Файл: Астана аласы білім басармасы Математикалы сауаттылы факультатив курс бадарламасы астана, 2017.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 50
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Математикалық сауаттылық – заман талабы» факультатив курс
жоспарының үлгілері
Тақырыбы: Оқу сауаттылығы туралы түсінік
Мақсаты: «Функционалдық сауаттылық» сөзінің мағынасын ашады.
Табыс критерийлері:
-
«Функционалдық сауаттылық» сөзінің мағынасын біледі. -
Сауаттылық жайлы ойын еркін айта алады. -
Функционалды сауаттылықтың формаларын біледі.
Ресурстар: қағаздар, маркерлер, слайд, флипчарт, интербелсенді тақта.
Формасы: жеке, топтық
Әдіс-тәсілдер: СТО, «Жәрмеңке» әдістері
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, математика
Қызығушылығын ояту. СТО пайдалану
1, 5, 7, 9 –сандары арқылы топтарға бөлу. Сыни тұрғыдағы сұрақтар қою.
-
Бұлар қандай сандар? (тақ сандар) -
Осы сандарды құрастыра отырып «Функционалды сауаттылық» термині қай жылы пайда болғанын анықтап көріңдер. (1957 ж.)
«Идеялар қоржыны»
Жеке жұмыс: Әрбір оқушы өзінің функционалдық сауаттылық бойынша білетіндерін дәптеріне жазады. 2-3 минут.
Топтық жұмыс: «Жәрмеңке» әдісі арқылы топтар постер қорғайды.
Оқушылар қай жерде ойларының сәйкес келетіні және сәйкес келмейтіні жөнінде бір-бірімен ақпарат алмасады. Кері байланыс орнатады.
Бағалау: «Мадақтау сәндвичі» әдісі
Мағынаны тану:
Функционалдық сауаттылық туралы слайд көрсету арқылы мағынасын ашады.
Топқа арналған тапсырмалар
«Жәрмеңке» әдісі
Рефлексия:
Оқушылар функционалды сауаттылықтың формаларын құрады.
Функционалды сауаттылықтың формалары
-
Жалпы сауаттылық. -
Компьютерлік сауаттылық. -
Ақпараттық сауаттылық. -
Коммуникативтік сауаттылық. -
Шетел тілін білу сауаттылығы. -
Тұрмыстық сауаттылық. -
Жедел жағдаяттар кезіндегі сауаттылығы -
Саяси-қоғамдық сауаттылық.
Тақырыбы: Математикалық сауаттылық
Мақсаты: «Математикалық сауаттылық» туралы толық түсінік қалыптасады.
Табыс критерийлері:
-
«Математикалық сауаттылық» сөзінің мағынасын біледі. -
«Математикалық сауаттылық», «математикалық құзыреттілік» ұғымдарын ажырата алады. -
Логикалық есептер, мәтін есептер, сандық салыстыруға арналған тапсырмаларды орындай алады.
Ресурстар: қағаздар, маркерлер, слайд, интербелсенді тақта.
Формасы: жеке, жұптық
Әдіс-тәсілдер: АКТ, «Диалогтік оқыту» әдістері
Пән аралық байланыс: логика, математика
Қызығушылығын ояту.
Ауызша логикалық есептер ұсыну.
Мұраттың 7, Мақсаттың 8 алмасы бар, ал Асанның алмасы жоқ. Алмаларды үшеуі бес бестен теңдей қылып бөліп жейді. Кейін Асан үйінен 30 жаңғақ алып келеді. Мұрат пен Мақсатқа берген алмаларының мөлшеріне тең келетіндей етіп бөлістіріп береді. Екеуіне қанша қаншадан түседі?
Жауабы: Мұратқа 12 жаңғақ, Мақсатқа 18 жаңғақ беріледі.
Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды?
Жауабы: 30 жылқы
Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді.Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы нешеу?
Жауабы: 23 асық, 3 немере
Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? Жауабы: 12 құс. (Тордан ұша алмайды)
Жеке жұмыс: Әрбір оқушы өзінің математикалық сауаттылық бойынша білетіндерін дәптеріне жазады. 2-3 минут.
Жұптық жұмыс: «Диалогтік оқыту» әдісі арқылы мәтін есептер шығару.
1) Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? Теңдеу арқылы шеш.
Шешуі: 34+х=2(11+х)
34+x=22+2x
-2x+x=22-34
-1x=-12
x=12/1
x=12
2) Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа табады. Он екі тауық он екі күнде неше жұмыртқа табады?
Шешуі: Үш тауық 3 күнде 3 жұмыртқа тапса, онда 3 тауық 12 күнде 4 есе артық жұмыртқа табады, ал 12 күнде тағы да 4 есе, яғни 48 жұмыртқа табады.
Есепті кесте көмегімен шешуге де болады:
Тауықтар саны | Күндер саны | Жұмыртқа саны |
3 | 3 | 3 |
3 | 12 | 3 * 4=12 |
12 | 12 | 12 * 4=48 |
3) Қосындыcын тап: 5+10+15+20+25+...+100
Шешуі: Гаусс әдісін қолданғанда қосындының мәні 105 болатын сандардың 10 жұбы пайда болады.
5+10+15+20+25+...+100=(5+100)+(10+95)+(15+90)+...+ (50+55)=105*10 =1050
Оқушылар бір-біріне есептің шығару жолын түсіндіреді, өз білімдерін сынайды, рефлексия жасайды.
Бағалау: «Әңгімелесуші серіктестер» әдісі
Серіктесіңізбен талқылаңыз: 3 үйренген жаңа нәрсе туралы;
Не оңай болды?
Не қиын болды?
Не білгіңіз келеді?
Мағынаны тану:
Математикалық сауаттылық туралы слайд көрсету арқылы мағынасын ашады.
Рефлексия:
Оқушылар математикалық сауаттылықты үш бөлімге бөліп қарастырады:
-
Фунционалдық сауаттылық; -
Логика; -
Сандық салыстыруға арналға тапсырмалар.
Тақырыбы: Жаратылыстану ғылыми сауаттылық
Мақсаты: «Жаратылыстану ғылыми сауаттылық» ұғымының мағынасын ашу.
Табыс критерийлері:
-
«Жаратылыстану ғылыми сауаттылық» сөзінің мағынасын біледі. -
Жаратылыстану бағытындағы пәндерді салыстыра алады. -
Физика, химия, экономика пәндерімен байланысты есептерді шағарады.
Ресурстар: қағаздар, маркерлер, слайд, интербелсенді тақта.
Формасы: жеке, жұптық
Әдіс-тәсілдер: АКТ, «Диалогтік оқыту» әдістері
Пән аралық байланыс: физика, химия, экономика, математика
Қызығушылығын ояту.Логикалық есеп:
Салмақтары 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 грамм болатын алмаз тастарды салмақтары тең болатындай етіп, төрт сандықшаға қалай орналастыруға болады? Жауабыңды негізде.
Шешуі:Әр сандықшадағы алмаз тастардың жалпы салмағы 7 грамнан болуы керек:
(1+ 2+ 3+ 4+ 5+ 6 +7):4 = 28:4=7 (г) . Олай болса былайша орналастыруға болады: 7+(1+6)+(2+5)+(3+4).
Жауабы: 7 грамнан
Жеке жұмыс: Әрбір оқушы өзінің математикалық сауаттылық бойынша білетіндерін дәптеріне жазады. 2-3 минут.
Жұптық жұмыс: «Диалогтік оқыту» әдісі арқылы мәтін есептер шығару.
1) Мыс пен қалайыдан тұратын екі кесек қорытпа бар. Бірініші қорытпады 40%, екіншіде 32% - мыс бар. 35% мысы бар 8 кг қорытпа алу үшін бірге қорытылатын кесектердің салмағы қандай болуы керек?
Берілгені:
Бірінші қорытпаның салмағы– х кг;
Бірінші қорытпадағы мыстың мөлшері - 0,4х;
Екінші қорытпаның салмағы –
(8 – х ) кг;
Екінші қорыптадағы мыстың мөлшері - 0,32(8 – х),
8 кг қорытпадағы мыстың мөлшері – 0,35*8 (кг)
Шешуі:
0,4х + 0,32(8 – х) = 0,35 * 8
0,4х + 2,56 -0,32х = 2,8
0,08х = 2,8 – 2,56
0,08х = 0,24
х = 0,24 : 0,08
х = 3
8 – х = 8 – 3 = 5
Жауабы: 3 кг; 5 кг.
