Файл: 20 " " 1 сыныпа арналан трбие жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 41

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Мұғалімнің  сөзі:

Елін   Сүйген, Елі  Сүйген  Елбасы

«1-желтоқсан-Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш Президенті  күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен, заңын қабылдағаны  баршамызға  мәлім.Бұл еліміздің  жаңа  тарихындағы  ерекше күн. Нақтырақ  айтсақ , яғни  1991 жылы 1-желтоқсанда бүкілхалықтық  сайлауда  Нұрсұлтан  Назарбаев  Мемлекет   басшысы болып  сайланды.Ғасырлар  бойы  халқымыздың  асыл  арманы  болып  келген  егемен  Қазақстанды  құру  жөніндегі ата-бабаларымыздың  тарихи  аманаты  орындалды. Тұңғыш  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстандағы  жарқын  болашаққа  батыл  бастады.

 

 

Олай болса  осыған  байланысты  сұрақтарға  көшейік:


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Компьютер


Сабақ басы (13 мин)


Елбасы  туралы 1000  сұрақ

1.Балалық  шағы:

1.Н.Назарбаевтың  туған  жылы,күні  қашан?

(1940 жылы, 6 шілде)

2.Туған  жері?

(Іле  Алатауының баурайындағы  Үшқоңыр  жері)

3.Елбасының  анасының  аты кім?

(Әлжан)

4.Елбасының  әкесінің  аты кім?

(Әбіш)

5.Елбасының  атын кім  қойған?

(Әжесі  Мырзабала)

6.Нұрсұлтан  Назарбаевтың  әкесі  қай  жерде дүниеге  келген?

(Әбіш  1903  жылы Алатаудың  бөктерінде, Назарбай  бидің  шаңырағында  дүниеге  келген)

7.Анасы  қай  жылы  дүниеге келген?

(Әлжан 1910 жылы  Жамбыл  облысы Қордай  ауданының  Қасық  ауылында  молданың  отбасында  дүниеге  келген)

8.Қай  жерде  оқыды?

(Украинадағы Днепродзержинск  қаласындағы  Днепр  металлургия  комбинаты  жанындағы  кәсіптік-техникалық  училище)

9.Украиндық  досының  аты кім?

(Н.Литошко)

10.Днепродзержинскіде  қанша  жыл  оқыды?

(Бір  жарым  жыл)


Өз ойларын айтады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді


Компьютер

 



Ортасы (20 мин)


Викториналық сұрақтар:

1. Қазақстан тәуелсіздігін қашан жариялады? (16 желтоксан 1991 ж.)

2. Осы жылы мемлекеттің тәуелсіздігіне неше жыл ? (23 жыл )

3. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта қалай аталады? (теңге)

4. Теңге қай жылы еңгізілді? (1993 жылы 15 қараша)

5. Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы деп қашан жарияланды? (10 желтоқсан 1997 жылы)

6. Оған Астана деген ат қашан берілген? (1998 жылдың 6 мамырында)

7. Еліміздің мемлекеттік рәміздері қашан бекітілді? (4 маусымда 1992 жылы)

8. Отан қорғаушы күні? ( 7 мамыр )

9. Атазаң күні? (30 тамыз )








Соңы

Қорытынды: Н. Назарбаев – өзінің ерен еңбегімен, халқымен алға қойылған мақсат пен міндетті іске асыратын және елде және әлемде көлемді нәтижелерді көре алатын планетарлық деңгейдегі сирек және бақытты саясатшы. Жылдар өтер, жүздеген, мыңдаған жылдар өтер, бірақ Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев Қазақстан және жаһандық әлемнің

тарихында, біздің еліміздің ұлы есімдері қатарынан өзінің лайықты және ерекше даңқты орнын алады.



Оқушылар

«Атамекен «әнін айтады

Компьютер





Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Менің құқықтарым менің міндеттерім»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Менің құқықтарым менің міндеттерім»

Сабақтың мақсаты:

Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.
 Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд, рәміздер.

Үлестірмелі материалдар

Кеспе қағаздар топпен жұмыс,

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


І. Ұйымдастыру.
ІІ. Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.

