Файл: Магистерлік жобаны рылымы Отбасындаы атаанамен жеткіншіктер арасындаы атыыстарды туындауыны психологиялы себептері жне оларды алдын алу жолдары кіріспе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 100

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
 
9. Туған күніңізде ата-анаңыздың үйде болуын қалайсыз ба? 
10. Оқыған кітаптарыңызды ата-анаңызбен талқылайсыз ба? 
11. Ата – анаңызбен телехабарларды және фильмдерді талқылауды ұнатасыз ба? 
12. Ата-анаңызбен театрға, көрмелерге, музейлерге барасыз ба? 
13. Өміріңізде ата-анаңызбен серуендеу, саяхатқа шығу сәттері жиі болады ма? 
14. Демалыстарда ата-анаңызбен өткізгенді қалайсыз ба? 
15. Қалай ойлайсыз? Ата-анаңызбен аралықта өзара түсінбеушілік бар ма? 

16. Ата анаңыздың пікірімен әрқашан келісесіз бе ?

17. Мектепте, колледжде өзіңіздің сынып, топ жетекшіңізбен пікірлесіз бе?

18. Өз сынып, топ ішінде өз ойынды ашық айта аласыз ба?

19. Сіз өз өміріңізде өзіңізді белгілі тұлғаларға тенеп, соған ұқсауға тырысасыз ба?

20. Сіз өзіңіздің қандай істерге биімділігіңізді анықтай алдыңыз ба?

Сауалнаманың нәтижесін өңдей келе, сауалнамаға барлығы 112 оқушы қатысты. 9 – сыныптарда 32 оқушы, 10 – сыныптарда 17 оқушы, 11 – сыныптарда 24 оқушы, колледжден 39 қатысты.
Жеткеншектерден алынған сауалнама нәтижесі кесте 1.


Сұрақтар тізбегі

7 сынып

8 сынып

9 сынып

колледж

иә

жоқ

иә

жоқ

иә

жоқ

иә

жоқ



14

18

11

6

13

11

25

14



19

13

12

5

18

6

21

18



11

21

9

8

17

7

22

17



16

16

10

7

15

9

25

14



22

10

12

5

21

3

39

-



20

12

11

6

19

5

33

6



15

17

10

7

18

6

31

8



24

8

13

4

16

8

35

4



13

19

7

10

9

15

13

26



11

21

8

9

16

8

21

18



7

25

2

15

11

13

12

27



10

22

5

12

4

20

2

37



16

16

8

9

11

13

19

20



17

15

4

13

8

16

23

16



22

10

6

11

6

18

19

20



14

18

5

12

10

14

15

24



20

12

11

6

19

5

23

16



27

5

9

8

17

7

25

14



25

7

11

6

13

11

33

6



15

17

9

8

18

6

29

10



И.Г.Песталоцци: «Бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі отбасында басталып, мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт» - деген қағиданы ұсынды. К.Д.Ушинский бала тәрбиесіне тоқтала келе, мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінін негізгі ортасы – отбасы. Бала отбасында қарапайым білім, іскерлік, дағдыларды меңгеріп, ата-анасынан тәртіп, мінез-құлық ережелерін үйренеді деп көрсетті. [21, 67 б.].

Педагог мамандығы жасандылыққа, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді. Болашақтың адамын тәрбиелейтін, болашақ жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін бала жанының бағбаны тәрбиешілер болғандықтан олардың ары таза, адал, әдепті, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болу сияқты адами қасиеттерді өз бойында дамытып ұрпақ тәрбиесінде қолдана білу арқылы мектепке дейінгі жаста рухани тәрбие берудің негізгі тірегі бола білуі шарт. Балаларды еңбек етуге баулу арқылы өз өмірінің мәнін түсінуге ықпал ететіндігі, үнемдеу, өмірлік дағды қалыптастыру, сөз бен істің бірлігін сақтауға баса назар аудару, ата- аналармен ынтымақтастық орнату.

