Файл: Басты шекаралары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 279

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Склет-сы:Ащы,мықын ішектердің соңғы бөлімдері омыртқаға бекиді.Ащы ішек бастапқы бөлімі:2 бел омыртқа деңгейінде орналасқан.Дене бітіміне сәйкес әртүрлі орналасады.Долихоморфтыларда-төмен 2-3 бел омыртқаларда,брахиоморфтыларда жоғарылау 1-2 бел омыртқа деңгейінде.Мықын ішек соңғы бөлігі бел омыртқаның мүйісті деңгейде болады.Бірақ,ол соқыр ішектің орналасуына сай өзгеріп отырады. Синт-сы:Бұл ішектер алдынан үлкен шажырқаймен жабылған.Оң жақта соқыр ішек,өрлемелі тоқ ішек сол жағында төмендегіш тоқ ішек пен сигма тәрізді ішек орналасқан.Жоғарыда,көлденең тоқ ішек шарбы майымен бірге орналасқан.Ащы ішек ілмектері артында париеталды ішпердемен бөлінеді.Ішперде артындағы мүшелерге:оң,сол бүйрек,құрсаты қолқа,төменгі қуыс вена жатады.Ішектердің ілмектері кіші жамбас қуысында ерлерде қуық пен тік ішек арасында орналасқан.Әйелдерде,жатыр жане оның қосымшаларының,тік ішек арасында орналасқан.

Ащы және мықын ішек ішпердемен интрапариетальды жабылған.Барлық деңгейде шарбы майлары болады.Осы шарбы май арқылы ащы ішек құрсақ қуысының артқы қабырғасына бекітіледі.Шарбы май түбірі 2 бел омыртқада 12 елі ішек илімінен басталады да,қиғаш жоғары төмен құрсақ қуысынның артқы қабырғасына солдан оңға қарай орналасқан.


Тоқ ішек-асқазан-ішек жолының соңғы бөлімі болып табылады.Мықын ішектің соқыр ішекке жалғасатын жерден басталады.3 бөлігі бар:соқыр ішек,айналмалы ішек,тік ішек. Соқыр ішек-Әр түрлі пішінде болатын ішек. Голотопиясы: Құрсқ қуысы төменгі қабатының төменгі оң жақ бөлігінде орналасқан.Көбіне үлкен жамбас қуысының оң жақ мықыны ойсында орналасып жатады.Әр адамда әртүрлі орналасатындықтани зіндік ерекшеліктері бар.Мыс,соқыр ішек мықын сүйегі қырынан жоғары,бауыр асытнда орналасады.ЕНді бірде,ішек кіші жамбас аймағында толықтай не жартылай орналасып жатады.Жасқа байланысты төмендей береді.Мыс,кәрі кісілерді қатты төменге түсу байқалады.Соқыр ішек- шап аймағында құрсақ алдыңғы қабырғасында кескінделеді.Ішек түбі шап байламының ортаңғы деңгейінде 4-5 см жоғары орналасқан.Ішек толатын болса,түбі төмен түсіпі,шат байламының ортасында кескінделуі көрінеді.Илеоцекальды қақпақшаның 8-10см шат байламы ортасында кескінделген.Соқыр ішек жоғары орналасқан жағдайда алдыңғы жоғарғы мықын қырын байланыстырушы сызық бойында орналасады. Синт-сы:Ішек артындағы мықын ойысында ішектен шандыр,жұқа ішперде артындағы клечатка,париеталды ішпердемен бөлінген мықын бел бұлшықеті орналасады.Соқыр ішектің ішкі жиегіне париетальды шандырмен жанасқан несепағар,мықын қантамарлары жатады.Жане,ішектің төмегі-ішкі беткі басқа да қуық,жатыр жане байламдарымен,оң жақ аналық безбен жанасуы да мүмкін.Соқыр ішек оң жақтан оң жақ бүйір өзекті шектей отырып,бүйір құрсақ қабырғасының париетальды ішпердесіне жанасады.Сол жақтан соқыр ішекті алдынан жабатын ащы ішек ілмектерімен жанасады.Соқыр ішек ішпердемен барлық жағынан,яғни интраперитонеальды жабылыған.Шажырқайы жоқ.

