Файл: Басты шекаралары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 268

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Аяқ басының сыртыТерісі жұқа. Тері астындағы шелді май аз. Аяқ тері астындағы кішкен венасы және аяқтың үлкен теріасты венасының веналық торлары бар. Теріні nn. peroneus superficialis, suralis, saphenus, peroneus profundus тармақтары нервтейді.

Меншікті фасция астында бармақтардың ұзын жазғыштары, қысқа жазғыштарының сіңірлері және a. dorsalis pedis бағаны (алдыңғы үлкен жіліншік артериясының жалғасы ) өтеді. Меншікті шандыр жіліншік фасциясының жалғасы. Ол сіңірлер мен қантамыр — нервтерге қынап түзейді. Бармақтардың ұзын жазғыштарының әрбір сіңірі өз қынабында жазғыштар сіңірлерінің төменгі бекітушісінің астынан өтеді: алдыңғы үлкен жіліншік бұлшықетінің сіңірі медиалды сына тәрізді сүйекке және I табан сүйегіне бекиді — басқа сіңірлер бармаңтардың бунақтарына барады Аяқ ұшы үстінің қантамыр-нерв шоғыры a. dorsalis pedis, n. peroneus profundus-тан түрады. Артерия үлкен бақайдың ұзын жазғышы сіңірінің сыртынан өтеді.

ТабанТері қалың, нығыздалған. Тері асты май үлпасы жақсы дамыған, фиброзды талшықтар арқылы табан апоневрозымен қосылған. Табан апоневрозы өкше төмпегі мен башпайлар арасын қосып түрады. Табан сүйектерінің басы деңгейінде, апоневроздың ұзына бойлы және көлденең талшықтары комиссуралық тесіктер құрайды. Апоневроз астындағы кеңістікте, бұлшықеттер орналасңан 4 құндаұ бар. Тереңдегісінде сүйек аралық бұлшықеттер жатады . Қалған үшеуі —беткейліктер, бір-бірінен екі ұзына бойлық перделермен болінген:

--медиалды апоневроз астындағы қүндақта бас бармақтың ұзын бүккішінің сіңірі жатады ; — латералды құндақта V бармақ бқлшықеттері жатады ; — ортаңғы апоневроз астылық құндақта құрт тәрізді бұлшықеттер ж әне m. adductor hallucis орналасады.

Латералды және медиалды құндақтар шектелген. Ортаңғы құндақ жіліншіктің терең құндағымен үш өзек арқылы байланысады: — ортаңғы құндақпен табан өзегі тікелей байланысты; — табан өзегі медиалды тобың өзегіне өтеді; — тобың өзегі сирақтың артындағы тереңдегі құндақпен байланысады.Табан өзегі тілерсектің тереңдегі қабаттарында орналасқан. Табан өзегінің қабырғалары : қапталдарынан-латералды және медиалды шандырлы перделермен; жоғарыдан — табанның ұзын байламымен; төменнен — табанның тереңдегі шандырымен. Өзектің қүрамы : 1) табанның шаршы бұлшыңеті (т. guadratus plantae); 2) башпайлардың және үлкен башпайдың ұзын бүккіш терінің сіңірлері; 3) табанның қантамыр-нерв шоғырлары.Табанның қантамырлары медиалды және латералды табан артерияларынан тұрады. Олар аттас нервтерімен бірге жүреді (үлкен жіліншік нервінің тармаңтары). V табан сүйегі негізінде табан артериялары табан доғасын (arcus plantaris) құрайды. Доғадан табан сүйектері мен
табан артериялары басталады

