Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 349

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
тілі», «Неміс тілі», «Француз тілі») оқу пәнінің жоспары «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы 604 бұйрығына сәйкес әзірленген.

«Шетел тілі» оқу пәні бойынша оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарымен (төмендетілген оқу жүктемесімен) (2021 жылғы 26 наурыздағы 125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүргізіледі.

«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын төмендетілген оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын өздері таңдап алады.

Төмендетілген оқу жүктемесі бар Үлгілік оқу жоспарлары бойынша

«Шетел тілі» оқу пәнінің Үлгілік оқу бағдарламалары «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген.

«Ағылшын тілі» оқу пәні

Негізгі орта білім беру деңгейінің «Ағылшын тілі» оқу пәні (оқыту қазақтілінде,оқытуқазақтіліндеемес)бойыншa жаңартылған мазмұндағы оқу жүктeмeсінің көлeмі:

5-сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт; 6-сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт; 7-сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт; 8-сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт; 9-сыныптa – aптaсынa 3
сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт.

«Ағылшын тілі» оқу пәндері (оқытуұйғыр,өзбек,тәжіктілдерінде)

бойыншa оқу жүктeмeсінің көлeмі:

5-сыныптa – aптaсынa 2 сaғaт, оқу жылындa 68 сaғaт; 6-сыныптa – aптaсынa 2 сaғaт, оқу жылындa 68 сaғaт; 7-сыныптa – aптaсынa 2 сaғaт, оқу жылындa 68 сaғaт; 8-сыныптa – aптaсынa 2 сaғaт, оқу жылындa 68 сaғaт; 9-сыныптa – aптaсынa 2 сaғaт, оқу жылындa 68 сaғaт.
Негізгі орта білім беру деңгейінде ағылшын тілін оқытудың мақсаты – талдау, бағалау және шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал ететін түрлі тапсырмалар арқылы білім алушылардың тілдік дағдыларын дамыту.

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Ағылшын тілі» оқу пәнінің бағдарламасында көрсетілген тілдік деңгейлер шетел тілін меңгеру құзіреттілігінің жалпыеуропалық жүйесіне (Common European Framework of Reference, CEFR) сәйкес әзірленген.
Негізгі орта білім беру деңгейін аяқтағанда білім алушылар «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша тілді В1 деңгейінде меңгереді.

Төмендегі кестеде негізгі орта білім беру деңгейінің әрбір оқу жылының аяқталуы бойынша ағылшын тілін меңгеру деңгейі көрсетілген (35-кесте):


  1. кесте. Оқу бағдарламасы бойынша ағылшын тілін меңгеру деңгейлері

Grade

Language level

5

low-mid A2

6

mid-high A2

7

low B1

8

mid B1

9

high B1

«Ағылшын тілі» оқу пәнін оқыту үлгілік оқу бағдарламасының қосымшасындағы, оқу жылында меңгерілетін бөлімдер көрсетілген ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады. Педагог тоқсандағы бөлім бойынша
өтетін тақырыптардың реті мен сағатын өзі дербес түрде анықтай алады.

5-9-сыныптарға «Ағылшын тілі» оқу пәні жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасы шиыршық әдісімен қатар хронологиялық жүйені сақтай отырып, қарапайымнан күрделіге қарай оқыту принципіне негізделген.

Үлгілік оқу бағдарламалары ҚР БҒМ және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында https://nao.kz/ орналастырылған.

Ағылшын тілі бойынша білім беру процесін ұйымдастыру коммуникативтік технологияларды (жобалар, сұхбаттар, рөлдік ойындар, пікірталастар, конференциялар, байқаулар, драматургия және т.б.) жан-жақты пайдалануды көздейді.

«Ағылшын тілі» пәнін оқыту барысында қолданылатын әдебиеттер тізіміне шектеу қойылмайды, керісінше білім алушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сәйкес әртүрлі ресурстарды пайдалану ұсынылады.

Формативтібағалауоқу мақсаттарына қол жеткізу барысын анықтау үшін және оқу процесін одан әрі құру үшін жүргізіледі. Бағалау ұсыныс беру арқылы жазбаша (дәптерлерде немесе күнделіктерде) немесе ауызша түрде жүзеге асырылады.

Формативті бағалау кезінде педагог білім алушыларды кері байланыспен қамтамасыз етуі керек. Ағылшын тілі мұғалімі кері байланысты қажет ететін білім алушыларды және кері байланысты беру нысанын өзі анықтайды.

Білімалушылардыңоқужетістіктері баллқоюарқылы:

  • тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары кезінде;

  • карантин кезінде;

  • әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде формативтібағаланады. Аталған жағдайларда оқу жетістіктерін бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады.


Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізіледі. 5-9 сыныптарда БЖБ үшін максималды балл кемінде 7 және 20 балдан артық болмауы керек.

Төменде бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) нақты саны көрсетілген (36-кесте):
  1. 1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   90


кесте. Бөлім бойынша жиынтық бағалау

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2*

2*

2*

2*

6-сынып

2*

2*

2*

2*

7-сынып

2*

2*

2*

2*

8-сынып

2*

2*

2*

2*

9-сынып

2*

2*

2*

2*

  • Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрібіріктіріледі(мысалы,тыңдалымжәнеайтылым;оқылымжәнежазылым)


ТЖБ тілдік құзіреттіліктің барлық түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылымды тексеруді қамтиды. «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау ерекшеліктері https://smk.edu.kz/ сайтында орналастырылған. Аралық бақылау мен тоқсандық қорытынды үшін жиынтық бағалау тапсырмаларын педагогтер өздері әзірлейді.

ТЖБ ұзақтығы - 45 минут. «Айтылым» дағдысы бөлек тексеріледі. ТЖБ үшін балл саны: 5-сыныпта – 20; 6-сыныпта – 22; 7-сыныпта – 24; 8-сыныпта – 24; 9-сыныпта – 24.

«Ағылшын тілі» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруға арналған ұсынымдар:

  1. Білім беру процесін қашықтықтан ұйымдастыру кезінде ағылшын тілінің педагогтеріне білім алушылармен тығыз кері байланыс орнату ұсынылады;

  2. Білім алушыларда ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін (аудио - бейнежазбалар, фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарынан мақалалар) қалыптастыру мақсатында оқытудың түпнұсқа материалдарын пайдалану; ағылшын тілінде сипаттау, салыстыру, талдау, диалог, пікірталас жүргізу, қажетті дәлелдер келтіру, қорытынды жасау және қорыту дағдыларын қалыптастыру үшін БАҚ материалдарымен жұмыс істеу; анықтамалық және энциклопедиялық әдебиеттермен, электрондық ресурстармен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру: білім алушыларда мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жас ерекшеліктеріне сай мәтіндерді пайдалану ұсынылады.

  3. Білім алушылардың зерттеу дағдылары мен оқу дағдыларын дамытуға бағытталған «Independent project» және «reading for pleasure» бөлімдеріне назар аудару ұсынылады. Жобалау жұмысының форматы мен мазмұны (тақырыптық мазмұны, қызмет түрлері мен нысандары, күтілетін нәтижелер, бағалау нысандары және т.б.) мектеп әдістемелік бірлестіктері ішінде талқылау;

  4. Білім алушыларға шамадан тыс жүктеменің алдын алу мақсатында педагогке үй тапсырмасының көлемін реттеу ұсынылады (ҚР «Орта білім беруұйымдарындаүйтапсырмасынұйымдастыружәнеорындаубойыншаәдістемелікұсынымдар»,ҚРБҒМ2017жылғы«24»сәуірдегі182бұйрығы).

  5. Жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын дамытатын оқу мақсаттарына ерекше назар аудару керек. Жазбаша тапсырмаларды көбірек орындаған жағдайда сабақтың коммуникативті сипаты өзгереді, оқу сапаасына нұқсан келуі мүмкін. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерін тексеру кезінде педагог ауызша және жазбаша жұмыстарды орындауға арналған тапсырмалардың санының сәйкестігін қарастыру қажет;

  6. Ағылшын тілінің мұғалімдеріне түрлі тапсырмаларды кезектестіріп, біріктіру ұсынылады: ауызша, жазбаша, міндетті, таңдау бойынша, жалпы, сараланған, жеке, аралас, шығармашылық. Шығармашылық сипаттағы тапсырмалар алдында сабақта дайындық жұмыстары жүргізіледі.