Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі "flash тегі анимация".doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 55
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.1.2 Графикалық мәліметтердің форматы
Компьютерлік графикада суреттерді сақтаудың аз дегенде отызға тарта файл форматтары қолданылады. Бірақ оның тек бір бөлігі ғана “де-факто” стандарты болды және көптеген программаларда үстем қолданылуда. Растрлық, векторлық, үш өлшемді кескіндердің форматтары сәйкес емес, бірақ та мәліметтерді әр түрлі класстарда сақтауға болатын форматтар бар. Көптеген файлдар жеке өзінің “спецификалық” форматына бағытталған, оларды басқа программаға ауыстыру арнайы фильтрлерді қолдануға мәжбүрлейді немесе кескінді стандартты TIFF (Tagged Image File Format) форматқа экспорттау қажет. Формат растрлық кескіндерді жоғары сапада сақтауға арналған. (.TIF файл аттарының кеңейтілуі). Кең таралғандардың қатарына жататын (IBM PC и Apple Macintosh), платформалар арасында төзе алушылығымен ерекшеленетін, көптеген графикалық, верстальды және дизайнерлік программа жағынан қолдау қамтамасыз етілген. Түстік қамтамасыз ету диапазоны кең қамтылған: монохромды ақ қара түстен 32-разрядты CMYK түстік модельдер программасына дейін. Файлдың өлшемін кішірейту үшін кіріктірілген LZW қысу алгоритмі қолданылады.
PSD (PhotoShop Document). Adobe Photoshop (.PSD файл атының кеңейтілуі) программасының жеке форматы растрлық графикалық ақпараттарды сақтауда мүмкіндігі бойынша маңыздылардың бірі болып табылады. Қабаттардың, арналардың, айқындық деңгейі, көптеген маскалар параметрін сақтауға мүмкіндік береді және 48-разрядты түсті кодтау қолданылады.
PCX. Z-Soft фирмасының PC PaintBrush программасы растрлық мәліметтерді сақтау форматы ретінде пайда болды және кең таралған форматтардың бірі болып табылады (.PCX файл атының кеңейтілуі).
JPEG (Joint Photographic Experts Group). Бұл формат растрлық кескіндерді сақтауға арналған (.JPG файл атының кеңейтілуі). Кескін сапасымен файлды қысу арасындағы байланысты реттеуге мүмкіндік береді. Қысудың қолданылатын әдістері артық ақпараттарды жоюға негізделген, сондықтан бұл форматты тек электронды жариялау үшін қолдануға кеңес береді.
GIF (Graphics Interchange Format). 1987 жылы фиксирленген түстердің санымен қысылған суреттерді сақтау құралы ретінде стандартталған (.GIF файл атының кеңейтілуі). Интернетте кысудың жоғары деңгейі арқасында кеңінен таралды. Форматтың соңғы GIF89a нұсқасы көрінбейтін фонмен сурет салуға мүмкіндік береді.
1.1.3 Түс және түстік модельдер
Компьютерлік графикада түстік рұқсат ұғымы қолданылады. Монитордың экранында көрінуі үшін ол түстік ақпараттың кодтау тәсілдерін анықтайды. Ақ қара кескінді бейнелеу үшін екі бит жеткілікті (ақ және қара түстер). Сегіз разрядтық кодтау түстік тонның 256 градациясын көрсетуге рұқсат береді. Екі байт (16 бит) 65 536 реңді анықтайды (мұндай режимді High Color деп атайды). 24-разрядты кодтау тәсілінде 16,5 миллион түсті анықтауы мүмкін.
RGB түстік модельі аддитивті болып табылады, яғни кез келген түс әр түрлі пропорцияда үш негізгі түспен қызыл (Red), жасыл (Green), көк (Blue), қосылып ұсынылады. Негізгі түстің бір компонентін басқаға қосқанда жиынтық сәулеленудің жарығы артады. Үш компоненттің қосарлануы жарық ұлғайғанда ақ түске жақындайтын ахроматикалық сұр түс береді. 256 градациондық тон деңгейінде қара түске нөлдік мәндер сәйкес келеді RGB, ал ақ түске максимальды, координаттарымен (255,255,255).
