Файл: Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 242
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Қазақстан Республикасының эталондық базасы өлшемнің әр түрлі салаларында жұмыс істейтін эталондардың жиынтығын білдіретін ел экономикасын метрологиялық қамтамасыз ету жүйесінің маңызды орталығы болып табылады.
Сондықтан да ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі бағыты республиканың өлшеу мүмкіндіктерін немесе өлшеу деңгейін анықтайтын болғандықтан эталондық базаны дайындау және жетілдіру болып табылады.
Ұлттық эталондар саны және түрлілігі елдегі өндіріс дамуы- ның жағдайын көрсетеді, мысалы, Оңтүстік Кореяда шамамен 80, Ресейде 120, Германияда 150 ұлттық эталондар, ҚР эталон және эталондық құрылғылардың 101 данасы қолданылады.
Заманауи эталондық базаның болуы ғылыми техникалық ынтымақтастық және сауда операциялары бойынша шетелдік әріптестердің елімізге деген сенімін жоғарылатады. Дамыған өндірістік әлем елдерімен тауар айырбастау жүргізуге және ҚР- дың халықаралық жүйеге интегрциялануына мүмкіндік береді.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етуде экономика салаларында қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған ҚР шама бірліктерінің эталондық базасын дайындау және жетілдіру үшін ҚР Үкіметі ұлттық эталондық базаны дамыту бағдарламаларын қабылдады, соған сәйкес келесі мемлекеттік эталондар да- йындалды және дамытылды: масса эталоны, ұзындық эталоны, рН шкаласының эталоны, меншіктік электр кедергісінің
эталоны, қалыңдық эталоны, тұтқырлық эталоны, аэродисперстік орта- дағы бөліктер концентрациясының массалық бірлігі және ұнтақ тәріздес материалдардың, аэрозольдер өлшемдерінің дисперстік эталоны, Холл кванттық эффектісінің негізіндегі электрлік ке- дергі эталоны, жылу өткізгіштік эталоны, жарық күшінің эталоны, түс координатының эталоны.
Әлемдік масштабта өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақса- тында әр елдің ұлттық эталондарын өзара салыстырады. Халықаралық салыстыруларға қатысу республикамызда алы- натын өлшеулер нәтижесіне іскерлік әріптестер мен шетел мемлекеттерінің санімділігін нығайтуға негіз болады, салыс- тырулар нәтижелері Халықаралық өлшем мен салмақ бюросының (ХӨСБ) мәліметтер базасында тіркеледі. ҚР өлшеу және калибрлеу мүмкіндіктері бойынша алғаш рет салыстырып тексеру нәтижелері 2010 жылы ХӨСБ сайтында (www.bipm.org) қаттылықты өлшеу саласында жарияланды.
Эталон бірлікті жаңғыртуға және (немесе) сақтауға, салыстырып тексеру сұлбасында төменірек тұрған басқа өлшеу құралдарына бірлік өлшемін беруге арналған, белгіленген тәртіппен эталон ретінде бекітілген өлшеу құралы (немесе өлшеу құралдарының кешені) болып табылады.
Физикалық шама бірлігін жаңғырту дегеніміз мемлекеттік бастапқы эталонның көмегімен физикалық шама бірлігінің материлизациялау бойынша операциялардың жиынтығы.
Эталон “тұрақтылық, жаңғыртылу және беттестірілу” қа- сиеттеріне ие болу керек.
Эталондардың бағыныштылығын сұлба ретінде көрсетуге болады (38-сурет).
38-сурет. Эталондардың бағыныштылығының сұлбасы
Мемлекеттік алғашқы және екінші эталондардың жиынтығы мемлекеттегі өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізі болып табылатын, мемлекеттің эталон базасын құрайды. Эталон базасының құрамына кіретін эталондар саны өндірістердің пайдалануынан, ғылыми және техникалық мүмкіндіктерге байланысты өзгереді. Әдетте уақыт өте келе эталондар саны өседі, ол әрқашан өлшеу әдістерінің дамуымен байланысты болады. Халықаралық жүйенің (SI) негізгі бірліктерінің жаңғыртылуы орталықтанған тәртіпте мемлекеттік эталондардың көмегімен жүзеге асырылады.
Эталон конструкциясы, оның қасиеті және бірлікті жаңғырту әдісі физикалық шаманың сипатымен және өлшеу техникасының даму деңгейімен анықталады. Физикалық шаманың эталондық мәнінің ұдайы жаңғырту үшін жеке және топтық эталондар, сонымен қатар жиынтық эталондарды қолданады және құрастырылады. Егер өлшемді бір алғашқы техникалық эталонмен жаңғырту қолайсыз болса, бұл жағдайда бірнеше алғашқы эталондарды жасайды.
Эталондарды ФШ бірліктерін сақтау үшін қолданады.
Бірлікті сақтау дегеніміз - белгілі бір өлшеу құралына сәйкес бірлік өлшемінің уақыт бойынша тұрақтылығын қамтамасыз ететін әрекеттер жиынтығы.
Бірлік өлшемін беру
тәртібін арнайы құжат - салыстырып тексеру сұлбасы белгілейді, ал іс-шараны салыстырып тексеру әдістемесінде тіркейді. Сұлба бойынша бірліктер өлшемі жо- ғары тұрған эталондық өлшеу құралдарынан бір саты төмен тұрған эталондық өлшеу құралдарына немесе жұмыстық өлшеу құралдарына беріледі.
Бірлік өлшемін беру - салыстырып тексеру (калибрлеу) кезінде салыстырып тексерілетін өлшеу құралының физикалық шама бірлігінің өлшемін эталон жаңғыртатын немесе сақтайтын бірлік өлшеміне келтіру.
Өлшеу құралдары үшін салыстырып-тексеру сұлбасы
(салыстырып тексеру сұлбасы) - бірлік өлшемін эталоннан жұмыстық өлшеу құралдарына беруге қатысатын өлшеу құралдарының бағыныштылығын белгілейтін құжат.
Салыстырып тексеру сұлбасының графикалық бөлігінің құрылымы 39-суретте көрсетілген.
39-сурет. Салыстырып тексеру сұлбасының жалпы құрылымы
Салыстырып-тексеру сұлбалары таралу ауқымына қарай мына түрлерге бөлінеді:
-
мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбалары; -
мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары; -
жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары.