Файл: Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 248
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Сапа көрсеткіштері квалиметрияларда өлшенетін және өлшенбейтін бола алады.
Өлшенетін сапа көрсеткіштері - мәндерімен өлшемдердің нәтижесінде анықталатын және сандық формада бейнеленетін көрсеткіштер.
Өлшенбейтін сапа көрсеткіштері сапалы сипаттамаларда өрнектеледі және сандық мәндерді алмайды.
Өлшемдер процестің элементі өлшемнің шкаласы болып табылады - ретке салған сандары немесе сапалық сипаттама- ларын шектелген қатар қалай қай бірмәнді сәйкестік олардың көрсетілгендігіне сәйкес өлшелетін белгілерімен құрады.
Өлшеу шкалалары реттік шкала, аралық кезеңдер шкаласы және қатынастар шкаласына жіктеледі.
Реттік шкалада ешқандай да математикалық операциялар анықталмаған. Ол (репер) деп аталатын тірек нүктелердің ретке алынған тізбегінен құралған. Таңбаланушы әріптермен, цифрлар немесе нышандармен және мөлшерлілерге Q0< Qi< Q2< Q3 ... Qn өздерінің өлшемдері бір жағынан белгісізден аз, бірақ кейінгісінің әрқайсысы туралы алдыңғысынан көбірек белгілі. Егер репер
нүктелерінің белгілері үшін цифрларды қолданылса, онда олар балл деп аталады. Белгілерді өз-өзіне қосуға немесе алып тастауға, болуге, көбейтуге болмайды.
Сонымен бірге, егер реттік шкала бойынша бір өлшем басқаларынан көп, соңғысы өз кезегінде үшіншіден көбірек болса, жәнеде бірінші өлшем үшінші өлшемнен көбірек болғанда, немесе екі өлшемнің ең болмағанда біреуі үшіншіден үлкен болса, онда олардың қосындысы да үшінші өлшемнен үлкен болады. Егер екі өлшемнің екеуі де үшінші өлшемнен кіші болса, онда олардың айырмасы үшінші өлшемнен аз болады. Бұл транзитивтіліктің қасиеттерін білдіреді, реттік шкалаларда логикалық операция (орындалады) анықталған.
Реттік шкалада бір репер нүктесіне сәйкес келетін (Q1 норма болып табылады) Ql-дің бір ғана өлшемімен салыстырғанда шешімдердің нұсқалары төмендегідей болады:
Q < Qi;
Q = Qi;
Q > Qi.
Көрсеткіштердің салыстырмалы мәндері есептеулерінің нә- тижелері бойынша келесі қорытындылар жасалады:
-
Бағаланатын өнімнің сапасының деңгейі негізгі үлгіден жоғары болады, егер егер Qi дің барлық мәндері 1-ге тең немесе 1-ден үлкен болады және де ең болмағанда бір мән бірлік мәннен үлкен болуы керек. -
Сапаның деңгейі негізгі үлгінің деңгейіне тең болады (егер барлық мән бірлікке тең болатын болса). -
Бағаланатын өнімнің сапасының деңгейі негізгі үлгінің деңгейінен төмен болады (егер барлық мән бірлікке тең немесе кіші болса, немесе ең болмағанда бір мәні бірліктен кіші болса).
Дәлірек және информациялық баға алу үшін салыстыру диаграммаларын СК(циклограмманы) салады, қайда анық көруге болады, қандай ПУ бойынша шешім қабылдау керек.
Репер нүктелеріне сәйкес келетін өлшемдер белгісіз, реттік шкаланың қандай масштабта екенін білуге болмайды. Реттік шкалалары барлық өлшеу шкалаларының ішіндегі ең мүлтіксіз, ең аз хабарландыратын шкалалар. Реттік шкала арқылы өлшенетін өлшемнің неге тең екенін анықтауға болмайды, және оның басқа өлшемнен қаншалықты аз немесе көп екенін де айту мүмкін емес. Алайда өлшеулік ақпараттарға жоғары талаптар қойылмайтын орындарда реттік шкалалары кең көлемде колданылады. Мысалы, өндірісте реттік шкаламен өлшеу үшін қалып қолданылады.
Квалиметрияда екі термин қолданылады: өлшем және
баға. Егер метрологияда өлшем бағаның жеке жағдайы ретінде қарастырлса, ал квалиметрияда олар екі жеке ұғымды сипаттайды. Квалиметрияда сандық бағамен өнім сапасының көрсеткішіне қаралатын өнімнің сапа көрсеткішінің қатынасының кейбір функциясы эталонмен қабылданған.
Мысалы, өнім үлгісінің тығыздығы 830 кг/м3. Егер негізгі сапаның көрсеткіші 900 кг/см2 болса. Онда баға 830/900=0,92 ды құрайды. Егер сапаның негізгі көрсеткіші 800 кг/см3
болса, онда сапаның бағасы керісінше жоғары болады: 830/800 = 1, 04.
Сапаның деңгейін кешенді бағалау әдісін қолдануда жалпылама сапа көрсеткіштерін (СК) ескереді.
