Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі "flash тегі анимация".doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 58
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Stage – столдың кейбір параметрлерін басқару үшін арналған (негізінен, көрініс масштабы);
TextField – сценарийдегі динамикалық мәтіндік өрісті немесе редактірлеу өрісі ұсынатын объект;
TextFormat – мәтіндік өрістің шрифт параметрлерін сценрийден басқаруға мүмкіндік беретін объект.
-
Қолданбалы курс: «Flash-тегі анимация», қолданылу нысаны жалпы білім беретін орта мектептің, жаратылыстану бағытында оқитын 10 -11 сыныптары; -
Бағдарламаға түсінік хат:
1. Бұл курс оқушыларға Flash бағдарламасында бейнелерге әр түрлі анимациялық эффектілерді қолдануды үйретеді. Курстың материалдары пәннің міндетті мазмұнын қайталамайды және математикалық-жаратылыстану бағытында жасалған.
2. Еңбек нарығында қалай бәсекеге қабілетті болуы және келешекте мамандық таңдауларына қажетті практикалық жұмыстар енгізілген.Курс іскерлік ойындар,мини-лекция, мастер-класс түрінде өткізіледі.
3. «Flash-тегі анимация» тақырыбындағы курс оқушыларға анимация жасауға арналған бағдарламалар түрлерін, олардың қолданылуын анықтауға көмектеседі және бейнелермен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінген.
4. Flash технологиясы қадамдық форматтағы анимацияны, Web-те пайдалануға болатындай етіп түрлендіру үшін дайындайтын анимациялық қосымша болып табылады. Flash-тің негізі сурет салудан басталады. Сурет салуда әр түрлі құрал-жабдықтар қарастырылған. Оқушылар құрал-жабдықтарды қолдану жолдарын үйренеді.
Курстың негізгі мақсаты:
Бұл қолданбалы курс оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, жалпы адамзаттық құндылықтарды дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдануды қалыптастыруды көздейді. Flash анимациялық бағдарламасының құралдарымен таныса отырып, бейнелерге әр түрлі анимациялық эффектілерді беруге үйрету – курстың басты мақсаты болып табылады.
Курстың негізгі міндеттері:
-
Ақпараттық қоғамда бәсекеге қабілеттілік туралы түсініктерін қалыптастыра отырып,оқушыларға болашақта қажетті бағдарламалар мүмкіндігімен таныстыру. -
Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету.
-
Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру; -
Оқушылардың алгоритмдік, әрекеттік ойлау қабілетін дамыту; -
Оқушыларды іс-тәжірибе арқылы бағдарлы бағытта даярлау;
Күтілетін нәтиже:
-
жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру; -
жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизімін құру; -
біздің еліміздегі және шетелдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену; -
Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сай сапалы білім алады. -
Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады. -
Оқу үрдісінде репродуктивтік, эвристикалық және зерттеушілік тапсырмаларды қолдану оқушылардың белсенділігін арттыру. -
Өз заманына сай білімді, іскер, шығармашыл, жан-жақты дамыған, терең білімді шығармашыл тұлға қалыптасады.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, математика, физика, әдебиет.
Оқушыларға қойылатын талаптар:
Білу: тарауды толық меңгеріп, растрлық және векторлық графиканың айырмашылығын толық түсіне отырып, олармен жұмыс жасайды. Flash бағдарламасымен терең зерттеп, оның құралдарымен жұмыс жасай отырып, өздері салған бейнелерге күрделі анимациялық эффектілер беру арқылы түрлі мультипликацияларды орындай біледі.
Үйрену: Flash анимациялық бағдарламасы құралдарын қолдану жолдарын, шығармашылық жұмыс жасауға үйренеді.
Түсіндіру: Flash анимациялық бағдарламасын түсіндіру
Қолдана білу: Курстан алған білім мен білікті кәсіби бағдар алуда, күнделікті өмірде қолдана алады.
Сағат жүктемесі: аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат.
