ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 92
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
II. Эксперименттік зерттеу бөлімі
2. 1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері
Мақсаты – Отбасындағы жеткіншектер мен ата-ана қарым-қатынасының ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу.
Болжамы - отбасындағы тәрбиелеу стилдері мен жеткіншектердің қарым-қатынас ерекшеліктері арасында тығыз байланыс бар.
Зерттеу әдістемелері:
1. Ата-ана жеткіншек қарым-қатынасын анықтау әдістемесі (А.Н. Варга, В.В. Столин).
2. Р.Ф. Беляускайтенің “Менің отбасым” проективті әдістемесі
3. Дж Мореноның социометриялық сауалнамасының модификациялық нұсқасы
Зерттеу объектісі - Отбасындағы жеткіншектер мен ата-ана қарым-қатынасының ерекшеліктері
Зерттеу пәні - Отбасындағы жеткіншектер мен ата-ана қарым-қатынасының ерекшеліктерінің көріну жағдайлары
Зерттеу мерзімі: 20 наурыз – 25 сәуір 2013жыл
Зерттеу міндеттері:
-
Әдістемелер арқылы жеткіншектерге зерттеу жүргізу -
Әр зерттеушінің индивидуалды мәліметтерін өңдеу -
Математикалық-статистика әдістері арқылы мәліметтер арасындағы өзарабайланысты анықтау, болжамды дәлелдеу -
Зерттеу нәтижелерін талдау, қорытындылау
2. 2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы
1. Ата-ана - бала қарым-қатынасын анықтау әдістемесі
(А. Н. Варга, В.В.Столин).
Ата-ана жеткіншек қарым-қатынасын анықтауға арналған сұрақнама тестін ұсынған А. Н. Варга және В.В.Столин. Бұл сұрақнаманы жасауда МГУ факультеті жанындағы отбасыға көмек көрсетудегі кеңес беру орталығына жеткіншек тәрбиесі және Отбасылық қарым-қатынас мәселелері бойынша көмек көрсетуді өтінген ата-аналарға зерттеу жүргізілген. Мұнда зерттеушілер 2 топқа: эксперименттік яғни жеткіншектермен қарым-қатынасына психологиялық көмек көрсететін топ; бақылау тобы жеткіншек тәрбиесімен Отбасылық қарым-қатынаста сырттан көмек қажетететін ата-аналар тобын топтастырды.
Негізгі шкалаларға сипаттама:
1.“Қабылдау – шеттету” шкаласы. Бұл шкала ата-ананың жеткіншекке эмоционалдық интегралды қатынасын бейнелейді. Шкаланың жоғарғы шегіндегі мәліметтер ата-ананың жеткіншек табиғатын, жетістігімен кемшілігімен қоса қабылдайтынын көрсетеді. Ата-ана жеткіншектің жеке тұлғалық қасиеттерін мойындай отырып оның көзқарастары мен ойларымен санасады. Уақыттың көбін баламен өткізуге, оның қызығуларымен шығармашылық көзқарастарын құптап қолдау жасап отырады. Жеткіншектің бойындағы шығармашылық қабілеттерді ерте байқап оны дамытуға бірден бір салаға бейімдеуге тырысады. Шкаланың келесі полюстік шегінде ата-ана жеткіншекті тек нашар, жағымсыз және сәтсіздіктер жағынан ғана қабылдайды. Ата-ана жеткіншекті өмірге бейімсіз жолы болмайтын және өмір сүруге қажетті қабілеттерінің төмендігінен ешқандай табысқа қолы жетпейтін ақыл-ой қабілеті төмен субьект ретінде қабылдайды. Мұндай ата-ана жеткіншектің қабілетімен мүмкіндіктеріне күмән келтіретінін тұлға ретінде силамайды.