2) Құрамындағы никелі 5 % және 40 % болатын екі сорт болатын сынықтары бар. Құрамында 30% никелі бар 140 т болат алу үшін әр сорттан қанша тонна болат алу керек?
Берілгені:
Бірінші сорттың салмағы - х (т); 5% = 0,05
Бірінші сорттағы никельдің салмағы - 0,05 х (т);
Екінші сорттың салмағы - (140 – х) т; 40% = 0,4
Екінші сорттағы никельдің салмағы - 0,4(140 – х)(т); 30% = 0,3
Қоспадағы никельдің салмағы - 0,3*140 = 42 (т)
Шешуі:
0,05х + 0,4(140 – х) = 42
0,05х + 56 - 0,4х = 42
-0,35х = -14
х = -14 : (- 0,35)
х = 40
140 – х =140 – 40 = 100
Жауабы: 40 т және 100 т.
3) Флэшканың бағасы бір айдың ішінде 18 % -ға, одан кейін
20 %-ға төмендеді, соңында 1640 теңге болды. Флэшканың бастапқы бағасын табыңыз.
1 тәсіл:
Берілгені:
Флэшканың бастапқы бағасы - х;
18%= = 0,18 0,18х – флешка бағасының 18% - ы;
х– 0,18х = 0,82х - флэшканың 18% - ға арзандаған бағасы;
20 % = = 0,2
100 % - 20 % = 80 % = = 0,8
0,82х * 0,8 = 1640
Шешуі:
0,656х = 1640
х = 2500
Жауабы: 2500 тг.
О
Есте сақта!
Егер х шаманы р пайызға арттырсақ, онда
Егер х шаманы р пайызға кемітсек, онда (1)
ңай жолмен шығаруға арналған формулалар:
Есте сақта!
Егер х шама р пайызға артып, артынан q пайызға кемісе, онда (2)
Есте сақта!
Егер х шама р пайызға 2 рет артса, онда
Егер х шама р пайызға 2 рет кемісе, онда (3)
1 тәсіл: формула бойынша:
Жауабы: 2500 тг.
Оқушылар бір-біріне есептің шығару жолын түсіндіреді, өз білімдерін сынайды, рефлексия жасайды.
Бағалау: Muddiest Point «Кір жер» әдісі
Оқушылар сабақ бойынша
қиналған екі есеп туралы жазады.
Содан кейін оқушылар мен мұғалім сол «Кір жерлерді» тазартуға кіріседі.
Мағынаны тану:
Жаратылыстану ғылыми сауаттылық туралы слайд көрсету арқылы мағынасын ашады.
Рефлексия:
Оқушылар жаратылыстану ғылыми сауаттылық есептерін физика, химия, экономика пәндерімен байланыстыра отырып шығарады.
Тақырыбы: Сауаттылық ұғымын қорытындылау
Мақсаты: Сауаттылық ұғымын жан-жақты аша отыра, оқушылардың шығармашылық қабілеттері артады.
Табыс критерийлері:
-
Сауаттылық ұғымын түсінеді. -
Функционалдық сауаттылық, математикалық сауаттылық, жаратылыстану ғылыми сауаттылық ұғымдарын ажырата алады. -
Өмір жағдаяттарында сауаттылыққа база назар аударады.
Ресурстар: А-4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, қалам, жұлдызшалар,үлестірмелі материалдар.
Формасы: топтық, жұптық
Әдіс-тәсілдер: АКТ, СТО, «Диалогтік оқыту» әдістері
Пән аралық байланыс: математика, қазақ тілі
Сергіту сәті: «Сатамын және сатып аламын» тренингі (Шеңберде тұрған қатысушы қасындағы көршісіне өзінің жағымсыз қасиетін сатып, оның жақсы қасиетін сатып алады. Мысалы,«Мен еріншектігімді сізге сатып, сіздің еңбекқорлығыныңызды сатып аламын»).
Қызығушылығын ояту. Топқа бөлу / қазақ тілі, математика, экономика/
Топтық жұмыс: «Екі жақты күнделік», «Ментальды карта» әдістерін пайдаланып постер қорғайды.
Қазақ тілі тобы Функционалдық сауаттылық «Маңыздылық аймағы»
Математика Математикалық сауаттылық «Ментальды карта»
Экономика Жаратылыстану ғылыми сауаттылық «Екі жақты күнделік»
Бағалау: «Мадақтау сэндвичі» әдісімен әр топ бір-біріне кері байланыс айтады.
1) позитивті комментарий, не ұнады;
2) сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;
3) келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы...
Рефлексия: Оқушылар сабақтан алған әсерлерін спикерге жазып, 3 түрлі ұяшыққа салады:
- мен көп ақпарат алдым
- маған әлі де болса түсіну керек
-мен үшін қажет емес ақпарат
Тақырыбы: Ауызша логикалық есептер
Мақсаты: Ауызша логикалық есептерді жылдам, әрі тез шығара алады.
Табыс критерийлері:
-
Ауызша логикалық есептерді ойланып отырып шығарады. -
Ауызша логикалық есептерді -
Өмір жағдаяттарында сауаттылыққа база назар аударады.
Ресурстар: интерактивті тақта, маркер, қалам, үлестірмелі материалдар.
Формасы: жеке, жұптық
Әдіс-тәсілдер: АКТ, СТО, «Диалогтік оқыту» әдістері
Пән аралық байланыс: математика, логика
Қызығушылығын ояту.
Қызықты есеп: Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. Жолаушы, ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белглі болса?
Шешуі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үшінші қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төртінші қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.
Алгоритм құру арқылы шешуге де болады:
Жұмбақ есептер шығару:
1.«Барлығы қанша қарға?»
Келеді ұшып екі қарға,
Топ достарын ертіп талға
Болды елу әлгі жиын
Санағанда демей қиын.
Болмаңыздар әбігер,
Шешімі табылар бәрі бір.
Айтпай есеп шарты кім,
Теңдеу құру тәртібін?
Жауабы: 2+х=50, х=48 қарға
2.«Кетті бірге нешеуі»
Кездесіп бір топ аңменен,
Болды 30 бас малменен.
Олар кетті қоштасып,
Үш түлкімен достасып.
Теңдеуді ойлап құрыңыз,
Мал санын айта тұрыңыз.
Жауабы: х+3=30, х=27 бас мал.
Жеке жұмыс: Математикалық термин сөздерден сөзжұмбақ, ребус құру
Жұптық жұмыс: фокус есептерін шығару
1) Жүзді кім бірінші айтады?
Екі оқушы 10 санынан кіші сандарды кезектесіп айтып қосып отырады. Кім бірінші 100ге жетсе, сол оқушы жеңіске жетеді. Мысалы: біріншісі 7 десе, екіншісі 9 дейді. Қосындысы 16ға тең. Қайтадан біріншісі 5 дейді қосынды 21ге тең, екіншісі 8 десе қосынды 29ға тең болады. Ойынды осылай жалғастырып кім бірінші жүзге жетсе, сол оқушы жеңіске жетеді.
2) Ойлаған санды табу
- екі таңбалы сан ойла;
- оны 5ке арттыр;
- қосындыны 3 есе арттыр;
- нәтижеден 15ті шегер;
- жауабын айтыңыз.
Жауабы: Шыққан нәтижені 3ке бөлеміз.
3) Туған күнді табу.
- туған жылыңның соңғы екі цифрын 20000ға көбейт;
- туған айыңды 200ге көбейт;
- туған күніңді 2ге көбейт;
- көбетінділердің нәтижелерін қосып, шыққан нәтижені айт.
Жауабы: шыққан нәтижені 2ге бөл. Алған жауабыңның алдыңғы 2 цифры туған жылдың соңғы 2 цифрын береді, ортасындағы 2 цифр туған айды көрсетеді, соңғы 2 цифр туған күнді береді.
Оқушылар бір-біріне есептің шығару жолын түсіндіреді, өз білімдерін сынайды, рефлексия жасайды.
Бағалау: «Әңгімелесуші серіктестер» әдісі
Серіктесіңізбен талқылаңыз: 3 үйренген жаңа нәрсе туралы;