Файл: Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 436
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңның күші Қазақстан Республикасының аумағында өлшем бірлігін қамтамасыз етуге байланысты қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік басқару ор- гандарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Осы Заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарын реттейді және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, әрі Қазақстан Республикасының экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға бағытталған.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарт- та осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2004 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан халықаралық тә- жірибеге өту мақсаттында стандартизация, метрология және сәйкестік бағасы саласындағы жұмыстарға байланысты ҚР Техникалық реттеу туралы заңын қабылдады.
Республикадағы метрологиялық қызметті негізгі заңнан басқа ҚР Үкіметінің 7 қаулысы, МТРК-нің 10 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 3 бұйрығы Қазақстан Республикасының Өл- шем бірлікті қамтамасыз ету төңірегіндегі нормативтік ба- засы, сонымен бірге ҚР мемлекеттік стандарттары (ҚР СТ), халықаралық және мемлекетаралық стандарттар (МЕМСТ және ИСО, ИСО/МЭК), әдістемелік нұсқаулар (МИ), басшылыққа алы- натын құжаттар (РД), МОЗМ бойынша (МР және МД) нұсқаулар және құжаттар, әдістемелік нұсқаулар (МУ) және тағы басқалар құрайды.
Өлшем бірлікті қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар - өлшем бірлікті қамтамасыз ету бойынша жағдай, нұсқау және басқа нормативтік және әдістемелік құжаттар жұмыстардың өткізуін реттейтін, анықтайтын талаптар.
Нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету ту- ралы заңнамасына сәйкес әзірленеді және оларды Қазақстан Республикасының аумағында меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар міндетті түрде қолдануға тиіс. Қазақстан Республикасының нормативтік қоры жүзден
аса мемлекеттік стандарттар және өлшем бірлікті қамтамасыз ету төңірегіндегі нормативтік құжаттарынан және 2000 нан аса мемлекетаралық деңгейдегі нормативтік құжаттарынан (ГОСТтар, әдістемелік нұсқау, ұсыныс, өлшеу құралдарының салысты- рып тексеру әдістемесі, өлшеулерді орындау әдістемесі) тұрады.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында Қазақстан Респу- бликасында өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің өзіндік базасы, өзара байланысқан халықаралық талаптарға сәйкес ережелердің және талаптардың кешені жаса- луда.
Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
Осы Заң нормаларының бұзылуына қатысты дауларды шешу.
Осы Заң нормаларының және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттардың бұзылуына байланыс- ты даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілік
Физикалық немесе заңды тұлға бұзушылықтары анықталған ретте ұйымдар жоғарыда көрсетілген шаралардан басқа:
-
лицензияның қолданысын тоқтата тұру; -
алты айдың сол мерзімге дейінгі тіркеудің аттестат пікірі; -
әкімшілік төлетулер; -
жауапкерді жазаға тарту үшін материалдарының сотқа берілуі сияқты шараларды қолдана алады.
Стандарттар мен техникалық шарттар талаптарын сақтамаған жағдайда, сертификаттау және метрологиялық бақылау ережелеріне бағынбаған жағдайда азаматтарға
бес пен он, лауа- зымды тұлғаларға елу мен жүз, ал заңды тұлғалар үшін екі жүзге дейінгі есептік көрсеткіштер өлшемінде айыппұл салынады.
Бақылау сұрақтары:
-
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаттары. -
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі. -
«Қазақстан метрология институтының» стандарттау мен метрология бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдармен байланысы. -
Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметтерінің негізгі міндеттері. -
Метрологиялық қызметтің заңды тұлғалары немесе олардың бөлімшелерінің негізгі қызметтері. -
Метрологиялық қызметтің физикалық тұлғаларының негізгі жұ- мыстары. -
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау нысандары. -
Техникалық бақылау түрлерінің классификациясы. -
Кірме бақылау және операциялық бақылаудың сипаттамасы. -
Метрологиялық қызметтің заңдық негіздері.
-
- Б Ө ЛІМ.
МЕТРОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ
ҚҰРЫЛЫМЫ
-
Метрология - өлшемдер туралы ғылым. Физикалық шамалар туралы ұғым
Метрология - өлшемдер туралы, олардың бірлігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары және тиісті дәлдікке жету тәсілдері туралы
ғылым. Метрология үш бөлімге бөлінеді: теориялық, заңнамалық және қолданбалы метрология.
Теориялық метрология - метрологияның іргелі негіздерін құру, өлшем бірліктерінің жүйесі, физикалық тұрақтыларды жа- сау, өлшеудің жаңа түрлерін әзірлеумен айналысатын метро- логияның бөлігі. Кейде «іргелі метрология» термині қолданылады.
Заңнамалық метрология - мемлекетте қолданылатын өл- шем бірліктері, өлшеу әдістері, құралдары мен зертханаларға қатысты мемлекеттік талаптарды белгілейтін метрологияның бөлігі. Заңнамалық метрология мемлекеттік метрологиялық қызмет, мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұл- ғалардың метрологиялық қызметтері, енгізілетін заңдар мен заңнамалық ережелер арқылы метрологиялық қызметті мем- лекеттік реттеу құралы қызметін атқарады. Заңнамалық мет- рологияға құралдардың түрлерін сынау мен бекіту, оларды тексеру мен калибрлеу, өлшеу құралдарын сертификаттау, өлшеу құралдарын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жатады. Метрологиялық ережелер мен заңнамалық метрологияның нормалары халықаралық ұйымдардың құжаттары мен ұста- нымдарына сәйкес теңдірілген. Бұл экономикалық және сауда байланыстарының дамуына жағдай туғызады және халықара- лық метрологиялық бірлескен қызметіндегі өзара түсіністікке эсер етеді.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 58
Тәжірибелік (қолданбалы) метрология теориялық метроло- гияның әзірлемелерін және заңнамалық метрологияның ереже- лерін қызметтің әртүрлі салаларында тәжірибеде қолданумен айналысады.
Өлшенетін шама мен оның өлшем бірлігі арасында қатынас болған кезде өлшеу жүргізусіз болатын практикалық қызметтің бірде-бір саласы жоқ.
Кез келген сараптама, болжау, жоспарлау, бақылау, реттеу кезінде шикізаттың, дайын өнімнің саны мен сапасы туралы дұ- рыс ақпарат, барлық өндірістік циклдің технологиялық опера- циясының жүргізілуі туралы ақпарат қажет. Бұл ақпарат әртүрлі физикалық шамаларды, көрсеткіштерді және өлшемдерді өл- шеу жолымен алынады.
Дұрыс, өлшенген, белгіленген дәлдікпен алынған ақпарат шешімнің дұрыс қабылдануын қамтамасыз етеді. Ал дұрыс емес ақпарат өнім сапасының төмендеуіне, апатқа, ғылыми-зерттеу кезінде қате қорытындыға, пайдалы қазбалар қорын қате бағалау- ға, сауда-коммерциялық операция кезінде қате өлшеу мен есеп- теуге алып келуі мүмкін.
Өлшеу жолдарының бірыңғайлығы ақпарат алмасуға, өлшеу құралдары мен әдістерін стандарттауға, халықаралық тауар ай- налымы жүйесінде өлшеу нәтижелері мен өнімді сынау нәти- желерінің өзара мойындалуына кепілдік береді.
Өлшеуді жүргізушілер, кәсіби метрологтардың барлығы алынған өлшем нәтижелерінің сенімді болғанын қалайды. Алынған өлшеу нәтижесінің сенімсіздігі адамды өлшеуді қайта жүргізуге, басқа зертханалар мен мамандардың көмегіне жүгінуге мәжбүр етеді.
Метрология саласындағы танымал авторлардың жұмысында «өлшеу ұқыпты жүргізілгенмен де, қандай да бір тура өлшейтін өлшем құралдарды қолданса да,