Қазақ халқының озық дәстүрлерін (қонақжайлық, барша адамдарға деген ықыласты көңіл мен қамқорлық, төзімділік) негізге ала отырып, болашақ мамандардың (ұлтына қарамастан) бірлесіп өмір сүріп жатқан халықтар мен ұлыстардың салт-дәстүріне, ұлттық мәдениеті мен тарихына деген құрмет сезімін дамыту. Болашақ мамандарды өз бойында келесі 12 қасиеттерді саналы түрде қалыптастыруға бейімдеу: а) жоғары деңгейдегі ұлттық абырой, патриотизм мен азаматтық, төзімділік (толеранттылық) пен гуманизм; ә) этносаралық, конфессияаралық және мәдениетаралық сұхбат құруға әзірлік; б) Ақиқат, Сүйспеншілік, Дұрыс іс-әрекет, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау құндылықтары мен «мәңгілік» мұраттарды бейнелейтін жер бетінде бейбітшілік пен тыныштық орнауына септігін тигізетін, зорлық- зомбылыққа жол бермейтін өмір, еркіндік, ар, сенім, махаббат, бақыт сынды жалпыадамдық тұғырлы құндылықтар бағдарын ұстануға ықыласты болу. Болашақ мамандардың заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайда келесі қасиет- сапаларға ие бәсекеге қабілетті зияткер тұлғаға деген сұраныстың жоғары болатындығын саналы түрде пайымдап түсінуге бағыттау: а) өзін жетілдіруге, өздігімен дамуға, өзінің негізгі күш-қуатын іске асыруға және өзін танытуға ұмтылыс; ә) жаңа білім мазмұнын игеріп, тың идеяларды ойлап табуда бастамашылдық таныту және оларды отан игілігі үшін жүзеге асыруға дайын болуға үйрету. Ата-ана өзін баламен бірбүтін деп санайды. Баланың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өмірлік қиыншылықтардан қорғауға тырысады. Баланы кішкентай әрі қамқорсыз деп ойлайды. Оқытудың интербелсенді әдістері:

ойын технологиясы, рухани тәрбие негіздерін берік қалаудың жаңаша әдістері мен тәсілдемелері, трениенгтер, сыни тұрғыдан ойлау, ой қозғау, кейс-стади, зерттеушілік т.б. әдістерді оқу қызметінде тиімді пайдалануға басымдық берілу керек.



Жеткеншектерден алынған сауалнама нәтижесі бойынша

диаграмма1

Жеткіншектерден сауалнама жүргізгенде қойылған бірінше сұрақ «ата-ана сіздің күнделікті қандай істермен айналысатыңызбен хабардарма» деген сұраққа 9 сынып оқушылары 14 иә деп 18 жоқ деп жауап берген, 10 сынып 11 иә 6 жоқ, 11сынып 13иә 11 жоқ, колледж 25 иә 14 жоқ, яғни жүз он екі жеткеншектің жауабы бойынша 56,2% ғана иә деп жауап беріп, жеткіншектер бұл нәтиже бойынша ата-аналарына толығымен шешіліп, сенім білдірмейтінің көрсетіп тұр.9,10,11 сынып жеткіншектер көп жағдайда ата-анасынан өзінің күнделікті тіршіліктерін жасырын ұстап отыратынын көрсетіп тұр.Колледж де оқитын жеткіншектер көбінесе ата-аналарымен тікелей қатынаста болатының көрсетеді, өйткені жеткіншектер өзін болашақ маман иесі ретінде жауапкершілікті сезіне бастайды. Екінші сұрақ «Ата-анаңыз сіздің достарыңызды біледі ме?» 9 сынып 19 иә 13 жоқ , 10 сынып 12 иә 5 жоқ, 11 сынып 18 иә 6 жоқ, колледж 21 иә 18 жоқ деп жауап берген ата аналар бұл жағдайда жүз он екіден жетпісі иә деп жауап беріп отыр яғни 62,5 % . Жеткіншектің жолдастарының ықпалы өте жоғары сол себептен жеткіншектердің жүрген ортасын анықтау арқылы сіз балаларыңыздың болашағын болжай аласыз. Қазақта жолдасына қарап сені қандай адам екеніңді айтамын деген нақыл сөз бар.Сондықтан ұрпақтарыңыздың жүрген ортасын анықтап жақсы ортаға бейімдей білу керек. Үшінші сұрақ «Сіз ата-анаңызбен ашық сырласып сөйлесесіз бе?, жеке сұрақтар бойынша кеңес аласыз ба?» 9 сынып 11 иә 21 жоқ , 10 сынып 9 иә 8 жоқ, 11 сынып 17 иә 7 жоқ, колледж 22 иә 17 жоқ бұл сұрақ бойынша 52,7% яғни жеткеншектердің көпшілігі ата-анасымен ашық сырласып сөйлеспейтінің білдіреді, себебі ата-ана балаларының қойған сұрақтарына немқұрайы қарап тек жеткіншекті күнделікті тіршілігі мен ғаламторлық жүйеге кіріп, балаларына балам анасы әкеннен сұра, әкесі ананнан сұра деп бір біріне сілтеумен болып баланың тұйықтап қалуына, ашық сөйлеспеуіне әкеледі Төртінші сұрақ «Достарыңыз үйіңізде жиі болады ма?» 9 сынып 16 иә 16 жоқ , 10 сынып 10 иә 7 жоқ, 11 сынып 15 иә 9 жоқ, колледж 25 иә
14 жоқ яғни пайыз бойынша 58,9%. Жеткіншектер достарын үш жағдайда отбасына апара алмайды, әлеуметтік жағдайына ата-анасының көз қарасына байланысты және тұрмыстық жанжалдарға байланысты. Бесінші сұрақ « Үйдегі өз міндеттеріңізді орындайсыз ба?» 9 сынып 22 иә 10 жоқ , 10 сынып 12 иә 5 жоқ ,11 сынып 21 иә 3 жоқ, колледж 39 иә бұл жағдайда 83,9% жеткеншектер тұрмысты жағдайда ата-анасының тапсырған тапсырмаларын және жұмыстарын істеуге тырысады екен, себебі көбінесе балалар ата-анасына өздеріне керекті шарттарын орындату үшіне және ата-аналар балаларына шарт қою арқылы орындатады. Алтыншы сұрақ «Үйде жалығасыз ба?, үйден тыс жерден дем алуды жақсы көресіз бе?» 9 сынып 20 иә 12 жоқ ,10 сынып 11 иә 6 жоқ , 11 сынып 19 иә 5 жоқ, колледж 33 иә 6 жоқ жеткіншектер жалпылама үйде отырудан жалығып сыртта жолдастарымен серуендеп жүруді жақсы көреді екен яғни пайыздық көрсеткіші 74,1%. Жалпы қайдан жағдай болсада, жеткіншектерді тұйықтап үйде ұстап, сыртқа , демалыс орындарға жолдастарымен жібермей тиым салуға балмайды. Жетінші сұрақ «Ата –анаңызбен ортақ қызығушылықтарыңыз немесе істеріңіз бар ма?» 9 сынып 15 иә 17 жоқ , 10 сынып 10 иә 7 жоқ, 11 сынып 18 иә 6 жоқ, колледж 31 иә 8 жоқ деген жауап алдық, нәтижесінде 66,1% жеткіншектердің ата-аналар мен ортақ қызығушылықтары бар болып шықты, бір-ақ толығымен қанағаттандыратындай көрсеткіш болмады.Сегізінше сұрақ «Сіз отбасылық мерекелердің дайындығына қатысасыз ба? » 9 сынып 24 иә 8 жоқ , 10 сынып 13 иә 4 жоқ ,11 сынып 16 иә 8 жоқ, колледж 35 иә 4 жоқ, жеткіншектердің 78,5% отбасылық мерекелерде белсене араласқанды ұнататын көрсетті. Өйткені отбасылық мерекелерде отбасына жақын туыс туысқандар, жора жолдастар келіп бөліседі. Ондай кездерде балалары бір-бірімен араласып ортақ пікірлесулер болып бір-бірінен нәр алуы мүмкін.