Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 345

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірледі. Әдістемелік нұсқаулар «Шетел тілі» пәніне арналған күрделі тақырыптарды /оқу

мақсаттарын анықтайды (1-10-сыныптар). Әдістемелік ұсынымдар Академияның http://nao.kz сайтында орналастырылған.

Пандемия мен шектеу шаралары кезінде «Шетел тілі» пәні бойынша барлық тілдік дағдылар қамтылмауы мүмкін. Сондықтан «Шет тілі» пәні мұғалімдеріне білім алушылардың тілдік қажеттіліктерін ескере отырып, лексикалық немесе грамматикалық тақырыпты таңдау құқығы беріледі. Мысалы, 40-кестеде білім алушылардың білімін толықтыру мен олқылықтарды жою үшін сынып бойынша ұсынылатын күрделі тақырыптар берілген.


  1. кесте. 5-9-сыныптардағы «Шетел тілі» оқыту пәнінің күрделі тақырыптарының мысалы:

Ағылшын тілі

Неміс тілі

Француз тілі

5 сынып

Holidays (International holidays should be excluded, as children have no idea what foreign holiday are and

how they are celebrated, also discussion of surveys and graphs)

Unsere Heimat - Kasachstan. Reise durch Kasachstan

Les matières scolaires et les objets scolaires

Values

Family and friends

Traditionen und Folklore

Arbre généologique

The world of work (too early to

discuss graphs)

Ökologie und

Lebenssicherheit

La langue et la culture

6 сынып

Helping and Heroes (the topics are not interconnected)

Around the house

Die Erde – unser Haus

La vie scolaire

Our countryside (asking about places in the town) – not all learners have strong orientation skills; not all have good imagination)

My neighbourhood

Kasachische und deutsche Kultur

Les passe-temps

Drama and theatre (too early to write a review)

My favourite movie

Gesunde Lebensweise

Les fêtes et les repas

7 сынып

Communication and technology (Writing an E-mail)

Electronic devices

Hervorragende

Persönlichkeiten meiner Region

L’histoire de mon pays

The lost world – should be removed from learning the topic

(the context is not properly given, two extracts are not connected with anything, main text is given in a track)

Natural disasters

Musik und Literatur

La ville et le village

Space and Earth

(not connected with other subjects, do not know astronomy)

Planets in the Universe

Beruf der Zukunft

La mode et le vêtement


8 сынып

Action and Protest

(Writing e-mails, freegans, vocabulary is not applicable to everyday usage and life)

Call to Action

Innovationen in der Welt Erfindungen, die die Welt verändert haben

Les masse-média,les réseaux sociaux

Television (too complex terminology, too specific)

Internet technologies

Zeit der Friedenstiftung

L’héritage culturel

Future of food (too scientific, impossible to use in everyday life) National Cuisine / Cuisine of

different countries

Der Mensch und sein Können

Temps de la paix et de la création

9 сынып

Traditions and Language (specific

vocabulary)

Alternative Energiequellen

Energie du Soleil et de la

Terre

Charities and conflict (Topic of conflict is not appropriate to age, little connection with Charity)

Charity

Berufsauswahl

Le choix de la profession

Science and Technology (less about

space, more about modern technologies, internet providers)

Persönlichkeitsentwicklung

L´homme et la société


Педагог бақылау құралдарын оңтайлы қолдану арқылы білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтырады және әрбір білім алушының белсенді жұмысын қамтамасыз етеді. Педагогтерге:

    • сыни ойлауды дамытуға бағытталған ситуациялық тапсырмаларды қолдану;

    • функционалдық сауаттылықты қалыптастыру;

    • оқытудың интерактивті әдістерін қолдану (жоба әдісі, пікірталас, ойын, ізденіс әдістері);

    • жеке кеңес, қосымша сабақтар ұйымдастыру;

    • «жексенбілік мектеп», «демалыс мектебі», «жазғы мектепті» саны 15 баладан асырмай ұйымдастыру ұсынылады.


Білім алушылардың сенбілік, жексенбілік сабақтарын кестеге сәйкес ұйымдастыру ұсынылады. Мұнда білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою үшін ғана емес, сонымен қатар олардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін де мақсатты жұмыс жүргізіледі. Кеңес беру арқылы білім алушылардың әр түрлі (топтық, жеке) жұмыс түрлерін біріктіреді.

Қосымша сабақтарға дайындықты педагогтер де, білім алушылар да бірлесе жүзеге асырады. Педагог оқылатын материалдың мазмұнын логикалық- дидактикалық талдаумен бірге қиындықтарды, кемшіліктерді, білім алушылардың ауызша жауаптарындағы қателіктерін және оқылатын тілдегі жазбаша жұмыстарды жүйелейді. Осы негізде ол қосымша сабақ кезінде қайта оқытылуы мүмкін тақырыптардың тізімін нақтылайды. Білім алушылар өз кезегінде қосымша сабақтарға дайындалуды үйренеді, оның шарттары алдын- ала өзара келісіледі.

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
«Математика және информатика» білім саласы бойынша келесі пәндер оқытылады: «Математика» 5, 6-сыныптар; «Алгебра» 7-9-сыныптар;

«Геометрия» 7-9-сыныптар; «Информатика» 5-9-сыныптар.

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2021 жылғы 26 наурыздағы

№125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүргізіледі. Атап айтқанда, жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу жоспарлары және төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары.

«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы

595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады. Сондықтан, Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика және информатика» білім саласы пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болуы мүмкін.

Негізгі орта білім беру деңгейінде оқытылатын «Математика»,

«Алгебра», «Геометрия» пәндері бойынша оқу жүктемесі 41-кестеде көрсетілген.


  1. кесте. Оқу жүктемесінің көлемі



Сынып


Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары

(төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

5

Математика

5

170

-

-

6

Математика

5

170

-

-

7

Алгебра

3

102

2

68

7

Геометрия

2

68

1

34

8

Алгебра

3

102

2

68

8

Геометрия

2

68

1

34

9

Алгебра

3

102

2

68

9

Геометрия

2

68

1

34



Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу бағдарламалары пәннің базалық білім мазмұнынан, оқыту мақсаттары жүйесінен, ұзақ мерзімді жоспардан тұрады. Бұл оқу бағдарламаларында да, ұзақ мерзімді жоспарда да тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат сандарын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал кестеде көрсетілгендей, сол тоқсанда игерілуі тиіс.

Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес негізгі орта білім беру деңгейінде

«Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқытудың мақсаты – пән

мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, ғылыми- жаратылыстану пәндерін игеруге қажетті математикалық білім мен дағдылардың негіздерін игеру, оқу пәні материалдары негізінде білім алушылардың интеллектуалдық деңгейін дамыту.

«Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқыту барысында математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында білім алушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу; математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру; игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу; дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау; математикалық мәтінмен жұмыс