Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 295

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. көру қабілеті бұзылған (көзі көрмейтін, нашар көретін) білім алушылар үшін):

  • қалдық көру және көру қабілетін дамыту;

  • әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауды қалыптастыру (ӘТБ),

  • кеңістіктік бағдарлауды дамыту;

  • мимика мен пантомимиканың дамуы;

  • сөйлеу және қимыл-қозғалыс дамуының кемшіліктерін еңсеру;

  1. тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушылар үшін:

  • қозғалыс саласын қалыптастыру және жетілдіру;

  • танымдық іс-әрекетті дамыту;

  • сөйлеу және қимыл-қозғалыс дамуының кемшіліктерін еңсеру;

  1. сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін;

  • сөйлеу дамуындағы ауытқуларды жеңу;

  • моторика, сөйлеу-моторикасы, сөйлеу-ойлау қызметін дамыту;

  1. психикалық дамуы тежелген білім алушылар үшін:

  • қоршаған шындық туралы білім мен идеяларды байыту, дамудың алдыңғы кезеңіндегі олқылықтардың орнын толықтыру;

  • жалпы моториканы дамытуда және қозғалыстарды үйлестіруде ауытқуларды жеңу;

  • сөйлеу және қимыл-қозғалыс дамуының кемшіліктерін еңсеру;

-танымдық іс-әрекетті және эмоционалды-тұлғалық саланы дамыту;

  • оқу қызметін қалыптастыру;

  • оқу бағдарламаларын меңгерудегі олқылықтардың орнын толықтыру;

  1. ақыл-ой кемістігі бар (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар) білім алушылар үшін:

  • қозғалыс саласын жетілдіру (жалпы және ұсақ моторика);

  • эмоционалдық саланы, қарым-қатынас дағдыларын, әлеуметтік қолайлы мінез-құлық нормаларын, еңбексүйгіштікті дамыту;

  • танымдық іс-әрекетті дамыту;

  • білім алу, алғашқы кәсіби қызметті дамыту.


Үлгілік оқу жоспарларының түзету компонентінің сабақтарын

«Дефектология» («Арнайы педагогика») мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және арнайы мектеп түріне сәйкес білім беру бағдарламасы бар педагогтер, қажет болған жағдайда психологтер өткізеді. Түзету компонентінің пәндері бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалау кезінде балдық бағалау пайдаланылмайды. Сабақтар мектеп кеңесі талқылайтын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін кестеге сәйкес күннің бірінші және екінші жартысында топтарда, кіші топтарда және жеке өткізіледі. Түзету компоненті пәндерін оқу жоспарының инварианттық компонентінің пәндерімен ауыстыруға, сондай-ақ осы сағаттардың санын азайтуға жол берілмейді.

Оқытудың компенсаторлық-дамытушылық бағыты жалпы білім беру циклінің пәндері, түзету пәндері, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде жүзеге асырылады. Еңбекке баулу жұмысшы кадрларға қажеттілікке бағдарланған өңірлік, жергілікті жағдайларға сүйене отырып және психофизикалық дамудың жеке ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін, сондай-ақ еңбек бейінін таңдау негізінде тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің мүдделерін ескере отырып ұйымдастырылады. Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар үшін еңбекке оқыту бейіндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары не білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып мектеп педагогтері жасаған және мектептің педагогикалық кеңесі бекіткен бағдарламалар пайдаланылады. Кәсіптік – еңбекке оқыту (жалпы еңбек дайындығы), әлеуметтік-тұрмыстық
бағдарлау сабақтары үшін сыныптар екі топқа бөлінеді. Топтарды еңбек түрлері бойынша жинақтау оқушылардың психофизикалық жағдайы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дәрігердің ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады. Оқушыларды параллель және аралас сыныптардан кіші топтарға біріктіруге болады. Ақыл-ойы бұзылған балаларды мектепте оқыту еңбекке баулу емтиханымен аяқталады.