Жарайсыңдар балалар!

Ендеше біз отыру үшін топқа бөлініп алайық. Қанеки ортада турған гүлдің суреті бар парақты таңдап орнымызға жайғасайық.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Компьютер


Сабақ басы (13 мин)


Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет.Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілеттерін дамытады,өз пікірін айтуға,тұжырым жасауға үйретіп,патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ол туралы Конституцияда жазылған.

Біз қай елдің азаматтарымыз?                                                                                                        Қазақстан Республикасының азаматтарымыз.

Сергіту сәті:
Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар? СЛАЙД бала құқықтары
• Өмір сүруге
• Ата-тегін алуға
• Отбасында тәрбиеленуге
• Жеке бас бостандығына
• Азаматтық алуға
• Білім алуға
• Баспана алуға
• Дүние мүлікке
• Демалуға
• Денсаулықты сақтауға
• Сөз бостандығына
• Қоғамдық жұмыстарға араласуға


Өз ойларын айтады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді


Оқушылар жауап береді

Қосымша балалардың да пікірлері тыңдалады.


Компьютер

 



Ортасы (20 мин)


Оқушы міндеті:

1 Жол тәртібін бұзбауға                       

    2.Қоғамдық жұмысқа қатысуға

3.Білімді менгеруге                     

    4.Шындықты білуге

Оқушы жауапкершілігі:

1.Уақытында келу                                             

  2.Уәдеде тұр
3.Тиянақты болу                                   

4.Мектеп мүлкін   бүлдірмеу    

Тренинг «Мен жұлдызбын»
- Қолдарыңда не бар?
-Иа,себебі сендер бір-бір жүректің иесісіңдер.
-Жүректерің қандай?
-Мейірімді.
-Тақтадағы жұлдызды көріп тұрмыз ба? Себебі біз кімдерміз?
-Жұлдыздармыз.
-Ендеше өз суреттеріңді жұлдызға орналастыра қойыңдар.
-Қандай әдемісіңдер!

Оқушылардан жеке жеке сұралады




Соңы

Қорытындылау.

Құқың бар: күл,ойна ,шаттанып білім ал.

Құқың бар:табиғат сырларын біліп ал.

Химик бол, ғалым бол, пайдалы еңбек ет,

Халқың да құрметтеп, достарың қызығар.

Құқың жоқ гүлдерді, көк шөпті жұлуға,

Құқың  жоқ құстардың ұясын бұзуға.

Құқың  жоқ тәртіпсіз, қатыгез бала боп,

Халқыңның алдында қызарып тұруға.  –дей келе біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өзқұқығымыздыда,өзгеніңқұқығын да бұзбай,тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік!



Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салады.





Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Менің құқықтарым менің міндеттерім»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Менің құқықтарым менің міндеттерім»

Сабақтың мақсаты:

Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.
 Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд,

Үлестірмелі материалдар

Кеспе қағаздар топпен жұмыс,

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


І. Ұйымдастыру.
ІІ. Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.

Жарайсыңдар балалар!

Ендеше біз отыру үшін топқа бөлініп алайық. Қанеки ортада турған гүлдің суреті бар парақты таңдап орнымызға жайғасайық.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Компьютер


Сабақ басы (13 мин)


Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет.Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілеттерін дамытады,өз пікірін айтуға,тұжырым жасауға үйретіп,патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ол туралы Конституцияда жазылған.

Біз қай елдің азаматтарымыз?                                                                                                        Қазақстан Республикасының азаматтарымыз.

Сергіту сәті:
Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар? СЛАЙД бала құқықтары
• Өмір сүруге
• Ата-тегін алуға
• Отбасында тәрбиеленуге
• Жеке бас бостандығына
• Азаматтық алуға
• Білім алуға
• Баспана алуға
• Дүние мүлікке
• Демалуға
• Денсаулықты сақтауға
• Сөз бостандығына
• Қоғамдық жұмыстарға араласуға


Өз ойларын айтады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді


Оқушылар жауап береді

Қосымша балалардың да пікірлері тыңдалады.