HSB түстік модельі адамдардың түсті қабылдау ерекшелігін максимальды есепке ала отырып және Манселла түстік шеңбері негізінде құрылған. Түс үш компонентпен сипатталады: реңкі (Hue), қанықтығы (Saturation) және жарықтығы (Brigfitness). Түстің мәні шеңбер ортасынан шығатын вектор сияқты таңдалады. Ортадағы нүкте ақ түске, ал шеңбер периметрі бойындағы нүктелер таза спектральді түске сәйкес. Вектордың бағыты градуспен беріледі және түстік реңкті анықтайды. Вектор ұзындығы түстің қанықтығын көрсетеді. Ахроматикалық деп аталатын жеке осьте жарық беріледі, сонымен қатар нөлдік нүкте қараға сәйкес келеді. HSB модельінің түстік қамтуы шынайы түстердің барлық айқын мәндерін жауып тастайды.
CMYK түстік модельі субтрактивтіге жатады, және оны баспаға жіберуге дайындық кезінде қолданады. CMY түстік компоненттері ретінде негізінен ақ түстен алынған түстер қызмет етеді:
-
аспан көк (cyan) = ақ - қызыл = жасыл + көк; -
пурпурды (magenta) = ақ - жасыл = қызыл + көк; -
сары (yellow) = ақ - көк = қызыл + жасыл.
Мұндай әдіс басып шығаратын сәулелердің түпнұсқасынан бастап бейнеленетін қабылдаудың физикалық маңызына сәйкес келеді. Аспап көк, пурпур және сары түстер қосымша деп аталады, себебі олар ақтан басталған негізгі түстерді толықтырады. Осы жерден CMY түстік модельінің негізгі мәселесі шығады – қосымша түстерді бірінің үстіне бірін қою практикада таза қара түсті бермейді. Сондықтан түстік модельге таза қара түсті компонент қосылған. CMYK (Cyan, Magenta, Yellow, Black) түстік модельінің аббревиатурасындағы төртінші әріп осылайша пайда болған.
1.1.4 Графикамен жұмыс жасауға арналған программалық қамтамалар
Программалардың кең класында растрлық графиканы өңдеуде Adobe компаниясының Photoshop пакеті ерекше орын алады. Дұрысында, бүгінгі таңда ол компьютерлік графиканың стандарты саналады, және басқа барлық өзгермейтін программаларды дәл осы программалармен салыстырады.
Фотошоп программасының ең бірінші нұсқасы 1990 жылы пайда болды. Фотошоптың бұл нұсқасы Macintosh компьютерлерінде жұмыс жасауға арналған. Қазіргі кезде Photoshop-ты «Макта» және дербес компьютерлерде де орнатуға болады.
Adobe Photoshop (фотошоп) редакторы – компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған компьютерлік программа, келесі 1.1 – суретте көрсетілген. Бұл графикалық редактор растрлық суреттермен жұмыс жасауға арналған, яғни жеке нүктелерден тұратын суреттер.
Photoshop деп жиі атайтын программа өңдеушісі Adobe Systems бірлестігі. Adobe Photoshop редакторы көмегімен үйде немесе типографияда принтерде басып шығарылатын суреттерді редактірлеуге болады, сонымен қатар суретті әр түрлі экранда – мониторда, теледидарда, плазмалық панельде шығаратындай етіп дайындауға болады.
Adobe Photoshop редакторы ең жақсы растрлық графикалық редактор болып саналады. Фотошоппен жұмыс жасап білу – компьютерлік графиканың әліппесі. Компьютерлік графиканың әр маманы Фотошоп программасын жақсы білуі керек. Ал қазір, сандық фотоаппараттардың кеңейуінен, фотошоппен жұмыс жасап білу профессионал еместерге де керек болуы мүмкін.
1.1-сурет – Adobe Photoshop редакторы
Adobe Photoshop редакторы ең жақсы растрлық графикалық редактор болып саналады. Фотошоппен жұмыс жасай білу – компьютерлік графиканың әліппесі. Компьютерлік графиканың әр маманы фотошоп программасын жақсы білуі керек. Ал қазір, сандық фотоаппараттардың кеңейуінен, фотошоппен жұмыс жасап білу профессионал еместерге де керек болуы мүмкін.
Adobe Flash – веб-қосымшалар құру үшін арналған танымал мультимедиялық технология 1.2 – суретте көрсетілген. Флеш 15 жыл бұрын пайда болған (FutureSplash Animator, кейінірек Macromedia Flash, 2006 жылдан бастап – Adobe Flash) және содан бері күшейе түсті.
Қазіргі кезде Flash растрлық, векторлық, 3-D графикамен, аудио және видео компоненттерімен жұмыс жасауға рұқсат береді, және осы айтылғандардың бәрінен анимациялық сахна немесе интерактивті орта құру. Бүгінгі таңда флеште интернет-жарнама, ойындар, роликтер, қосымшалар және сайттардың үлкен көлемі жасалуда. Құру құралы Adobe компаниясының Flash Professional және Flash Builder қосымшалары болып табылады.
Adobe (Macromedia) Flash – векторлық графика және анимациямен жұмыс жасауға арналған графикалық программа. Дәлірек, Adobe (Macromedia) Flash – векторлық графика технологиясын қолданатын анимациямен жұмыс жасайтын программа. Флешта анимация үшін екі негізгі тәсіл қолданылады: кадрлық және трансформациялық анимация.
Flash – интерактивті мультимедиалық программа жасауға арналған. Flash-ті қолдану ортасы әр-түрлі жағдайда, бұл компьютерлік ойындар, веб-сайт, CD презентация,
баннерлер және жәй мультфильмдер. Программада жұмыс істеу кезінде медиа, дауыстық және графикалық файлдарды қолдануға, сонымен қатар, PHP және XML арқылы пайдаланған толық веб-парақтарды және интерактивті интерфейсті құруға да болады.
Flash – файлдар .swf түріндегі кеңейтілуге ие және Flash Player программасы көмегімен қарауға болады, бұл браузерде Plugin түрінде болуы мүмкін. Adobe сайтынан тегін түрде таратылады. Бастапқы файлдар, яғни .fla кеңейтілуімен кездесетін, Macromedia Flash ортасында құрылған, кейін түсінікті түрде Flash Player форматына компиляцияланады. Flash қолданбасы цифрлық мультимедиялық продуктілерді жасауға арналған универсалды тәсіл. Векторлық графикаға негізделген Flash технологиясы цифрлық технологиялар арасында әрқашан бірінші позицияны алады. Flash-тің негізгі мүмкіндіктері тығыз қолданушыға белгілі. Бірақ мұнымен оның мүмкіндіктері шектелмеген. Қолданбаның өсуімен қатар, оның қолдану ортасы да кеңеюде. Қазіргі таңда Flash интернетке арналған және қазіргі заманғы компьютерлерге, ойын приставкалары мен ұялы байланысқа арналған продуктілер жасау мүмкіндігін береді.
Flash технологиясы арнимация жасаушылар үшін өте қолайлы программа, өйткені ол төмендегі сапаларға ие:
-
жинақтылық (компьютерде тез жүктеледі) – векторлық графиканы пайдалану есебінде; -
интерактивтілік – пайдаланушы Flash-фильмдегі іс әрекеттерді тікелей басқара алады; -
көпсалалығы – Flash-те қарапайым үй парақтары сияқты арнаулы серверлерде орындалуы мүмкін; -
мультимедиялық – фильм және Internet-ке информацияны визуалдау стандартты құралдары үшін қол жетпес видео, аудио эффектілер; -
қолайлылық – Flash технологиясының негізі, компьютермен жұмыс істеудің минимальді дағдысы бар кез-келген адамға түсінікті.
-
-сурет – Adobe Flash
Autodesk AutoCAD (автокад) жобалау программасы келесі 1.3 – суретте көрсетілген. Autodesk autocad екі және үш өлшемді жобалауға арналған. CAD термині программа атында оның CAD-жүйесіне тәуелді екенін көрсетеді (Сomputer Aided Design). Autodesk AutoCAD-тың бірінші нұсқасы 1982 жылы шықты. AutoCAD программасының соңғы нұсқаларыда жобалау жүйесін, модельдеу, өлшемін беру, визуализация қосылған. Autodesk AutoCAD программасы машина жасайтын және архитектуралық жобалауда, әр түрлі объекттерді, оның ішінде өнеркәсіп дизайны мен киім үлгісін, модельдеуде қолданылады.
1.3-сурет – Autodesk AutoCAD жобалау программасы
Autodesk AutoCAD – ыңғайлы және танымал программа, ол автоматизирленген жобалау жүйесінде көшбасшы болып табылады. .dwg кеңейтілуі бар файлдар – әр түрлі жобалау организациясы арасындағы ақпарат алмасу стандарт.
Autodesk 3DS Max – 3D модельдеуге, анимациялауға және визуализациялауға арналған программа болып табылады, келесі 1.4 – суретте көрсетілген. Оның ішінде керемет кинофильмдерді, телевизиялық қойылымдарды, қазіргі заманғы компьютерлік ойындар презентацияланатын материалдарды құруға арналған үлкен өнімділікті құралдары бар. Бұл программа 3D модельдеу, анимация, визуализация және эффектілер құруға арналған толық функционалды шешім бола алады. Компьютерлік ойындар, телепрограмма даярлау, киноиндустрия облысында алдыңғы қатардағы мамандарының қолданысына ие. Autodesk 3DS Max программаларының жаңа нұсқаларында бейнелерді тез және дұрыс жасауға, компьютерлік графика эффектілері мен қызықты ойындар құрастыруға құралдар іздейтіндер сөзсіз өз бағаларын береді.
Сонымен қатар 3DS Mах-ті дизайнерлер мен архитекторлар өз жұмысында кеңінен пайдаланады. Дүние жүзі бойынша мыңдаған дизайнерлер үшөлшемді ойындарды және Web-бетінің тамаша үшөлшемді графикалық элементтерін жасау үшін осы тамаша программа қолданылады. Өткен ғасырларда өмір сүрген аса танымалы суретшілер қазіргі уақытта біздің қатарымызда жүрген болса, онда олар үшөлшемді модельдеу программасының ұсынып отырған мүмкіндіктерін қолдануды қолдан жібермес еді. Алғашқыда суретшілер үшөлшемді бейнені тек қана көлеңке, перспектива және рең көмегімен бейнеленетін екі өлшемді кенеттен шектелген болатын. Екі өлшемді суретті салғаннан кейін бейне ойластырылған қалпында қалады. Ал үш өлшемді кеңістікте жұмыс істегенде барлығы өзгеше. Текстуралар және жарық көздері үшін уақытша есептеулер мен бекітулер жасалған соң, барлық объектілерді өз позицияларына орналастырғаннан кейін үшөлшемді кеңістікте бейнені кез келген бұрыштан қарап, еркін қозғалуға болады. Қандай да болмасын дәстүрлі екі өлшемді сурет біркелкі туынды болса, ал үшөлшемді композициялар үшін шексіз суретті кадрлар алуға болады.
Фильмдер пайда болмай тұрып суретшілер барлық мүмкін сәттің тек қана бір сәтін қозғалтқан, ал қазір олар қозғалыстың тізбегін жасай аламыз және оларды тіпті жандандыра алады. Үшөлшемді кеңістікте қозғалыс дегеніміз төртөлшемді қозғалыс (төртінші кеңістікке уақыт жатады). Жылдамдығы аса үлкен компьютерлік құрылғының және жаңа программалық құралдар көмегімен суретшілердің арманы үшөлшемді кеңістікте орындалады.