Файл: 20 " " 1 сыныпа арналан трбие жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 44

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Кітап білім ордасы»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

оқушыларға оқулықтың шығу тарихынан қысқаша мағлұмат беру, қазіргі заманғы кітап түптеу, баспа орындарымен, кітапханалармен сырттай саяхат жасау арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын дамыту; оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу;

Құндылықтарды дарыту

оқушының білімдік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру; кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Кітап — адам өмірінің таусылмас қазынасы мен дүниенің айнасы, ғылым — білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



Алғашқы кітапты осыдан әлденеше мыңдаған жылдар бұрын вавилондықтар, ассириялықтар, тағы басқа көне халықтар жасапты. Біреулер ол кітаптарды өздерінің қолындығы оқулықтар сияқты болар деп ойлап қалуы мүмкін. Ол кезде мұндай кітаптар қайдан бола қойсын, балшықтан жасалыпты. Онда ойыншық кітап болар деп ойлар тағы біреулер. Тіпті олай емес. Оқитын кітап. Ол қалай жасалады дейсің ғой? Жұмсақ балшықтан қыш жасапып бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген. Содан соң отқа күйдірілген. Дәл күйген кірпіш сияқты. Сөйтіп, тіпті кітапхана жасақталған.Ал Қытайда бамбуктен жұқа таяқшалар әзірленіп,соған жазған. Таяқшадларды жіпке тізіп қойған. Келе-келе жазуға жібек маталарды пайдаланған.

Ойын

«Иә-жоқ». Егер келіссеңдер «иә», келіспесеңдер «жоқ» дейсіңдер.

Кітап нені жақсы көреді?

Кітап жыртқанды

Қар не жаңбыр астында тұрғанды

Кір қолды

Ұқыптап ұстауды

Еркелеткенді

Тамақ жеп отырып ұстағанды

Еденде жатқанды

Таза қолды

Ойнап жүріп ұстағанды

Кітап сөресінде тұруды

Жақсы балалардың досы болғанды




Компьютер

 



Ортасы (20 мин)


1 оқушы:

Ойшылдар мен білімпаздар мекені

Бәріне аяң кітапхана екені.

Кітаппенен дос болуға баулитын

Кітапханашы мұнда қызмет етеді.

2 оқушы:

Өмір мәні өнер менен білімде,

Құштар болсаң көп құмартып білуге.

Қарсы алып сәні дәйім күлімдеп,

Жөнін айтып, жол нұсқайды білімге.

3 оқушы:

Білім сүйсең, кел күн сайын осында,

Кітап сенің айналады досыңа.

Талаптансаң үйренуге құмартып,

Келгін, жас дос, ізденейік қосыла.



Оқушылар кітап туралы өлеңдер айтады

Компьютер

Соңы


Кітаптың қасиеті мәңгілік. Ол қасиет қалам ұстаған сөз зергерлерінің ғана емес, өзін қоғамның белді мүшесімін деп есептейтін әрбір адамның бойына дарығанда ғана өмір нұрлы болмақ. Олай болатын себебі « Оқымасақ ой тоқырайды» демекші оқу, білім тоқтаған жерде рухани өсу, жетілу тежеледі.Қандай да өркениетті елдің дамуында білім, ғылым, мәдениет басты орын ала отырып, кітап оқуға деген құштарлық та артта береді. Кітаптан асқан қазына жоқ. Ешқандай байлық , дүние оның орнын баса алмайды.


Кітап туралы мақал дар айтады





Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Жол ережесін білемізбе?»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

Балаларға бағдаршам туралы түсінік беру, көшеде жүру ережелерін меңгерту.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың қабылдау процесін арттыру, зейіндерін тұрақтандыру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Жол ережелерін бұлжытпай орындауға, оған немқұрайлы салғырт қарамауға, жол апатынан сақтануға тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Бағдаршам, жол белгілері, жол макеттері, жолда жүру ережесіне байланысты суреттер.


Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Балалар шеңбер болып тұрады.

- Қане балалар, қолымыздан ұстасып, үлкен шар үрлейікші. Міне, бізде  үлкен шеңбер пайда болды. Енді бір-бірімізге жылы сөз айтып тілек білдірейік. 
-Қайырлы күн ! Бақытты баламыз .                                                        
-Барлығымыз доспыз , бәріміз татумыз .                                                                
- Әр қашан күн сөнбесін, деніміз сау болсын!

