Файл: Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 337
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Метрологиялық аттестацияны мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшелері және метрологиялық қызметтегі заңды тұлғалардың, өлшеу әдістерінің тобын тексеруге құқылылар өткізеді.
Метрологиялық аттестацияға:
-
Техникалық құжаттарды қарастыру; -
Өлшеу әдістерінің тәжірибелі тексерісін; -
Өлшеу әдістерінің тексеріс әдістемелерінің сараптамаларын; -
Өлшеу әдістері метрологиялық аттестациясының нәтиже- лерін безендіру; -
Метрологиялық аттестациядан өткен өлшеу әдістері пайда- лану кезіндегі тексеріске жатады.
Өлшеу әдістерінің метрологиялық аттестациясына керек құжаттарды, өлшеу әдістерінің талаптары ішінде болатын, пай- далану құжаттарын, метрологиялық аттестацияның бағдарла- масын және тексеріс әдістемелерінің жобасын метрологиялық аттестацияның бағдарламасын және өлшеу әдістерінің тексеріс әдістемелерін өтініш беруші немесе сол сияқты орындаушы әзірлеуі мүмкін.
Бағдарламаны өтініш беруші бекітуі және өлшеу әдістерінің метрологиялық аттестациясы және оларды жүргізу әдістері бойынша тізбе жұмыстары қарастырылуы қажет.
Бағдарламаның “Тәжірибелі тексеріс” бөлімінде өлшеу әдістеріне талаптар, тәжірибелі тексеріс жүргізгенде қолданы- латын өлшеу әдістеріне тәжірибелі тексерісті жасағанда жағ- дайлар мен әдістемелер міндетті түрде көрсетілуі керек.
Өлшеу әдістерінің метрологиялық аттестациясының жағымды нәтижесінде сертификат беріледі, қызмет мезгілі біткенге дейін сақталуы қажет. Сертификат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшем бірліктер жүйесін қамтамасыз ету тізімінде аттестатталған өлшеудің әдістеріне тіркелгеннен кейін ғана міндетті деп саналады.
Өлшеу әдістер тәжірибелі тексерісінің хаттамасы атқа- рушымен тексеріс аралық кезең мезгілінің өтуімен сақталады, метрологиялық аттестациямен бекітіледі.
Тексеріс мемлекеттік метрологиялық қызмет ретінде жүзеге асады, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметі сияқты, бекітілген тәртіп пен стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті органымен аккредиттелген.
Өлшеу әдісінің тексерісі бұл операциялардың жиынтығы, техникалық талаптармен бекітілген өлшеу әдісінің сәйкестігінің растауды жүргізуді мақсатында белгіленген.
Өлшеу әдісінің тексерісінің нәтижесі бойынша ол қолдануға жарамды немесе жарамсыз деп мойындалады.
Өлшеу әдісінің тексеріс аралық кезеңінде қолдануға жарамды деп мойындайды, олардың тексерісі, тексеріс бойынша норма- тивті құжат талаптарымен сәйкес келуімен орындалған, олар- дың берілген өлшеу әдістерімен метрологиялық және техни- калық талаптар бойынша сай екенін мойындайды.
Эталонды таңдаған кезде эталонның немесе өлшеу әдістер тексерісінің қателігін анықтауда шындық деңгейін ескеру керек.
Егер эталонның қателігі өлшеу әдісінің тексеріс қателігінен он есе кіші болатын болса Өлшеу әдісінің қателігі шын анық- талды деп есептеуге болады, бірақ бұл қателікті қажет етпейтін жағдайда сөйтуге болады.
Шекті рұқсат беретін қателіктерді анықтауда өлшеу әдістер тексерісінің қателігі нақтылықты қажет ететін эталондарды таңдау шарттарымен мен сай келмейді. Мұндай шарттар қате- лікке талаптар нақты болып анықталатын, есеп берудің нақты мүмкіндігімен, өлшеу әдістерінің көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейімен шектеледі.
