Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 482

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
филиалдары ашылады.

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы

№ 595 бұйрығымен бекітілген балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің Үлгілік қағидаларында (өзгерістер енгізілуде), Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы

№ 228 бұйрығымен бекітілген балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің Үлгілік қағидаларында айқындалған.

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балалардың, отбасының сұраныстарын білім беру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың (оның ішінде балалар мен жасөспірімдер) қажеттіліктерін, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, ұлттық-мәдени дәстүрлерді ескере отырып, білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.

Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 9-2) тармағына сәйкес білім беру бағдарламасы оқытудың мақсаттарын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені ретінде әзірленеді.

Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы

№543 бұйрығымен бекітілген (ҚР БҒМ 2019 жылғы 04 желтоқсандағы

№56 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді).

Қазақстан Республикасында Балаларға қосымша білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері әзірленді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы №81 бұйрығымен бекітілді.

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы 219 бұйрығымен бекітілген.

Балаларға заманауи қосымша білім беру мектеп білімімен бірге біртұтас білім беру кеңістігін құрайды, ол бастауыш, негізгі, жалпы орта білім берудің МЖМБС шеңберінен тыс баланың өз еркімен таңдаған іс-әрекетін дамыту үдерісі ретінде сипатталады. Балаларға қосымша білім берудің 2020-2021 оқу жылындағы ерекшеліктері жалпы орта және қосымша білім беруді неғұрлым тығыз интеграциялау қажеттілігімен байланысты.

Білім берудің әрбір деңгейі үшін қосымша білім беру белгілі бір жас кезеңі жағдайында тұлғаның ерекшеліктеріне сүйене отырып, МЖМББС-дан тыс өзінің мазмұндық модулін ұсынуға құқылы:

  • мектепке дейінгі білім беру деңгейінде мектепке дейінгі білім беру ұйымына бармайтын балалар үшін мектепалды даярлық;

  • бастауыш білім беру деңгейінде оқушылардың позициясын игеруге көмектесу: әртүрлі оқу қоғамдастықтарына қосу;

  • негізгі білім беру деңгейінде – жеке тұлғаның өзін-өзі анықтау үдерісін қолдау: әртүрлі қызмет салаларында маңызды мәселелер спектрін кеңейту және оларды шешу тәжірибесін алу;

  • жалпы орта білім беру деңгейінде – білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісін сүйемелдеу, кәсіби бағдарлауды қамтамасыз ету.


Балаларға қосымша білім берудегі білім беру процесі келесі ерекшеліктерді ескере отырып ұйымдастырылады:

  • балаға білім беру саласын (қызметтің бағыты мен түрін). бағдарламаның бейіні және оны игеру уақытын, педагогті еркін таңдауы үшін жағдай жасау;

  • баланың мүддесін, бейімділігі мен қажеттіліктерін қанағаттандыратын әртүрлі қызмет түрлері;

  • тұлғаның таным мен шығармашылыққа, өзін-өзі тануға және өзін-өзі анықтауға деген ынтасын дамытуға ықпал ететін білім беру процесінің тұлғалық- әрекеттік сипаты;


құру;

  • балаға жеке тұлғаға бағытталған көзқарас, әркім үшін «сәттілік жағдайын»




  • жеке тұлғаның өзінің қабілетін іске асыруы, өзін-өзі тануы, өзін-өзі анықтауы

үшін жағдай жасау;

    • баланың сынама алу құқығын және таңдаудағы қателіктерді, өзін-өзі анықтау мүмкіндіктерін қайта қарау құқығын тану;

    • баланың жеке басының қадір-қасиетіне нұқсан келтірместен өзінің даму сатыларын көруге және осы дамуды ынталандыруға көмектесетін өзі таңдаған білім беру бағдарламасының (қызмет түрі, білім саласы маңайында) шегінде баланың алға жылжуының нәтижелілігін анықтаудың осындай құралдарын қолдану.

Осыған байланысты сауалнама жүргізу, балалар мен ата-аналарға ауызша сауалнама жүргізу арқылы балалардың қажеттіліктері мен ынтасын зерделеу бойынша жұмыс ұйымдастырылады. Содан кейін бір жастағы және әртүрлі жастағы балалар, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар қызығушылықтары бойынша үйірме, секция, клуб, студия, ансамбль, топ, театр және өзге де бірлестіктерге біріктіріледі. Топтардың қалыптасуы балалардың ерікті таңдауына негізделген.