Тоғызыншы сұрақ «Туған күніңізде ата-анаңыздың үйде болуын қалайсыз ба? » 9 сынып 13 иә 19 жоқ , 10 сынып 7 иә 10 жоқ, 11 сынып 9 иә 15 жоқ, колледж 13 иә 26 жоқ, жеткіншектердің 37,5% туылған күндерін ата-анасымен бірге үйде тойлауды жөн көрсе,62,5% жеткіншектеріміз достарымен және өзі араласатын ортасымен бірге атап өтуді қолдайды, өйткені отбасы ортасында жеткіншектер толығымен еркіндікті сезінеді. Оныншы сұрақ «Оқыған кітаптарыңызды ата-анаңызбен талқылайсыз ба?» 9 сынып 11 иә 21 жоқ , 10 сынып 8 иә 9 жоқ, 11 сынып 16 иә 8 жоқ, колледж 21 иә 18 жоқ, жеткіншектердің 50% ата-анамен бірге талқылағанды ұнатады.Отбасындағы ата-аналар жеткіншектерімен бірге уақытты тиімді өткізсе,жеткіншектерде ата-аналармен бірге болатын көреміз. «Қазақта көп өмір сүргеннен емес, көп көргеннен сұра» деген нақыл сөз бар, яғни ата-ананмен бірге талқыласа онда көптеген құнарлы құндылық деректерді алады. Он бірінші сұрақ «Ата – анаңызбен телехабарларды және фильмдерді талқылауды ұнатасыз ба?»
9 сынып 7 иә 25 жоқ , 10 сынып 2 иә 15 жоқ, 11 сынып 11 иә 13 жоқ, колледж 12 иә 27 жоқ,жеткіншектердің 28,5% ғана қолдаса, яғни жеткіншектер жеткіншек шақтарында өзіндік көз қарастың қалыптасатынын көреміз және олардың көз қарастары ата-аналармен сәйкес келмейді мысалы, кейбір ата-аналар тарихи деректерді ұнатса, ал жеткіншектер шетелдердің драмалық және боевик фильмдерін ұнатады. Он екінші сұрақ «Ата-анаңызбен театрға, көрмелерге, музейлерге барасыз ба? » 9 сынып 10 иә 22 жоқ , 10 сынып 5 иә 12 жоқ, 11 сынып 4 иә 20 жоқ, колледж 2 иә 37 жоқ, жеткіншектердің 18,5% ия деп жауап берді.Жеткіншектер достарымен бірге барғанды ұнатын болып шақты. Бірақта қәзіргі жеткіншектер театрға, көрме, музейлерден гөрі ойын сауық жерлерге баруға көп көңіл бөледі, сондықтан қәзір жеткіншектерде рухани байлықтардың төмен екендігіне көз жеткізуге болады. Он үшінші сұрақ «Өміріңізде ата-анаңызбен серуендеу саяхатқа шығу сәттері жиі болады ма? » 9 сынып 16 иә 16 жоқ , 10 сынып 8 иә 9 жоқ, 11 сынып 11 иә 13 жоқ, колледж 12 иә 27 жоқ, жеткіншектердің 41,9% ия деп жауап берсе,қалған жеткіншектеріміздің ата-анамен серуендердің аз болатын көрсетті. Яғни бұл жерде жеткіншектерді саяхатқа ата-аналары көбінесе әлеуметтік жағдайларына байланысты өздерімен бірге алып жүре алмайтындығы көреміз.Он төртінші сұрақ «Демалыстарда ата-анаңызбен өткізгенді қалайсыз ба?» 9 сынып 17 иә 15 жоқ , 10 сынып 4 иә 13 жоқ, 11 сынып 8 иә 16 жоқ, колледж 23 иә 16 жоқ, жеткіншектердің 46,4% ия деп жауап берді.Жеткіншектер бос уақытын достарымен өткізгенді ұнатады,ата-ана тарапынан қолдау жасау керек. Өйткені барлық уақыттарда жеткіншектер ата-аналарымен өткізетін болса онда жеткеншектер еркіндікті және болашақта өздігінше тіршілік ету қабілетіне байланысты тек ата-ананың қамқорлығымен шектеп қалады. Он бесінші сұрақ «Қалай ойлайсыз? Ата-анаңызбен аралықта өзара түсінбеушілік бар ма? » 9 сынып 22 иә 10 жоқ, 10 сынып 6 иә 11 жоқ, 11 сынып 6 иә 18 жоқ, колледж 19 иә 20 жоқ, жеткіншектердің 51,8%, жартысынан көбісі ата-анамен жақсы қарым-қатынаста екенін көрсетті.Отбасында ата-ана жеткіншекке дұрыс уақыт бөлмегендіктен өзара түсінбеушілік орын алады және ата-ана қазіргі жағдайдағы жетістіктермен және жаңалықтармен толығымен хабардар болмағандықтан жеткіншектер арасында қарама қайшылықтар көп туындайды. Он алтыншы сұрақ «Ата анаңыздың пікірімен әрқашан келісесіз бе ?» 9 сынып 14 иә 18 жоқ , 10 сынып 5 иә 12 жоқ, 11 сынып 10 иә 14 жоқ, колледж 15 иә 24 жоқ деп жауап берді, нәтижесінде 39,2%