2. Кооперация немесе ата-ана қатынасының әлеуметтік қалаулы образы. Бұл шкаланың мазмұны ата-ана жеткіншектің творчестволық әрекеттерімен индивид жоспарларына қызығушылықпен ат салысып көмек көрсетеді. Ата-ана жеткіншектердің шығармашылық әрекеттерімен жеке тұлға жоспарларына қызығушылықпен ат салысып көмек көрсетеді. Ата-ана жеткіншектердің интелектуалды шығармашылық қабілеттерін жоғары бағалап өзіне мақтаныш тұтады. Ол жеткіншектің дербестігі мен бастамасына қолдау көрсетеді және өзімен тең ұстауға тырысады. Ата-ана өз баласының мүмкіндігі мен творчестволық қабілеттеріне сеніммен қарайды. Көзқарастары мен ой-пікірімен санасып отырады.
3. Симбиоз - жеткіншектермен қатынастағы жеке адам аралық арақатынасты сипаттайды. Жоғары мәліметтер ата-ананың жеткіншектер мен симбиотикалық қатынасқа ұмтылатынын көрсетеді. Бұл бағыттың мазмұнына ата-ана өзін жеткіншекпен бір тұтас организм ретінде сезінеді барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Ата-ана жеткіншек үшін үнемі мазасызданады. Бұл мазасыздану жеткіншекте автономиялыққа, дербестікке ұмтылу байқалғанда үдей түседі.
4. Өктемшіл гиперсоциализация - жеткіншек жүріс-тұрысымен әрекетін бақылаудың бағытымен формаларын бейнелейді. Бұл шкала бойынша жоғары мәліметтер ата-ана жеткіншек қатынасындағы өктемдігін көрсетеді.
Ата-ана өз баласынан бағыну мен тыңдауды талап етеді. Ол өз көзқарастарымен идеяларын жеткіншек тұлғасына қайтадан жасауға бейім келеді. Жеткіншек өз талабынан кез-келген дербес бастама үшін жазаланып отырады. Ата-ана өз жеткіншектердің әлеуметтік жетістіктері, дағдылары, ойлары, сезімдері мен индивидуалды ерекшеліктерін үнемі қадағалап отырады.
Отбасылық қарым-қатынастың мұндай типі орын алғанда жеткіншек творчестволық қабілеттерінің қалыптасуы немесе дамуы туралы сөз қоз-ғаудың өзі артық екені белгілі.
5. “Жолы болмаушылық” мұнда ата-ананың жеткіншекті қабылдау мен түсіну ерекшеліктерімен сипаттайды. Бұл шкала бойынша жоғары мәліметтер ата-ана мен жеткіншек қатынасындағы өзінің тұлғалық және әлеуметтік қауқарсыздығын жеткіншекке жапсыруға ұмтылуды көрсетеді. Ата-ана өз баласына табиғи жасымен салыстырғанда кішкентай деп қарайды. Жеткіншектің қызығулары ой-пікірі, сезімі, ата-анаға жеткіншектік мазасыздық болып көрінеді. Ата-ана өз жеткіншектердің ақыл-ой мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттеріне күмәнмен қарайды. Жеткіншектің әлеуметтік “әлсіздігіне” қарай кез—келген іс-әрекетте бақылап қадағалап отырады.
Бұл жағдайлар жеткіншектің творчестволық қабілеттерінің дамуы мен жүзеге асуына бірқатар кедергі келтіреді, кейде тіпті шығармашылық қабілетінің табиғатын тұншықтыруға әкеп соғады.
2. Дж. Мореноның социометрия әдісінің негізінде құрастырылған модификациялық сауалнама
Бұл сауалнаманың нұсқасы жеткіншек зерттелушілерге сұрақтар қою арқылы Отбасылық қатынас пен тәрбие жайлы мағлұмат алу көздейді. Сұрақ реті төмендегідей құрастырылды.
1. Көңілсіз кездеріңде бірінші кезекте кімнен қолдау күтесің?
2. Саяхатқа кіммен барғанды қалар едің?
3. Отбасылық бақыт дегенді қалай түсінесің?
4. Саған “отбасы” ойынын ойнауды ұсынса кімді бірінші бейнелейсің?
5. Егер сені біреу ренжітсе, ол туралы кімге бірінші айтар едің?
