің мінез – құлығында: дөрекілік, әділетсіздік, ашуланшақтық басым болады.

Педагогтің оқушыға теріс қатынасы төменде көрсетілген белгілермен анықталады:

  • “жақсы” оқушыға қарағанда “жаман” оқушыға жауап беру кезінде ойлануға аз уақыт береді;

  • Егер дұрыс емес жауап берсе жетекші сұрақтар беріп көмектеспейді, басқа оқушыдан сұрайды немесе дұрыс жауапты өзі айтады;

  • “жаман” оқушыны дұрыс жауабы үшін мақтамайды;

  • “жаман” оқушының көтерген қолын байқамайды, берген жауабына мән бермеуге тырысады;

  • “жаман” оқушының көзіне көп қарамайды және оған күле қарамайды;

  • Тақтаға сирек шығарады, онымен мүлде жұмыс істемейді.

Педагогтің әрбір тұлғалық сапалық қасиетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Оларға өзіне сырт көзбен қарау (рефлексия), оқушының мәселелерін, мінез - құлығын түсіну мақсатында өзін оқушының орнына қоя білу (идентификация), әрбір оқушының эмоционалдық күйіне ене білу қабілеті (эмпатия) оқушыны бағалау кезінде өзінің эгоцентрлік бағасынан бас тартып, оқушының көзімен бағалай білу қабілеті (децентрация) жатады. Бұлардың бәрі осы өмірде пайда болатын психологиялық түзілістер.

Жұмысында талап қоя білетін, жауапкершілігі мол педагог өзінде осы сапаларды қалыптастыра алады. Педагогтің тұлғалық сапаларының үшінші тобының негізіне педагогикалық қабілеттің рефлексивтік деңгейі жатады. Психологияда тұлғаның жеке басының психикалық қасиеттері деп бір немесе бірнеше әрекет түрлерінің орындалу жағдайларын атайды.


Педагогикалық қабілеттің рефлексивтік және проективтік деп аталатын екі түрлі қабілет үзіліссіз бірге болады.

  • Рефлексивтік деңгей мынадай тұлғалық сапалардан тұрады: нысанды (объект) сезіну, такт сезімі, әр нәрсенің шегін білу сезімі, өзінің қатысы барын сезіну, бағдарлай білу сезімі.

  • Нысанды сезіну педагогтің оқушыларды ең күшті эмоционалды күй туғызатын қызықты мәліметтерді таңдай білуінен көрінеді. Ондай мәліметтерге өте көп уақыт бөлмей, сабақтың 5 - 10 минутына арнаса да оқушының жадында өмір бойы сақталуы мүмкін.


Такт сезімі педагогтің төмендегідей сапаларынан көрінеді:

  • қатаң талап қоя білу, бірақ оқушыны мезі етіп жібермеу;

  • оқушыларды мадақтай білу, бірақ тым жалпылдап кетпеу;

  • мейірімді болу, бірақ өте иі жұмсақ болмау;

  • қатал болу, бірақ шектен тыс кетпеу;

  • өзінің қатысы барын сезіну, бірақ оқушының жауапкершілігін кемітпеу;

  • алдын ала оқушының эмоционалдық күйін болжай білу, бірақ қиындықтарды жеңуге бағытталған мақсатын жоққа шығармау;

  • оқушыны назарда ұстау, бірақ шегін білу.

Педагогтің тұрақты тұлғалық сапалары оқушылардың білімі мен тәртібінің бір қалыпты тұрақты болуына да әсер етеді. Оң кері байланыс (оқушы жауабы) оқушылардың жылдам дамығандығын, сондай - ақ ол педагогтің жоғары деңгейлі педагогикалық шеберлікке қол жеткізгендігінің айғағы болып табылады.

Оқу практикасының өту кестесі:

3-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 06.02. – 11.02.2023ж.

3-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 06.02. – 11.02.2023ж.
1.Танымдық процестерге сипаттама беру (зейін, ес, қабылдау, түйсік, ойлау, қиял, елестету).


Танымдық процестер

Сипаттама

Түрлері

Мысал

Зейін

Адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше.

Зейін – сезім мүшелері арқылы бір ақпаратты іріктейтін, басқаларды елемейтін (саналы немесе санасыз) процес.

Зейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын кӛрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бӛліп алып, соган психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.

Психикалық құбылыстардың ішінде зейіннің алатын орны ерекше. Ол дербес психикалық процесс болып табылмайды. Сӛйтсе де ол әрқашан адамның іс-әрекетіне, таным процесіне қатысады.