Балаларға'>Балаларға қосымша білім беруде балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығы маңызды орын алады. Жас техниктер мектептері мен станцияларында бастапқы техникалық модельдеу, авиамодельдеу, кеме модельдеу, автомодельдеу, ракетамодельдеу, радиотехника және робототехника сияқты техникалық шығармашылық түрлері іске асырылады. Техникалық шығармашылықтың дәстүрлі түрлерін дамытумен қатар бағдарламалау, информатика және ақпараттық технологиялар, компьютерлік дизайн, компьютерлік графика, медиадизайн, жобалау- зерттеу қызметі және т.б. белсенді дамуда.

Балаларға экологиялық-биологиялық қосымша білім берудің негізін табиғатты қорғау бойынша оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқу-тәрбие, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, экологиялық-насихаттау, мәдени-ағарту қызметін қамтамасыз етуге бағытталған жас натуралистер станциялары мен экологиялық- биологиялық орталықтар, мектеп үйірмелері құрайды.

Балалар туризмі мен өлкетану балалар үшін тартымды бағыт болып табылады. Республикада туристік-өлкетану білім беру қызметін жас туристер- өлкетанушылардың станциялары мен орталықтары, мектептердің, сарайлардың, балалар шығармашылығы орталықтарының туристік-өлкетану үйірмелері жүзеге асырады, онда білім алушылардың туристік-өлкетану қозғалысының әртүрлі бағдарламалары іске асырылады. Оқушылардың «Менің Отаным Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициясы аясында жас туристер қатысатын түрлі бағыттар бойынша жаяу, шаңғы, су, велосипед және басқа да жорықтар, экспедициялар мен экскурсиялар өткізіледі.

Көркем-эстетикалық қосымша білім беру - балалар өнер мектептері мен балалар көркемөнер мектептерінде жүзеге асырылатын балалар арасындағы ең


бұқаралық және танымал бағыт. Республикада балалардың қатысуымен көркем шеберлік байқаулар, көрмелер, пленэрлер өткізу жалғасуда.

Балалар музыка мектептері балалардың бойында көркемдік-эстетикалық құндылықтарды тұтынушылардың қасиеттерін тәрбиелейтін музыкалық-эстетикалық даму, мәдени-ағартушылық және мәдени-тынығу функциясының білім беру бағдарламаларын іске асыруды жалғастырады.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыт жеке тұлғаны әлеуметтендіруге, оның ішінде баланың бос уақытын ұйымдастыруға байланысты бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Мектеп мұражайлары, әскери-патриоттық клубтар, аула клубтары, демалыс орталықтары, балалар лагерьлерінің әртүрлі түрлері, балалар қоғамдық ұйымдары, педагогикалық отрядтар педагогтерге патриоттық тәрбиені қамтамасыз етуге, балалардың ой-өрісін кеңейтуге, салауатты өмір салты дағдыларын дарытуға, бос уақыты мен белсенді демалысын ұйымдастыруға көмектеседі.

Балаларды қосымша білім беруге жаппай тарту, дарынды балаларды анықтау, оқушыларды кәсіби бағдарлау, әртүрлі деңгейдегі байқауларда, жарыстарда және басқа да іс-шараларда көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дарыту мақсатында 2021-2022 оқу жылында мектепішілік,аудандық(қалалық)жәнеоблыстықдеңгейлердебалаларарасында республикалық іс-шаралардың өңірлік кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу
ұсынылады:

  1. «Театрдыңғажайыпәлемі»театрөнерініңфестиваль-байқауы«Драмалық спектакль»; «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, балет, данс-спектакль және т.б.); «Әдеби-музыкалық композиция»; «Қуыршақ спектаклі» номинациялары бойынша өткізіледі. Сонымен қатар, балаларды театр өнері әлеміне тартуға, тұлғаның мәдени және рухани әлеуетін дамытуға бағытталған «Балаларжәнетеатр»ағартушылық жобасы іске асырылуда. Жоба аясында оқушылар жас ұрпақтың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың ресурсы, жеке тұлғаны әлеуметтендірудің, көркемдік талғамды қалыптастырудың қуатты құралы, эстетикалық дамыған, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу механизмі болып табылатын театрларға барады;

  2. «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беружобасышеңберіндегіреспубликалықіс-шаралар:

  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақстан менің алтын бесігім» балалар фестивалі, номинациялары: «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» халық билері байқауы; «Жүрек жылуы» вокалистер байқауы; «Ризамын халқыма!» театр байқауы;

  • жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебаттық турнирі;

- ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар арасында «Шексіз шығармашылық»