Склет-сы:Соқыр ішектің орналасуының бірнеше түрі бар:1)жоғарғыдан—II бел омыртқада 2) III сегізкөз омыртқасы децгейінде көбіне қарт адамдарда орналасады. 3) I сегізкөз омыртқасы түсында орналасуы көбіне ең жиі кездеседі. Кең кеуделі, тар жамбасты адамдарда соқыр ішек жоғары,ал керсінше жағдайларда төмен орналасады.Айналмалы ішек-4 бөліктен тұрады:өрлемелі,көлденең,төмендемелі,сигма тәрізді ішек. Голт-сы: Төменгі қабатта,тоқ ішек қуысында орналасқан.Оң жақ шекарасында-өрлемелі бөлігі,жоғары шекарасында көлденең тоқ ішек,сол шекрасында-төмендеген тоқ ішек,сигма тәрізді ішек ораналасады.Іш-қуысның алдыңғы-бүйі қабырғасында тоқ ішектің жоғалаған бөлігі оң жақ бүйір аймақта оналасады.Көлденең тоқ ішек-кіндік пен қабырғаастылық аймақта кескінделеді.Ал,төмендеуші тоқ ішек сол жақ бүйір аймақта кескінделген.Сол жақ шат аймағында сигма тәрізді ішек.Оң,сол қабырғаастылық аймақта оң,сол жақ индері кескінделеді. Слект-сы:Соқыр ішек 5 бел омыртқа деңгейінде өрлемелі айналмалы ішекке өтеді.Тоқ ішектің оң иіні 11 кеуде омыртқасынан 5 бел омыртқа деңгейінде орналасса,жиірек 1-2 бел омыртқа деңгейінде орналасып жатады.Сол жақ иіні 9 кеуде омыртқасынан 3 бел омыртқа деңгейінде көп жағдайда 10-12 кеуде омыртқалар деңгейінде орналасқан. Синт-сы:Өрлемелі мен айналмалы ішек алдынан өтеді:ащы ішек ілмектері,мықын ішек,үлкен шарбы майы.Артынана ішпердемен жабылмайды тисінше ішперартылық мүшелер шектеседі.Олар:тоқ ішек маңы талшығы,оң жақ бүйрек,оң жақ несепағар.Тоқ ішек оң иіні алдында бауырдың оң жақ бөлігінің төменгі жиегі жатса,артында-оң жақ бүйрек жоғары шеті жатады.Өт қабы ішектің алдыңғы жане медиалды бетінде жатады. Көлденең жиектік ішек-оң жақ иіні өт қабы мен бауырдың оқ жақ бөлігіне жанасып орналасқан.Сол жақ иіні асқазанның үлкен иіні мен көкбауырмен байланысты көкет-тоқ ішек байламына бекінеді.Көлденең ішектің шажырқайы түбірі сол жақ бүйрек пен ұйқы безін,12 елі ішектің төмендеуші бөлігін кесіп өтеді.Тоқ ішектің сол жақ иіні алдынанан мын мүшелер орналасқан.Олар:асқазан денесі,сол жақ бауырдың бөлгі,құрсақ қабырғасы.Артынан мына мүшелер:сол жақ бүйрек,диафрагма аяқшасы,ұйқы безі құйрығы;Жоағарыдан жане сол жақтан көкбауыр орналасады.

Төмендемелі жиек ішек-алдында: жіңішке ішек тұзақтары мен үлкен шарбы май қабаты,ішперде артындағы ұлпа мен құрсақішілік шындыр,құрсақтың артындағы бұлшықеттері орналасады.Сыртында:сол жақ бүйрек өзегі,ішкі жағында-сол жақ шашырқай қуысы орналасқан.

Сигма тәрізді ішек-артынан басталатын мықындық бөлігі мен шектеледі.Яғни, дәлірек мықын бұлшықеттері мен сыртқы мықын тамырларымен шектеседі.Белдік бөлігі-бел шаршы бұлшықетімен шектесіп,төменге қарай ішек шекаралық сызықтан өтіп жамбастық бөлігі,кіші жамбас қуысына өтеді.Төменгі бөлігі,яғни сегізкөздік бөлігі тік ішекте өтеді.