Зейін – психологиялық феномен, ол туралы пікірталастар, ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ғалымдардың бірқатары «зейін тәуелсіз процес ретінде ӛмір сүре алмайды, ол тек қана кез келген психикалық процестің немесе адам ісәрекетінің бір жағы ретінде кӛріну» деп тұжырымдайды.

Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т. б. жатады.

Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала козін қадайды, шұқшия үңіледі. демін ішіне тартады т. б.). Оқушы ссептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзіліетен кейін тарихты одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын окып болганан кейн, түрлі нәрселермен айналысады. Осы коріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зсйінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.

Осындай түрлі кезеңдері бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті түрақтап отырғанын көруге болады.

Ес

Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында    сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін  процесс.

Ес – күрделі психикалық процестердің бірі. Ес -есте қалдыру,қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.

Естің физиологиялық негіздерінің бірі И.П.Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндірілетін. Жүйке жүйесінің пластикалылығы дегеніміз түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті . Уақытша байланыстарың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Бірақ бұл жалпы долбар.Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөніндеи ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ . Мәселен ,ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдарың бір тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса (есті зерттеуегі электро физиологилық бағыт)енді бір зерттеушілер есті мидың нейро-химиясына қарай түсініргісі келеді . Соңғы бағыттың өкілері мидың кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы зерттегенмен( мидан нуклеинді қышқылдар комплексінің табылуы) естің бүкіл ми массасынан алатын орнын әлі анықтай алмай келеді .

Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз — адам жасаған қимылдарды есте қалдыру мен қайта жаңғырту. Бұл ес қимылдық дағдылар мен әдетті қозғалыстар жасаудың негізіне алынады. Барлық тұрмыстық, спорттық және еңбек дағдылары қимылдық ес арқасында қалыптасады. Эмоциялық ес немесе сезім есі адамның басынан кешкен сезімдерін есте ұстайды. Естін бұл түрі туралы К. С. Станиславский: «Сіз бастан өткен жайтты еске алғанда қызарып, бозаруға қабілетті болсаңыз, баяғыда өтіп кеткен бақытсыздық жайлы ойлауға қорықсаңыз сізде «сезіну есі немесе эмоциялық ес болғаны» деп жазды.
Сөздік- логикалық немесе мағыналық ес – бұл сөз формасында айтылған айтылған ойды есте сақтап және ұстап, кейін қайта жаңғырту. Естің осы түрі кӛбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сөздіклогикалық естің оқу процесінде маңызы аса зор. Өткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға соғады.
Бейнелендіру немесе елестету есі адамдардың түрлерін, табиғат суреттерін, жиһаздарды, музыкалық әуендерді, иіс, дәмдерді есте сақтауға, қайта жанғыртуға көмектеседі.

Мысалы, коньки тебу, жазу, оқу, машинкада қағаз басу, машина жүргізу, турникке ойнау т.б.

Бейнелендіру есі барлық адамдарда бар, бірақ ол әсіресе суретшілерде (олар мысалы портрет немесе пейзаждарды еске сүйеніпақ сала алды), жазушы, актер, композитор, архитекторларда жақсы дамыған.

Мәселен, оқушы тексті кӛшіріп жазғанда, мұны түрліше жолдармен (жеке әріптер, буындар, сӛздер, сөз тіркестерін кӛшіру) орындайтын болса, бұл оның оперативтік есі болып табылады.

Қабылдау

Қабылдау дегеніміз – заттар мен құбылыстардың миымызда тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен

құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, исі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.

Қабылдаудың физиологиялық негізі – ми қыртысындағы талдағыштар (анализатор) жүйесінің бірлескен анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі. И.П. Павлов қабылдауды мидағы «қатынас рефлексінің» жұмысы. Сӛйтіп қабылдау түйсіктегідей бір анализатордың қызметі емес, бірнешеуінің қызметі.

Қабылдау – ақиқат дүниесіндегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелері тікелей әсер етіп, тұтастай заттық түрде бейнеленуі. Қабылдау түйсінулерге негізделіп құралады.Егер адам түйсіну арқылы дүниедегі заттардың жеке қасиеттерін ғана сәулелендіретін болса, қабылдау арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстарды бүтіндей, тұтас зат күйінде сәулелендіреді. Түйсіну, қабылау пайда болуы үшін дүниедегі заттар мен құбылыстар адамның сыртқы сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп отыруы керек.

