Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 335

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

47-кесте. «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

5 сынып

1

1

1

1

6 сынып

1

1

2

1

7 сынып

2

1

2

1

8 сынып

1

1

2

1

9 сынып

2

1

2

1

ҚР БҒМ «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы 125 бұйрығына (2019 жылғы 26 қарашада

509 өзгерістер мен толықтырулар) төмендегі тармақ енгізілген:

14-4. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады.

Осы тармаққа сәйкес 5-9 сыныптағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Жаратылыстануды оқыту білім алушылардың бойында табиғат
құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, тәжірибеге бағдарланған дағдыларды дамытып, тұлғалық сапасын және құндылықтар жүйесін қалыптастырады.

7-сыныптан бастап білім саласы құрамына жаратылыстану білім беру бағытының: «География», «Биология» «Физика» және «Химия» пәндері кіреді.

Қазіргі жаратылыстану-ғылыми білім берудің мақсаты табиғат құбылыстарын зерттеуде жүйелілік, сабақтастық принциптерін түсіну, ғылыми парадигманың өзгеруі жағдайында ғылыми дүниетаным мен әлемнің заманауи көрінісін қалыптастыру.

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары білім алушыларда міндеттерді анықтау, бақылау, болжау, жіктеу, талдау сияқты табиғатты танып, білу дағдыларын қалыптастырады.

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады. Атап айтқанда, жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу жоспарлары және төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары.

«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.

Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде
«Жаратылыстану», «География», «Биология» «Физика» және

«Химия» оқу пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі (48-кесте).

  1. кесте. Оқу жүктемесінің көлемі



Пәннің атауы



Сынып

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу

жүктемесімен)

апталық

жылдық

апталық

жылдық

Жаратылыстану

5

2

68

1

34

6

2

68

1

34

Физика

7

2

68

1

34

8

2

68

1

34

9

2

68

1

34

Химия

7

1

34

1

34

8

2

68

1

34

9

2

68

1

34

Биология

7

2

68

1

34

8

2

68

1

34

9

2

68

1

34

География

7

2

68

1

34

8

2

68

1

34

9

2

68

1

34




«Физика», «Химия», «Биология» және «География» пәндері бойынша оқу бағдарламаларында қарастырылатын зертханалық, практикалық жұмыстар, модельдеу міндетті түрде жүргізілуі тиіс, себебі бұл әрекет білім алушылардың ізденіс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Демонстрациялық жұмыстардан басқа барлық жұмыстар бағаланады. Демонстрациялық жұмысты орындау үшін мұғалім кез келген ақпарат көзін пайдалана алады.


«Жаратылыстану» оқу пәні

«Жаратылыстану» оқу пәні бастауыш мектепте оқытылған

«Жаратылыстану» пәні бағдарламасының логикалық жалғасы. 5-6-сыныптардың білім алушыларына жаратылыстану бағытында білім беру, олардың жаратылыстану ғылымына деген қызығушылығының артуына, осы жастағылардың мүмкіндігіне қарай зерттеулер жүргізудің қарапайым дағдыларын, әлем туралы ой-өрістерін кеңейтуге, ғылымды ұғыну мен қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.

Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімнен тұрады: «Ғылым әлемі», «Ғалам. Жер. Адам», «Заттар және материалдар», «Тірі және өлі табиғаттағы процестер»,

«Энергия және қозғалыс»,«Экология және тұрақты даму», «Әлемді өзгерткен жаңалықтар». Бағдарлама білім алушыларға қоршаған әлемнің көптүрлілігін, табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, тірі және өлі табиғатта болатын табиғи құбылыстар мен процестердің себептері мен салдарын, табиғаттағы нысандар мен процестердің көптүрлілігін жүйелеу принциптерін,

адамның көптеген іс-әрекеті үшін ғылыми-жаратылыстану білімінің маңыздылығын
түсінуге мүмкіндік беретіндей етіп құрылған.

Сабақ уақытында білім алушылардың байқау, ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді зерттеушілік, ойлау, сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Мысалы, түрлі тақырыптарды зерделеу арқылы білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, бақылауды, эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша сипаттауды және бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Ол білім алушының үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды түсінуі үшін алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану біліктерін дамытады.

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 49-кестеде көрсетілген.


  1. кесте. «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

1

2

2

6-сынып

2

1

2

2