Оқу пәнінің базалық мазмұны
(аптасына 1 сағат, жылдық 34 сағат)
1-бөлім: Flash бағдарламасы(2 сағат)
Flash бағдарламасымен танысу. Панельдер. Құжат атрибуттарын баптау. Уақыт шкаласы. Инструменттер панелі. Ыстық пернелер және оларды баптау
2-бөлім: Flash-те сурет салу (3 сағат)
Векторлық графикамен танысу. Сурет салу құралдарын пайдалану. Суреттерді салу және түзету. Бояуды пайдалану. Компановкалаудың қосымша элементтерін пайдалану
3-бөлім: Flash-те растрлық бейнелерді пайдалану (4 сағат)
Растрлық суреттерді импорттау. Растрлық суреттерді трассировкалау. Растрлық суреттерді жіктеу. Растрлық суреттерді сығу
4-бөлім: Мәтінмен жұмыс жасау (5 сағат)
Text инструменті және символдар атрибуттары. Текст параметрлері, текстті редакциялау және түрлендіру. Текстпен жұмыс істеудің эффективті әдістері
5-бөлім: Flash фильмінің элементтерімен жұмыс (4 сағат)
Символдармен жұмыс. Экземплярлар. Библиотека элементтері
6-бөлім: Flash-тегі анимация (4 сағат)
Кадрлармен жұмыс. Кадраралық эффектілер. Flash-тегі мультипликация
7-бөлім: Дыбысты пайдалану (3 сағат)
Дыбысты Flash-ке әзірлеу. Дыбысты басқару
8-бөлім: Flash интерактивтілігі (4 сағат)
Батырмалар және олардың түрлері. Меню және құжаттарды структуралау. Компоненттерді пайдалану
9-бөлім: Бейне интеграциялау (3 сағат)
Flash-тегі видео. Импортталған видеомен жұмыс
Тақырыптық – күнтізбелік жоспар
р/с | № | Сабақ тақырыбы | Сағат саны | Өтетін күні | ИКТ Инт. тақта, эл.оқ, т.б | |
1 | 1 | Есептеуіш техника кабинетіндегі техника қауіпсіздігін сақтау ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз шаршағанда жасалатын жаттығулар. | 1 | | Интерактивті тақта, слайд | |
2 | 2 | Flash бағдарламасымен танысу. Панельдер. Құжат атрибуттарын баптау. Уақыт шкаласы | 1 | | Электронды оқулық, презентация | |
3 | 3 | Инструменттер панелі. Ыстық пернелер және оларды баптау | 1 | | Интерактивті тақта, слайд | |
4 | 4-5 | Векторлық графикамен танысу. Сурет салу құралдарын пайдалану. Суреттерді салу және түзету | 2 | | Презентация, электронды оқулық | |
5 | 6 | Бояуды пайдалану. Компановкалаудың қосымша элементтерін пайдалану | 1 | | Интерактивті тақта, слайд | |
6 | 7 | Растрлық суреттерді импорттау | 1 | | Интерактивті тақта, слайд | |
7 | 8 | Растрлық суреттерді трассировкалау | 1 | | Презентация, электронды оқулық | |
8 | 9 | Растрлық суреттерді жіктеу | 1 | | Интерактивті тақта, слайд | |
9 | 10 | Растрлық суреттерді сығу | 1 | | Презентация, кестелер, электронды оқулық | |
10 | 11-12 | Text инструменті және символдар атрибуттары. Текст параметрлері, текстті редакциялау және түрлендіру | 2 | | Презентация, электронды оқулық | |
11 | 13-14 | Текстпен жұмыс істеудің әсерлі әдістері | 2 | | Интерактивті тақта, слайд | |
12 | 15 | Шығармашылық жұмыс | 1 | | Презентация, интерактивті тақта | |
13 | 16-17 | Символдармен жұмыс | 2 | | Презентация, интерактивті тақта | |
14 | 18-19 | Экземплярлар. Библиотека элементтері | 2 | | Презентация, электронды оқулық | |
15 | 20 | Кадрлармен жұмыс | 1 | | Презентация, кестелер, электронды оқулық | |
16 | 21 | Кадраралық әсерлер | 1 | | Интерактивті тақта, слайд | |
17 | 22-23 | Flash-тегі мультипликация | 2 | | Презентация, интерактивті тақта | |
18 | 24 | Дыбысты Flash-ке әзірлеу | 1 | | Интерактивті тақта, слайд | |
19 | 25-26 | Дыбысты басқару | 2 | | Презентация, кестелер, электронды оқулық | |
20 | 27 | Батырмалар және олардың түрлері | 1 | | Слайд | |
21 | 28 | Меню және құжаттарды структуралау | 1 | | Презентация, интерактивті тақта | |
22 | 29-30 | Компоненттерді пайдалану | 2 | | Презентация, кестелер, электронды оқулық | |
23 | 31 | Flash-тегі видео | 1 | | Презентация, электронды оқулық | |
24 | 32-33 | Импортталған видеомен жұмыс | 2 | | Интерактивті тақта, электронды оқулық | |
2 | 34 | Қорытынды сабақ | 1 | | Интерактивті тақта, презентация | |
Барлығы: 34 сағ |
Курсты жүргізу түрі:
-
Лекция; -
сұхбат - әңгіме -
топтау, жұптық оқыту -
Мини-конференция; -
өзіндік жұмыс әдістерін пайдалану
3. Курсты оқытуды аяқтау формасы
- Қорытынды бақылау жұмысы
- Рефераттар
- Өз бетінше іздену жұмыстары (жоба)
4. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі
- Тест тапсырмалары
- Шығармашылық жұмыс
- Өзіндік жұмыс
Қажетті техникалық құралдар:
-
Дербес компьютер; -
Сандық бейнекамера; -
Сандық фотокамера; -
Көшірме аппараты; -
Сканер; -
Принтер
Жоба тақырыптары:
-
Көбелек анимациясы -
Жүріп тұрған сағат -
Табиғат құбылыстары -
Ойын бағдарламасы -
Қарапайым мәтіндік редактор -
Музыкалық пернетақта -
Мультипликация
Қорытынды
Адам адам болып жаратылғаннан бері өзінің күнделікті атқаратын қызметін жеңілдетуге құштар. Жұмыстың сапалы, тынымды әрі жылдам орындалғанын қай адам болмасын қалайды. Мен үшін де осы курстық жұмысты жазып отырғанда «осының бәрін тергеннен көрі микрофонға айтып отырсам ғой, компьютер өзі терсе» деген сияқты арман-ой келді.