Қабылдаудың төрт түрі белгілі: сенсорлы (сезімдік) – нысанның

сезіммен қабылданып, оның санаға өтуі; перцептивті - нысан мәнін

түсіну, оны белгілі

категорияға, объекттер тобына жатқызу; оперативті

(нақты әрекеттік) – нысанның қандай да тарапын қамтып, қызметке қосу;

іс-әрекеттік – қызмет мақсатына орай нысанмен ықпалдас қатынасқа

келу.

Қабылдау түрлері бейнеленетін нысан ерекшеліктеріне орай өзара

топтасуы мүмкін.


Мысалы: алманы қабылдауды алайық. Алма қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі бірмезгілде әсер етеді де, тұтас зат бейнесі пайда болады.

Адам өзі үшін белгілі маңызы бар заттарды қабылдағанда, мысалы: ӛзіміз түсінбейтін тілде сӛйлеген сӛзді мүлдем ұқпайтын болсақ, азын – аулақ хабарымыз бар тілді шала – шарпы қабылдаймыз. Мысалы: кӛпшілік арасынан таныс адамды бірден тану, кӛп киімнің ішінен ӛз пальтоңды бірден тану оңай болдаы. Әрбір жеке заттарды немесе құбылыстарды қабылдаумен бірге біз оларды жалпылап, ұқсас заттардың тобына енгізіп, жіктеп, топтап отырамыз. Мысалы: біз шортанды қабылдағанда, оның балық екенін еске алып, балық тобына қосып қабылдаймыз.

Түйсік

Түйсік деп – қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуін айтамыз. Түйсік біздің барлық біліміміздің бұлағы деп айтуға болады. Түйсік болмаса, біз басқа жолмен заттың, қозғалыстың ешқандай формалары туралы еш нәрсе біле алмаймыз. Түйсік біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады.

Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедірбұдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бӛліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады.

Түйсік заттың сезім мүшесіне әсер еткен кезде ғана пайда болады. Сезім мүшесі — денснін шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы және ішкі ортадағы белгілі бір тітіркендіргіштердің әсерін қабылдауға маманданған анатомиялық-физиологиялық аппарат.

Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты: көру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестезиялық, статикалық, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнеше түрге бӛлінеді. Ерте кезден бастап адамның сыртқы бес сезім мүшесіне орай көру, есту, сипап сезу, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бар деп саналады. Түйсіктер бірнеше негіз бойынша жіктеледі. Түйсік туғызатын тітіркендіргіш пен рецептордың тікелей жанасуының болатындығы немесе болмайтындығына қарай дистанттық және түйісу рецепторлары болып бөлінеді. Түйсіктің бұл түрлері жақын ортада бағдар жасауды қамтамасыз етеді. Дәм сезу, ауырсыну, тактильдік түйсіктері түйісу рецепторларына жатады.
Рецепторлардың организмде орналасуына қарай түйсіктерді үлкен үш топқа бөлуге болады: дененің беткі қабатында орналасуына қарай
экстерорецептор (керу, есту, тактильдік т.б.) бұлшық ет, сіңірде орналасқан түйсіктер проприорецептор (кинестезиялық, статикалық, вибрациялық т.б.) және ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін яғни, аштықты, шөлдегенді, ыссысуықты түйсіну интерорецепторлар (органикалық түйсіктер) болып бӛлінеді.

Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағанына қарамай, аз ғана уақыт болса да түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, тактиль түйсіктерінде жиі кездесіп отырады. Мысалы адам 2-3 секунд бойы көзін алмай шамға қараса, содан кейін көзін жұмса жарықтың ізін байқауға болады. Бір ізді образдың бұл түрі оң бір ізді образдар деп аталады. Касымызға екі парақ қағаз алып, бірін ақ күйінде калдырып, екіншісінің ортсына шаршылап қиылған қызыл кағаз жапсырайық Бұдан кейін бұл қызыл қағаздан көз алмай 20-30 секунд қарап отырып, көзімізді ақ қағазға аударсақ, оның бетінен көгілдір түстер көруге болады.

Ойлау

Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сӛз арқылы бейнеленуі. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбыллыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Ол үшін адам нақты қабылдаудан дерексіз ойлауға кӛшу қажет.Адамның ой әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді.

Ойлаудың үш түрі болады: Практикалық ойлау, нақтылы-бейнелі ойлау, теориялық ойлау.

