Файл: 20 " " 1 сыныпа арналан трбие жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 47

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


-Оқушылармен амандасу -Психологиялық ахуал қалыптастыру. -Жылулық шеңбері. -Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, балалар, ! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Әз Наурыз» сынып сағатымыз

— Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! Мал біткеннің бал татыған ұызды, Қуат болып қанымызға тарайды. Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. «Аман ба» деп мал жаның? Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.



Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



Компьютер


Сабақ басы (13 мин)


Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.

— Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.

Көктем — жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл

Жұмбақ — Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар: Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастархан) Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? Қазақтың ұлттық тағамдары, Жасымнан жақын маған бәрі. Теңермес ем оларға мен, Ешбір асты ғаламдағы. — Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдарымен бізді Жазира апайымыз таныстырып өтеді




«Наурыз Көктем» әні шырқалады

. (интерактивті тақтадағы суреттерді көрсету) .



Компьютер

 



Ортасы (20 мин)


Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін Шолпан апайымызға сөз береміз. Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Сөз Әсел апайымызға беріледі.


Оқушыларға видео көрсетіледі

Компьютер

Соңы

Қорытындылау Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бата туралы Батима апайдың әңгімесін тыңдайық. Рахмет! Мұғалім: Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп, Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп. Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,

Табиғат барша жанға рахым етіп. Жетпекке үлкендікке жас балалар, Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп. Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай, Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп. Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып, Қуанып ойнақтайды олар да өсіп




«Наурыз» әні шырқалады





Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Туған елдей ел болмас»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Арулар асыл жандар»

Сабақтың мақсаты:

оқушылардың ой-өрісін,ойлау қабілеттерін, тақырып бойынша сөздік қорларын дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру


Құндылықтарды дарыту

 Отанын сүюге,рәміздерді ,Ата заңымызды құрметтеуге тәрбиелеу,достықты күшейту,ынтымақтастыққа баулу,патриоттық сезімдерін ояту. 



Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

слайд, рәміздер,Елбасының портреті,сөзжұмбақ тб.


Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлемдесу.

-Оқушылар,тәрбие сағатымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып,бір-бірімізге мейіріммен қарап,амандасайық (оқушылар хормен).
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
-Орындарына отыра қойыңдар.

Сөзжұмбақты шеш. Қазақстан!

Қ

А

З

А

Қ

С

Т

А

Н

1 Мемлекеттік тіл. (қазақ)

2 ҚР Астанасы (Астана)

3 ҚР қандай мемлекет? (Тәуелсіз)

4 Ең ардақты жан (Ана)

5 Біздің ұлтымыз (Қазақ)

6 Жақсы баға (Бес)

7 Қазақстанның ақша бірлігі (Теңге)

8 Қазақстанның бұрынғы астанасы (Ақмола)

9 Қазақтың жаңа жылы (Наурыз)


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



Компьютер


Сабақ басы (13 мин)


Ортасы



Ойын «Миға шабуыл» тәрбие сағатының тақырыбын ашу үшін оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын.

— Біздің отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

— Дұрыс айтасыңдар.

— Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз, зайырлы, әдемі)

— Өте жақсы,оқушылар

Мұғалім: Оқушылар енді туған жер туралы мақал-мәтел білеміз бе? 1. Әркімнің өз жері м-Мысыр шаҺары. 2. Ел іші алтын бесік 3. Жері байдың елі бай 4. Елің – панаң, жерің - анаң 5. Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас 6. Өз елің - алтын бесігің 7. Бақа көлінде патша.

Балық сынада патша. Жігіт елінде патша. 8. Туған жердің түтіні де тәтті. 9. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне 10. Туған елдей ел болмас Туған жердей жер болмас.



Әнұран орындалады.

Оқушылардан туған жер туралы өлеңдер сұралады

Компьютер

 




Соңы


Отан дегеніміз - адамның туып-өскен жері. Отан - әр адам үшін оттан да ыстық. Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. (оқушылардың барлығы тақтаға шығып,келесі әріптерді көтереді). Б- білімімді арнайтын О- отанымды қорғайтын Л- лаңкестікті даттайтын А- адалдықты жақтайтын Ш- шуағымды шашатын А- асулардан асатын Ғ- ғарыш сырын меңгергн Ы- ынтымақты тең көрген М- менмендікті жек көрген Қ- қазаққа қызмет ететін А- арманына жететін З- заңды жақсы білетін А- алға қарай жүретін Қ- қайырымды елімнің С- салтанатты жерімнің Т- толықтырам сенімін А- абыройын,жігерін Н- намысын қолдан бермейтін Бәрі:

Мен боламын еңбекқор, Болашағы елімнің!



Ән «Қазақ елі».







Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Отан-қуат, Отбасы-шуақ»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Арулар асыл жандар»

Сабақтың мақсаты:

Отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік

қалыптастыру. Отбасындағы өзара сыйластық қарым –қатынас

дағдыларын дамыту;


Құндылықтарды дарыту




Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


І Психологиялық ахуал

-Амансыңдар ма, балалар! Мен сендермен бүгін кездескеніме өте қуаныштымын.

Қане бір-бірімізге қарап, әдемі күлкімізді сыйлайық.

ІІ. Негізгі бөлім

Ой қозғау. Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



- Балалар, суретте кімдер бейнеленген? Бір сөзбен қалай айтамыз?

-Олай болса, бүгінгі сынып сағатымызда бәрімізге қымбат, сүйікті отбасымыз туралы әңгімелесеміз.

Сұрақ

-Отбасы дегенді қаклай түсінесіңдер?

-Отбасын неліктен жақсы көресіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Бүгін біздің жақындарымыз керемет бір сыйлық дайындап қойыпты. Сендерді үйдегі туған-туыстарың өте жақсы көреді екен. Мен оны сендерден бұрын естіп, қуанып қалдым! Қане, тыңдап көрейікші.

«Кім ойлап тапқан?» Ә. Исқақов

Сөздерді ең аяулы, Күнім, жаным дегенді Ойлап тапқан аналар!

«Қүлыншағым» дегенді, Толған айым дегенді

«Қошақаным» дегенді, Жақсы көріп жаттадым.

«Айналайын» дегенді, Енді білдім олардың

«Толған айым» дегенді Кімнің ойлап тапқанын




Оқушылар сұрақтарға жауап береді


Компьютер

 



Ортасы (20 мин)


Ойын

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызамын. Оларға кезек-кезек сүрақ қойып, қолымдағы допты лақтырамын. Балалар сұақтарға жауап береді.

• Отбасы мүшелерін ата.

• Сен отбасында кімді жақсы көресің?

• Сен өз отбасыңа қалай көмектесесің?

• Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсың?

• Кішкентай бөпеңе қандай көмек көрсетесің?

• Анаңды қалай мадақтайсың? Қалай жақсы көресің?

• Отбасында кімге сыйлық сыйлағың келеді?

• Атаң мен әжең саған не үйретеді?

• Атаң мен әжеңе кандай көмек бере аласың? т.с.с.



Компьютер

Соңы


- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз туралы, ең ақылды, қамқор әкеміз туралы, ең қайырымды ата-әжеміз, ең сүйкімді іні-қарындас, аға-әпкеміз туралы әңгімелестік.

Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды үйрендік. Олардың бізге тек жақсылық тілейтінін білдік. Отбасындағылар әрқашан тату болып, оның әр мүшесі бір-біріне жаны ашып, құрметтеуі тиіс. Отбасы мүшелері әрдайым бір-бірін сүйіспеншілікке бөлеп қана қоймай, ренжісе, бірге ренжіп, қуанса, бірге қуанады.

Ата-аналарың, жақын адамдарың, туыстарың сендердің нағыз адам болып өскендеріңді қалайды. Сендерді жақсы көретін адамдардың сенімі мен еңбегін ақтауға тырысайык.

Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек









Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

««Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

 Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа баулу, көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландыру. 

