Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі "flash тегі анимация".doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 53

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2.4.6 Түстермен жұмыс
Flash MX әртүрлі қолдану механизмді құрудың, қолданудың және фильмдердің немесе оның жеке элеметтерін түрлі-түсті бояу тақтайшаларын түрлендіруді қамтамасыз етеді. Бояу тақташасын қолдана отырып, сіз өздігінен немесе таңдап алынған нақты нысананың түсін немесе оның контурын бояу үшін белгілі бір түсті таңдап ала аласыз.

Сызықты және контурды бояу үшін тек қорда бар бояуларды падалануға болады. Сонымен қатар, сіз қосымша, контурдың немесе жеке сызықты, жуандығын және стилін таңдап алуыңызға болады. Бояу үшін қордағы біртекті түстер, градиент немесе көмкерілген кескіндер қолданылуы мүмкін. Көмкерілген түтерді қолдану үшін, сіз оны фильмнің файлына импорттауыңыз қажет. Flash MX сызықтар мен бояуларды түссіз (көрінбейтін) түстерді қолдануға мүмкіндік береді. Бұл белгілі бір заттың не нысананың тек контурын ғана бояусыз немесе, керісінше, боялған нысананың контурсыз жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Flash MX текстік символдардың түсті сұлбаларын қолданады [16].

Flash MX-та түстермен жұмыс істеу үшін арналған құрылғылар:

  • Tool Панелінде орналастырылған құралдар Ink Bottle Tool (сия шөлмегі), Paint Bucker (бояу банкісі), Fill Transform (бояу өзгерісі), Dropper Tool (тамызғыш);

  • Color өрісінде Tools панелінде орналасқан Strocke Color (контур түсі), Fill Color (бояу түсі), Defauit Color (кездейсоқ түс), No Color (түссіз) және Swap Colors (түстерді өзгерту);

  • Color Mixer (түстерді араластырғыш) панелі және Color Swatches (түс үлгілері).




2.5-сурет – Түстермен жұмыс істейтін аспаптар
2.5. Анимация
Қозғалыстағы көріністі тұрғызу – Flash-тің ең үлкен артықшылығы болып табылады. Интернет-анимация – бұл Flash. Жарнама роликтері, демонстрациялар, фильмдер барлығы Flash арқасында іске асырылады.

Flash-тің пакеті алдымен анимациялар құруға арналған. Оның көмегімен қозғалмайтын суреттерді құруға болады. Алайда арнайы суретшілер Flash-пакетін қолда ещнәрсе болмағанда қолданылады. Қозғалмайтын анимациялар құратын программалар: Adobe Photoshop, Adobe Illustrator, Macromedia Freehand, Macromedia Fereworks және тағы басқалар. Бұлар Flash-ке қарағанда бұл жұмысқа сәйкестендірілген.

Flash-тің басты ерекшелігі қозғалмайтын суреттерден анимацияларды құру мүмкіндіктерін біріктіруді ұсынады. Бұл ойда жоғары айтылған программалар артта қалады. Бұлардың үлкен ерекшеліктері болса да, ешқайсысы Flash-тің функциясын атқара алмайды.

Анимация негіздері. Қарапайым анимация негізінде: арасында қысқа уақыт аралығымен түсірілген көптеген кадрлар жиынтығы жатыр. Ол түсірілген объектінің түрлі қозғалыс кезіндегі – қозғалыс фазасы деп аталады. Енді кадрлар қарапайым түрде ойнатылады. Кадрлық анимацияға келіп тоқтасақ, әртүрлі қимыл фазасындағы көріністердің жиынтығы. Бұл қозғалыстағы көріністі сақтаудың ең көне және сенімді тәсілі.


Кадр бойынша анимация – бұл әртүрлі қозғалыс фазасын көрсететін кадрлардың үлкен санының тізбектелген көрінісі. Мұндай тізбек көрермен алдында тез бұралып, нәтижесінде ол үзілмейтін қозғалыс көреді. Осыған қосатынымыз, кадр бойынша анимация принципіне барлық киноматография мен телекөрсетілімдер негізделген. Кадр бойынша анимациялардың практикалық жүзеге асуы қиындығына қарамастан өте қарапайым [17].

«Трансформациялық анимация» – бұл енді оңайырақ жол. Қозғалыстың бастапқы және ақырғы нүктелерін және қозғалу траекториясын көрсетсек жеткілікті. Бұл нүктелер кілттік кадрлар деп аталады. Кадр бойынша анимация қарағанда трансформациялық анимацияның ерекшелігі – аз орын алуы. Шынымен де, фильмнің барлық кадрларын сақтаудың орнына программа файлдарға тек бірнеше сандар – анимацияны жүзеге асыратын функцияның параметрлерін файлға жазады.

Flash-та трансформациялық анимацияның екі түрі: қозғалыс және морфинг бар.

