Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 342

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық, нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.

Білім алушылардың оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамыту мақсатында жобалық жұмыс арқылы ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге ерекше назар аударылуы тиіс. Жобамен жұмыс істейтін оқушылар жеке немесе топта жұмысты жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс туралы нәтижелерді ұсыну, талдау және бағалау жұмыстарын орындау, сондай-ақ өз жобасын шебер қорғау керек.

Білім алушыларда когнитивті қызығушылықты, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттілікті, бағдарлама компоненттерін өз бетінше қолдану және оқу курсының мазмұны арқылы өз білімдерін толықтыру қабілетін дамытуға, проблемалы-бағытталған оқыту технологиясын пайдалануға, өнертапқыштық, тапқырлық біліктерін дамытуға назар аудару қажет.

Пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсаттарының бірі білім алушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу. Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар топтасып немесе
жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсынуды және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.

Пәндерді оқыту процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында жеке тұлғаға бағытталған проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен қатар іс-әрекет түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту тәсілдерін қолдану ұсынылады.

Үлгілік оқу бағдарламаларының түрлеріне қарай негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндерінің базалық білім мазмұны мен оқыту мақсаттарының жүйелеріне тоқталайық.

  1. 5-6-сыныптардың«Математика»оқупәні.

5-6-сыныптарда оқытылатын «Математика» пәнінің білім мазмұнында пәнді әрі қарай жалғастыруға қажетті материалдар игерілетін болғандықтан оқыту жүктемесін төмендету бұл сыныптарда қарастырылмаған, яғни Үлгілік оқу жоспарларында аптасына бөлінген 5 сағат оқу жүктемесі сақталған (32- кесте) және осы сыныптарда математика курсы жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу бағдарламаларымен оқытылады.

Оқу бағдарламасы бойынша 5-6-сыныптарда «Математикалық моделдеу және анализ» бөліміне баса назар аударылған. Әр бөлімді игерген кезде мәтінді есептерді шығару ұсынылады. Практикаға бағытталған есептерді қарастыруға байланысты статистикалық мәліметтерді ұсынуға арналған тапсырмаларды орындауға көңіл бөлінген.

5-6-сыныптарда оқытылатын «Математика» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімінің нақты саны 42-кестеде көрсетілген.
  1. 1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   90


кесте. «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

3

1

3

3

6-сынып

2

2

3

3




  1. 7-9-сыныптар,«Алгебра»оқупәні.

Үлгілік оқу бағдарламасы (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 7-9-сыныптарда «Алгебра» оқу пәнінің әзірленген Үлгілік оқу бағдарламасында (жаңартылған мазмұндағы) қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған, айырмашылық бөлімше бойынша оқыту мақсаттарына өзгерістер енгізілген. Мысалы, 8-сыныпта айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген квадрат теңдеулерді шешу; квадраттық функцияны қолданып, қолданбалы есептерді шығару; 9-сыныпта геометриялық ықтималдыққа есептер шығару және т.б.

ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 14-5-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді және бөлімді екі кезеңде өткізуге болады.

Сондықтан, 9-сыныпта қарастырылатын «Тізбектер», «Тригонометрия» бөлімдерінің көлемінің үлкендігіне қарай екінші және үшінші тоқсанда бөлім бойынша екі жиынтық бағалау ұсынылған. 7-9-сыныптарда оқытылатын

«Алгебра» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімінің нақты саны 43-кестеде көрсетілген.

  1. кесте. «Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.


Сынып

Жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспары бойынша

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

2

2

2

1

8-сынып

1

2

3

1

9-сынып

2

2

2

2

Сынып

Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспары бойынша

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

2

2

1

1

8-сынып

1

1

2

1

9-сынып

2

2

2

2




  1. 7-9-сыныптардың«Геометрия»оқупәні.

Үлгілік оқу бағдарламасы (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 7-9-сыныптарда «Геометрия» оқу пәнінен әзірленген Үлгілік оқу бағдарламасында (жаңартылған мазмұндағы) қарастырылатын бөлімдер толық сақталған, айырмашылығы бөлімше бойынша оқыту мақсаттарына өзгерістер енгізілген. Оқыту мақсаттарына қойылатын басты талап сәйкес теореманы, қасиетті білу және қолдану. Апталық оқу жүктемесінің азайтылуына байланысты теоремалар мен формулаларды қорытып шығару мақсаты білім алушылардан талап етілмейді.

Сонымен қатар, кейбір бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары нақтыланып, кейбір
оқыту мақсаттарының реті өзгертілді.

7-9-сыныптарда «Геометрия» пәнін оқытуда пәннің практикалық бағыттылығы күшейтіледі.

ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 14-5-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Осыны ескере отырып, бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны ұсынылады (44-кесте).


  1. кесте. «Геометрия» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспары бойынша

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

2

2

2

1

8-сынып

1

2

2

1

9-сынып

2

2

2

2

Сынып

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары бойынша

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

1

2

1

1

8-сынып

1

1

1

1

9-сынып

1

1

1

1

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9-сыныптарда «Геометрия» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды.