Файл: 20 " " 1 сыныпа арналан трбие жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 45

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Теңге тәуелсіздік келбеті»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«

Сабақтың мақсаты:

Ұлттық теңгенің Тәуелсіздік символы екендігін насихаттау, теңгенің шығу тарихын және авторлары жөнінде мәлімет беру, оқушыларды туған елін сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту




Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


«Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны».

Н.Назарбаев

Ақша туралы түсінік. Ақша (ағылш. money; cash; нем. Geldn, Geldmittelpi) — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ол барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп, құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі – ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



Компьютер


Сабақ басы (13 мин)


Ақша, негізінен, үш түрлі қызмет атқарады:

1. айналыс құралы ретінде – ақшаға кез келген тауарды сатып алуға болады

2. құн өлшемі ретінде – ақшамен нарыққа ұсынылған кез келген тауардың құны өлшенеді

3. қорлану қоры қызметін атқарады – егер тауар өндіруші тауарды сатқаннан түскен ақшаны өзге тауарларды сатып алуға ұзақ уақыт пайдаланбаса, андай ақша қазына құрау қызметін атқарады.

 Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу, мақсатымен таныстыру.

 



1.Теңгені жасаушы дизайнердің аты?

2. Ұлттық валюта күні?

3. Тиында не бейнеленген?

4. Теңгенің алғашқы нұсқасы қай елде шықты?

5. ҚР- ның тәуелсіздігіне неше жыл?
Сергіту сәті:


Презентация көрсетіледі


Компьютер

 



Ортасы

 Теңгемін, мен, теңгемін!
Қазақ деген елденмін. 
Тәуелсіздік – тұғырым, 
Жарқын менің ғұмырым!
Теңге, теңге, теңгелер, 
Теңге адамға дем берер. 
Тіршіліктің арбасы, 
Теңгеменен дөңгелер

Оқушылар жұптасып отырады





Соңы





Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Психологиялық дайындық

Күн жылуын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі  нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым

күндеріңіз сәтті өтсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «ғаламтордың пайдасы мен зияны»

Сабақтың мақсаты: бүкіләлемдік өрмек – ғаламторға байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу.Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу.

Енді оқушылар мына әріптерді таңдаңыздар. Қызыл түсті қағазда әріптер, көк түсті қағазда әріптер. Қызыл түсте «компьютер» сөзі шығады, көк түсте «интернет» сөзі шығады.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытыңда қарауға, жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады.

Ғаламтор және денсаулық.

Қазір ғаламтор желісін пайдаланбайтын бала кемде-кем шығар. Әсіресе жаз мезгілінде, демалыс уақытында балалардың дені ғаламдық торды жан серігіне айналдырып алатыны шындық. Одан балаларды қорғау жолын да дұрыс қарастырмайды.

Ал ғаламтордан қорғалмаған бала түрлі психологиялық ауруларға душар болуда.

Бұрын жаз мезгілі бола қалса бала­лардың барлығы азаннан қара кешке дейін үй көрмей далада ойнап жүруші еді.


Оқушыларға презентция көрсетіледі


Компьютер

 



Ортасы (20 мин)


Компьютерге тәуелді болу белгілері:

  1. Тамақты, шайды компьютер алдында ішесің.

  2. Сабақты компьютердің алдында орындайсың.

  3. Компьютердің алдында түнімен отырасың.

  4. Сабаққа бармай компьютермен ойнағың кеп тұрады.

  5. Үйге келген бойдан компьютердің алдына отырасың.

  6. Бір сәтке компьютерің бұзылып қалса көңілің түсіп, не іспен айналысарыңды білмей ашуланасың.

  7. Компьютермен жұмыс істеуге тиым салған адамға қарсы шығып, ренжіп ашуланасың.

Міне осындай белгілерді өз бойларыңнан байқасаңдар өзіңнің компьютерге тәуелді болғаныңды байқауға болады?




Оқушыларға суреттер көрсетіледі

Компьютер

Соңы

«Ғаламтордың пайдасы мен зияны»туралы көп мәлімет алдыңыздар деп ойлаймын. Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білейік. Денсаулығымызға зиян келмейтіндей ақыл кеңестерді тиімді пайдала біліңдер.

Интернет әлемі
Қызығы мол әдемі.
Компьютердей құралды
Меңгердік ау біз енді.
Интернет құралғы
Үйретеді жаңаны.
Өркениетті ел болып
Жаңалықта табады.-деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Рефлексия «Алақан». – Мына алақанның әрбір саусағына өздеріңіздің бүгінге тәрбие сағатында көңіл күйлеріңізді, алған әсерлеріңізді жазыңыздарда кілеймен жапсырыңыздар.



