Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 307

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
өсуіне немесе NEET жастары санының өсуіне әкеледі.

ЮНЕСКО-ның деректері бойынша білім алушыларды академиялық және оқу талаптарына жұмылдыруға және олардың жүктемесін шамадан тыс арттырмауға қажетті базалық дағдылар мен білімді анықтау білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың оқудағы олқылықтарын қалпына келтіруге кепілдік береді.5

Білім беру ұйымдары білім алушыларға келесі сыныпқа көшер алдында олардың жазғы мектептерге қатысуын ұйымдастырады. Нью-Йорк қаласында қашықтағы жазғы мектептер тәжірибесі пандемияға дейін болған.

2020 жылы 177,7 мың білім алушы үшін қашықтағы жазғы мектеп ұйымдастырылды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4 есеге жоғары көрсеткіш.6

Педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері шағын топтарда білім алушылардың білімін толықтыру үшін мектептерге үлкен қолдау көрсете алады. Мысалы, АҚШ-тағы Теннесси Штаты COVID-196 кезінде білімі жағынан артта қалған балаларды оқыту үшін 1000 студент жинаған.





3 European data portal (2020, june 22). Education during covid-19; moving towards e -learning. https://www.europeandataportal.eu/en/impact-studies/covid-19/education-during-covid-19-moving-towards-e-learning

4 Euronews (2020). Білім пандемияның жаңа құрбаны болды

5 UNESCO et al. (2020) Framework for Reopening Schools

ЖазғымектептіңҚазақстандаұйымдастырылуы

2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында орта білім беру ұйымдарында ата-аналарының/заңды өкілдерінің өтініштері негізінде білім алушылар үшін шектеу шаралары кезінде жіберілген біліміндегі олқылықтардың
орнын толықтыру мақсатында Жазғы мектеп жұмыс жасады. Мұндай жұмыс жыл сайын өткізілетін болады.

Жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ сыныптар бойынша оқу пәндерінен күрделі деген тақырыптардың үлгі ретіндегі тізбесі Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған (www.nao.kz).

Жазғымектептіңұйымдастырылутәртібі

Ең алдымен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары барлық орта білім беру ұйымдарында жазғы мектеп ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады. Білім беру ұйымдарының басшылары өз кезегінде Жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспарын бекітеді және жалпы жауапкершілікте болады.

Сабақтардың кестесі педагогтердің оқу жылы ішінде анықтаған оқу жетістіктерін талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейлерін диагностикалау нәтижелері негізінде құрылған топтарды/сыныптарды ескере отырып жасалады.

Педагогтер диагностика нәтижелері негізінде меңгеруге күрделі деген тақырыптарды, бөлімдерді, бөлімшелерді, оқыту мақсаттарын зерделеп, тақырыптық жоспарлар әзірлейді.

Жұмыстың тәсілдері мен әдістерін, оқыту технологияларын педагогтер білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындайды.

Жазғы мектепте оқушылардың оқу жетістіктеріне бағалау жүргізілмейді. Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді. Білім алушылардың мектеп кітапханасына, қолда бар цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Сабаққа дайындық кезінде мұғалімге жазғы сабақты ұйымдастыру жоспарын жасау, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтарын
толықтыру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу материалдарын мұқият таңдау ұсынылады. Үлгерімі төмен білім алушыларға ерекше назар аудару керек. Қажет болған жағдайда жеке, сараланған тапсырмаларды әзірлеу, жеке консультациялар жүргізу қажет.

Жазғы мектепте білім алушыларға еркін киім киюге рұқсат етіледі. Топтардағы толымдылығы 25 адамнан артық болмауы керек. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут, бір күнде 3-4 сабақ өткізіледі.

  • Жазғы мектепте оқушылардың оқу жетістіктеріне бағалау жүргізілмейді.

  • Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.

  • Жазғы мектепте білім алушылар үшін еркін киім киюге рұқсат етіледі.



Әр күннің жұмыс жоспарын құру кезінде жазғы сабақтардың кестесін жазғы лагерьдің сауықтыру іс-шараларымен біріктіре отырып құрастыру ұсынылады.

Санитарлық-эпидемиологиялықжағдайлардықамтамасызету

Жазғы мектепте сабақтарды ұйымдастыру кезінде барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды қамтамасыз ету қажет (медицина қызметкерлерінің сабақ алдында білім беру процесіне қатысушылардың температурасын күн сайын өлшеуі; дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда және басқа да үй-жайларда ауысымдар арасында ылғалды жинау жүргізу; бетперде кию және басқалар).

Жазғы мектепте тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұйымдастырылады. Асханалардың жұмысы санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарын сақтай отырып, кесте бойынша ұйымдастырылады.

Білімберупроцесінеқатысушылардыңфункциялары


Жазғы мектептің қызметін тиімді ұйымдастыру үшін білім беру процесінің барлық қатысушыларының (басшы, басшының орынбасары, педагогтер, психологтар, медицина қызметкерлері және т.б.) жауапты жұмыстарын нақты бөлу қажет.

Білім беру ұйымының басшысы жазғы мектептің қызметін үйлестіруге, бақылауға, әкімшілік және педагогикалық құраммен және басқа да қызметкерлермен оқыту процесін ұйымдастыру және санитарлық қағидалар мен нормаларды сақтау бойынша нұсқама беруге жауапты болады.

Білім беру ұйымы басшысының орынбасары білім алушылардың ата- аналарынан/заңды өкілдерінен өтініштер қабылдайды; оқу жетістіктерін бағалауды талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейін диагностикалау қорытындылары бойынша білім алушылардың сараланған топтарын құрады; педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінде пәндер бойынша неғұрлым күрделі тақырыптарды таңдау және олардың санын талқылауды және т.б. ұйымдастырады.

Мектеп психологтары білім алушыларға психологиялық қолдауды қамтамасыз етеді; білім алушылар мен олардың ата-аналары/заңды өкілдері үшін консультациялар өткізеді.

Жазғы мектепті тиімді ұйымдастыру пандемия салдарынан білім сапасының төмендеуін қалпына келтірудің бірі жолы болуы тиіс.



4 ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Шағын жинақты мектептер мен тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығымен (3-қосымша) бекітілген жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметтің үлгілік қағидаларына, осы әдістемелік нұсқау хатқа, ҚР БҒМ бекіткен тірек мектептердің (ресурс орталығының) қызметі туралы ережеге және білім беру ұйымының Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

Шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие процесі біріктірілген сыныптарда білім алушылардың әртүрлі жастағы оқуын ескере отырып жүргізіледі.

Шағын жинақты мектепте әртүрлі жастағы оқыту әдістемелерін қолдану кезінде 1, 2 жас айырмашылығын ескере отырып, екі сыныпты біріктіруге жол беріледі. Сыныптарды біріктіру кезінде оқу сабақтарын ұйымдастырудың жылжымалы кестесі қолданылады.

Облыстық және аудандық/қалалық білім басқармасы әдістемелік кабинет/орталықтары шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне біріктірілгенсыныптардаоқушылармен жұмыс жүргізу бойынша әдістемелік қолдауды күшейту қажет.

Тірекмектеп(ресурстықорталық)білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және ҚР БҒМ 05.06.2020 жылғы 231 бұйрығымен бекітілген оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес жалпы білім беретін мектеп базасында облыстық білім басқармасының қаулысымен құрылады.

Магниттікмектептерқатары тірек мектепке (ресурстық орталыққа) аудандық/қалалық білім бөлімінің бұйрығымен бекітіледі.