Файл: Астана аласы білім басармасы Математикалы сауаттылы факультатив курс бадарламасы астана, 2017.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 49
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«Математикалық сауаттылық»
факультатив курс бағдарламасы
АСТАНА, 2017
Ғылыми - әдістемелік кеңес отырысында қаралды Хаттама № 5
26.05. 2017 ж.
Рецензент: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ физика-математика ғылымдарының
докторы, профессор Бокаев Н.А.
Альмуканова С.А. №63 мектеп-гимназиясының математика пәні
мұғалімі
Ибраева Э.М., Сагадиева С.К. №63 мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімдері. «Математикалық сауаттылық – заман талабы» факультатив курс бағдарламасы.
Бағдарлама 7-8 сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін арттыруға, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, сыни тұрғыдан ойлануға, зерттеу жұмыстарын жүргізе білуге және математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Бағдарлама 4 бөлімнен тұрады, әр бөлімнің соңында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін арттыруға тапсырмалар ұсынылған. Бағдарламаның мазмұнында курсты ұйымдастыру формалары, оқыту әдістері көрсетілген. Бағдарлама 7-8 сынып оқушыларына қолдануға тиімді.
Бағдарламаның мазмұны
Түсінік хат ............................................................................................... 3-бет
Бағдарламаның мазмұны ....................................................................... 5-бет
Қорытынды ............................................................................................. 8-бет
Әдебиеттер тізімі .................................................................................... 9-бет
Қосымшалар
Түсінік хат
Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол – оқытудағы математикалық сауаттылық.
Математикалық сауаттылық – математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну, әр түрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру, дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту, есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру, математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелелерді шешуде еркін қолдану болып табылады.
оқушыларына ұсынылып отырған бағдарламада білім саласының жаңаша міндеттері айқын көрініс тауып, атап айтқанда, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытуға, алған білімін сыныптан тыс жерде
, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуге, яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйретуге бағытталады.
Курста қарастырылатын сұрақтар негізгі курспен тығыз жанасады және оқушылардың танымдық белсенділігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталмыш таңдау курсы мектеп бағдарламасында көрсетілген маңызды математикалық білім мен дағдыларын жетілдіруге және дамытуға әсер етеді, математикадан мүмкіндіктерін бағалауға және болашақтағы оқу бейінін дұрыс сезініп таңдауға көмектеседі.
Сонымен қатар курс мазмұны әрбір оқушыға оқу-танымдық үдеріске белсенді түрде енуге, сын тұрғысынан ойлауға және функционалдық сауаттылықтарын нығайтып, өзін-өзі жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.
Курстың мақсаты:
Оқушылардың математикалық сауаттылығын нығайту арқылы құзіреттілік деңгейлерін көтеру.
Танымдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру (мәтінді есептер шығару, сандық салыстыруға арналған тапсырмалар).
Курстың міндеттері:
-
Оқушылардың математикалық іс-әрекетке қабілеттерін нығайту. -
Есептер шығару арқылы оқушылардың өмірлік тәжірибелерін байыту. -
Алған білімдерін өмірде тиімді пайдалану. -
Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Курстың өзектілігі:
Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыра отырып, логикалық тапсырмаларды өз бетімен шығара алатын қабілеттерін қалыптастыру.
Курстан күтілетін нәтиже:
-
Өз бетінше есеп шығарудың сан қилы жолын табады; -
Өз бетінше білім алу дағдыларына негіз салады; -
Табиғи қасиеттерін, математикалық білім деңгейлерін тереңдетеді; -
Өмір мен қоғамға аса қажетті мәселелерді математика ғылымына тән жан-жақты талдайды;
Ұйымдастыру формалары:
-
Жеке -
Жұптық -
Топтық
Оқыту әдістері: Блум таксономиясы, СТО
Курстың теориялық және практикалық мәні:
1.Оқушыларда математикалық сауаттылық туралы түсінік қалыптасады.
2. Курс мақсатына байланысты әдістермен әдістемелерді практикалық іске асыру жолдары жүйеге енгізілді.
Курстың құрылымы: Түсінік хат, бағдарламаның мазмұны, қорытынды және әдебиеттер тiзiмi, қосымшадан тұрады.
Бағдарламаның мазмұны (68сағат)
1 бөлім- «Математикалық сауаттылыққа кіріспе» 4 сағат
-
Оқу сауаттылығы туралы түсінік (функционалдық сауаттылықтың мағынасын ашу). -
Математикалық сауаттылық (логикалық есептер, мәтін есептер, сандық салыстыруға арналған тапсырмалар). -
Жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, экономика т.б. пәндерімен байланыс)
2 бөлім- «Логикалық есептер» 25 сағат
-
Ауызша логикалық есептер (жылдам есептеу, ребус, сөзжұмбақ, фокус т.б.). -
Белгілі бір заңдылық бойынша жазылған сандарды табу. -
Цифрлар және сандар туралы есептерді шешу. -
Комбинаторика есептерін шығару. -
Теңдеулер немесе теңдеулер жүйелерін құруға берілген есептерді шешу. -
Сәйкестендіруге берілген есептерді шешу. -
Геометриялық фигуралармен, кестедегі мәліметтермен байланысты есептерді шешу.
3-бөлім – «Өмір жағдаяттарындағы есептер» 25 сағат
-
Пайыз ұғымы, санның пайызын және пайызы бойынша санда табу. -
Жаппай сатылым, тариф, айыппұл туралы есептерді шешуде пайызды қолдану. -
Банктік операциялар. -
Қоспаларға, қорытпаларға және ерітінділерге есептер. -
Сандық тәуелділіктер; қозғалыс есептері; бірігіп жұмыс атқару есептері. -
4- бөлім Кеңістік пен форма 10сағат -
Фигуралардың периметрі -
Фигуралардың ауданы -
Денелердің көлемі -
Фигуралар мен денелер өлшемдерінің тәуелділігіне байланысты есептер шығару
5-бөлім – «Оқушылар шығармашылығы» 4 сабақ
-
Оқушылар жобаларының тұсаукесері. -
«Мен сауаттымын» интеллектуалды сайыс -
Дөңгелек үстел ұйымдастыру (Математикалық сауаттылық оқулықтарының авторларымен кездесу) -
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу (ғылыми жоба, слайд, тест кітапшалары).
«Математикалық сауаттылық- заман талабы» факультатив курсының күнтізбелік – тақырыптық жоспары
№ | Тақырыбы | Сағат саны | Мерзімі | Формасы | |
1 бөлім«Математикалық сауаттылыққа кіріспе» 4 сағат | |||||
1 | Оқу сауаттылығы туралы түсінік | 1 | | Функционалдық сауаттылықтың мағынасын ашу | |
2 | Математикалық сауаттылық | 1 | | Логикалық есептер, мәтін есептер, сандық салыстыруға арналған тапсырмалармен таныстыру | |
3 | Жаратылыстану ғылыми сауаттылық | 1 | | Физика, химия, экономика т.б. пәндерімен байланысты есептерді қарастыру | |
4 | Сауаттылық ұғымын қорытындылау | 1 | | Постер қорғау | |
2 бөлім- «Логикалық есептер» 25 сағат | |||||
5 | Ауызша логикалық есептер | 2 | | Жылдам есептеу, ребус, сөзжұмбақ, фокус есептерін шығару (жұптық жұмыс) | |
6 | Белгілі бір заңдылық бойынша жазылған сандарды табу | 4 | | Есептер шығару (топтық және жұптық жұмыс) | |
7 | Цифрлар және сандар туралы есептерді шешу | 2 | | Есептер шығару | |
8 | Комбинаторика есептерін шығару | 2 | | Есептер шығару Деңгейлік тапсырмалар | |
9 | Теңдеулер немесе теңдеулер жүйелерін құруға берілген есептерді шешу | 5 | | Мәтін есептер шығару | |
10 | Сәйкестендіруге берілген есептерді шешу | 4 | | Сыни тұрғыдағы есептер шығару | |
11 | фигуралармен, кестедегі мәліметтермен байланысты есептерді шешу | 4 | | Салу есептерін шығару | |
12 | Тарауды қорытындылау | 2 | | | |
3-бөлім – «Өмір жағдаяттарындағы есептер» 25 сағат | |||||
13 | Пайыз ұғымы, санның пайызын және пайызы бойынша санда табу | 6 | | Түсінік беру Пайызға қарапайым есептер шығару | |
14 | Жаппай сатылым, тариф, айыппұл туралы есептерді шешуде пайызды қолдану | 4 | | Есептер шығару Постер қорғау | |
15 | Банктік операциялар | 4 | | Есептер шығару Топтық жұмыс | |
16 | Қоспаларға, қорытпаларға және ерітінділерге есептер | 4 | | Қиын есептерді тиімді жолмен шығару | |
17 | Сандық тәуелділіктер Қозғалыс есептері Бірігіп жұмыс атқару есептері | 5 | | Есептерді графиктік және сызба арқылы шығару | |
18 | Өздік жұмыс Қайталау | 1 1 | | Тест жұмысын алу | |
Кеңістік пен форма 10сағат | |||||
19 | Фигуралардың периметрі | 1 | | Фигуралар | |
20 | Фигуралардың ауданы | 3 | | Фигуралар ауданы сызба арқылы шығару | |
21 | Денелердің көлемі | 3 | | Фигуралар ауданы сызба арқылы шығару | |
22 | Фигуралар мен денелер өлшемдерінің тәуелділігіне байланысты есептер шығару | 3 | | Фигуралар ауданы сызба арқылы шығару | |
| 4-бөлім «Оқушылар шығармашылығы» 4 сабақ | | | | |
23 | Оқушылар жобаларының тұсаукесері | 1 | | Ғылыми жоба қорғау | |
24 | «Мен сауаттымын» | 1 | | Интеллектуалдық сайыс | |
25 | Дөңгелек үстел ұйымдастыру | 1 | | Математикалық сауаттылық оқулықтарының авторларымен кездесу | |
26 | Оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу | 1 | | Ғылыми жоба жұмысының презентациясын жасау Тест кітапшаларын қорғау |
ҚОРЫТЫНДЫ
Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейлерімен (танымдық салалармен) сипатталады:
- білу (еске түсіру);
- қолдану (байланыстарды орнату);
- ойлау (пайымдау).