Оқушыларға алақанның суреті беріледі





Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Желтоқсан құрбандары»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«

Сабақтың мақсаты:




Құндылықтарды дарыту

оқушылардың бойында отан сүйгіштік сезім ұялату,ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар




Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Тәуелсіздік туы көтерілгенде дүниеге келген, қазақ перзенті, бүгін 30 жаста. Тәуелсіздік – сенің абыройың, намысың, иығындағы қалқаның, маңдайындағы жұлдызың, төбеңдегі айдарың, қабағыңа біткен айбарың. Ендеше, халқым, Тәуелсіздігіңнің ғұмыры ұзақ болсын!

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



• 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.
• 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
• 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.
• 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып кірді.
• 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесі мемлекеттік рәміздерімізді қабылдады.
• 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі заңы Конституция қабылданды.
• 1993 жылдың 15 қарашасы жас мемлекетіміздің тарихында ерекшк күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
1-оқушы:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
2-оқушы:
Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,
Көрсең де талай қорлық азаппенен.
3-оқушы:
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,
Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз.



Ән «Айналдым елім»

Оқушылар жылдарға тоқталады

Оқушылар өлең жооолдарын айтады


Компьютер

 



Ортасы (20 мин)


Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктеріміз. Сәйкестендіру арқылы жылдар мен атаулы күндерді анықтау.

Жылдар

Атаулы күндер

1991 жыл, 29 тамыз

ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1991 жыл, 2 қазан

Ұлттық валюта – Теңгенің айналысқа енгізілуі.

1991 жыл, 1 желтоқсан

ҚР тәуелсіздік күні

1991 жыл, 10 желтоқсан

Семей полигоны жабылды

1991 жыл, 16 желтоқсан

Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1992 жыл, 2 наурыз

ҚазақКСР - нің Қазақстан Республикасы болып аталуы.

1992 жыл, 4 маусым

Жаңа Ата заңымыз қабылданды

1992 жыл, 7 мамыр

ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

1993 жыл, 15 қараша

ҚР Қорғаныс министрі құрылды.

1995 жыл, 30 тамыз

ҚР мемлекеттік рәміздері бекітілді.





Оқушылар салыстырады


Компьютер

Соңы


: Егемен ел болдық қаһарман ерлікпен,
Бағымыз жанады , бауырмал елдікпен.
Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары,
Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, елдікпен.

1991 жылы 16 желтоқсанда сан ғасырлар бойы армандаған ұлы күнге жеттік. Өз туымызды биікке көтеріп, әнұранымызды әуелеттік. Ата заңымыздың аясында бейбіт күннің шапағатына бөлендік.



Хор Тәуелсіздік





Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Алғыс айту парызымыз»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;



Құндылықтарды дарыту

үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Мемлекеттік әнұран орындалады.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні

1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



Компьютер


Сабақ басы (13 мин)


«Жаныңда жүр жақсы адам.......»

Алғыс – қуаныш үстінде, жиын, мереке, той-томалақта адамдардың бір-біріне білдіретін игі тілектің этикалық мәнді атауы.

Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу…
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..


Проблемалық сұрақ:

«Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар?

Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»

Видео ролик: «Жақсылығың қайтар өзіңе»

— Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.




Компьютер

 



Ортасы (20 мин)


«Автограф» ойыны: (Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет)
Алғыстың да түпкі мәні – ризашылық білдіру арқылы жамандықтан ада болуды тілеу.

Алғыс тек «ізгі ниетті» ғана білдірмейді. Қазақта алғыс сөзі, әдетте, үлкен бір істің атқарылып біткен кезінде, яки болмаса жас адамның үлкен қарияға жасаған игілікті іс-әрекетіне қатысты айтылады. Яғни қазақтағы алғыс ежелгі сипатын өзгерткен, ол рух-иеге немесе басқа бір құдіретке жалыну емес. Керісінше, қазақ алғысы ризашылық белгісі, игі іс атқарған адамға деген ерекше қатынасты көрсетеді. Сол себепті қазақ жастары үлкеннің алғысын алуға тырысқан. Мәселен, олар тойда, аста жиналған үлкендердің алдынан шығып, аттарынан қолтықтап түсіріп, үйге енгізеді. 



Оқушыларға презентация көрсетіледі



Компьютер

Соңы


М.Әуезов шығармаларында қазақы алғыстың мынадай түрлері айтылады: Алдыңнан жарылқасын; амандық шаттықпен көрісуге жазсын; аруақ жар болсын; аруақ қолдасын; бақыл бол; жолыңа жұп шырақ; жолың болсын; көрісуге күн жақсы болсын; қадамың құтты болсын; қайырлы болсын; қайыры бірге болсын; қосағыңмен қоса ағар; байлар көбейсін; құдай көңіліңді өсірсін; құсың құтты болсын; қызығың ұзақ болсын; ойнар көбейсін; осы бетіңнен жарылқасын; өмір жасың ұзақ болсын; от анасын жарылқасын; өркенің өссін; садағаң келсін; сауық молайсын; сақтай гөр терістен; тие берсін; тілектерің тап болсын; тілеуің берсін; ұзағынан сүйіндір.




Хормен: «Өмірге риза болып, алғыс айт».