Файл: Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 345
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
36-сурет. рН шкаласының мемлекеттік эталоны
Эталондардың классификациясы 37-суретте көрсетілген.
Шама бірліктерінің эталондары. Эталондар
классификациясы
37-сурет. Өлшем бірліктерінің эталондары. Эталондардың классификациясы
Ттиесілігіне карай бойынша эталондар: халықаралық, мем- лекетаралық, және ұлттық эталондар болып бөлінеді.
Халықаралық эталон - ұлттық эталондардың бірліктерінің өлшемі бойынша беттестірудің (салыстыру) халықаралық негізі ретінде халықаралық келісім бойынша қабылданған эталон.
Халықаралық эталондарды Халықаралық өлшем мен салмақ бюросы (ХӨСБ) сақтайды және ұстайды.
ХӨСБ-ның ең маңызды мәндеті түрлі елдердің ірі метро- логиялық зертханаларының ұлттық эталондарын халықаралық эталондармен, сонымен қатар өзара беттестіру. Бұл халықаралық экономикалық байланыстарда айқындықты, дәлдікті және өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Беттестіруге СИ жүйесінің негізгі шамаларының этолондары, сонымен қатар туынды шама эталондары да жатады. Беттестіру мерзімдері белгіленген. Мысалы, метр мен килограмм этолондары әрбір 25 жылда, ал электрлік және жарық эталондары 3 жылда бір рет беттестіріледі.
Мемлекетаралық эталон — ТМД мүше мемлекеттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратындай дәлдікпен физикалық шама бірлігінің сақталуы және жаңғыртылуын қамтамасыз ететін, белгіленген тәртіппен бекітілген ТМД мемлекетаралық эталоны. Ол бірлік өлшемдерін ТМД елдеріне беру үшін қолданылады.
Мемлекетаралық эталондарды Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекетаралық Кеңес бекітеді.
Шама бірліктерінің мемлекетаралық эталондары Ресейде сақталады. Ресейдегі эталон базасының негізін мемлекетаралық алғашқы эталондар құрайды: метр, килограмм, секунд, ампер, кельвин және кандела сияқты негізгі физикалық шамалардың бірліктері.
Мемлекетаралық ұзындық бірлігінің алғашқы эталоны метр Д. И. Менделеев атындағы Санкт-Петербург қаласындағы метрология бойынша Жалпыресейлік ғылыми институтта жасал- ған және сақталады.
Масса бірлігінің мемлекетаралық эталоны килограмм - халықаралық килограмм эталонның №12 көшірмесі, ол платина- иридий қорытпадан жасалған. Эталон қателігі 2*10-9 аспайтын беттестірулерді (сличение) жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Масса бірлігінің эталоны да Д. И. Менделеев атындагы инсти- тутта орналасқан.
Уақыт бірлігінің мемлекетаралық эталоны Жалпыресейлік ғылыми зерттеу физика-техникалық және радиотехникалық өлшеулер институтында орналасқан. Уақыт бірлігін жаңғырту қателігі 5 • 10-14.
Тоқ күші бірлігінің мемлекетаралық эталоны ампер тұрақты электр кернеуі бірлігінің
эталоны вольт және электр кедергісі бірлігінің эталоны оммен бірге бірлікті кешенді түрде жаңғыртады. Олар Джозефсон мен Холл кванттық эффектілерін қолдануға негізделген. Амперді жаңғырту қателігі өлшеу диапозонына байланысты 5-10-2 дан 2-10-7 дейін болады. Бұл эталондар Д. И. Менделеев атындағы институтта сақталады.
Ұлттық эталон - мемлекет үшін бастапқы эталон ретінде ресми түрде қабылданған эталон.
Эталондар багыныштылыгына байланысты алғашқы, екінші және жұмыстық эталондар болып бөлінеді.
Алғашқы эталондар бірлікті жаңғыртады және (немесе) сақтайды, осы салада қол жеткізілген ең жоғарғы дәлдікпен олардың өлшемдерін береді.
Алғашқы эталондар бірлікті жаңғырту шартына байланысты арнайы алғашқы эталондар
болып бөлінеді.
Арнайы эталондар бірлік өлшемін алғашқы эталоннан қажетті дәлдікпен тікелей беруге мүмкіндік болмайтын жағдайларда бірліктерді жаңғыртады (жоғары және өте жоғары жиіліктер, кіші және үлкен энергиялар, қысым мен температура, заттардың ерекше күйлері және т.б.).
Алғашқы және арнайы эталондар мемлекет үшін бастапқы болып табылады және оларды мемлекеттік эталондар ретінде бекітеді.
Екінші эталондарды мынадай жағдайларда жасайды:
-
Бастапқы эталонды алдын ала тозудан сақтау үшін; -
Салыстырып-тексеру жұмыстарын қолайлы ұтымды ұйым- дастыру үшін; -
Эталондардың беттестірілуін қамтамасыз ету үшін; -
Бастапқы эталон жаңғыртатын бірліктің өзгермеуін бақылау үшін;
Қайталама эталондарына салыстыру эталондарын және кө- шірме эталондарды жатқызуға болады.
Салыстыру эталондары белгілі бір себептермен бір бірімен тікелей беттестіруге болмайтын эталондарды өзара беттестіруге арналған.
Көшірме эталондар бірлік өлшемін жұмыстық эталондарға беру үшін арналған.
Жұмыстық эталондар дәрежелерге бөлінеді және басқа бағынышты эталондарға өлшем бірлігін беру үшін және жұмыс- тық өлшеу құралдарын салыстырып тексеру үшін арналған.