Тік ішек - тоқ ішектің соңғы бөлігі. Оның ұзындығы 15 см, ал диаметрі 2,5-тен 7,5 см-ге дейін.Қызметі нәжістің жиналуы және шығарылуы. Голотопия: тік ішек кіші жамбаста орналасқан. Синтопия: артында сегізкөз сүйегі және құйымшақ аралығанда; ерлерле алдында несепқуық, қуық асты безі мен шәуетпен шектессе,әйелдерде жатыр мен қынап.Тік ішектің екі илімі бар:сакральды иілу, flexura sacralis, ол сакрум ойыстығына сәйкес келеді;перинальды иілу, flexura perinealis, перинэяда орналасқан және дөңес алға бағытталған. Тоқ ішектің байлам аппараты мен ішпердеге қатынасы: Өрлемелі,төмендемелі ішекnер ішпердемен мезоперитонеальды жабылады.Артқы қабырғасы ішпердемен жабылмайды,яғни олар ішпердеартылық кеңістікке жатады.Кейде,бұл ішектер интраперитонеальды жабылады,жане шажырқайлары да болады.ішпердемен:оң жақ иіні-интра не мезопаритонеальды,сол жақ иіні-интрапериотенальды,кейде мезоперитонеальды жабылуы мүмкін.Шажырқайы бар.Көлденең,сигма секілді ішек шажырақайы болады да ішпердемен интраперитонеалды жабылады. Асқазан-жиектік,сол жақ көкет-айналмалы ішек байламдары айналмалы ішектің ең негізгі ішперделік байламдары болып келеді.Асқазан-айналмалы байлам басталады-асзанның үлкен иінінен.Ол,ары қарай көлденең айналмалы ішектің шарбылық таспасына бекініп жатады.Сол жақ көкет-айналмалы ішек байлам басталады:көкеттің сол жақ бөлігінен.Кейін,жиек ішектің сол жақ иініне бекиді.

Бүйрек- Голт-сы:Ішперде артында оымртқа жотасының екі жағындағы кеңістікте орналасады.Екі жақтағы бүйрек көлденең осьте жоғарыда 15-30гр бұрыш жасай орналасқан.Сондықтан,оң,сол бүйрек жоғарғы полюстары арақашықтық бойынша төменгі полюстармен салыстырғанда төменірек. Бүйрек-артынан бел аймағына алдынан-алдыңғы ішперде қабырғасы шап аймағына,сол мен оң жақ қабырғаастылық аймақта орналасқан.Оң жақ бүйрек солдан төмендеу орналасқан.Төменгі полюстары оң бүйірілік,кіндік аймақта орналасады. Склет-сы:Бүйректер жалпы омыртқа жотасы бойынша 12 кеуде,1,2 кей жағдайда 3 бел омыртқа деңгейінде орналасады.Бүйрек қақпасы:1 бел омыртқа не 1,2 бел омыртқалары дискісі деңгейінде орналасады.Сол жақ бүйректі ортасынан,оң жақ бүйректі жоғарғы,ортаңғы 3\1 беткейінде 12 қабырға қиып өтеді.Сол жақ бүйрек полюсі-11 қабырғада,оң жақ бұйрек 11,12 қабырға аралығында орналасқан. Синт-сы:Жалпы,бүйректер айналасындағы қоршаған мүшелерден майлы шандырлы капсуламен бөлінсе,алдынан-париетальды ішпердемен бөлінген.Екі бүйрек артынан диафргаманың бел бөлімімен,шаршы бұлшықетпен,іштік тік бұлшықетінің апоневрозымен қиысуы болады.Ішкі жағынан-үлкен бел бұлшықетімен қиысады.Екі бүйректің жоғары полюсіне бүйректен майлы клечатка арқылы ажыратылп тұратын бүйрек үсті безі сәйкес келеді.Алдынан оң жақ бүйрек сәйкес келеді:бауырдың оң жақ бөлігіне, 12 елі ішек төмендеген,өрлемелі бөлігіне,жиекті ішектің оң жақ иініне. Сол жақ бүйрек алдынан жабылады:асқазанмен,ұйқы безі құйрығымен,жіңішке ішек ілмектерімен,тоқ ішектің сол жақ иілімімен.Оң жақ бүйректің қақпасы маңайында орналасады.төменгі қуыс вена,12 елі ішек төмендеуші бөілігі.Сол жақ бүйректе:іш перделік аорта орналасқан.Бүйректің қақпасы құрылымдарының топогрф-лық анатомиясын:бүйректік вена,бүйректік артерия,бүйректік түбекше соңы мен несепағар бастамы құрайды. Қос бүйректе ішпердемен экстрапариетальды жабылады.Париетальды ішпердемен тек оң,сол бүйректердің алдыңғы бетін жабады.Ішперде алдыңғы бетінен өте отырып мүшелерді айналып,ішперделік байламдарды құрайды.Оң жақ бүйректе-бауырлық,12 елі ішектік байламды құраса,сол жақта-көкбауыр-бүйректік байлам болып табылады. Несепағарлар- омыртқа жотасында одан 2-3см қашықтықта орналасқан.Практикада 4 бөлігін қарастырамыз:1)басталған жерінен бүйректің төменгі ұшына дейін. 2)-і бөлігі — бүйректің төменгі ұшынан шекаралық сызыққа дейін; 3)-ші — шекаралық сызықтан, несепағардың жатыр артериясын қиып өтетін жеріне дейін (ерлерде, ол ұрық бауы өзегін қиып өтетін жерге дейін); 4)-ші жоғары да көрсетілген жерден қуық қабырғасына дейін.