Компьютер

 



Ортасы (20 мин)


Оқушы міндеті:

1 Жол тәртібін бұзбауға                       

    2.Қоғамдық жұмысқа қатысуға

3.Білімді менгеруге                     

    4.Шындықты білуге

Оқушы жауапкершілігі:

1.Уақытында келу                                             

  2.Уәдеде тұр
3.Тиянақты болу                                   

4.Мектеп мүлкін   бүлдірмеу    

Тренинг «Мен жұлдызбын»
- Қолдарыңда не бар?
-Иа,себебі сендер бір-бір жүректің иесісіңдер.
-Жүректерің қандай?
-Мейірімді.
-Тақтадағы жұлдызды көріп тұрмыз ба? Себебі біз кімдерміз?
-Жұлдыздармыз.
-Ендеше өз суреттеріңді жұлдызға орналастыра қойыңдар.
-Қандай әдемісіңдер!

Оқушылардан жеке жеке сұралады




Соңы

Қорытындылау.

Құқың бар: күл,ойна ,шаттанып білім ал.

Құқың бар:табиғат сырларын біліп ал.

Химик бол, ғалым бол, пайдалы еңбек ет,

Халқың да құрметтеп, достарың қызығар.

Құқың жоқ гүлдерді, көк шөпті жұлуға,

Құқың  жоқ құстардың ұясын бұзуға.

Құқың  жоқ тәртіпсіз, қатыгез бала боп,

Халқыңның алдында қызарып тұруға.  –дей келе біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өзқұқығымыздыда,өзгеніңқұқығын да бұзбай,тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік!



Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салады.





Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Ешкімде ештеңеде ұмытылмайды»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Ешкімде ештеңеде ұмытылмайды»

Сабақтың мақсаты:

Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Кеспе қағаздар топпен жұмыс,

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Мұғалім: - Жеңіс күні - адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен - 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. Халық үшін бұл ауыр кезең болды. 9 мамыр мерекесі барлығымыз үшін ең бір қымбат тарихи күн екені күмәнсіз. Біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің қандай бағамен келгенін ешқашан ұмытпаймыз. Біз Отанымыздың бейбітшілігі мен тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін қиған аяулы жандарды мәңгілік естен шығармақ емеспіз.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Компьютер


Сабақ басы (13 мин)


 - Момышұлы Бауыржан– екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

-   -Талғат Бигелдинов — Авиация генерал - майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтін бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады.

    -1941—1945 жылдар аралығында Мәлік Ғабдуллин Ұлы Отан соғысына қатысады. 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады.

Оқушылар жауынгерлер туралы ой қозғайды


Компьютер

 



Ортасы (20 мин)


Мақал - мәтелдердің жалғасын табу.
1. Елдің атын... шығарады.
2. Көз - қорқақ,
Қол -....
3. Шешен жігіт - жол бастар,
... - қол бастар.
4. Ер адам... сақтамайды.
5. Батырға оқ дарымайды,
Батылға... жоламайды.
6.... айқаста танылар.
7. Ақылдан асар амал жоқ,
... алмас қамал жоқ.

«Жеңіс» сөзіне сөзжұмбақ шешу.
1. Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батыры кім?
Бауыржан Момышұлы
2. Біз қандай күндері демаламыз?
Мереке күндері
3. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларға қандай атақ берілді?
Кеңес Одағының Батыры атағы
4. Батыр сөзіне мағынасы жуық сөзді тап.
Ерлік
5. 28 панфиловшылар қай қаланы жаудан қорғады?
Мәскеу қаласы

Оқушылар топ болып жауап береді




Соңы


1941 - 1945 жылдардағы соғыстың ерлікке толы қаһарлы жылдары барған сайын бізден алыстап тарихқа кетіп барады. Жеңіс күні бізге ең алдымен бейбітшіліктің бағасын ұқтырды. Миллиондаған адамның өмірі мен қолға тиген 1945 - жылғы Жеңіс күні бізге қымбат. Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата - әжелеріміздің әңгімесінен соғыстың не екенін түсініп, жанымыз түршігеді. Қан майданда өздерінің жас жанын қиып, жаумен шайқаста ерлік көрсеткен ата - апаларымыздың рухына мәңгі тағзым етеміз. Оларды әрқашан жадымызда ұстаймыз.


Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салады.





Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Тәуелсіздік тұғырым»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Тәуелсіздік тұғырым»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен таныстыру. Елін, жерін, тілін құрметтейтін, адамгершілігі мол , елінің мұрасын жалғастыратын,өз отанын сүйетін тұлғаны қалыптастыру. оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен таныстыру.

Құндылықтарды дарыту

Елін, жерін, тілін құрметтейтін, адамгершілігі мол , елінің мұрасын жалғастыратын,өз отанын сүйетін тұлғаны қалыптастыру.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Топтық жұмыс, «Жүректен –жүрекке», «Конверттегі сұрақтар» әдісі, «Кластер әдісі», «Адасқан сөздер» ойыны, «Еліме тілек» ойыны

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


а) оқушылармен амандасу

ә) сабаққа даярлықтарын тексеру

б) оқушыларды топқа бөлу

Ынтымықтастық атмосферасын қалыптастыру.

Оқушылар шеңбер құрып, бір- біріне сәттілік тілейді.

Қайырлы таң достар

Қайырлы күн болсын

Бүгінгі күн сәтті,

Сәттілікке толсын.

а) таңдаған гүлдерінің түсіне қарай 4 топқа бөлінеді.

ә) Әр топқа конверттегі жұмбақ өлең беріледі.

Өлеңнің жауабы әр топтың атауы болады.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Компьютер


Сабақ басы (13 мин)


Сұрақ-жауап әдісі

1. Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?

2. Елбасымыз кім?

3. Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Биыл тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлаймыз?

Тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?

Еліміздің басынан азапта, аштықта, соғыста өтті. Бірақ мойымады, күресе білді. Азаттық таңы ататынына кәміл сенді.Енді өткен кейбір тарихи оқиғаларға шолу жасайық

« Азаттық таңы» слайд көрсету.
« Сергіту сәті» « Адасқан сөздер» ойыны

Екі топқа кеспе қағаздағы сөздерді беремін 1. Отаны бірдің жүрегі бір ,

Жүрегі бірдің тілегі бір.

2. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас

Сұрақ- жауап әдісі

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі қандай жетістіктерге жетті?

Оқушы ойын тыңдау.

Еліміздің жеткен жетістіктерін көрсету. (Слайд)

« Кластер әдісі» Тәуелсіздік не берді?

Әр топқа «Тәуелсіздік не берді?» деп жазылған кесте қағаз беріледі. Топтағы оқушылар бірлесе отырып, сұраққа жауаптарын жазады. Болған топтан сұрап, оқытып талдау жасау.


Оқушылар сурақтарға жауап береді


Сол сөздерден мақал құрастырып, мақалдың мағынасын ашады.


Компьютер

 



Ортасы (20 мин)


Иә/жоқ тесті

1) Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы (Иә)

2) Оның Астанасы Алматы қаласы (жоқ)

3) ҚР Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбеков. (Иә)

4) Біздің Президентіміз Н.Ә.Назарбаев (Иә)

5) Елтаңбаның авторы Шәмші Қалдаяқов (жоқ
Тәуелсіздік тұғырын желбіреткен,

Қазағымның жүрегін елжіреткен.

Мақтан етем елімнің берекесін

Құттықтаймын шын жүректен мерекесін.


Оқушылар топ болып жауап береді

Оқушылар Тәуелсіздік туралы өлеңдер айтады




Соңы

Қорытынды бөлім

Балалар бүгінгі сабақты қорыта келе сендерге «Еліме тілек» атты оынын ұсынамын. Әрқайсың қолдарыңдағы гүлдерге өз тілектеріңді жазыңдар. « Елімізді гүлдендірейік» еліміздің картасына гүлдеріңді жапсырасыңдар.



Әр топтан оқушылардың тілектерін тыңдау