Бақайлар Бақайлар үстіндегі тері жұқа, табан бетінде-қалың, томпайған. Үстіндегі апоневрозда жазғыштар сіңірлерінің латералды бөлігі соңғы бунақтардың негізіне, ортаңғы бөліктері — ортаңғы бақай негізіне бекиді. Ұзын бүккіш сіңірі соңғы бунақтар негізіне бекіген. Қысқа бүккіштер сіңірі ортаңғы бунақтар негізіне бекиді. Әр бақай бүккіштер сіңірі синовиалды қынаппен қоршалған. Барлық бақайларда бүккіштер сіңірінің синовиалды қынаптары , табан сүйектері басында тұйық аяқталады . Қантамыр және нервтер бақайлардың үстінде және табан беттерінде өтеді. Табан бетіндегі тамырлар диаметрі үстіңгісінен үлкендеу. Аяқ ұшы үстінің медиалды 3,5 бармаңтары — n. peroneus superficialis-тен, ал латералды 1,5 бармақтарға — n. suralis-тен тарайды. Табанда медиалды 3,5 бақай үшін — n.plantaris medialis-тен, ал латералды 1,5 бақай үшін — n. lateralis-тен нервтер келеді.

Тақым шұңқыры

Майлы ұлпа шұңқырды толтырып тұрады және осы жерде өтетін тамыр-нерв шоғырын қоршайды . Шонданай нерв бойымен келетін шелді май саңылау арқылы, санның артқы аймағымен байланысады. Сан тамырлары hiatus adductorius бойымен, санның алдыңғы аймағымен, төменгі жағында камбала тәрізді бұлшықеті сіңірлік доғасымен түзілген тесік арқылы , үлкен жіліншік нервінің бойымен балтырдың тереңдегі майлы шелімен байланысады . Тізе астылық шұңқырдың түбін сан сүйегінің эпифизінің артқы бетіндегі үш бұрыш тәрізді алаңша құрайды . Тақымның қиғаш байламы — қиғаш жоғары қарай бағытталып, буын қапшығының артқы қабырғасының латералды бетімен жүретін байлам.Т амырлары мен нервтері. Тақым артериясы (a. poplitea) — сан артериясының (a. femoralis) ж алғасы , балтырға тізе-тақым өзегі (canalis cruropopliteus) арқылы өтеді. Тақым шұңқырында артериядан бұлшықетке және буынға бұтақтар шығады:1) тізенің жоғарғы медиалды артериясы (a. genus superior medialis) — m. adductorius сіңірінің астымен жүреді;

2) тізенің жоғарғы латералды артериясы (a. genus superior lateralis) — екі басты бұлшықет сіңірінің астымен жүреді;

3) тізенің ортаңғы артериясы (a. genus media) — тізе бүгілісі тұсында шығып, буынға кіріп, айқасқан байламға тармақталады;

4) тізенің төменгі медиалды артериясы (a. genus inferior m edialis)— epicondulys medialis tibia және үлкен жіліншіктің коллатералды байламы (lig. collaterale tibiale) бойымен жүреді 5) тізенің төменгі латералды артериясы (a. genus inferior lateralis)— m.gastrocnemius-тің латералды басының, екі басты бұлшықет сіңірінің және кіші жіліншік коллатералды байламының (lig. collaterale fibulare) астымен ж үреді



Көмей және кеңірдек

Көмей(larynx) 4 мойын омыртқасында орналасқан 9 шеміршектен тұратын сақина сияқты шеміршек.Олар:

-қалқанша тәрізді -2 жапырақшасы және артқы жоғарғы артқы төменгі мұйізшелері болады;

-Жүзік тәрізді- бұл қаоқанша шеміршектен төмен орналасап, оның аралары жүзік – қалқанша байламымен жалғастырылған;

-Жұп ожау- қалқанша шемірешктің артына бекінеді. Оның негізін және төбесін ажыратады. Негізінде артқы және сыртқы жұзік ожау тірңздң бұлшықеттер бекінетін – бұлшықеттеік, дауыс жалғамасы бекінетін – дауыстық өсінділер болады. Егер көмей жоғарласа оның тесігі жұтыну барысында жұтқыншақ үстілікпен бекітіледі.

-және көмей үстілік шеміршектерден тұрады.