Әрине мен мұндай технологияның жасалып жатқанын білемін, бірақ ол қазақ тілінде қашан жұмыс жасайды онысын болжап айта алмаймын. Міне, сол сияқты арманнан, қиялдан туған жоғарғы технологиялар жоғарғы қарқын алып, дамып келе жатыр.
Қорыта келе Flash редакторында анимация жасаудың ыңғалайлылығын сөзбен айтып жеткізу қиын. Себебі бұл редактор дүниежүзіндегі №1 орынды алып отыр. Қолданғанда өте жеңіл, өте ыңғайлы және мүмкіндігі шексіз. Қазіргі шығып жатқан нұсқаларында тіпті кез-келген платформаларға арналған қосымша құру мүмкіндігі бар екен. Егер мұндай мүмкіндік бета тесттен сәтті өтсе, онда қазіргі программисттердің басым бөлігі осы редакторға өтетіндігіне өз басым күмән тудырмаймын.
Қазіргі кезде кез-келген жарнаманы жасауда өте сәтті қызмет көрсетіп келе жатқан бұл редакторды қалай мақтасақ та жарасады. Себебі веторлық графиканың жадыдан өте аз орын алатынын ескеретінін білсек, онда интернет желісінде тез жүктелетін осы редакторды қай адам болмасын қолдануға тіпті мүдделі де болады.
Flash пен жұмыс істеу кезінде көптеген терминдерді кездестіреміз, мысалға, тэг, атрибут, бет т.б. Сондықтан Flash- ті түсіну үшін осы терминологиямен таныс болайық..
Кез келген Flash фильмін құратын кезде объекті – бағытталған жолды қарастырамыз. Бұл дегеніміз, кез келген объект өзінше бір объект болып саналады, оның өзіне тән қасиеті және тек сол объектіге ғана қатысты болатын іс-әрекеттер болады. Мысалға, «текст» объектісі үшін, оның өлшемі, түсі, жазылу, көріну түрі болады. Оны көшіруге, өшіруге, қиуға, оларды гиперсілтемеге айналдыруға болады. Басқа объектілер туралы да дәл осылай айтуға болады. Объект деген түсініктеме, символ (Symbol) көп жағдайда терминімен сипатталады. Символ дегеніміз, объектінің, анықталған қасиеттері бар, шаблоны. Символ, символдар кітапханасында (Library) сақталып, бір фильмде бірнеше рет қолданыла алады.
Әрбір символдың жаңа көшірмесі символ дарасы (Instance) деп аталады. Бұл дараның қасиетіне қолданылған өзгеріс кезінде, кітапханадағы басқа да даралардың қасиеті автоматты түрде өзгереді.
Фильмде түрлі объектілер қолданылады. Әр элементтің іс-әрекетін сипаттау үшін, оларды әр қайсысын әр қабатқа (Layer) орналастырады. Flash құрушылары бұл қабатты түссіз қағазбен салыстырады. Осындай қағаздарды жинап сіз сахналық қойылым жасай аласыз. Қойылым (Scene) – Flash пен жұмыс істеуде кездесетін тағы бір термин.
Әрбір қойылым қандай да бір анықталған қабаттар байланысынан тұрады. Жай фильмдер үшін, бір қабаттан тұратын жай ғана қойылымнан жасайды. Күрделі фильмдер әр түрлі дайындалған қойылымдардан тұрады. Бір қойылымнан екіншіге өту уақыт диаграммасын емес, басқа механизмді пайдаланды. Әйтпесе олар, орналасқан реті бойынша ойнала береді. Фильм егер көрік пен тартымды күрделі құрылымдармен ерекшелеу керек болса, ActionScript пайдаланылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Мұхамбетжанова С. Т. Компьютерлік дизайн. – Алматы, 2007. -
Балапанов Н., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ. – Алматы, 2003. -
Смирнова И. Е., Web-дизайн бастамасы. – Санкт-Петербург, 2003. -
Информатика негіздері журналы, № 5-6 2006 жыл. – Алматы. -
Информатика и образование №2 2001 жыл. – Москва. Левковец, Л. Уроки компьютерной графики. Photoshop CS/, СПб.: Питер, 2005 Миронов Д. «Corel DRAW 12»: Учебный курс. –СПб.: Питер, 2004, -
Миронов Д. Компьютерная графика в дизайне. –СПб.: Питер, 2004, -
Панкратов Т. Photoshop7. СПб.: Питер, 2005 -
Алынған ресурс: http://www.izden.kz/referattar/informatika/297 Ғылыми жұмыстар жинағы. © izden.kz