Математикалық құзыреттілік – нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
- алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті өмірде тиімді қолдану;
- қажеттілігіне қарай анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш құралдарды пайдаланып, формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер жүргізу;
- ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;
- нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу, оларды график түрінде беру; нақты үдерістердің графиктерін түсіндіру;
- геометриялық, физикалық, экономикалық және т.б. мазмұнды қолданбалы есептерді шешу;
- диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық мәліметтерді танып білу, талдау;
- оқып игерілген формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде қарапайым тәжірибелік жағдайларды зерттеу (моделдеу);
- шынайы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу.
Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз адам тағдырына, бала тағдырына жауаптымыз. Сондықтан оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру үшін мынадай жұмыстар жүргізуіміз керек:
1) Сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған осы бағдарламаның әр бөлімі, әр тақырыбы бойынша “білу-түсіну-қолдану-тұжырымдау” деңгейлік тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жасауды күшейту;
2) Сабақта практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты есептер шығарту;
Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, логикалық есептер шығаруға, оны практикада қолдануға үйрету.
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
-
Бекболат Қ., Сердалы А Математикалық сауаттылық. Астана, 2017 ж. -
Түсіпжан Қ. Математикалық сауаттылық .ҰБТ-ға дайындық материалы. Астана, 2017 ж. -
Рамазан Б., Базаров Е. Логикалық сұрақтар. Алматы, 2015 -
Мәуіт Ы., Қапатұлы Қ., Қайсаұлы Ә., Бәзікей Н. Математикалық сауаттылық. 10-11 сынып оқушыларына арналған тесттер жинағы. Астана, 2017 ж. -
Матин Д., Ибраева Э. Математика. Қайталауға арналған оқу құралы. Астана, 2015 ж. -
Барабанов 0.0. Задачи на проценты как проблема нормы словоупотребления. \\ Математика в школе, № 5, 2003. -
Барабанов 0.0. Конкурсный экзамен по математике. Формулы успеха. — Ковров, 1998. -
Захарова А.Е. Несколько задач про «цены». \\ Математика в школе, №8, 2002. -
Петров В. А. Элементы финансовой математики на уроках.\\ Математика в школе, №8,2002. -
Сборник задач по математике для поступающих в вузы (с решениями). В двух книгах. Книга 1. Алгебра / Под ред. М.И.Сканави. — 9-е изд., перераб. и доп. — М.: Издательский дом «ОНИКС 21 век»: Мир и образование, 2001. -
Байдовлетова К.Рахимдердинова С. Математикалық олимпиадаға дайындық. Семей, 2011 -
Рамазан Б. Логикалық сұрақтар. Шың. Алматы, 2012 -
Берікұлы А. Математика логика. Астана,2015 г. -
Мусабеков Е., Абдиев А. Математика логика. Тест жинағы. Достық. Алматы,2015 -
Забежанская Н., Шаяхметова К., Меңдіғалиева М. Математикалық мозайка. Алматы «Рауан», 1997 ж. -
Бияров Т.Молдабекова М. Элементар математика есептерінің жинағы.Алматы, 1992 ж. -
Кордемский Б.А. Математическая смекалка. Москва, 1959 г. -
Ахметов Ғ., Ильясов М. Математикадан олимпиадалық есептер жинағы. Павлодар, 2000 ж. -
Тердікбай К. Математика олипиадасының дайындық курстары. Астана, 2010 ж. -
Майкотов Н., Нұрсәлімова Ж. Орта мектеп математика курсындағы таңдамалы тақырыптар. Алматы, 2006 ж.
Қосымша
Балаларға арналған әдебиеттер
-
Рамазан Б., Базаров Е. Логикалық сұрақтар. Алматы, 2015 -
Мәуіт Ы., Қапатұлы Қ., Қайсаұлы Ә., Бәзікей Н. Математикалық сауаттылық. 10-11 сынып оқушыларына арналған тесттер жинағы. Астана, 2017 ж. -
Байдовлетова К.Рахимдердинова С. Математикалық олимпиадаға дайындық. Семей, 2011 -
Рамазан Б. Логикалық сұрақтар. Шың. Алматы, 2012 -
Берікұлы А. Математика логика. Астана,2015 г. -
Мусабеков Е., Абдиев А. Математика логика. Тест жинағы. Достық. Алматы,2015 -
Бекболат Қ., Сердалы А Математикалық сауаттылық. Астана, 2017 ж. -
Түсіпжан Қ. Математикалық сауаттылық .ҰБТ-ға дайындық материалы. Астана, 2017 ж. -
Забежанская Н., Шаяхметова К., Меңдіғалиева М. Математикалық мозайка. Алматы «Рауан», 1997 ж. -
Бияров Т.Молдабекова М. Элементар математика есептерінің жинағы.Алматы, 1992 ж.