Скелетотопиясы: Ішперде артындағы кеңістікте бел омыртқа қапталынан 2 —3 см жерде орналасқан.Несепағарлар іштің артқы қабырғасына омыртқалардың көлденең өсіндісінің ұштарын қосатын тік сызықта проекцияланады.Несепағардың құрсақ ішінен жамбас бөліміне өтетін жері lin.bispinalis-тің қасаға төмпегінен жүргізілген вертикалды сызықпен қиылысатын жерінде проекцияланады.Несепағарда үш тарылымын ажыратамыз: бірінш ісі — басталар жерінде, екінш ісі vasa іlаса-мен қиылысқан жерде, 3-ші қуық ңабырғасында. Бұл тарылатны жрелер арасында кеңейген бөлімдер де болады. Синтопиясы: Несепағар алдынан іш перденің париеталды жапырағы мен f.preremnalis-пен, ал артынан f. retrorenalis-тің жалғасы f.f. retronreterinae жабылған. Несепағардың артын және бүйірін бүйрек маңы майының жалғасы paraureterium қоршшайды Несепағардың алды ңғы беті f.prerenalis-пен тығыз жанасқан. , ал ол іш перденің париеталды жапырағына жабысады.Несепағар алдыңғы жағынан vasa spermatica inf-мен қиылысып өтсе,әйелдерде vasa ovarica-дан өтеді.Оң жақ несепағардан медиалды-төменгі қуыс венасы, латералды — colon ascendensтің ішкі қыры, алдынан—pars descendens duodeni мен жіңішке ішіек шажырайының түбірі орналасады. Төменгі жағында ішперде және несепағар арасында vasa iliocolica,colica dextra et vasa spermatica өтеді.Сол жақ несепағардан медиалды-аорта жатады , латералды — colon descendens, алдында — париеталды іш перде мен сигма тәрізді ішек шжырақайының түбі орналассады.Несепағар-мықын тамырларын қиып өтетін жерлерінде адвентцияяға бекиді Тисінше,осы араларда беку нүктелері пайда болады. Шекаралық сызық деңгейінде несепағарлар аналық без тамырларымен қиылысады, содан кейін олардан бүйірлік өтеді. Несепағарлар жатырдың кең байламдары арасында, жатыр байламдарымен іргелес жатқан кіші жамбасқа түседі. Шамамен, несепағарлар жатыр мойнынан 2-3 см латеральды жатырдың кардинальды байламдары арқылы өтеді және төменнен жатыр тамырларын кесіп өтеді.