Практикалық ойлау — нақты заттармаен тікелей байланыса ой қызметін орындау түрі. Мәселен, машина моторының неліктен бір қалыпты жұмыс істемей тұрғандығын білу үшін жүргізуші капотты көтереді, мотордың қызуын байқайды, контактілерді тексереді, егер қажет болса сымдардың ұшын тазартады, кей жерлердегі шайбаларды нықтайды, свечаларды алып қарайды, майды үстемелейді. Ойдың мұндай түрі практикалық деп аталады. Оны шешу тәсілі — практикалық әрекет.

Нақтылы-бейнелі ойлау — елестер мен психика өрнектерін арқау еткен ойлау түрлері. Адам заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы ойлайды. Мәселен, адам мылтықтың құрылысын қандай, оны қандай бөлшектерге бөлуге болады десе, мұндайда оның ойы кӛрнекті, бейнелі болады. Ал мылтықты қолына ұстап, оны түрлі бөлшектерге бөліп әрекет етсе, көрнекті әрекет ойы болады. Керек жерге қай жолмен тезірек жетуге болатынын ойластырған адам барар жолдың барлығын кӛрнекі бейнемен елестетіп шығады. Ол олардын әркайсысының ұзақтығын, жол сипатын, жүріп ӛтуге кететін уақытын салыстырып талдайды, мәселені ойша шешеді. Ойлаудың мұндай түрі нақтылы-бейнелік деп аталады.

Теориялық ойлау — абстракт түсініктерді пайдалану және жалпыланған заңдылықтарды ашумен байланысты ойлау түрі. Егер мәселе теориялық түрде қойылса, оны шешу үшін абстракциялық ұғымдарды, теориялық білімдерді пайдалану талап етіледі. Мәселен, оқушыға оқыған шығармасының әдеби қаһармандарының қайсысының пікірі дұрыс екенін анықтау тапсырылса, ол кітап қаһармандарының барлық нақтылы қылықтарын талдаудан өткізуі, оларды «борыш», «намыс», «берілгендік», «патриотизм» т. б. сияқты ұғымдармен берілетін қоғамда-қабылданған мораль нормаларымен салыстыруы қажет. Мұндай ой теориялық (сөздік-ұғымдық) деп аталады.

Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі. Мысалы, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл – анализ болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез болады.

Қиял

сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:

1)әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді.

2) қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты.

3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады.

4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс.

5) адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады.

Қиял екіге бөлінеді: ырықты (актив) қиял, ырықсыз (пассив) қиял. Ырықты (актив) қиял Қиялдың бұл түрі - адамның саналы түрде мақсат қоюымен байланысты образдардың әдейілеп жасалуы.Қиялдың мұндай белсенді түрі балалардың ойнау әрекетінен де байқалады. Ырықты актив қиял үшке бөлінеді: қайта жасау, шығармашылық, арман. Шығармашылық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, галымның. композитордыңт. б. қиялы творчестволық қиялга жатады. Шығармашылық қиял - қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Актив қиялдың ерекше бір түрі - арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мүныңшығармашылық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Ырықсыз (пассив) қиял Қиялдың бұл түрі-адам алдына ешбір мақсат қоймай,басындағы елестердің ағытылып жатуын бақыламаған кезде туатын формасы. Мұндай қиял жеткіншектерде жиі кездеседі. Қиялдың бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиясын жан-жақты түсіндірген И.П. Павлов Бұл - дәстүр сабақтастығы. Яғни, қиял адамның ырқынан тыс болады. Қиялдың өз ғылымда дамымай тұрған кезде түс көріп, жору арқылы бағыт-бағдар беріп отырған.

Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;

Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;

Елестету

Елестету (Елес) — бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс. Елестету субъектінің заттық қарекетінің құралдары мен нәтижесін ойша құрудан, мәселелік жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекетті бағдарламай алмастыратын, тәріздендіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді.
Басқа да психикалық процестер (ойлау, ес, түйсіну) сияқты елестетудің анализдік-синтездік сипаты бар. Жадының негізгі беталысы бұрынырақта қабылданып, ұғынылған жағдайларды, объектілерді барынша дәлме-дәл жаңғырту. Елестетудің негізгі беталыстары — Жады түсініктерін түрлендіру, түптеп келгенде, бұрын пайда болмаған ойлау жағдайының жасалуын қамтамасыз ету. Елестету — болмысты жаңа ұштасулар мен байланыстарда бейнелеу. Елестетудің ең маңызды мәні сонда, ол еңбек басталғанға дейін оның нәтижелерін көз алдына келтіруге мүмкіндік береді, осы арқылы қарекет процесінде адамды бағдарлайды. Елестету арқылы еңбектің түпкі не аралық өнімнің моделін жасау олардың заттық жүзеге асырылуына жағдай жасайды. Елестету арқылы күтілетін нәтижені көз алдына келтіру адам еңбегінің жануарлардың түйсіктік әрекетімен түбегейлі айырмашылығы болып табылады.