Қарапайым қозғалыс. Анимация құру кезіндегі негізгі керекті құрал, бұл – уақыт шкаласы болып табылады. Ол View менюіндегі TimeLine пункті арқылы шақырылады. Қабат (Слои) санына байланысты өте күрделі анимацияларды жасауға болады. Ең бірінші кадрда әдетте жұмыс бетіндегі көрініс сақталынады. Мысал ретінде біздің қарапайым анимациямыз 65-шы кадрда тоқтасын делік. 65-ші шкалада кілттік кадр жасау үшін Insert менюіндегі Keyframe пунктін таңдаймыз. Сонда Flash жаңа кілттік кадр құрып береді. Кадрды таңда кезінде қасиеттер редакторы өзгереді 2.6 – суретте көрсетілген.

2.6-сурет – Кадр бойынша анимация

Бастапқыда Tween редакторында None пункті белгіленген, бұл дегеніміз жұмыс бетіндегі элементке ешқандай анимация берілмегені жайында хабарлайды. Қозғалыс беру үшін Mation пунктін таңдау керек. Енді кілттік кадрлар арасында жебе пайда болады, бұл қозғалыс дегенді білдіреді. Control менюіндегі Play командасына бассақ, анимациямыз ойнатылады.

Қозғалыстың басқа түрлері. «Трансформатор» құрамындағы «Изменение размеров» морфингтарын таңдау арқылы графикалық элементтердің қозғалыс кезіндегі өлшемдерін өзгертуге болады.

«Трансформатор» құрамындағы «Вращение и сдвиг» модификаторындағы Rotate редакторы арқылы элементтің айналуы орындалады. Бұл жерде төрт пункт қарастырылған:

  • None – яғни, айналу жоқ;

  • Auto – белгілі бір нүктеге жету үшін тез айналу;

  • CW – сағат тілі бойымен айналу;

  • CCW – сағат тіліне қарсы айналу.



2.6 Қабаттар
Қабаттар (Flash терминологиясында – layer) – Flash жұмыс парағында жатқан қабықша деп айтуға болады. Қабатта сурет салу құралдарын қолданып, сурет салуға болады. Оған қоса, қабаттың үстіне және астына басқа қабаттарды қоюға болады. Кез келген қабатпен жұмыс жасау үшін, сол қабатқа тышқан тетігін басып жұмысты жалғастыруға болады. Қабаттарды ауыстырып алмау үшін, олардың әрқайсысына ат беруге болады.

Енді қабаттар беретін артықшылықтар:

  • кез келген графикалық көріністер әр түрлі қабаттарда тұрса, онда олар фрагментацияланбайды және бірікпейді;

  • қимылды трансформациялау әдісімен қабатта тек бір ғана графикалық элементті анимациялауға болады. Сондықтан қабаттар қанша болса, анимацияланатын элементтер де сонша болады;

  • кейбір арнайы эффекттерді құру, олар: жол көрсетуші қабаттар және маскілейтін қабаттар.

Жаңа қабатты қосу үшін қабаттар тізімінің сол жағында орналасқан Insert Layer батырмасын басу қажет. Одан басқа жаңа қабатта қосу үшін Insert менюінде Layer пункітін таңдау арқылы немесе ерекшеленген қабат контекстті менюінде Insert Layer пункітін таңдау арқылы орындауға болады. Жаңа қабат ерекшеленген қабаттың үстінен шығады.
2.7 Интерактивтілік
Flash интерактивті фильмдерді құруға мүмкіндік береді, сайтты қолданушы сайтқа кіру кезінде пернетақта мен тышқанның көмегімен, фильмнің әртүрлі фрагментіне көшуге, объектілерді орнатуға, формаға ақпарат енгізуге мүмкіндік береді.

Интерактивті Flash-фильмдері ActionScript тілінде жазылған командалар тізбегі түрінде жазылу жолы іске асырылады. Әрекет соған байланысты орындалады. Ондай жаңалықтар анықталған фильм кадрларына көшуі мүмкін.

Батырмалар, фильм фрагменттері немесе бөлек кадрлар интерактивті болуы мүмкін. Мұнда көптеген стандартты әрекеттер сол немесе басқа фильм элементімен ActionScript программалауына байланыссыздығымен қадағаланады. Стандартты әрекетке фильмді қосу және тоқтату, дыбыстық сүйемелді қосу немесе тоқтату, URL берілгеніне ауысы және басқалары қатысады. Барлығы оннан көбі стандарттық әрекет болып табылады.

Қажет жағдайда күрделі сценарий құруға болады, онда сол және басқа да шарттар өзгереді және содан соң қажет әрекет орындалады. Сондай сценарий құру программалауда кейбір жетістіктердің болуын қажет етеді.