Бағаның сараптамалық әдісі арқылы қарастырылатын сұрақтар маман сарапшылардан алынған пікірлердің ортақ шешімі болады.
Сапа көрсеткіштерінің сараптамалық өлшемдер әдісі тех- никалық құралдарды қолдану мүмкін емес болғанда немесе экономикалық ақтамаған жағдайларда колданылады. Мысалы, оны үнемі эргономиялық және эстетикалық көрсеткіштерді анықтауда қолданады. Сарапшылар барлық өлшеу шкалаларын қолданады, бірақ реттік шкала және аралық кезеңдер шкаласы (әсіресе, репер градицяның балдық жүйесімен) жиірек қолданы- лады.
Өлшеудің органолептикалық әдісінде сарапшы алғашқы өлшеу түрлендіргіштері ретінде - көз, дыбыс, иіс сезу қаблеті, сезу және дәм сезу мүшелерін қолданады. Органолептикалық әдіс судың сапасын айқындау, азық-түлік тауарлары, дәрігерлік тағайындау өнімдері ретінде кең таралды.
Сараптамалық әдіс квалиметрияда сапа көрсеткіштерін өлшеу үшін қолданылады, таразының коэффицентінің мәнін анықтау үшін қолданылады. Ол тек қана квалиметрияға тәуелді емес. Сараптамалық әдісті физикалық шамаларды өлшеу, дәрігерлікте (консилиумдар), өнерде (қазылар алқасы ), әлеуметтік саяси салаға (референдумдар), мемлекеттік және шаруашылық басқаруда (алқалық) қолданылады. Бірақ квалиметрияға қажеттіліктің негізінде бұл өлшем әдістері қатаң ғылыми негіз орнатты.
Сараптамалық әдіс қолданудың мақсатына және есептеріне тәуелсіз келесі шарттардың орындалуын қадағалайды:
-
сарапшылық баға тек қана сол мәселенің шешімі үшін нақты әдістерді қолдануға болмайтындай жағдайда шығарылуы керек. -
сарапшылық комиссияның жұмысында сарапшылардың пікірінің адалдығына ықпал ететін факторлар болмауы керек. Сарапшылардың пікірі тәуелсіз болуы тиіс. -
сарапшылардың алдына қойылған сұрақтар әртүрлі түсін- дірмеге жіберілмеуі қажет. -
сарапшыларда құзырлы сұрақтар болуы қажет. -
сарапшылардың саны болуы қажет. -
сарапшылардың жауаптары бірмәнді болуы және және оларды өңдеудің математикалық мүмкіндігін қамтамасызетуі керек.
Сарапшылық әдістің маңызды құрамы - сарапшылық ко- миссияның сапалы құрамы болып табылады. Сараптамалардың барлығы сауатты жүргізілуі, қарастырылған сұрақтар тәжірибелі
мамандармен жеткілікті мамандандырылған болуы керек. Олар- дың арнайы алдын-ала үйренуі және қажетті нұсқаулар жасауы пайдалы. Қортындылау кезеңінде сарапшылық топ тестілеу арқылы құрылады. Сарапшылардың бағасы, өз-өзін бағалау, олардың сенімділігін талдау және пікірлер сәйкестігіне тексеру жүргізіледі.
Тестілеу нақтыға ұқсас белгілі жауаптары бар (бірақ сарапшыларға белгілі емес) есептерді сарапшылардың шешуінен тұрады. Тестілеу нәтижелерінің негізінде сарапшылардың құ- зыреттілік және кәсіби жарамдылығын бекітіледі. Сарапшы- лардың өзін-өзі бағалауы олардың әрқайсыларының қатал шектелген уақыттағы арнайы сауалнаманың сұрақтарына жауап беруінен тұрады, соның нәтижесінде олар өздерінің кәсіби білімдері мен іскерлік қасиеттерін тез және қарапайым түрде тексере алады. Оларды бағалау әрбір сарапшының балдық жүйесі бойынша беріледі. Осындай бағалаудың бар әділдігін ескере отырып тәжірибе сарапшылардың өзін өзі бағалауының жоғары көрсеткіштері бар сараптық топтарының ең аз деңгейде қателесетінін көрсетеді. Аса көрсеткішті сарапшылардың бір бірлерін өзара бағалауы болып табылады (балдық жүйе бойынша). Ол үшін әрине олардың бірігіп жұмыс істеу тәжірибесі болуы керек.
Сарапшы жұмысының нәтижесі туралы ақпарат басқа сараптық топтарда болған кезде оның біліктілігінің шаты болып сенімділік көрсеткіші немесе деңгейі бола алады - кей жағдайларда сарапшының пікірі өзі қатысқан сараптамалардың жалпы санына сараптау нәтижелері мен сәйкес келіп жатады. Сарапшыларды таңдаудың бұл жолын пайдалану ақпараттың үлкен көлемінің жинақталуы мен талдауын қажет етеді, бірақ сараптамалық топтардың сапалы құрамын үздіксіз жетілдіру мүмкіндігін ашады.
Әрбір сарапшы метрологияның негізгі постулатына сәйкес кездейсоқ сан болып