Көп жағдайлар 1:10 қатынасының қолайсыздығынан болады. Есептемеуге болмайды, өйткені әртүрлі жағдайларда және әр түрлі өлшем әдістерінің конструкциялары үшін тексеріс нәтижелерінің анықтық деңгейлері әртүрлі
болады. Техникалық әдебиетте және нормативті құжатта жеке типтер мен өлшем құралдарының түрлеріне бекітілген қатынастар 1:3;1:4;1:5. Үлкен мәнге тұрақтылық ие болады, эталондардың ұдайы өндірілуі: олардың көрсеткіштерінің вариациялары неғұрлым көп болса, көрсеткіш қатынастары соғұрлым көп болуы тиіс. Сондықтан бұл аса жағымсыз, көп жағдайда эталондарға олардың көрсеткіш- теріне вариацияларға қатысты жоғары талаптар қойылады. Минималды жіберілетін қателік деп 1:3 саналады. 1:2 қатынасы шарттарға сәйкес қолайлы деп саналады, егер өлшем құралдарының және эталондардың кездейсоқ қателіктері мәнсіз, ал оның нақтылығы көбінесе жүйелік қателікпен табылады.
Эталондарға талаптарды әзірлеген кезде жиі қателіктер жіберіледі. Мысалы, құралдың сапасын 1-ші эталон сапасы 0,2 бойынша тексеру керек. Көп жағдайларда класстың нақтылығын келтірілген қателіктер бойынша, өлшемнің жоғары шегімен немесе нормаланған көрсеткіштерімен анықталады, өте маңызды эталон өлшеуінің жоғары шегінен тексерілетін өлшем құра- лының шегі кішкене асуы мүмкін.
Өлшем бірлігі шамасының дұрыс берілуін қамтамасыз ету үшін тексеріс сұлбаларын құрады.
Келесі тексеріс әдістерін ажыратылған:
-
тікелей беттестіру; -
салыстырып тексеру; -
өлшем эталоны бойынша тексеріс; -
өлшем мен ұдайы өндірілетін, шама өлшемінің әдістерімен тексерілетін өлшеу.
Өлшем құралын салыстырып тексеру - өлшем құралының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын жұмыстар жиынтығы.
Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру са- ласында қолданылатын өлшем құралдары өндірістен немесе жөндеуден шығару, пайдалану және импорт бойынша әкелу ке- зінде түрі бекітілгеннен кейін немесе метрологиялық аттестат- таудан және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін салыстырылып тек- серіледі.
Салыстырып тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет, сондай-ақ қызметтің осы түріне аккредиттелген заңды тұлғалар- дың метрологиялық қызметтері жүзеге асырады.
Аккредиттелген заңды тұлғалардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге аккредиттелген заңды тұлғалар салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебін жүргізуді және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беруді жүзеге асыруға тиіс.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді өлшем құралда- рын салыстырып
тексеру әдістемесіне сәйкес мемлекеттік мет- рологиялық қызметтің немесе аккредиттелген заңды тұлғалар- дың метрологиялық қызметтерінің салыстырып тексерушілері жүзеге асырады.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құрал- дарын салыстырып тексеру жүргізу құқығына уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған мемлекеттік метрология- лық қызметтің немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің маманы. Салыстырып тексеру- шілерді аттестаттау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Салыстырып тексерудің оң нәтижелері өлшем құралына және (немесе) пайдалану құжаттамасына басылатын салыстырып тексеру таңбасының баспа-таңбасымен және (немесе) салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.
Физикалық шамалардың өзгерісін олардың мәндерін норма- ланған дәлдікпен шамалар бірліктерінде бағалаусыз байқау үшін қолданылатын техникалық құралдар салыстырып тексеруге жатпайды.
Мұндай техникалық құралдардың жарамдылығын бақылауды оларды пайдаланушылар жүзеге асырады.
Салыстырып тексеру түрлері
Салыстырып тексеру құралы шаманың мәні мен өлшене- тін шама мәні аралығында анықталған қатынасты бекітуші құрылғы болып табылады, бірінші кезекте тексеріске бұл қатынасты дұрыс өндіру жатады. Қатынас дұрыстығын “иін” мәндері белгілі екі шаманың беттестірілуі