2.8 ActionScript жөнінде жалпы мәліметтер


Action Script – Flash программасында қолданатын программалау тілі. Сызықты анимацияларды салуға мүмкіндік беретін негізгі уақыт шкаласымен салыстырғанда Action Script программалаудың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Action Script көмегімен сіздің ролигіңіз мысалы қолданушы жасайтын әрекетке немесе басқа қимылға әсер етеді. Action Script қолданушы көріп тұрған элементтерді басқара алады және жай анимациялардың орнына сызықты емес презентациялар, интерактивті қолданбалар және ойындарды көрсетеді [18].

Action Script программасы Flash программасымен орындалатын және Flash роликтің кез келген жеріне қойылатын қолдану әдістерінің тізімін көрсетеді.

ActionScript – объектілі-бағыттылған программалау тілі, деректерді өңдеу, интерактивтілік және Flash қосымшада жасалатын тағы басқасын қосатын ECMAScript диалектісінің бірі 2.7 – cуретте көрсетілген. Flash Player-дің жалғамалы бөлігі болып табылатын ActionScript виртуалды машинамен орындалады. ActionScript SWF-файлына қосылатын байткодқа компиляцияланады.

ActionScript көмегімен интерактивті мультимедиалық-қосымшалар, ойындар, веб-сайттар және т.б. құруға болады.

Macromedia Flash 5 ActionScript ортасында программалауға болатын ең бірінші нұсқасы. Тілдің бірінші релизі ActionScript 1.0. Flash 6 (MX) деп аталды. 2004 жылы Macromedia программалаудың класына негізделген, түрдің қатаң анықтауышы енгізілген Flash 7 (MX 2004) шығуымен қатар ActionScript 2.0 нұсқасын ұсынды. Яғни жаңа кілттік сөздер пайда болды:

  • class (класс);

  • interface (интерфейс);

  • extends (мұрагерлікті орнату);

  • жету модификациясы: private, public.

ActionScript мүмкіндіктері мен ерекшеліктерінің нақты сипаттамасы осы кітаптың шегіне шығады. Негізінен Flash MX нұсқасына кірген, соңғы жетістіктер нәтижесінде ActionScript нағыз программалау тіліне айналды. Онда таратылған мүмкіндіктер сіздің алдыңыздағы кітап көлемі бойынша (алдыңғы қатарға шығуы мүмкін) қарағанда, жеке кітап бола алады. Расында, мүмкіндіктердің көбеюімен тілдің күрделілігі өсті. Бірақ та бастауыш программист меңгере алады, тіпті программисттерде. Сонымен бірге әрбір мықты компьютер пайдаланушысы өзін осылай санайды. Сондықтан біз тілдің негізгі концепцияларын сипаттаумен және ActionScript-те сценарий тұрғызудың жалпы ережелерімен шектелеміз. Іс-тәжірибе көрсетеді, осындай білім деңгейі күрделі емес, бірақ нақты жұмыс істейтін интерактивті фильм құру үшін жеткілікті.

ActionScript жұмысының алдында екі түсінікті қарастыру керек: тілдің объектілік моделі және сценраийдің орындалу контексті.  


Объектілік модель дегеніміз – сценарийде қолданылатын және олардың арасындағы бағыңынқы қатынастағы объектілер типінің жиынтығы.

ActionScript-те қолданылатын объектілік модель басқа сценарий тілдерінің (мысалы, JavaScript) объектілік моделіне ұқсас. Сонымен қатар, басқа да айырмашылықтары бар. Олардың негізгісі, ActionScript объектілер иерархиясы Flash-плеерге сәйкес тұрғызылады, Web-браузер терезесінде кескінделетін HTML-құжатқа тиісті емес.

ActionScript объектілік моделінің төрт класы:

  • Movie (фильм объектілері);

  • Core (ядро объектілері);

  • Client/Server (клиент-сервер орындалу ортасының объектілері);

  • Authoring (ортаны құру объектілері).




2.7-cурет – ActionScript объектілік моделі

Movie класының объектілері сценарийдегі фильм элементтері арасындағы (болмаса фильм құрылымы) өзара қатынасты ұсынуға мүмкіндік береді, сол сияқты фильм элементтерін параметрімен және тәртібімен басқару. Бұл класқа негізінен келесі объектілер жатады:
  • Button – сценарийде батырманы ұсынатын объект; мұндай объект үшін динамикалық түрде өзгереді, мысалы, енгізу фокусының орнату реті;

  • MovieClip – сценарийде клипті ұсынатын объект; мұндай объект үшін динамикалық түрде өзгереді, мысалы, енгізілген клиптер саны;

  • Mouse – сценарийде тышқан көрсеткішін ұсынатын объект; ол көрсеткіш стилін және көріністі басқаруға мүмкіндік береді;

  • Key – фильмді басқару үшін қолданылатын перне сценарийін ұсынатын объект;

  • Color – палитраны өзгертуге мүмкіндік беретін сценарийде палитра клипін ұсынатын объект;

  • Sound – клип немесе батырмамен байланысты сценарийде дыбыстық символды ұсынатын объект;

  • 1   2   3   4