Балалар мен сендерге тілерім:

-Егеменді еліміздің дені сау баласы болыңдар !                                                                       
- Бүгінгі күн сендерге сәтті күн болсын!

     Бүгін, біздер көше тәртібі туралы айтамыз. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды  талап етеді.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



Суреттер мен жұмыстар:                                                                                                                                                      

   Жолда жүру ережесіне байланысты.                                              
- Балалар, «ойынның да орны бар» демекші сендер ойын қызығына 
берілген кезде әр түрлі көліктер жүретін үлкен жолға қалай шығып кеткендеріңді өздерің де байқамай қалатын кездерің болады. Мұның соңы қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін. Сондықтан жол жиегінде ойнауға болмайды.

 

«Болады – болмайды» ойынын ойнату:

Суреттерде бейнеленген балалардың дұрыс, бұрыс жасаған қылықтарына қарай болады, болмайды деген жауаптар алу.

- Ал , енді балалар бағдаршаммен жолда жүру ережесін жақсы түсініп білгендеріңді «Жолдан өте біл !» ойынымен жалғастырамыз .                                            
- Мынау төселіп жатқан не ?                                       
- Ол жолдар , олар қиылысып жатыр.                                                                              
- Ол жол қиылысы.                                               
- Мынау жаяу жүргінші өтетін жол.                                       
- Ал мынау ше?                                                      
- Ол бағдаршам.

      Балаларға жолда жүру ережесі туралы рөлдер бөлініп беріледі. Балалардың бірнешеуі  көлік  жүргізуші,  ал біреуі  жол тәртібін реттеуші бағдаршам рөлінде ойнайды. Ал, қалғандары жаяу жүргіншілер.



Оқушыларға суреттер беріледі



Компьютер

 



Ортасы (20 мин)


Жұмбақтар шешу:

1. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

2. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялайды. (Автобус)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын, Ала-алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)

3. Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.



Компьютер

Соңы


Қорытындылау

1. Топтық тапсырма: Бағдаршамның әр көзінен сұрақтар алып жауап беру.

Ал енді сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.

- Жиек жол (тротуар) деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)

- Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.)

- Көшенің келесі бетіне қай жерден өту керек? (Жаяулар өтетінжолмен /пешеход/ өту керек)

2. Топтық тапсырма: Балалар, бүгінгі сабақтан не ұқтық, алдарыңдағы параққа жазып не сурет салуға болады.

Балалар, деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер, Көше деген мың ирек. Қиындыққа әйтсе де, Үйренесің біртіндеп. Барар жерге асықпа, Бәйге алмайсың бұрын кеп, деп сабағымызды аяқтаймыз.

V. Кері байланыс








Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Қазақстан ғарышкерлері»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

Қазақстан еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағының және ғарышкер мерекесіне орай Кеңес үкіметінің және қазақ еліндегі тұңғыш ғарышкерлер туралы мәлімет беру.

Құндылықтарды дарыту




Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар




Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақ шешіп тақырыбымызды біліп алайық
1. Көгі «жүр» дейді 2. Қанаты бар ұшпайды,
Қызылы «тұр» дейді су астында қыстайды.
(бағдаршам) (балық)
3. «Бейбітшілік құсы» деп, 4. Күндіз бәрі қашады
Атайды оны барша жұрт Түнде аспанды басады
(көгершін) (жұлдыз)
5 Құс сияқты, құс емес, 6. Көреді бәрін өзгенің,
Самғап ұшқан биікке. Көре алмайды өздерін.
Қақпайды бір қанатын (көз)
Жүрсе де тым биікте
(ұшақ)
7. Киелі бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
(түйе)
8. Қиналмай көтеріп,
Өзінен ауырды
Жорғалап кетеді
Жүкшідей кәдімгі
(құмырсқа)

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



- Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай екен?
- Ғарышкерлер
Балалар ғарыш дегенде көз алдарыңа не келеді?
Өз ойларын сұрау
- Ғарыш айлағы дегеніміз не?
Ғарыш айлағы дегеніміз – бұл зымыран, ғарыш серіктері мен үлкен ғарыш кемелері ұшырылатын орын.
Қазақстанның ғарыш айлағы бар ма?
Қалай аталады?
Байқоңыр.
Жарайсыңдар, балалар.
Атақты ұшқыш Ю. А. Гагарин ғарышқа ұшпас бұрын ең алғаш рет ешқандай өмір белгісі білінбеген, әрі суық, әрі тұңғиық ғарыш әлемінде ең алғашқы тіршілік иесінің жүрегі соқты. Бұл 1957 жылдың 3 қарашасында алғашқы жол салған Лайка атты ит болатын. Ол герметикалық қабықпен қапталған жер серігімен ұшырылып, аман – есен оралды. Лайка итінің артынан басқа да иттер ұшырылды. Олар 1960 жылдың 19 тамызында ұшырылған Белка және Стрелка иттері болатын. Олармен бірге 40 тышқан, 2 сұртышқан, әртүрлі жәндіктер, өсімдіктер мен микроорганизмдер ұшырылады. Олар жерді 17 рет айналып оралды.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді


Компьютер

 
Суреттер көрсетіледі

Ортасы (20 мин)


Ойын: «Егер мен ғарышкер болсам......


Егер сен ғарышкер болсаң не істер едің? 4 - 5 оқушыдан өз ойларын сұрау


Әр оқушыға бекіту сұрақтары таратылады.
1. Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері кімдер?
2. Қазақстандағы ғарыш айлағы қалай аталады?
3. Ғарышкерлер қандай болу керек?
4. Адамдардан бұрын ғарышқа нелер ұшты?





Оқушылар ойларын айтады

Компьютер

Соңы

Қорытындылау

-Балалар ғарышқа не ушін ұшады? -Иә, аспан әлемін планетаны, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады. -Аспанда нелер болады , балалар? -Күн, ай , жұлдыз, бұлттар болады? -Дұрыс айтасыңдар, қалай ойлайсыңдар, ғарышқа қандай көлікпен ұшады? -Ғарышқа зымыранмен ұшады. -Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.

Қазақ елін асқақтата беретін ғарышкерлер өсе берсін!

Назарларыңызға рахмет!



Біз не білдік?

-12 сәуірді бүкіл адамзат ғарышкерлер күні ретінде атап өтеді.Ғарышкер діңденсаулығы мықты, өзі батыл, әрі білімді болуы керек.

Ежелден адамдардың арманы ғарыштың әлі де ашылмаған құпиясын, сырларын зерттеп білу.

Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының тағдырына жауапты адам.Біз өзіміздің тұратын Жер планетамызға ұқыптылық-құнттылықпен қарап, қорғауымыз керек.

 






Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Спорт денсаулық кепілі»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

Спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандайда бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау

Құндылықтарды дарыту

  • Қазақстанның спорттағы жетістіктеріне мысал келтіреді;

  • Спортты 2 түріне қарай топтастырады: қысқы және жазғы;

Спорттың өзіне қолайлы түрін таңдап, негіздейді

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар




Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта ынтымақтастық ортасын орнату. Оқушылар төмендегі өлең жолдарын айтады.

  • Біз бақытты баламыз,
    Ойнап күліп аламыз,
    Жетілсін деп санамыз,
    Оқып білім аламыз!

Жедел жауап. «Сұрақ шеңбері» ойыны арқылы өткен материалдарды еске түсіру, тақырып бойынша бастапқы білімін анықтау.

1. Ататек дегеніміз не?

2.Шежіре дегеніміз не?

3.Тектілік дегеніміз не?

4.Жеті атасын кім айтады?

5.Біздің жеті атамыз қай ұлт?

6.Біздің қазақ халхы қандай халых?

-Демек біз қазақ халқы өте қонақжай халықпыз.

Осы қонақжай халық ретінде сыныбымызға қонақтар келіп отыр,сонымен қатар мектебіміздің жеңімпаз оқушыларын қонақ ретінде сұхбаттасуға шақырып отырмыз

Сұхбат

1.Спорттық ойынға қатысуды неше жасыңыздан бастадыңыз?

2.Спорттың осы түрін таңдауға не себеп болды?

3.Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктеріңіз бар ма?

Талдауға арналған сұрақтар:

Бүгінгі келген қонақтарымыз мектебіміздің намысын қорғап жүрген спортшыларымыз.

- Ал енді еліміздің намысын қорғап жүрген қандай Қазақстандық спортшыларды білесіңдер?