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Сабақтың эпиграфы:
«Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс… Мен көркі мен киіміне қарасам, көз сүйсіндіріп, бас
айналдыратын адамдарды жиі көремін, ал жан-дүниесіне үңілсек – құдай сақтасын! Әп-әдемі сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап-қара
болатыны сонша, оны ештеңемен жуып кетіре алмайсың». Чехов А.П.

Мұғалім:

  • Сәлеметсіздер ме, оқушылар




Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



Компьютер


Сабақ басы (13 мин)


 Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

Әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса  маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнегесімен, ата-әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.

Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатымиа жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.

Адамның бойынан әдептілік, сыпайылық, ізеттілік қасиеттер табылса,әрине, адам сымбатты, парасатты көрінеді.

Мұғалім: -Қане, балалар, ұлы данамыз Әл-Фараби тәрбие туралы қандай өсиет айтқан екен?


Жалғасын тап…

                        

                                   (мақалдардың жалғасын табу)

 

Әдепті бала-

Әдептілік белгісі-

Тәрбиелі адам-

Атаңа не қылсаң –

Жақсы бала сүйік-

Әдепсіз өскен адамнан-

Жеті атасын білмеген-

Ұяда не көрсең…

Ұлық болсаң –

Ашу –  …  , ақыл -…



 «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»



Компьютер

 



Ортасы (20 мин)


, Хаттар сырына үңілейік

 

Мұғалім: Балалар,  мына біздің поштп жәшігімізге хаттар келіпті. Біреуін алып оқып көрейік.

Хатта былай делінген: -Құрметті достар! Мен жанұяда жалғыз баламын. Сондықтан да әке-шешем айтқанымды жасап еркелетеді. Әке-шешем менен ешнәрсені аямайды. Барлық зат оңай келетіндіктен мен өмірге жеңіл қараймын. Бос уақыттарымды көше кезіп бұзақылық жасаймын. Ұрлық та жасаған кездерім болды.  Бұның ақыры немен тынарын білмеймін. Ата-анам ешнәрседен хабарсыз. Егер білсе ше… Мені аямайды. Мен өмірден жалығып барамын.Ешнәрсе қызықсыз болып кеткен. Мен өмірімді қайтадан келтіру үшін не істерімді білмей жүрмін. Басым қатты. Достар, дұрыс жолға түсуге қандай ақыл-кеңес бересіңдер? Сендерден көмек күтемін. Сәлеммен Дарын.


Оқушылар  өз ойларын ортаға салады,ақыл-кеңестерін береді


Компьютер


Видеорлик көрсету

Соңы

–Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз.

тәрбиелеген әрбір балаларымыз – еліміздің мәртебесін асқақтатар ұландары бола берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Балалар, сендер де әдепті, тәртіпті, мәдениетті оқушы болып, жарқын болашағымыздың ертеңі болыңдар!



Оқушылар тәрбиеге байланысты ойларын ортаға сааады





Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Отбасы алтын ұя»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру. Отбасы құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.

Құндылықтарды дарыту

Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.

Бүгін біз «Отбасы-алтын ұя»» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



Компьютер


Сабақ басы (13 мин)


1. Балдан тәтті не? (бала)

2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)

4. Әкеден балаға беріледі (мұра)

5. Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз қадірлі.)

6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)

7. Бес дұшпанды атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

8. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)

9.. Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Балалықтағы іздену, есейгенде нақтылы іске әкеледі. Бірінші көрнектілік - отбасы, ошақ қасы. Cезімтал болғың келсе, балалық дәуіріңе қайта орал.
Өз ошағында болмаған бақыт көршінің ошағынан келмейді, сондықтан қажымай талмай еңбектеніп, бақытты іздеу керек. Өзің іздеп таппасаң, ол қаша береді.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді


Компьютер

 



Ортасы (20 мин)


 Ата - ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ата - ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ата - ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ата - ана деген алтын қазық, алтын бақ


Оқушылар суреттер салады


Компьютер

Соңы

- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.

Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.

Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.