Жатыр-Кіші жамбастың алдыңғы жағындағы қуық пен артқы жағындағы тік ішектің арасында орналасқан қуыс бұлшықетті мүше. Кігші жамбастың ішастар бөлігінде орнласып,ішастар қуықтан жатырға,тік ішкке өткен тұста екі кеңістік пайда болады.Олар:қуық-жатыр н\е алдыңғы,артқы н\е тікішек-жатыр.Соңғы кеңстікте-ішек ілмектері,қан,экссудат жиналуы мүмкін.Жатырда ішастар өтетін жерінде бұлшықетті-фиброзды будадан тұратын сегізкөз-жатыр байламдары болады.Фронталды жазықтықта ішастар жатырдың жалпақ байламдарыни құрайды.Бұл,байламның бос жиектерінде жатыр қосалқылары,түтіктері орналасқан.Жатыр жалпақ байламныңы жапырақшасы осы жұмыр байламды жауып жатады.Кең байлам жапырағына жатыр аналық без шажырақай арқылы бекиді.Әйелде жатыр мойны бүйірлерінде шелмай кеңістік орнласады.Бұл кеңістік,тік ішектің шелмайынан ішастар шат апоневрозымен бөлініп жатырдың кең байламының арасынадағы шелмайға жалғасады.Жатырмаңы қуық жан кеңістігінен шандыр табақшамен бөлінген.Осы кіші жамбасының шелмай кеңісігінде қабыну процессі жамбас сыртындағы көптеген шандыр саңылауларында іріңге айналып кетуі мүмкін.Қабынуға көбіне вена өрімдері қосылып,қабыну лима арқылы тарала алады. Жатыр бекітуші аппарттары-Жамбас париетальды,вицеральды шаныдырлармен тығыз байланыста болатын байламдармен жүзеге асады.Бұларға:сегізкөз-жатыр,қасаға-қуық,қуық-жатыр байламдарын жатқызамыз.Тірек аппаратына жатырдың,жамбас түбі бұлшықеттері мен шындырларын айтсақ болады.Жатырды ұстап тұрушы негізгі аппараттар жатырдың жалпақ,жұмыр байламдары болып келеді.

Көкет Голотопиясы: Кеуде және іш қуысы арасында перде тәрізді кеуде қуысының төменгі бөлігінде орналасады. Синтопиясы: Көкет кеуде қуысы жақтан өкпемен және көкіреаралық мүшелермен байланысады. Құрсақ қуысы жақтан көкеттің оң жақ күмбезі жақта бауыр жатады, сол жақ күмбезі жақта- асқазан түбімен, қабырғалық бөлігінде- көкбауырмен жанасады. Бел аймағы жақтан бүйрек үсті және ішперде арты клечаткамен шектеледі. Склетотопиясы: Көкеттің бұлшық еті 3 бөліктен тұрады. Төстік бөлігі төстің семсер тәрізді өсіндіснен,қабырғалық бөлігі- 7-12 қабырғалардың ішкі бетінен,белдік бөлігі -2-4 бел омыртқадың алдыңғы сыртқы бетінен басталады.Көкеттің оң жақ күмбезі 4 қабырға деңгейіне, сол жақ 5 қабырға деңгейіне сәйкес келеді. Іш пердемен жабылуы: мезопериотенальды. Көкеттің бел аймағының бұлшықеттік талшықтары үш аяқшадан тұрады:ішкі, ортаңғы және сыртқы .Көкеттің оң және сол жақ аяқшалары омыртқамен бірігіп, сопақша пішіндегі тесікті hiatus aorticus түзеді.Ол арқылы қолқа және кеуделік өзек өтеді, осы тесіктен жоғарғы және алдына қарай оң жақ ішкі аяқшаның талшықтары арасындағы тағы бір саңылау тәрізді тесік болады және одан өңеш пен кезбе нерв өтеді. Көкеттің ортаңғы және ішікі аяқшаларының арасынан тсеік арқылы оң жағынан тақ вена және сол жақтан жартылай ттақ ввена өтеді. Ортаңғы және сыртқы аяқшалар арасынан симпатикалық нервтің шекаралаық бағанасы өтеді.

Көкеттің бұлышқеттері радиальды бағытта бірігіп, сіңірлік бөлігіне ауысып, оң жақ бөлігінде сопақ тесік арқылы төменгі қуыс венамен оң жақ көкеттік нерв өтеді.Көкеттіің төс қабырғалық бөліктер арасында төстің семсер тәрізді өсіндіснен солға жаққа қарай ЛАРРЕЙ ұшбұрышы арқылы a.thoracica interna өтеді. Көкеттің бел және қабырғалық бөліктері арасында БОХДАЛЕКА ұшбұршы орналасады.Бұл ұшбұрыш төменнен ішпердемен жабылмаған,бүйректің майлы қапшығы мен бүйрек үсті безі жанасады.