Файл: Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 349
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Өлшеулердің метрлік жүйесі
Өлшеулердің метрлік жүйесі (орыс. метрическая система мер) — екі бірлікке: ұзындық бірлігі метрге және масса бірлігі килограммға негізделген өлшемдер жүйесі. Өлшеулердің метрлік жүйесі XIX ғасырдың аяғында француз революциясы кезінде пайда болды. Өлшеулердің метрлік жүйесі кірген өлшемдер: іс- тәжірибенің талабына қарай ұзындықтың бірлігі метр (1 метр Париждің географиялық меридиан ұзындығы ширегінің он миллионнан бір бөлігіне тең), аудан (1 ар қабырғасы 10 метр квадраттың ауданына тең), көлем (1 метр кубтың көлеміне тең), сұйық және сусымалы заттар үшін сыйымдылық (1 литр қабырғасы 0,1 метр кубтың ауданына тең), масса (1 грамм қабырғасы 0,001 метр кубты 0° С-та толтырған судың массасына тең), осы өлшемдерге ондық жұрнақтар — мирна (104 — қазір қолданылмайды), кило, гекто, дека, деци, санти және мили, бұлар ондық еселенген және бөлшектік бірліктерді алуға қамтамасыз етті. 1975 жылы әлемнің
120-дан аса мемлекетінде Өлшеулердің метрлік жүйесі жұмыс істеді.
Өлшеуіштердің метрлік жүйесі өлшеуіштердің ондық жүйесі - ұзындықтарының негізгі өлшем бірлігі метр болып санала- тын физикалық шамалар бірліктерінің жиынтығы. Алғашқыда өлшеуіштердің метрлік жүйесіне метрмен қатар: аудан үшін - квадрат метр, көлем үшін - куб метр, масса үшін - килограмм (температурасы 4°С, көлемі 1 дм3 судың массасы), сыйымдылық үшін - литр, жер ауданын өлшеу үшін - аралық өлшеуіштердің метрлік жүйесінің ерекшелігі бірліктері енген, мұнда еселік және бөліктік шамалар ондық қатынастармен ажыратылады және оларды көрсететін кило, гекто, дека, деци, санти жэне милли қосымшалары қабылданған. Өлшеуіштердің метрлік жүйесінде физиканың жеке бөлімдерін немесе техника салаларын ғана қамтитын бірліктер жүйелері мен өлшеу жүйелерінен тыс бірліктер де қолданылды. Ғылым мен техниканың дамуы өлшеуіштердің метрлік жүйесі негізінде өлшеулердің барлық түрін қамтитын Бірліктердің халықаралық жүйесінің (СИ) пайда болуына алып келді.
Жалғаулар тек қарапайым бірлік атауларына ғана жалғанады. Қайта әзірленетін немесе қайта қаралатын құжаттамаларда, сонымен қатар басылымдарда шама мәндері стандартты бір- ліктермен өрнектелуі керек. Экспортқа шығарылатын өнім өлшемдерін, өлшеу құралдарының сипаттамаларын тапсырыс беруші белгілеген бірліктерде өрнектеуге болады.
Ағылшын елдерінде
(Англия, АҚШ, Канада, Австралия) СИ халықаралық бірліктер жүйесінен басқа британдық бірліктер жүйесі қолданылады. Бұл жүйеде 1878 жылы өлшем мен салмақ туралы ағылшын ережесімен бекітілген эталондармен анықталатын негізгі екі бірлік - ярд және фунт негізге алынған.
Метрикалық емес кейбір бірліктерді СИ жүйесіне ауыстыру 8-кестеде көрсетілген.
-
кесте
Ағылшын тілдес елдерде қолданылатын кейбір метрикалық емес бірліктер және оның СИ жүйесіне (R-31 стандарттау бойынша Халықаралық ұйымының ұсынысына сәйкес) аудармасы
Шама | Бірлік | СИ жүйесіне аудармасы немесе оның еселігі мен үлестігі | |
атауы | белгіленуі | ||
| ярд | yd | 0,9144 м |
Ұзындық | фут | ft | 0,3048 м |
дюйм | in | 0,0254 м | |
| миля | mile | 1609,344 м |
Аудан | акр | acre | 4046,86 м2 |
| Ағылшындық бушель | bu (UK) | 36,3687 дм3 |
| галлон (ағылшындық) | gal (UK) | 4,5461 дм3 |
| пинта (ағылшындық) | pt(UK) | 0,5683 дм3 |
| сұйықтық унция (ағылшындық) | fl • oz (UK) | 28,413 см3 |
| мұнайлық баррель (АҚШ) | | 158,988 дм3 |
Көлем | бушель (АҚШ) | bu (US) | 35,2393 дм3 |
| галлон (АҚШ) | gal (US) | 3,7854 дм3 |
| сұйықтық пинта (АҚШ) | ligpt(US) | 0,4732 дм3 |
| сұйықтық унция (АҚШ) | fl • oz (US) | 29,5737 см3 |
| құрғақтық баррель (АҚШ) | bbl (US) | 115,628 дм3 |
| құрғақтық пинта (АҚШ) | dry pt (US) | 0,5506 дм3 |
Масса | тонна | tn | 1016,05 кг |
қысқа тонна | sh tn | 907,185 кг | |
центнер | cwt | 50,8023 кг | |
қысқа центнер | sh cwt | 45,3592 кг | |
слаг | | 14,5939 кг | |
фунт (саудалық) | lb | 0,4536 кг | |
тройдық унция | oz tr (UK) oz t (US) | 31,1305 г | |
емханалық унция | oz ap (US) | 31,1035 г | |
унция (саудалық) | oz | 28,3495 г | |
Гран | gr | 64,7989 мг | |
Күш | Паундаль | pdl | 0,1383 Н |
Энергия | британдық жылу бірлігі | Btu | 1055,06 Дж |
Қуат | фут-паундаль секундына | ft • pdl/s | 0,0421 Вт |
британдық жылу бірлігі сағатына | Btu/h | 0,2931 Вт | |
Температура | Фаренгейт градусы | OF | 5/9°С |