Елестету белсенді және енжар елестету болып сараланады. Енжар елестетуде пәрменділік жоқ, оған өмірде жүзеге аспайтын бейнелер, іске аспайтын тіпті іске асуы мүмкін емес бағдарламалар жасау тән. Әдейі емес енжар елестету сана қарекеті босаңсығанда, ұйықтағанда, қалғып-шұлғып ұйқылы-ояу отырғанда, сананың патологиялық бұзылуы кезінде байқалады. Әдейілеп енжар елестетуден ерік-жігермен байланысты емес бейнелер (құрғақ қиялдар) туындайды. Елестету процестерінде құрғақ қиялдың басымдығы тұлғаның дамуында кемістіктер бар екенін көрсетеді. Белсенді елестету шығармашылық және жаңғыртушылық болуы мүмкін. Шығармашылық елестетуде қарекеттің бірегей және бағалы өнімдерінде жүзеге асатын бейнелер жасалады. Еңбекте пайда болған елестету — кез келген шығармашылықтың ажырағысыз бөлігі.

Мәселен, бірінші сыныптағылар суретке не оқығанға қарап, өз бетімен жаңадан бейне жасай алмайды. Өйткені осы жастағыларда синтездеу қабілеті жөнді дамымаған. Олар оқығанын кездейсоқ, біріне-бірі байланыспаған ассоциациялар арқылы жаңғыртып отырады. Баланың қайта жасау қиялын дамыту үшін алдымен олардың тәжірибесін қорландыра түскен дұрыс. Осы салада мұғалім істейтін іс — ұшан-теңіз. Мәселен, мұғалім балаларды орманға экскурсияға апарған екен дейік. Онда оқушылар әрбір ағашты, өсімдік түрлерін көздерімен көріп, қолдарымен ұстайды, білмегендерін бірінен-бірі сұрап не мұғалімнен біліп алады. Ертеңіне мұғалім оқу сабағында балалардан көрмеген ормандарды (тайга, тундра, тропика т. б.) туралы айтып беріндер десе, бұл олардың қиялын тәрбиелеуге көп пайдасын тигізеді. Өмір тәжірибесінің артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын да дамыта түседі. Мәселен, үшінші сыныптағылар сурет сабағында алдында тұрған заттардың бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай басқа затпен салыстырып көреді. Бұл балада қайта жасау қиялының қалыптасып келе жатқандығын байқатады. Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет.




2. Психологиядағы негізгі зерттеу әдістері.
Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.


Бақылау әдісі

Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.



Эксперимент әдісі.

Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.

Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.

Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.

Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі.



3. Бақылау әдісі, оның негізгі түрлері.

3. Бақылау әдісі, оның негізгі түрлері


Бақылау әдісі

Бұл — педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылатын әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда баңылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, экскуреия, зертханадағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізілу әдістері мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шеберлікпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты. Педагогикалық бақылау — бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің танымдық әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады.







Бақылаудың түрлері:

жаппай, ішінара, ашық, жасырын, тікелей, жанама, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді.

1)Жаппай бақылау - оқу-тәрбие процесіндегі жалпы мәселелерді зерттеу. Жаппай бақылауда барлық оқушылардың іс-әрекетін бақылайды. Мысалы: сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық әрекетін, оқушылардың зейінін бақылау, т.б.

2)Ішінара бақылау - жеке мәселелерді зерттеу. Жеке бақылауда оқушылар ұжымынан бір баланы таңдап, оның қызметін бақылауға болады.

3)Ашық бақылау - оқушылар өздерінің зерттеліп отырғанын біледі.

4)Жасырын бақылау - оқушылар өздерінің зерттеліп отырғанын білмейді. Жасырын бақылауда зерттеуші жасырын видеокамера немесе магнитофон қолданады.

5)Тікелей бақылау - зерттеуші бақылауды өзі жүргізеді.

6)Жанама бақылау - зерттеуші бақылауды басқа адамның көмегімен жүргізіп, артынан одан барлық мәліметтерді алады.

7)Ұзақ мерзімді бақылау - оқушыны бір тоқсан. жарты жыл не бір оқу жылы бойы бақылайды.

8)Қысқа мерзімді бақылау - оқушыны бір сабақта, үзілісте не бір күн бойы бақылайды.