6. Сен қателік жібергенде көбінесе кім жазалайды.
7.Сен кейін өз балаларыңды қалай тәрбиелейсің?
8. Сенің ойыңша бақытты бала деген кім?
Социометриялық сауалнама әр жеткіншекпен индивидуалды түрде өткізіледі.
3. Р.Ф. Беляускайтенің “Менің отбасым” проективті әдістемесі
Зерттелушілерге өз отбасысының мүшелерін салу тапсырмасы беріледі. Бұл проективті әдіс негізінен ойын ретінде жүзеге асырылады .
Нұсқау: Өз отбасыңның суретін сал.
Ескерту: Мұнда жеткіншекке артық түсіндірудің қажеті жоқ. Себебі ол түсіндірулер жеткіншек шығармашылық әрекетіне белгілі бір бағдар жүзінде әсер етуі мүмкін.
Зерттеу кезінде негізінен мына жағдайларға көңіл аударумен тіркелді:
а) дене бөліктерін салу жүйелігі
ә) үзіліс
б) детальды өшіру
в) суретке ауызша түсініктеме беруге ұмтылыс
г) суреттегі бейнеде эмоционалды реакция көрінуі
Жеткіншек шығармашылық іс-әрекетін толық аяқтағаннан кейін қосымша түсініктеме алу мақсатында әңгіме өткізіледі.
Жеткіншекке төмендегідей сұрақтар реті қойылды:
1. Суретте кім бейнеленген?
2. Ол қай жерде оқиды немесе жұмыс жасайды?
3. Отбасы мүшелері не шаруамен айналысуда?
4. Үйде Отбасылық міндеттер қалай белгіленген?
5. Олар өзара көңілді ме? Неге?
6. Суреттегі ең бақытты жолы болғыш кім? Неге?
7. Суреттегі ең бақытсыз, жолы болмайтын кім? Неге?
Бұл әдістеменің басты мақсаты - зертелініп отырған жеткіншектің өз отбасы мүшелерінің әрқайсысына және отбасылық тәрбие стиліне нақты қатынасы мен отбасы мүшелеріне эмоционалдық жақындығын анықтау.
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық және сапалық өңделуі
Зерттеу барысы: Зерттеудің алғашқы кезеңінде Отбасылық тәрбие стилінің жеткіншектің ата-анамен қарым-қатынасының қалыптасып, дамуына әсерін анықтау мақсатында жеткіншектерге зерттеу жүргізілді. Мұнда әр жеткіншекпен жеке жұмыс барысында сенімді байланыс қатынасын орнатуға көп мән берілді. Зерттеу индивидуалды түрде өткізіледі. Зерттеу мәселесінің күнделігіне байланысты эмпирикалық зерттеу жұмысы бірнеше кезеңге бөліп жүргізілді.
Зерттеудің бірінші кезеңінде Дж. Морено әдісінің негізінде құрастырыл ған социометрия әдісінің модификациялық нұсқасы қолданылды. Мұнда жеткіншекға сұрақтар қою арқылы Отбасылық қатынас пен тәрбие жайлы мағлұмат алу көзделді. Мұнда сұрақ реті төмендегідей болды.
1. Көңілсіз кездеріңде бірінші кезекте кімнен қолдау күтесің?
2. Саяхатқа кіммен барғанды қалар едің?
3. Отбасылық бақыт дегенді қалай түсінесің?
4. Саған “отбасы” ойынын ойнауды ұсынса кімді бірінші бейнелейсің?
5. Егер сені біреу ренжітсе, ол туралы кімге бірінші айтар едің?
6. Сен қателік жібергенде көбінесе кім жазалайды.
7.Сен кейін өз балаларыңды қалай тәрбиелейсің?
8. Сенің ойыңша бақытты бала деген кім?
Социометриялық сауалнама аяқтақтағаннан кейін зерттелуші жеткіншектерге Р.Ф. Беляускайтенің “Менің отбасым” проективті әдістемесі қолданылды. Жеткіншектерге бұл проективті әдіс ойын ретінде жүзеге асырылады. Нұсқау: Өз отбасыңның суретін сал.