Білім алушылар белгіленген тәртіппен бітіру емтихандарынан босатылуы мүмкін. Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар еңбек дайындығы пәндері бойынша бітіру емтиханын тапсыра алмайды. Факультативтік сабақтар мен элективті курстардың сағаттары еңбекке оқыту бейіні бойынша сабақтарға, жалпы білім беру циклінің пәндерін зерделеуге, жаңа пәндерді, қосымша білім беру модульдерін, арнайы курстар мен практикумдарды енгізуге, оқушыларды әлеуметтендіруге, даму кемшіліктерін жеңуге, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге ықпал ететін сабақтарға пайдаланылуы мүмкін.

Негізгі мектеп курсында жалпы білім беру бағдарламаларын сәтті меңгерген білім алушылар жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында кәсіптік колледждерде, кешкі мектепте оқуын жалғастырады. Есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектептердің түлектері алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі аттестат алады. Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар түлектер білім алушылардың осы санаты үшін белгіленген үлгідегі аттестат алады Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2015
жылғы 28 қаңтардағы 39 бұйрығы). Зерде бұзылыстары бар білім алушылар екінші жылға (қайта оқуға) жіберілмейді.

Білім беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен бірлесіп оқытылатын пәндердің тізбесін айқындайды, білім алушыларды сыныптар, пәндер бойынша жеке мүмкіндіктеріне сәйкес үйде жеке оқытуға Үлгілік оқу жоспарында бөлінген сағаттар шегінде бөледі.
Жалпы орта білім деңгейі

Арнайы мектептер жағдайында 11-12-сыныптарда көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушылар жалпы орта білім алады. Екі бағыт бойынша бейіндік оқыту жүзеге асырылуда: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық. Бір немесе екі бағытты таңдауды мектеп оқушылардың қажеттіліктері мен ата-аналардың қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырады. Оқу процесінің компенсаторлық-дамытушылық бағыты жалпы білім беретін пәндер бойынша сабақтарда, психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарымен арнайы сабақтарда қамтамасыз етіледі. Сабақтар топтық және жеке нысандарда өткізіледі:

  1. көру қабілеті бұзылған:

  • әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауды қалыптастыру (ӘТБ),

  • кеңістікте бағдарлауға;

  • мимика мен пантомимиканың дамуы;

  1. тірек-қимыл аппараты бұзылған:

  • емдік дене шынықтыру;

  • әлеуметтік-тұрмыстық бағдар;

  1. есту қабілеті бұзылған білім алушылармен:

  • айтылымды қалыптастыру және есту қабілетін дамыту;

  • ауызекі тілді дамыту;

  • ымдау тілін үйрену.


Арнайы мектеп оқушыларын бағалау жүйесі

Арнайы мектептер білім беру мазмұнының ерекшеліктері мен оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау нысандарын, тәртібі мен кезеңділігін дербес айқындайды.
Оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау кезінде оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі қолданылады. Формативті бағалау процесінде мұғалім оқушылардың оқу материалын меңгерудегі қиындықтарын анықтайды және оларды жеңудің жолдарын анықтайды. Оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау кезінде арнайы оқу бағдарламаларында немесе әр оқушының жеке оқу бағдарламаларында ұсынылған оқу мақсаттарына назар аудару қажет. Мұғалім сараланған және/немесе жеке бақылау тапсырмаларын қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді. Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды және жеке оқу бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді. Арнайы мектептерде және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы әзірлейді. Түзету компонентінің пәндері бойынша балдық бағалар қойылмайды. Жартыжылдық және оқу жылының

соңында «Музыка», «Музыка және ән айту», «Көркем еңбек», «Бейнелеу өнері»,

«Дене шынықтыру», «Бейімделген дене шынықтыру», «Өзін-өзі тану», «Жүріс- тұрыс мәдениеті», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» пәндері бойынша «есептелінді» («есептелінген жоқ») қойылады. Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау