Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 297

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/article/details/20964?lang=kk

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы 604 бұйрығымен бекітілген негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020 жылғы 5 мамырдағы 182 өзгерістер мен толықтырулармен енгізілген).

Стандартта тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған жағдайда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескеріп, барлық оқу пәндері бойынша 15 білім алушыға дейін топқа бөле отырып, карантин енгізілетіні көрсетілген. (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017669#z199).

Қашықтан оқыту форматында оқу процесін ұйымдастырудыңерекшеліктері

Материалды игеру сапасы платформадағы білім мазмұнына байланысты болғандықтан білім платформасын таңдап алу өте маңызды.


Қашықтан оқытуды жүзеге асыру үшін әлемде ұлттық білім беру платформалары (Франция, Ирландия, Сингапур, Жаңа Зеландия) және жаһандық LMS платформалары мен WebEx, Office 365 (Microsoft), G Suite for Education (Google), FUSE, ClickView (Ұлыбритания, Австралия) сандық ресурстары пайдаланылды. Бразилия, Қытай, Үндістан, Мексикада білім беру мақсатында теледидар кеңінен қолданылды.

Қазақстанда қашықтан оқыту «Күнделік», «BilimLand», «Daryn» платформаларын, Zoom, Google Meet, Microsoft Teams, сонымен бірге телесабақтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсіл халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сай, мұны ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік банк оң бағалады, себебі қалыпты емес жағдайларда білім алушылардың барлығының білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.1


Сіз білім алушылармен байланысқа шығатын платформаны таңдай отырып, оқу материалдары мен орындайтын тапсырмаларды орналастырасыз. Берілген материалды сапасы игеру платформадағы білім мазмұнына байланысты болғандықтан оны (платформаны) дұрыс таңдау өте маңызды.

Мысалы, kundelik.kz білім беру платформасында бейнесабақтар, электронды күнделік пен журнал, педагогтарға арналған әдістемелік материалдар (оқу жоспарлары, критериалды бағалау бойынша ақпарат) бар.

Ұлттық білім беру платформаларының толықтырылуы туралы ақпарат келесі кестеде берілген.
100-кесте. Ұлттық білім беру платформаларының толықтырылуы туралы ақпарат

«Күнделік» бірыңғай білім беру Интернет-порталы

Орналасуы

https://portal.kundelik.kz/

Мүмкіндіктері

Педагогтарүшін:электронды күнделік, электронды журнал, мектеп есептері, білім беру ресурстары.

Білімалушылармената-аналарүшін:бейнесабақтар, сабақ кестесі





1 Білімді ел (2020), Использование теле- и радиоуроков соответствуют нашим рекомендациям Всемирный банк и ЮНИСЕФ




мен сабақтар, білім беру ресурстары, білім алушының портфолиосы, чат.

Мемлекеттікоргандарүшін:статистикалық есептер

Пайдаланылуы

Жүйеге кіруге арналған белсендіру деректері мектеп әкімшілігіне

бекітілген

«Білімал» білімді басқару жүйесі

Орналасуы

https://bilimal.kz/

Мүмкіндіктері

Педагогтарға:электрондық күнделік, электрондық журнал, блог алаңы, есептер, педагогикалық білім базасы, кәсіби қоғамдастық Мұғалімдермената-аналарүшін:сабақ кестесі және сабақтар, білім

беру ресурстары.

Пайдаланылуы

Жүйеге кіруге арналған белсендіру деректері мектеп әкімшілігіне

бекітілген

EDUS мектептеріне арналған білім беру платформасы

Орналасуы

https://mektep.edu.kz/

Мүмкіндіктері

Мұғалімдерүшін:оқу және күнтізбелік жоспарлар, электрондық журнал, оқу материалдары, емтихан рәсімдерін өткізу, басқа мұғалімдермен тәжірибе алмасу

Білімалушылармената-аналарүшін: электрондық күнделік, чат.

Пайдаланылуы

Педагогтар мен білім алушыларға қолжетімділік деректерін мектептер береді, ата-аналар онлайн тіркеуден өте алады

iMektep мектептеріне арналған білім беру платформасы

Орналасуы

https://imektep.kz/

Мүмкіндіктері

Қазақ тілі, оқу, математика, дүниетану, бейнелеу өнері, музыка, өзін-

өзі тану пәндері бойынша жазылған бейнесабақтар

Пайдаланылуы

Порталға кіру үшін авторизация талап етіледі. Сонымен бірге,

бірнеше бейнесабақ ақысыз қолжетімді.

TopIQ электронды оқулықтар платформасы

Орналасуы

https://topiq.kz/

Мүмкіндіктері

Педагогтар үшін: 1-11-сыныптарға арналған электронды оқулықтар кітапханасы, мультимедиалық және интерактивті компоненттер оқулыққа енгізілген, тапсырмалардың мақсаты, электронды журналдар, үлгерім статистикасы.

Білім алушылар үшін: электронды оқулықтар кітапханасы, мұғалімге тапсырмалар алу және жіберу, нәтижелерді есепке алу, жеке шотқа оқу материалдарын алу мүмкіндігі бар.

Пайдаланылуы

Жүйеге кіруге арналған активтендіру деректері мектеп әкімшілігіне

бекітілген. Кез келген пайдаланушыға онлайн тіркеуден өту мүмкіндігі бар



Қашықтаноқытунысанынанықтауқажет

Онлайн режимінде сабақ өткізу үшін тегін вебинар жүйелерін (мысалы, Zoom, Microsoft Teams, Skype, Google Meet) пайдалануға болады.

Асинхронды оқыту режимін таңдау кезінде педагогтар мен білім алушылар бір-бірінен еркін түрде жұмыс істейтін ресурстары мен онлайн- сабақтары бар сәйкес білім беру онлайн-платформасын таңдау қажет.

Өз материалдарын қолдана отырып сабақ өткізу үшін білім алушыларға берілген контексте тапсырмаларды орналастырудың ең ыңғайлы құралы - үй тапсырмасы модулі бар электронды күнделік. Дискіге материалдарды (немесе оларға сілтемелерді) сала отырып (Google Диск, Облако Mail.ru және т.б.), оларға сілтемені электрондық журналға орналастыру керек.

Қашықтаноқытупроцесінтиімдіұйымдастыруүшінбілім алушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату қажет. Ата-аналарға қашықтан оқытудың ерекшеліктерін түсіндіріп, нұсқаулық/жоспар әзірлеу ұсынылады, онда мұғалім, ата-ана, сабақ барысында оқушы орындайтын іс- әрекеттер нақты жазылуы керек. Нұсқаулықты әзірлеу кезінде білім алушылардың және білім алушылар отбасының мүмкіндіктерін ескеру қажет. Қабылданған карантиндік шаралар жағдайында қашықтан оқыту бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстарды ҰБА әзірлеген әдістемелік ұсынымдардан табуға болады. Оны Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының

«Қашықтан оқыту» айдарымен https://nao.kz/blogs/fromorg/2/94сайтында орналастырылған.

Қашықтанөткізілетінсабақбұлдәстүрліемессабақ!


Қашықтан оқыту дәстүрлі оқытуға қарағанда жаңа
дағдылар мен педагогикалық тәжірибені қажет етеді (Fetherston, 2001).2

Қашықтан жұмыс істеудің тиімді шарттарының бірі – тапсырмаларды жиі өзгерту және көптеген тәжірибелерді пайдалану. Себебі балаларға үлкен көлемдегі ақпаратты қабылдау мен игеру немесе ұзақ уақыт бойы бір тапсырманы орындау қиын. Сондықтан, бірнеше жұмыс түрлерімен сабақ жүргізіңіз, мысалы, бейнені көруге 5-10 минут, тапсырмаларды орындауға 10 минут және қолмен жазуға 10 минут және т.б.

Оқыту аудиториялық, қашықтан оқытуды және білім алушылардың өзіндік жұмысын дәстүрлі оқу-әдістемелік материалдармен үйлестіруі керек. Әрбір білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.

Оқу процесі әртүрлі режимдерде өтуі керек: онлайн режимінде оқу іс- шаралары мен мұғаліммен қарым-қатынас АКТ-ны қолдана отырып, белглі бір уақытта жүзеге асырылады; асинхронды форматта:бұл балаға өзіне ыңғайлы кез келген уақытта оқу материалын игеруге мүмкіндік береді.

Оқуматериалдарыныңсапасынасынитұрғыданқарауұсынылады:

    • Көлемді мәтіндерден аулақ болыңыз. Егер тақырып білім алушыны қызықтырса, қосымша материал берілетінін ескерте отырып, мәтіндегі ең маңыздысын қалдырыңыз.

    • Мәтін бөлімдерге бөліну керек.

    • Инфографикасы бар мәтіндерді қолданыңыз, себебі визуализация материалды жақсы түсінуге, оны есте сақтауға мүмкіндік береді.





2 Fetherston, T. “Pedagogical Challenges for the World Wide Web.” Educational Technology Review, 2001, 9(1). http://dl.aace.org/11556. Accessed Aug. 12, 2004

    • Тапсырмалар мен оқу блоктары көлемі мен күрделілігі бойынша теңдестірілуі тиіс.

Қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін жоғары білікті педагогикалық ұжым қамтамасыз етуі тиіс,
оның әрбір мүшесі өзінің кәсібилігін үнемі арттыруға мүдделі. Бұл жағдайлар қашықтан оқытуды сәтті жүзеге асыру үшін негізгі және қажеттісі болып табылады. Олардың әрқайсысын жеке-жеке орындау жақсы нәтижеге кепілдік бермейді, дегенмен кешенді түрде олар мектепте өнімді оқу процесін жүргізу үшін берік негіз болады.

    1. Жазғымектеп

Пандемияныңсалдарыжәнешұғылшараларқабылдаунеліктенмаңызды

ЭЫДҰ срапшыларының пікірінше, мәжбүрлі әлеуметтік қашықтық кезеңіндегі елдердің білім беру стратегиясы білімді жоғалтудың алдын алуы тиіс, ол академиялық оқудың кем дегенде үш айына не одан да көп айға барабар болуы ықтимал.3

Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша мектептер қысқа мерзімге жабылғаннан кейін ғана табысы неғұрлым жоғары отбасылардан шыққан балалар мен кедей отбасылардан шыққан балалар арасындағы оқу үлгерімінің алшақтығы 18%-ға, PISA-ның 45-тен 53 балына дейін артады.

«Балаларды сақтау» қорының мәліметі бойынша әр төртінші оқушыға депрессия немесе әлеуметтік оқшаулануға байланысты күйзеліс әсер етті.4 Мектептерде маңызды іс-шаралар, соның ішінде бітіру рәсімдері, спорттық және басқа да сыныптан тыс жұмыстар тоқтатылды. Мұның бәрі академиялық уәждемеге және үлгерімге, сондай-ақ балалардың оқу процесіне қызығушылығының жалпы деңгейіне әсер етеді.

Әлемдік тәжірибе Ұлттық білім беру жүйесін қалпына келтіру үшін жауапты шаралар қабылдаудың маңыздылығын көрсетті. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар ерекше назар аударуды талап етеді. Мектептегі білім беру жүйесіндегі білім олқылықтарын қалпына келтіру бойынша уақытылы шаралардың болмауы басқа деңгейлерде үлгерімі төмен білім алушылар үлесінің