Көмейдің склетопиясы: ол 5 мойын омыртқаның жоғарғы жиегінен 6 мойын омыртқаның төменгі жиегіне дейіін аралықты қамтиды. Балаларжа кеңірдек 3 моййын омыртқаның жоғарғы жиегіне бағытталса, ал ересектерде жоғарғы диегі 6 мойын оымртқаны қамтиды. Кеңірдек адамның басының қозғалысына байланысты қалпынан өзгеруі мүмкін,мысалы тілді шығарған уақытта кеңірдек быршама жоғарлайды.Синтопия: Жоғарғы жағында ол Қалқанша безінің мембранасынарқылы, тіласты сүйекке бекінсе, төменгі жағында трахеяға байламдармен байланысады.Алдыңғы жағынан көмей өзінің терең фасциясымен жаыблса, артынан жұтқыншақтың көмей бөлігімен, ал бүйірлерінде және мойынның тамырлы-жүйке байламдары (жалпы ұйқы артериясы, ішкі мойын венасы, вагус нерві) шектеледі.Голотопия: мойын аймағында орналасқан
Кеңірдек(trachea): 15-20 шеміршектен тұратын жартылай сақианлы түтік.Кеңірдектің қзындығы мен ені адамның жасына жалпы дене бітіміне байланысты болып келеді.Кеңірдек мойындық және кеуделік болып бөлінеді.


Склетопия: кеңірдек 6 мойын омыртқаның төменгі жиегінен басталып, 2 кеуде омыртқаның төменгі жиегіне дейін аралықта орналасады. МОйындық мен кеуделіктің арасында шекара кеуде талшығының жоғарғы аппертурасы ретінде саналады.

Синтопия:Мойындық бөлігі :кеңірдектің мойын бөлігінің алдыңғы бөлігінде және бүйірнде қалқанша безі, артына өңеш орналасқан. Өңеш борпылдақ клетчаткамен бөлініп орналасады. Кеңірдектің жоғарғы шемәршектері қалқанша безінің қылтасымен жабылса, төменгі бөлігі төменгі қалқанша вена мен тақ қалқанша веналаық өрім орналасқан.

Кеуделік: кеуделік бөлігінің артында өңеш, алдында 4 омыртқа деңгейіндегі қолқа жоғасы орналасқан. Қолқа доғасының үстінгі жағында айырша без немесе майлы клетчватка орналасқан. Еңірдектің оң жағын оңға және алға қарай орналасқан иық- бас бағана жабса, сол жақ бөілігін көмейлік нерв, және жоғарырақ сол жақ жалпы ұйқы артериясы орналасқан. Осы шетте оңға және солға бөлінген жерінде ,төменірек лимфа түйіндері орналасқан.

Балаларда кеңірдектің алдында үлкен айырща без орналасады, ол кішкентай сабилерде ққалқанша безінің төменгі жиегіне дейін көтеріледі. Қалқанша безінің бйүйір бөліктері қалқанша шеміршегінің жоғарғы жиегіне ,ал төменде кеңірдектің 8-10 сақиналарына дейін жетеді. Жаңа туылған сабилерде қалқанша безінңі қылтасы кеңірдектің деңгейімне жанасып, жоғарырақ орналасады. Бқның жоғарғы жағы көмейдің сақина тәрізді шемршегімен, төменгі жағы кеңірдектін 5-8 сақиналарыымен шектеседі.

Голотопия: ол мойын аймағында және кеуде аймағында орналасқан.

ЖҰТҚЫНШАҚОл 6 мойын омыртқасынан бастау алып, өеншке өтетін жерге дейін созылып жатады. Айта кететін болсақ оның 3 бөлімі бар. Олар: Жұтқыншақтың жоғарғы бөлімі+ мұрын жұтқыншақ ,негізгі бастан таңдайдың каттысына дейін;Жұтқыншақтың орртаңғы – ауыз бөлігі деп атаайды, қатты тандайдан тіласты сүйкке дейін; Төменгі бөлімі- оны көмейлік бөлім деп атайды, өңешке қтетін орынға дейін; Голотопия: жұтқыншақ мойын бөлігінде орналасқан.Скелетотопия: бас сүйегінің түбінен басталады және VI - VII мойын омыртқаларының деңгейіне дейін барады.Синтопия :алдынан – мұрын қуысы, ауыз қуысы, көмей;артынан- омыртқа алды фасциямен абылатын мойынның ұзын бұлшықеттерң мен омыртқа денесімен, бүйірнен-ұйқы артериясы, мойын венасы, кезбе жүйкесі