- Олар қандай спорт түрлерімен айналысады?

- Спорттың адам денсаулығына қандай пайдасы бар?

1.Сабақтың тақырыбын ашу

Спорт-денсаулық кепілі


  1. Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)

  • Спорт түрлерін топтастыру;

  • Спорттың белгілі бір түрін өзіне сай таңдай алу.




Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



Компьютер


Сабақ басы (13 мин)

Ортасы

Соңы




  1. «Спорт түрлері» тапсырмасы (топта)



- Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әрбір топқа бір спорт түрі бейнеленген суреттер таратылады.

Сұрақтарға жауап алу:

  - Суреттегі спорт түрін атаңыз.

- Берілген суреттер жылдың қай мезгілінде ойналады?

- Қысқы және жазғы спорт түрлері арасындағы айырмашылық қандай?
- Әр топқа тапсырма.

1-топ. Берілген суреттерді қысқы және жазғы спорт түрлері деп жазылған плакатқа желімдейді.


ҚЫСҚЫ спорт түрлері

ЖАЗҒЫ спорт түрлері







2-топ. Қызылорда қаласындағы спорт кешендеріне ассоцация құру.
3-топ."Тарсия" әдісі

Қазақстанның спорт жеңімпазадары қай спорт түрімен айналысып, танымал болғандығын ажырату
4-топ. Қазақ халқының спорттық ұлттық ойын түрлеріне ассоцация құру.
Әр топтан 1 оқушы шығып 2 пікір,1ұсыныс арқылы бағалау.
Оқушылар пікірталас барысында барлық спорт түрлері Олимпиадалық болып табылады деген қорытындыға келеді. Мұғалім оқулықтағы «Сіз білесіз бе?» айдарындағы ақпаратпен таныстырады (31-бет).
Бағалау критерийлері:

  • Спортты 2 түріне қарай топтастырады.

  • Қызылорда қаласындағы спорт кешендеріне ассоцация құрады.

  • Қазақстанның спорт жеңімпазадары қай спорт түрімен айналысып, танымал болғандығын ажыратады.

  • Қазақ халқының спорттық ұлттық ойын түрлеріне ассоцация құрады.

Қазақ халқының спорттық ұлттық ойын түрлеріне ассоцация құру.



  1. «Менің елімнің чемпиондары»

Оқушыларға еліміздің споршыларының олимпиада ойындарындағы жетісіктері туралы бейнерепортажды көрсету ұсынылады.

Тақырыбы: «Бассейнге ем іздеп келіп, Олимпиада чемпионы болған Дима Баландин» және "Ауыр атлетикадан чемпион болған Илья Илин"


Оқушылар видеорепортаж мазмұнын талдайды.
- Олимпиада жеңімпаздарының болғаны ел үшін неге маңызды?

Сергіту сәті

Понтамима: Қимыл-қозғалыс арқылы қандай да бір спорт түрін бейнелеу. Басқа оқушылар табу.

«3 сұрақ» стратегиясы (топта)

Топтағы оқушылар 3 сұрақ дайындайды және оларды жеке парақтарға жазады. Сұрақтар спортпен шұғылданудың және салауатты өмір салтын сақтаудың себептерін анықтауға қатысты болуы керек. Содан кейін бұл парақтар басқа топпен ауыстырылады. Сұрақтарды алған топ, 1 минут талқылап алып, оларға жауап береді. (Егер оқушылар сұрақтар құруда қиналса, бірнеше мысалдар келтіріп жіберу.)
Топтар өзі құрастырған сұрақтарға алған жауаптарына пікір айта отырып, кері байланыс береді.


  1. «Спорт және сен» тапсырмасы (жеке)

Оқушылардан төмендегі сұраққа ойланып жауап жазуларын сұрау:

- Сен қай спорт түрін таңдайсың?(таңдадың) Неліктен?

- Бұл спорт түрі сенен нені талап етеді?

- Қандай нәтижеге қол жеткізгің келеді?


Жауаптарды ұжымда талдау

«Бір сөзбен» стратегиясы

Оқушылар шеңберге тұрып, әрқайсысы өзіне қай спорт түрі қолайлы екенін дәлелдеп бір сөйлеммен айтады.

Бағалау критерийлері:

Спорттың өзіне қолайлы түрін таңдап, негіздейді.