Ескерту: Мұнда жеткіншекға артық түсіндірудің қажеті жоқ. Себебі ол түсіндірулер жеткіншек шығармашылық әрекетіне белгілі бір бағдар жүзінде әсер етуі мүмкін.
Зерттеу кезінде негізімен мына жағдайларға көңіл аударумен тіркелді:
а) дене бөліктерін салу жүйелігі;
ә) үзіліс;
б) детальды өшіру;
в) суретке ауызша түсініктеме беруге ұмтылыс;
г) суретттегі бейнеде эмоционалды реакция көрінуі.
Жеткіншек шығармашылық іс-әрекетін толық аяқтағаннан кейін қосымша түсініктеме мәліметін алу мақсатында әңгіме өткізілді.
Жеткіншекке мұнда төмендегідей сұрақтар қойылды:
1. Суретте кім бейнеленген?
2. Ол қай жерде оқиды немесе жұмыс жасайды?
3. Отбасы мүшелері не шаруамен айналысуда?
4. Үйде Отбасылық міндеттер қалай белгіленген?
5. Олар өзара көңілді ме? Неге?
6. Суреттегі ең бақытты жолы болғыш кім? Неге?
7. Суреттегі ең бақытсыз, жолы болмайтын кім? Неге?
Бұл кезде жеткіншектің отбасы мүшелерінің әрқайсысына деген нақты қатынасы эмоционалдық жақындығын анықтауға ұмтылыс жасалды.
Бұл әдістеме мәліметтерін талдау барысында Отбасылық қарым-қатынастың 5 түрлі симптомокомплекстерін бөліп шығаруға болады.
-
Жағымды Отбасылық қарым-қатынас -
Мазасыздану -
Отбасылық конфликт -
Отбасылық өзін кемсіту ситуациялары -
Отбасылық дұшпандық ситуациялары
Жеткіншектерге жүргізілген проективті әдістерді жүргізу барысында Отбасылық қарым-қатынас типі мен тәрбие стиліне деген жеткіншектің өзіндік жағымды немесе жағымсыз қатынасы болатыны анықталды. Бұл туралы мәліметтерді жұмыстың сапалық талдау бөлімінде кеңірек баяндалады.
Екінші кезең - ата-ана жеткіншек қатынасын анықтауға арналған (ОРО) әдістеме көмегімен жоғарыда зерттеу жүргізілген жеткіншектердің ата-аналарына индивидуалды зерттеу жүргізіп топтың орталық мәліметтері кестеге орналастырылады.
№ 1 кесте Ата-ана жеткіншек қатынасын анықтауға арналған (ОРО) әдістеме бойынша ата-аналардың топтың орталық мәліметтері
№ | Шкала атаулары | ||||
Қабылдау шеттету | Кооперация | Симбиоз | Авторитор-лық | Жолы болмаушы | |
1-жұп | 10 | 7 | 5 | 6 | 3 |
2-жұп | 15 | 4 | 2 | 4 | 2 |
3-жұп | 16 | 9 | 4 | 5 | 6 |
4-жұп. | 8 | 6 | 4 | 3 | 0 |
5-жұп. | 20 | 14 | 16 | 12 | 0 |
6-жұп. | 6 | 8 | 1 | 5 | 6 |
7-жұп | 7 | 8 | 1 | 5 | 6 |
8-жұп | 17 | 9 | 2 | 1 | 1 |
9-жұп | 6 | 1 | 1 | 5 | 6 |
10-жұп. | 12 | 8 | 2 | 3 | 2 |
11-жұп. | 6 | 2 | 1 | 5 | 6 |
12-жұп | 7 | 3 | 2 | 5 | 5 |
13-жұп. | 22 | 9 | 4 | 2 | 0 |
14-жұп | 24 | 8 | 6 | 1 | 0 |
15-жұп | 24 | 9 | 6 | 2 | 1 |