Жұтқыншақтың көмейге ауысатын жерінде бүйір қаыбрғалары мен көмей шеміршектері арасында алмұрт тәрізді қалта оррналасақн, соның астында оң және сол жақтағы жоғарғы көмей нервтері орналасқан.Ал жұтқыншақтың жоғарғы бөліктерінде жұқыншақ маңы кеңістік орналасады;


Өнеш-үш бөлімнен ажыратады – мойын ,кеуде, және құрсаттық склетопиясы

Өнештін ұзындығы 25 см ,Өнештің қозғалуы вертикалды және бүйірге бағытталуы мүмкін .Өнеш тек бастапқы бөлімімен көкет бөлігінде бекітілген. Төменгі шекарасы –төстің мойындырық ойығына дейін жетеді.Өнештің синтопиясы-өңештін басталар жері –жүзік тәрізді шеміршіктің артында жатады. Әрі қарай ол мойын бөлігі болып кеңірдектің артындажатады. Мойын аймағында өңеш ортаңғы сызықтан солға қарай иіліп ,кеңірдек –өңеш жүлгісін түзейді.Онда сол жақ қайтарма нерв пен лимфатикалық түйіндер жатады. Оң жақтағы аттас нерв кеңірдек артында өңештін қаптал беткейінде ораласқан.Өңеш артында бесінші фасция астында мойынның ұзын бұлшықеттері орналассқан. Өнештін артында төртінші және бесінші фасция арасындағы кеңістікте май шелі орналасқан . Кеністік жоғарыда жұтқыншақ артына ал төменде артқы кеуде аралығының май шеліне жалғасады. Өнештін бастапқы бөліміне қалқанша без қапталының төменгі ұшы жанасады. Бездің сол жақ қапталы өнештің артқы бетіне қарай созылуы мүмкін.

Голотопия: мойын, кеуде және құрсақ қуысында орналасқанСкелетотопия: VI-VII мойын омыртқаларының деңгейінен басталып, XI кеуде омыртқасының деңгейінде аяқталады.Синтопия: Топографиясы бойынша өңеште үш бөлім бөлінеді:

мойын аймағы, ол VI-VII мойын омыртқалары деңгейінде басталып, трахеяның артында орналасқан I-II кеуде омыртқалары деңгейінде аяқталады. Бұл бөліктің ұзындығы шамамен 5 см.

кеуде аймағы, ең ұзын (15-18 см), кеуде омыртқаларының алдында орналасқан диафрагманың өңеш тесігіне кіру нүктесінде, X–XI омыртқалар деңгейінде аяқталады. Бастапқыда ол қолқаның кеуде бөлігінің оң жағында және артында орналасады, ал тікелей диафрагманың үстінде оның алдында және сол жағында жатыр.

абдоминальды бөлім, бұл ең қысқа, оның ұзындығы 1-3 см, диафрагманың астында орналасқан, бауырдың сол жақ бөлігімен жабылған және асқазанға өту нүктесінде аздап кеңейеді.

Өкпе-тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі . Ол кеуде қуысынында өкпеқапты ішінде 2 жұп мүше .Өкпенің сыртқы пішіні кесілген конустәрізді ,екі өкпенің өкпе ұшы өкпе негізі ажыратылады.Әрбір қкпенің ішкі жағындағы ортаңғы бөлікке жақын орналасқан жұмыр болады. ОНы биз окпе түбірі дейміз. Ол арқылы бронх ,артерия, кезбе нерв,симпатикалық және көкеттік нерв тармақтары өкпеге кірсе, өкпелік және бронхтық веналар мен лимфалық тамырлар шыгады. Соынмен қатар өкпенің ерекшелігі болып олардың сегменттері болып саналады, яғни 9 сегмент сол жақта болса, оң жақта 10 сегмент.